Дебат клубы

«Жас Алаш» пікірсайыс клубы қаңтар айынан бастап өз жұмысын әрі қарай жалғастырды. Қаңтардың 27-сі күні Тараз мемлекеттік университеті базасында «Адал жастар-кемел келешектің кепілі» тақырыбындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің төрағасы А.Шпекбаевпен өткен кездесуге «Парасаттылық елшілері» Қалдыбаева Наргиза, Тұрсынбай Дәурен, Ермек Тілеген, Аманкелді Ұлжандар арнайы шақырылып, өз ойларымен бөлісті.

Ақпанның 4-і күні Жамбыл медициналық «Болашақ» колледжінде және 6-сы күні Жамбыл жоғары политехникалық колледждерінде Жамбыл облыстық Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Парасаттылық елшілері» Қалдыбаева Наргиза, Тұрсынбай Дәурен, Ермек Тілеген, Аманкелді Ұлжан «Адалдық-парасаттылық белгісі» тақырыбында тренингтер өткізді.

5 ақпан Жамбыл жоғары политехникалық колледжімен өзара тәжірибе алмасу мақсатында достық кездесу ұйымдастырылды, студенттер арасында «дуэль ойыны» өткізілді.

16 ақпанда  Абай атындағы гуманитарлық колледжі «Алғырлар»  пікірсайыс клубы және Жамбыл облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен облыстық пікірсайыс турнирінде , Ермек Тілеген «Үздік координатор» номинациясын иеленсе,  Аманкелді Ұлжан ойын жеңімпазы атанды.

2020 жылдың 29 ақпан- 1 наурыз күндері «Жас Алаш» дебат клубының 8 спикері жетікшімен бірге Алматы қаласына Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Атамекен»  ИПК ұйымдастыруымен өткен «Абай және Ұлттық сана» атты ректор кубогына арналған дәстүрлі «Atameken CUP XII» республикалық пікірсайыс турниріне қатысып, «АЛҒЫС ХАТ» пен мараптталды.

Наурыздың 5-і күні Жамбыл жоғары политехникалық колледжінде және 6-сы күні Жамбыл медициналық «Болашақ» колледждерінде Жамбыл облыстық Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Парасаттылық елшілері» Қалдыбаева Наргиза, Тұрсынбай Дәурен, Ермек Тілеген, Аманкелді Ұлжан «Адалдық-парасаттылық белгісі» тақырыбындағы 2-ші тренингтерін өткізді.

Наурыз айында Жамбыл облыстық Білім басқармасы мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұсынуымен Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 2 курс студенттері Қалдыбаева Наргиза мен Тұрсынбай Дәурен «Жамбыл-Тараз» телеарнасына арнайы қонақ ретінде шақыртылып, сұхбат берді.

Сәуір айында облысымызда ең алғаш рет  Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен «Жамбыл – адалдық алаңы», Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Адалдық- адамдықтың белгісі» атты онлайн турнир өткізілді. Онлайн режімінде болғандықтан өзге қалалардан да бірнеше студенттер қатысып турнир нәтижесі бойынша: Жамбыл жоғарғы медициналық колледждің 3 курс студенті Темірболат Назерке жүлделі І орынды иеленді және Амангелді Ұлжан «ҮЗДІК ТАЛПЫНЫС» номинациясымен  мараппаталды. Осы турнирдің кем-кетіксіз ұйымдастырылуына септігін тигізген, әділ өтуін қадағалаған, ұйымдастырушы-СЕРІКҰЛЫ НҰРДАУЛЕТ.

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен  Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30-шы мамырында өткен Абу-Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әлемнің екінші ұстазы» тақырыбындағы Жамбыл облысы жастары арасында болған онлайн турнирінде  Аманкелді Ұлжан  турнирдің жеңімпазы деп танылып, І дәрежелі ДИПЛОМ-мен кубокты иеленді.

Мамыр айында»Парасатты жастар-ел ертеңі» атты брейн-ринг интеллектуалды ойынына «»Жас Алаш» дебат клубының мүшелері Серікұлы Нұрдәулет пен Аманкелді Ұлжан қатысып АЛҒЫС ХАТ-пен марапатталды.

Сондай-ақ жеңімпаздар колледжде пікірсайыс өнерін дамыту мақсатында 1-3 курс студенттері арасында үнемі пікірсайыс ойындарын, достық кездесулер ұйымдастырып, өз орталарында шыңдалуда.

2020 ж. 12 қараша күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде  Жамбыл  облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының 2020 жылдың 20 қазан – 20 қараша аралығында Дүниежүзілік балалардың құқығын қорғау күніне орай «Бала құқығы-адам құқығы» атты облыстық іс-шаралар ұйымдастыру жоспары негізінде колледж пікірсайысшылары арасында   «Қазақ отбасында баланы қатаң тәрбиелеу, баланың болашағы үшін қаншалықты дұрыс?» тақырыбында пікір алмасу өткізілді.

