«Дуальды оқыту жүйесі – сапалы білім беру кепілі» тақырыбында  дөңгелек үстел

Без рубрики
Бөлісу

2018 жылдың 6 қыркүйек күні «№ 1 Қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» ұжымымен «Дуальды оқыту жүйесі – сапалы білім беру кепілі» тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл ашық іс-шараның мақсаты – дуальды оқыту жүйесінің тиімділігін айтып, «Мейіргер ісі» мамандығы 309 топ студенттерінің 2018-2019 оқу жылындағы мәселелерін қарастыру болды.   Колледж тарапынан директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Андакулова К.Т. бастауымен, тәжірибелік бөлім әдіскері Бибосынова С.Г., ЦӘК төрайымдары және дуальды оқыту жүйесі бойынша жетекші-оқытушылар Парманова А.Т., Баетова Ә.Қ., Ахметова У.М., Ералиев М.Л., Блейменова Б.Б., Сагындыкова Б.А., Айдаралиева Ә. Б., Оскенбаева А.Н. қатысты. Әлеуметтік серіктес базасы тарапынан жетекшілер – Садыкова Г.А., Халыкова П.Д., Апбасова С.О., Турмахамбетова Г.С., Андабаева А.А., Сапарбаева Н.С., Асакеева А.О., Токтанаева Д.С., Хамбарова Ш.Ж., Акшалов Ж.Ж., Елеуова Г. М. шақыртылды.

Дөңгелек үстел бағдарламасы аясында КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары  Андакулова Құралай Тлеулесқызы «Дуальды оқытудың тиімділігі –  еңбек нарығына дайын жұмысшы маман» тақырыбында баяндама оқып, КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» «Мейіргер ісі» мамандығы бөлімінің меңгерушісі  Тургумбекова Салтанат Садуановна  дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алатын 209 топтың 2017-2018 оқу жылының қорытынды есебін назарға ұсынды. «№ 1 Қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК реанимация бөлімінің меңгерушісі Садыкова Гулбану Амиркуловна «Медициналық ұйымдардың кадрлар дайындауға қатысуы» тақырыбында баяндама оқыды. Кездесу соңында әр-түрлі сұрақтар қаралып, екі тараптағы жетекшілер бір-бірімен ой бөлісіп,  пән бойынша сұрақтарына жауап алды. Жетекшілерге №1 Қалалық балалар ауруханасы базасында экскурсия жүргізіліп, оқу кабинеттерімен таныстырылды.