4.06.2026ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне» орай көрме ұйымдастырылды. 1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері – көк туымыз бен елтаңбамыз ресми түрде бекітілді. Бұл тарихи күн елімізде 2007 жылдан бастап ресми түрде «Мемлекеттік рәміздер күні» деп жарияланды. Көрменің мақсаты: жастарды патриоттыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.