Іс-шара барысында отбасы тәрбиесінің қоғам дамуындағы рөлі туралы айта келіп, ұлттық тәрбиенің қашанда маңызды екені студенттермен пікір алмасу барысында мойындалды. Мұнда студенттер:

  1. Ертеде қазақ халқы бала тәрбиесінде қандай әдіс-тәсілдерді қолданған? Оның мәні неде?
  2. Ата-ананың баланы үнемі қадағалап, ескерту айтып, тыйып отыруы дұрыс па?
  3. Біздің халықтың, мемлекеттің болашағы үшін халықаралық құжаттарда белгіленген бала құқығының нормалары маңызды ма, әлде, ұлттық тәрбие нормалары маңызды деп есептейсіздер ме?-деген сауалдарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.


Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Жас Алаш» дебат клубы 2019 жылдың 6-9 желтоқсан аралығында Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халқыаралық қазақ – түрік университеті ұйымдастырған «Болашығымыз бірлікте 3» Яссауи кубогі атты республикалық  пікірсайыс турниріне колледж демеушілігімен барып қайтты. Облыстың пікірсайысшылары жалпы командалық 3 орынды иеленді. Ойын барысында Республиканың түкпір-түкпірінен келген пікірсайысшылармен ой бөлісіп, тәжірибе алмасты. Ойынның екінші күні әр аймақтан келген ойыншылар Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді аралады.


Желтоқсан айының  5-і  Жамбыл облысы студенттер арасында өткізілген Абай атындағы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіле «ALGYRLAR CUP» 6 облыстық пікірсайыс турнирі «Үздік координатор»  «Мейіргер ісі » бөлімінің 205 топ студенті Ермек Тілеген  марапатталды

Қаңтар айының 11-і Жамбыл облысының 80 жылдығына орай өткізілген «Парасатты ұрпақ- ел болашағы» атты облыстық пікірсайыс турнирінде  «Емдеу ісі» 317 Серікұлы Нұрдәулет марапатталды.

Қараша айының 27-сі күні Жамбыл Жоғары  медициналық колледжінің «Жас Алаш» дебат клубының ұйымдастыруымен «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты дәстүрлі  облыстық дебат турнирі өткізілді.


2019 жылдың Қараша айының 10-ы Жамбыл облысы студенттері арасында өткізілген М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетіне қарасты «Еркін Ойлар Алаңы»интеллектуалды пікірсайыс клубының 9 жылдық мерейтойына байланысты «Жамбыл облысына 80 жыл »атты облыстық пікірсайыс турнирінде 1-орынмен «Мейіргер ісі » бөлімінің 316 топ студенті   Темірболат Назерке «Емдеу ісі» бөлімінің 317 Серікұлы Нұрдәулет марапатталды.


2019 жылдың Қараша айының 8-і күн Жамбыл облысының мектеп оқушылар арасында өткен «Сана парасаттылығы – адал ұрпақ негізі»атты облыстық дебат турнирінің «Үздік төреші» номинациясымен «Мейіргер ісі » бөлімінің 201 топ студенті Қалдыбаева Наргиза марапатталды.

2019 жылдың Қараша айының 9-сы күні  Жамбыл облысының студентттерінің арасында өткен «Сана парасаттылығы – адал ұрпақ негізі» атты облыстық дебат турнирінің нәтижесі бойынша 1 орынмен Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Дофамин» фракциясы, «Мейіргер ісі» бөлімінің 209 топ студенті Аманелді Ұлжан, «Мейіргер ісі » бөлімінің 201 топ студенті Қалдыбаева Наргиза марапатталды. 2-орын иегерлері Жамбыл жоғары медициналық коллежі «Рио» фракция «Мейіргер ісі » бөлімінің 205 топ студенті Ермек Тілеген, «Мейіргер ісі » бөлімінің 205 топ студенті Тұрсынбай Даурен марапатталды.


2019 жылдың Қараша айының 3-і «Жаңғыру жолы- жастар жолы» тақырыбында өткізілген облыстық пікірсайыс турнирінде ұшқыр ойымен  және оны дәйекті жеткізе білгені үшін 2-орынмен «Не коронованные короли» фракциясы «Емдеу ісі» 317 Серікұлы Нұрдәулет марапатталды

2019 жылдың 24-25 қазан күндері жалпы орта білім беру мекемелері мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің І, ІІ курс студенттері арасында «Сана парасаттылығы-адал ұрпақ негігі» атты ұйымдастырылған облыстық пікірсайыс турниріне қатысқан ІІ курс студенттері «Мейіргер ісі» бөлімінің 201 топ студенті Қалдыбаева Наргиза мен 209 топ студенті Амангелді Ұлжан жүлделі І орынды иеленсе, 205 топтан қатысқан Ермек Тілеген мен Тұрсынбай Дәурен ІІ орын алды. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары Төлебаев Равиль Қуанышбаевичтің қатысуымен болған марапаттауда жеңімпаздарымызға ДИПЛОМДАР мен кубоктар табыс етілген.



Қазан айының 19-ы күні Тараз иновациялық гуманитарлық университетінің ұйымдастырылуымен өткен 17 қараша – халықаралық студенттер күніне арналған «Студент FEST» облыстық кешенді фестивалі аясында «Үздік пікірсайыс алаңы» турнирінде Серікұлы Нұрдәулет «Үздік төреші» номинациясымен марапатталып, облыстық «Студенттік бал – 2019» мерекелік шарасына жолдама алды.


