✨ 1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!
2026-2027 оқу жылында Жамбыл жоғары медициналық колледжіне қабылданған 1 курс студенттеріне «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Жиын колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызының құттықтау сөзімен басталып, арнайы шақырылған қонақ – Жамбыл облысы Полиция департаменті тергеу басқармасының орынбасары, полиция подполковнигі Жаңабаев Руслан Бақытұлы студенттерге арналған тәртіп, заң мен адалдық тақырыбындағы мазмұнды дәрісімен жалғасты.
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Ляззат Тұрарқызы жаңа қабылданған топтарға колледждің ішкі тәртіп ережелері мен оқу процесін таныстырып, сабақ кестесі туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ салтанатты шарада Студенттік Парламенттің төрағасы Омар Нұргелді сөз сөйлеп, бірінші курс студенттерін колледж қатарына қабылдануымен құттықтай отырып, оларды қоғамның белсенді, саналы әрі білімді азаматы болуға шақырса, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Гүлжанар Керімқұлова мен Жамбыл жоғары медициналық колледжінің белсенді жастарының орындаған әндері көпшіліктің көңілін көтеріп, жаңа серпін берді. Студенттік бастауыш кәсіподақ ұйымының демеушілігімен жасалған безендіру салтанатты жиынның сәнін келтірді.
Құрметті студенттер! Жаңа оқу жылы сіздерге сапалы білім, кәсіби дамуға мол мүмкіндік, жарқын жетістіктер мен толағай табыстар әкелсін! Білім жолындағы қадамдарыңыз сәтті болсын!









