83 жылдық тарихы бар орта кәсіптік білім беретін оқу орны 21300 медицина қызметкерлерін дайындады. Олардың ішінде колледж ұжымы мақтан тұтатын, Қазақстан Республикасына, Жамбыл облысына танымал адамдардың есімдері бар:
-Күкеев Тұрар Қайшығараұлы, ғалым, зейнеткер, Жамбыл облысының құрметті азаматы, медицина ғылымдарының докторы;
-Абдықалиев Нұрлан Абдықалиұлы, кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының ғылыми хатшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор;
Наржанов Бауыржан Анарбекұлы, А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының бас хирург-дәрігері;
-Бейсебаев Ақзат Әкімқұлұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор;
Әміров Далихан Лұкманұлы, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары білікті дәрігер;
Молдақұлов Жұмахан Молдақұлұлы, Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары;
-Гатина Галина Латыповна, ардагерлердің денсаулығын сақтау комиссиясының төрайымы;
-Қарқабаева Айсұлу Жасанқызы, Оңтүстік-Қазақстан медициналық академиясының профессоры, медицина ғылымдарының докторы, ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің ревматологы;
Күләш Ахметова, Қазақстан Жастар одағы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалінің иегері, Тараз қаласының құрметті азаматы, ақын;
Мүсірепбеков Тұралы Исаұлы, ақын, сазгер, суретші, дәрігер-оқытушы;
Айтбаева Айгүл Қалдыбайқызы, «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының облыстық перинаталдық орталығы» ШБҚ МКК бас дәрігері;
-Байдарбеков Өмірхан,Тараз қаласы №3 қалалық емханасының бас дәрігері;
-Ысқақова Ажаркүл Елеукенқызы, Тараз қалалық №8 емханасының бас дәрігерінің орынбасары;
-Анарметов Әлішер Мырзарахманұлы, «Суперфарм» ЖШС директорының орынбасары;
-Әлиева Айнагүл Оразалықызы, «Әмір және Д» ЖШС директорының бөлшек сауда бағасын дамыту бойынша орынбасары;
-Баймолдаева Эльмира Сегізбайқызы, Тараз қалалық №5 емханасының гинекология бөлімінің меңгерушісі;
Бейсенбаева Рабиға Жақанқызы- Тараз Қалалық №8 емханасы терапия бөлімінің меңгерушісі;
-Жақсымбетов Идельбай Керімұлы, Жамбыл облыстық қан орталығының қан даярлау бөлімінің меңгерушісі;
-Мирхаликова Ляззат Жалилқызы, «Мейірім» емханасы жанындағы «Садыхан» ЖШС филиалының меңгерушісі;
-Қосаева Мұхаббат Лесқызы, «Қоныс» ЖШС ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі;
-Бокушева Ляйля Төребайқызы, Жамбыл облыстық ауруханасының бас медбикесі;
– Сәрсенова Зияда Әлішерқызы, Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің бас медбикесі;
-Тимошенко Екатерина Ивановна, Жамбыл облыстық қан орталығының қан даярлау бөлімінің бас медбикесі;
-Назарбекова Гүльмира Баймағанбетқызы, Жамбыл облыстық балалар ауруханасының бас медбикесі;
-Сатмаханова Ләйлә Оралқызы, Жамбыл облыстық ЖҚТБ орталығының бас медбикесі;
-Кравчук Наталья Владимировна, дәрігер Ю.В.Лукьяненконың наркологиялық психотерапиялық орталығының бас медбикесі;
-Оганесова Тахмина Абдумодланқызы, «Брак и семья» ЖШС медициналық орталықтың бас медбикесі.