«Алғашқы өндірістік тапсырма»

Бөлісу

«Өндірістегі 10 күн» облыстық акцияға қатысу мақсатында «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК мамандығы «Мейіргер ісі», біліктілігі «Жалпы практикадағы мейіргер» 304 топ студенттері акцияның 4-ші күні «Алғашқы өндірістік тапсырма » тақырыбы бойыншы “Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы” ШЖҚ МКК жақын танысты!Акцияның 4-күні аясында студенттеріміз тәлімгерлердің тікелей бақылауымен өздерінің алғашқы өндірістік тапсырмаларын сәтті орындап шықты.
Бүгінгі күннің нәтижелері:
Практикалық дағдылар: Студенттер тәлімгерлердің жетекшілігімен кішкентай пациенттердің дене температурасын, артериялық қан қысымын, пульсін өлшеп, бақылау парақтарына енгізді.
Манипуляциялар: Процедуралық бөлмеде таңу материалдарын дайындау, зарарсыздандыру ерітінділерімен жұмыс жасау және егу бөлмесінің дайындығын қамтамасыз ету сияқты алғашқы мейіргерлік тапсырмаларды атқарды.
Пациентпен қарым-қатынас: Балалармен және олардың ата-аналарымен тіл табысып, мейіргерлік деонтология ережелерін іс жүзінде қолданды.
Студенттеріміз теориялық білімді өндірістік практикамен ұштастырып, өз күштеріне болған сенімділікті арттыра түсті. Алғашқы практикалық тапсырмалар өте жоғары деңгейде орындалды!
Ертең бізді студенттердің өз бетінше тапсырма орындау деңгейін анықтайтын «Менің кәсіби дағдыларым» күні күтіп тұр.