21.04.2019 ж. күні Жамбыл медициналық колледжінінің  1-2 курс студенттері Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінің «Жалындаған жастар-ел болашағы» тақырыбында ұйымдастырған облыстық пікірсайыс турниріне қатысып, «Мейіргер ісі» мамандығының 101 топ студенті Қалдыбаева Наргиза мен 103 топ студенті Тұрсынбай Диана жүлделі І орынды иеленсе, 105 топ студенті Ермек Тілеген ІІ орын мен ақшалай сыйлық алды.


Жамбыл медициналық колледжінінің  2 курс студенттері Тамбес Қанат, Темірболат Назерке Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің шешімімен 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік фракция» номинациясымен «Сүлейман мен Хюррем» фракциясы марапатталды және де М.Х. Дулати атындағы Тараз мемекеттік университетінің жастар ісі жөніндегі комитетіне қарасты «Еркін ойлар алаңы» ИПК-ның ұйымдастыруымен  өткізілген «Дүлділдер додасы – V» облыстық пікісайыс турнирінде жақсы ойын көрсеткені үшін Серікұлы Нұрдәулет марапатталады.


7 қазан күні Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен «Жаңа-ру» жастар коалициясының ұйымдастыруымен өткізілген «Мемлекеттік қызмет- қоғамға және әрбір қазақстандыққа қызмет етудің ерекше түрі мен қызметі» тақырыбындағы облыстық пікірсайыс турниріне колледжімізден қатысқан 3 фракцияның 1-уі  АЛҒЫС ХАТПЕН және 205 топ студенті Темірболат Назерке «Үздік спикер» номинацияларымен марапатталды.


«Болашаққа бағдар;Рухани жаңғыру»  тақырыбындағы ІVдәстүрлі «Жамбыл   медициналық  колледжі директорының кубогы» үшін өткізілетін облыстық пікірсайыс турнирінің әдістемелік әзірлемесі.

           


Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  арналған  «Тәуелсіздік туын ұстар жоғары, бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі»  тақырыбындағы ІII дәстүрлі «Жамбыл   медициналық  колледжі директорының кубогы» үшін өткізілетін облыстық пікірсайыс турнирінің әдістемелік әзірлемесі.

     


Желтоқсанның 10-ы күні М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз елім-тірегім» тақырыбындағы облыстық пікірсайысқа қатысқан Серікұлы Еркебұлан І орынды жеңіп келді.

     


3-ші желтоқсан күні «Парасат» колледжінде «Тәуелсіздігім-тірегім» тақырыбында өткен облыстық пікірсайыс турниріне қатысқан «Мейірбике ісі» бөлімі 204 топ білімгері Елубай Нұрай мен «Емдеу ісі» бөлімі 201 топ студенті Қыпшақбаев Ермек  І орынды,  «Емдеу ісі» бөлімі 217 топ студенті Мұқат Әсел мен «Мейіргер ісі» бөлімі 103 топ студенті Нұртай Аида ІІІ орынды және Нұртай Аида «Үздік спикер» номинациясын  жеңіп алды.

     


Желтоқсанның 2-сі күні эстетикалық және рухани-адамгершілік тәрбие бағыттары  бойынша Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына орай облыстық «Еркін пікір аруы-2016» байқауын өткіздім.

     


Қазан айында «Жас Алаш» пікірсайыс клубы және жастар комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік туын ұстар жоғары, бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі» тақырыбындағы ІІІ дәстүрлі «Жамбыл медициналық колледжі директорының кубогі» үшін облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Облыстық пікірсайыс турниріне Жамбыл облысы мен Тараз қаласының жоғарғы оқу орындары мен арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысты. Барлығы 15 жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарынан 70 студент қатысты.

          


Қазанның 20-22 аралығында облыстық «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Пікірсайыс ойынының негізгі форматтары және оның ережелері» тақырыбындағы облыстық семинарға қатысқан студенттер арасынан 4 студент «Емдеу ісі» бөлімі 305 топтан Серікұлы Еркебұлан, 201 топтан Қыпшақбаев Ермек, «Мейірбике ісі» бөлімі 204 топтан Сабырхан Айдана мен Назарбекова Ғазизаға «Төреші» сертификаттары тапсырылды.

           


Қараша айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бұл палата Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең үлкен жетістігін көрсетеді» тақырыбында колледжішілік пікірсайыс өткізді.

     


Қарашаның 25-і күні Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Қазақстанның болашағы-білімді жастар» тақырыбындағы Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті ұйымдастырған облыстық пікірсайыс турниріне қатысқан «Емдеу ісі» бөлімі 305 топ студенті Серікұлы Еркебұлан мен 201 топ студенті Қыпшақбаев Ермек І орынды,  «Мейірбике ісі» бөлімі 204 топ студенті Сабырхан Айдана «Үздік төреші» номинациясын жеңіп алды.

     


Қыркүйек айында Жамбыл медициналық колледжіне қабылданған жаңа топтар арасында үгіт насихат жұмыстары жүргізілді.