Жастар ісі жөніндегі комитет

Әлмахан Назерке Мейірханқызы-Жамбыл жоғары медициналық колледжінің жастар ісі жөніндегі инспекторы. 2025 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын бітірген. Білімі жоғары.
Жастар ісі жөніндегі комитет –колледж студенттерінің қоғамдық белсенділігін арттыру, тұлғалық дамуына жағдай жасау, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында құрылған ерікті қоғамдық бірлестік.
Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына, оқу орнының Жарғысына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Комитет оқу орны әкімшілігімен, жастар ұйымдарымен және қоғамдық құрылымдармен өзара әрекеттесе отырып жұмыс істейді.
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты:
– Жастардың әлеуметтік, мәдени, интеллектуалдық және кәсіби дамуына жағдай жасау.
– Жастар бастамаларын қолдау және жүзеге асыру.
– Студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Міндеттері:
– Жастар арасында патриоттық тәрбие мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру;
– Волонтерлік, қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды іске асыру;
– Салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шаралар ұйымдастыру;
– Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
– Әлеуметтік маңызды тақырыптарда кездесулер, форумдар, дебаттар, тренингтер өткізу;
– Жастардың өзін-өзі басқару құрылымдарының жұмысын үйлестіру.
КОМИТЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН БАСҚАРУ
Комитет құрамына колледждің белсенді студенттері мен еріктілері кіреді.
Комитет төрағасы студенттер тарапынан ашық дауыс беру арқылы сайланады.
Төраға комитет жұмысын ұйымдастырады, жоспар құрады, іс-шаралар өткізеді және оқу орны әкімшілігімен байланыс орнатады.
Комитет құрамында келесі бағыттар бойынша жауапты мүшелер болуы мүмкін:
– Білім және шығармашылық
– Волонтерлік және қайырымдылық
– Ақпараттық-насихат
– Спорт және салауатты өмір салты
– Патриоттық тәрбие
Комитет ай сайын отырыс өткізіп, жұмыс барысын талқылайды.
ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ
– Патриоттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу;
– Эко-акциялар мен волонтерлік қозғалыстарға қатысу;
– Қоғамдық маңызы бар жобалар мен байқауларға қатысу;
– Мәдени іс-шаралар: концерттер, көрмелер, фестивальдар ұйымдастыру;
– Лидерлік және тұлғалық даму тренингтері.
Студенттік Парламент төрағасы – Емдеу ісі мамандығы, 318ЕФ-9/24 тобының студенті
Омар Нұргелді Исмаилұлы
«Старостат» ұйымының төрайымы – Емдеу ісі мамандығы, 314ЕФ-9/24 тобының студенті

Сұлтанхан Әмина Абдималикқызы
«Біріккен медицина жастары» ұйымының төрайымы – Емдеу ісі мамандығы, 319ЕФ-9/24 тобының студенті

Нұрмұхамбет Арайлым Алпысқызы
«Колледж талантты жастары» ұйымының төрағасы – Мейіргер ісі мамандығы, 408М-9/23 тобының студенті

Есенмұрат Бақдәулет Сейсенұлы
«Жастар рухы» Жастар қанатының төрайымы – Емдеу ісі мамандығы, 413ЕФ-9/23 тобының студенті

Тұрсынқан Қарақат Русланқызы
«Жас Алаш» дебат клубының төрайымы – Емдеу ісі мамандығы, 319ЕФ-9/24 тобының студенті

Нұрмұхамбет Мерейлім Алпысқызы
«Саналы ұрпақ» студенттер клубының төрағасы –Емдеу ісі мамандығы, 316ЕФ-9/24 тобының студенті

Сейдалы Нұрәли Алмасұлы
Жетістіктері:
Дала дауысы байқауы «Вокал» номинациясы бойынша 1 орын иегері, «Үздік көшбасшы -2019» Қалалық пікірсайыс байқауының 2 орын иегері. Денсаулық сақтау саласы «Үздік – алғашқы көмек көрсету» байқауының 3 орын иегері. Нұр-Сұлтан қаласында өткен Зияткерлік ойын байқауында 2 орын иегері. Қалалық, облыстық жетістіктері де аз емес. Білімнін жетілдіру мақсатында біліктілікті арттыру курсттарынан өткен. 2020 жылы «Үздіктерді таңдау» атты облыстық байқауында «Үздік жастар ісі комитет төрағасы» номинациясымен марапатталды.
