27.10. 2026 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде жазушы Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Сайын Мұратбеков – шығармашыл тұлға» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқырмандарды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Сайын Мұратбеков – қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған, шынайы талантымен танылған көрнекті жазушылардың бірі. Оның «Жусан иісі» повесінде соғыстан кейінгі халық тұрмысы мен қазақ ауылының тыныс-тіршілігі шынайы суреттелген. Туындыда сол кезеңдегі ауыл балаларының өмірі, балалық шақтың қиындығы мен адамгершілік қасиеттері әсерлі бейнеленген.
Ұйымдастырушылар: кітапхана қызметкерлері


