16.11.20ж «Білім беру технологиялары мен әдіс- тәсілдерін қолдану жолдары» тақырыбында әдістемелік мектеп семинары өтті. Жас мамандар мектебінің семинарында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, бағыт –бағдар беру мақсатында , тәжірибелі оқытушылар іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинарды колледж әдіскері Л.К.Батаева жүргізді .Семинарда Оn-line режимінде оқыту барысы бойынша кездескен көптеген сұрақтар талқыланып, әдіскерлер, тәлімгерлер тарапынан әдістемелік көмек берілді. Күн тәртібінде:
І. Педагогикалық әдеп. “Ұстаз- халық анасы!” Жауапты колледж психологі:Өскенбаева Ә.Н.
2.Оқу үрдісінде АКТ-ны қолданудың тиімді жолдары . Жауапты: Құдайбергенова А.К. информатика пәні оқытушысы
- Оқу үрдісінде кредиттік технологияны қолдану. Жауапты: Нурбаева Р.Т. фармацевтикалық пәні оқытушысы
- Жас мамандарға Оn-line режимінде оқыту барысы бойынша әдістемелік көмек көрсету :
а) Контентті толтыру. Жауапты: Б.С.Мадимарованың іс-тәжірибесінен
Ә) Электронды журналды толтыру.Жауапты: Жакипова М.Ж.
С) Moodle платформасында Оn-line сабақ жүргізу барысы . Сұлтанғалиева А.С.