2019 жылдың 11 қазан күні, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің психологиялық қызметінің ұйымдастыруымен, Халықаралық қыздар күніне арналған «Жасөспірімдердің денсаулығы» тақырыбында диспут өткізілді.
Л.К.Мейрманова сөз алып, кәмелет жасына толмаған жастардың аяғын андап басудың басты алғышарттарымен таныстырса, А.Н. Оскенбаева сөз алып, ерте жастағы жүктіліктің ең алдымен денсаулығына кесірін тигізсе, болашағына балта шабатынын айтты. Сонымен бірге, жұқпалы инфекциялардың түрлері, оларды жұқтырудың жолдары, салдары туралы тереңнен «Акушерия және гинекология» пәнінің оқытушысы : Ә.Ж. Кеңесбекова түсіндіріп, соңында студенттерге бейнеролик көрсетті.