Әйелдер қанатының кезекті денсаулық сабағы өтті
…………………………………………….
✅«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен Жамбыл жоғары медициналық колледжінде әйелдер денсаулығын және отбасы институтын нығайтуға жәрдемдесу мақсатында ақпараттық сабақ өтті.
«Әйел саулығы-ұлт болашағы» тақырыбына арналды.
Әйелдер қанатының сарапшысы Ж.Н. Сарыбекова мен медициналық пункт меңгерушісі Сейдалиева Нұршат, колледж психологы Өскенбаева Асел әрбір әйелдің репродуктивті денсаулығы – келешек ұрпақтың саулығы мен мемлекеттің демографиялық тұрақтылығының негізі екенін атап өтті. Сау анадан ғана сау ұрпақ туады. Сондықтан ананың денсаулығы – тек бір отбасының емес, бүкіл қоғамның байлығы. Ұлт саулығын сақтау үшін әрбір әйел қарапайым ережелерді ұстануы тиіс: жылына 1 рет тексерілу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, т.б. туралы ақпарат берілді.


