«Soft Skills күні»

Бөлісу

«Өндірістегі 10 күн» облыстық акцияға қатысу мақсатында «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК мамандығы «Мейіргер ісі», біліктілігі «Жалпы практикадағы мейіргер» 304 топ студенттері акцияның 6-күн — «Soft Skills күні» тақырыбы бойынша «Қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығы» ШЖҚ МКК жақын танысты!
Бүгінгі күннің нәтижелері:
Пациентпен қарым-қатынас: Пациенттермен және олардың жақындарымен тиімді тіл табысу, эмоционалды қолдау көрсету және медициналық деонтологияны сақтау жолдарын меңгеру. Командада жұмыс істеу: Аурухананың медициналық ұжымымен (дәрігерлер, аға мейірбикелер, әріптестер) бірлесіп жұмыс істеу, тапсырмаларды жедел әрі сапалы бөлісу дағдыларын пысықтау.
Уақытты басқару және жауапкершілік: Төтенше және қарбалас сәттерде сабырлық сақтап, мәселелерді тез арада шешу (problem solving) және уақытты тиімді жоспарлауды үйрену.
Заманауи мейіргер — тек теорияны білетін маман емес, сонымен бірге жүрегі мейірімге толы, қарым-қатынас мәдениеті жоғары тұлға. 304-топ студенттері бұл сынақтан да сәтті өтті!
Ертең бізді медицинадағы заманауи бағыт — «Цифрлық өндіріс» күні күтіп тұр.

Screenshot