Колледждің оқу-әдістемелік бөлімі

Мейрманова Ляззат Касеналиевна – әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, орыс тілі және әдебиетінің жоғары санаттағы оқытушысы.Колледжде 2012 жылдан бастап жұмыс атқарады.

2017-2021 оқу жылдары тәрбие жұмысының меңгерушісі.

2021 оқу жылынан әдістемелік кабинеттің меңгерушісі болып жұмыс атқарады.

Жалпы еңбек өтілі- 28 жыл, колледждегі еңбек өтілі -10 жыл, басқару саласында-5 жыл.

Қалалық маслихаттың, «Нұр Отан» ХДП-ның грамоталарымен марапатталған.

 

  • 2019 жылы Білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін   Мейрманова Ляззат Касеналиевна ҚР Тәуелсіздік күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталды.
  • 2018-02019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ мамандарға  білім мен тәрбие берудегі үлкен жетістіктері және 9.06.2019 жылы өткен Президент сайлауының № 52 учаскесіндегі жұмысының жоғары деңгейде ұйымдастыруға ат салысқаны үшін Жамбыл медициналық колледж директорының Құрмет грамотасымен марапатталды.
  • 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі мен кәсіподақ қозғалысының нығаюына қосқан үлесі үшін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлердің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Құрмет грамотасымен марапатталған.
  • 2023 жылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Б. Жылқыбаевтан Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырып, жоғары азаматтық ұстаным танытып, адалдық, әділдік  және парасаттылық қағидаларын нығайтуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
  • 2024 жылы Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С. Айдапкеловтан Республикалық референдумды даярлау және өткізу барысында референдумның ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуде атқарған қызметі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
  • 2024 жылы Министр Ә. Әлназаровадан Республика күні мерекесіне орай азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
  • 2025 жылы Жамбыл обылысы әкімдігінің білім басқармасы Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы басшысы А.Сапарғалидан «JuniorSkills Jambyl -2025» облыстық чемпионатын өткізу мен ұйымдастыру жұмстарына жетекшілік жасағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
  • 2025 жылы Колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова және «Мейіргер ісі» мамандығы ОӘБ төрағасы Ғ.Н. Бимурзаевтың Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерейтойына орай №3 арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының ұйымдастыруымен өткізілген «Мейіргерлік технологиялар»  пәнінен «Үздік бейнесабақ және презентация» республикалық байқауына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

бинетінің хатшысы жұмысын атқарады.


Коконбаева Айдана Қаныбековна – колледж әдіскері.

Ол 1989 жылы дүниеге келген. 2007–2011 жылдар аралығында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін тәмамдаған.

2016–2017 жылдары «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстандық медицина университетінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2011–2014 жылдары Алматы қаласындағы №14 қалалық емханада учаскелік мейірбике қызметінен бастаған. 2014–2016 жылдары Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығында статист болып жұмыс істеген.

2018 жылдан бастап Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәнінің оқытушысы қызметін атқарып келеді. 2019–2020 оқу жылдары №1 арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының төрайымы болған. 2021 жылдан бері әдістемелік кабинетте әдіскер қызметін атқаруда.

Жалпы еңбек өтілі – 14 жыл, педагогикалық еңбек өтілі – 10 жыл. Педагог-эксперт біліктілік санатындағы арнайы пән оқытушысы.

  • 2022 жылы Облыстық денсаулық сақтау саласына қосқан қомақты үлесі және 1 мамыр – Халықаралық мейіргер күніне орай Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатпен марапатталды.
  • 2023 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі мен кәсіподақ қозғалысының нығаюына қосқан үлесі үшін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлердің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Құрмет грамотасымен марапатталған.
  • 2024 жылы Кәсіби мереке –Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттай отырып, Орта буын медициналық қызметкерлерге сапалы білім мен тәрбие берудегі қосқан қомақты үлесі мен жемісті еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
  • 2025 жылы Колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова және «Мейіргер ісі» мамандығы ОӘБ төрағасы Ғ.Н. Бимурзаевтың Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерейтойына орай №3 арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының ұйымдастыруымен өткізілген «Мейіргерлік технологиялар»  пәнінен «Үздік бейнесабақ және презентация» республикалық байқауына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Койтанова Асель Галиматовна – әдістемелік кабинетінің хатшысы.

Ол 1989 жылы Тараз қаласында туылған. Білімі жоғары. 2007-2011 жылдар аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін тәмамдаған.

2013 жылдан бастап Жамбыл жоғары медициналық колледжінде әдістемелік кабинетінің хатшысы болып жұмыс атқарып келеді.