«Ардагерлер аллеясының» салтанатты ашылуы

Без рубрики
Бөлісу

19.03.2018 жылы Жамбыл медициналық колледжінің директоры Ж.Сарыбекованың бастамасымен, колледж алаңында оқу орнына еңбегі сіңген, өркендеуіне мол үлестерін қосқан ардагер оқытушыларға арналған «Ардагерлер аллеясының» салтанатты түрде лентасы қиылды. Колледжге ескерткіш ретінде ардагерлер арша ағаштарын отырғызды. Іс-шара барысында қонақтарға колледждің «Спорттық алаңы», «Мұражайы», «Рухани дамыту» орталығы таныстырылып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы және «Ынтымақ» күніне орай ұйымдастырылған «Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі» атты фестивалін тамашалады. Әр ұлт өкілдері өздерінің салт-дәстүрлерін, тағамдарын таныстырып, ниет-тілектерін білдіріп, соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Мереке соңында ардагерлер сөз сөйлеп, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Колледж директоры Ж.Сарыбекова құттықтау сөз айтып, колледждің кәсіподақ ұйымы атынан қонақтарға арнайы сыйлықтар таратылып, соңында ардагерлерге, студенттерге және колледж ұжымына мерекелік дастархан жайылып, Наурыз көже таратылды.