Бөлім меңгерушілері
«Емдеу ісі» біліктілігі «Акушер(ка)», «Фельдшер» бөлім меңгерушісі – Мадибраимова Айман Махатаевна.
1987 жылы Алматы қаласы С.Асфендияров атындағы мемлекеттік медициналық университетінің педиатр факультетін бітірген.
1997 жылдан бастап Жамбыл медициналық колледжінде жұмыс істейді, ал 2000 жылдан бері «Акушер ісі» бөлім меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстың денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы атқарған ерен еңбегі және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны үшін бөлім меңгерушісі А.М.Мадибраимова Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ескебекова Зираш Сердалиевна – «Емдеу ісі» біліктілігі «Фельдшер», «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі.
1992 жылы Қызылорда медициналық колледжін және Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
1992 – 2006 жж. Жамбыл облыстық перинаталды орталығы, медбике;
2006 – 2015 жж. Жамбыл медициналық колледжі «Мейірбике ісі» пәнінің оқытушысы; 2015 – 2018 жж. біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлімінің әдіскері;
2018 жылдан бері «Емдеу ісі» және «Фармация» бөлім меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Мырзагулова Жанат Бекмухановна – «Мейіргер ісі», «Қолданбалы бакалавр» бөлімінің меңгерушісі, Аймақтық медбикелік ісін дамыту орталығының басшысы.
Мырзагулова Ж.Б.1961 жылы туылған, 1985 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірді. Жалпы еңбек өтілі 30 жыл, оның ішінде Жамбыл медициналық колледжінде 25 жыл. Еңбек жолын 1986 жылдан Жамбыл медициналық училищесінде «Педиатрия пәнінің оқытушысы болып бастады. Әдіскер және әдістемелік бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 1996-2000 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласында жұмыс істеді: №1 Қалалық балалар ауруханасында денсаулықты қалпына келтіру бөлімінің дәрігер-физиотерапевті, №2 Қалалық балалар емханасының мектепке дейінгі-мектеп бөлімінің меңгерушісі, №1 К.Сарымолдаев атындағы балалар үйінде дәрігер-педиатр.
2000 жылдан бастап осы уақытқа дейін Жамбыл медициналық колледжінде жұмыс атқарады. 2000-2010 жылдар аралығында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бөлім меңгерушісі, 2010-2014 жылдары орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімінің меңгерушісі, 2014-2015 оқу жылында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап біліктілікті арттыру жұмысы бойынша директордың орынбасары, Аймақтық медбикелік ісін дамыту орталығының басшысы.
2016-2017 оқу жылында «Мейірбике ісі», «Фармация» бөлімінің меңгерушісі.
2017-2018 оқу жылында «Медбикелік іс» бөлім меңгерушісі.
Тараз қаласы әкімінің Алғыс хатымен, Тараз қаласы маслихаты хатшысының Құрмет грамотасымен, Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау департаменті «ҚР денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының Құрмет грамотасымен, Жамбыл медициналық колледжі директорының Құрмет грамоталарымен, 2014 жылы «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» омырауға тағатын белгісімен марапатталған.
Жоғарғы санатты «Балалар аурулары» пәнінің оқытушысы.
Білім саласына қосқан елеулі үлесі үшін Мырзагулова Жанат Бекмухановна ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Республикалық «Білім шыңы – Ғылым сыры» журналының ұйымдастырған «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» жобасының арнайы медалімен марапатталды.
Калымбетова Жанна Бахытовна – «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» 9 сынып негізінде І курс бөлімінің меңгерушісі.
2005 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін бітірді.
2005 жылдан бастап Жамбыл медициналық колледжінде жұмыс істейді.
2009-2014 ж. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2015 жылдан бастап «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі» бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді.
Білім саласына қосқан елеулі үлесі үшін Калымбетова Жанна Бахытовна ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Республикалық «Білім шыңы – Ғылым сыры» журналының ұйымдастырған «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» жобасының арнайы медалімен марапатталды.
Тұргынбекова Салтанат Садуановна – «Мейіргер ісі» бөлім меңгерушісі.
Білімі – жоғары педагогикалық, санаты-жоғары.
1982ж. Жамбыл медициналық училищесін, 1997ж. М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттікуниверситетін бітірген.
1982 жылдан бері Жамбыл медициналық колледжінде «Мейірбике ісінің негіздері» пәнінің оқытушысы.
1998 жылдан БЖФ меңгерушісі, 2004жылдан ЦӘК меңгерушісі қызметін атқарды. 2014жылдан Жамбыл медициналық колледжі «Мейірбике ісі» кешкі бөлімінің меңгерушісі.
Денсаулық сақтау Департаментінің және облыстық денсаулық сақтау кәсіподағының мақтау қағаздарымен марапатталған.
Жапаркулова Фарида Кадырбековна – «Емдеу ісі» біліктілігі «Фельдшер» «Фармация бөлімінің меңгерушісі, 1989 жылы Жамбыл медициналық колледжін бітірген.
1996 жылы Тараз Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.
2002 – 2006жж. Оқу – тәрбие ісінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2006-2014 жж. 1 курс «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі, 2015 жылдан бастап «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі.