14.03.2019 ж. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облысы филиалы және Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген «Чекті талап ет – сыйлықты ұтып ал!» атты акциясына белсене қатысып, облыс аумағындағы тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлікті адал бәсекелестікке ынталандыру, қызмет көрсету сапасын арттыру, көлеңкелі экономика көлемін азайту арқылы республикалық және жергілікті бюджетке салық түсімін ұлғайтуға қосқан үлесі үшін Жамбыл медициналық колледжінің «Жас Отан» Жастар қанаты бөлімше көшбасшысы 207-топ студенті Д.Омар және бөлімше мүшелері алғыс хат және қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева