Ақпараттық денсаулық сабағы

Бөлісу

Әйелдер қанатының кезекті денсаулық сабағы өтті. «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен Жамбыл жоғары медициналық колледжінде әйелдер денсаулығын және отбасы институтын нығайтуға жәрдемдесу мақсатында ақпараттық сабақ өтті. «Әйел саулығы-ұлт болашағы» тақырыбына арналды. Әйелдер қанатының сарапшысы Ж.Н. Сарыбекова мен медициналық пункт меңгерушісі Сейдалиева Нұршат, колледж психологы Өскенбаева Асел әрбір әйелдің репродуктивті денсаулығы – келешек ұрпақтың саулығы мен мемлекеттің демографиялық тұрақтылығының негізі екенін атап өтті. Сау анадан ғана сау ұрпақ туады. Сондықтан ананың денсаулығы – тек бір отбасының емес, бүкіл қоғамның байлығы. Ұлт саулығын сақтау үшін әрбір әйел қарапайым ережелерді ұстануы тиіс: жылына 1 рет тексерілу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, т.б. туралы ақпарат берілді.