Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кәсіподақ ұйымының төрайымы: Мураталиева Нуржамал Мухтаровна.
Білімі жоғары. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «математика пәнінің мұғалімі» мамандығын бітірген. Педагогикалық стажы 18 жыл, санаты бірінші. Жамбыл медициналық колледжінде 2004жылдан бастап қызмет атқарады. 2004 – 2009 жылыға дейін математика пәнінің оқытушысы және кураторлар кеңесінің төрайымы. 2009 – 2014 жыл аралығында Колледж әдіскері кызметін атқарды. 2014-2015 жыл Әдістемелік кабинет менгеушісі, 2018 жылдан «Білім сапасы және мониторинг бөлімінің» менгерушісі. 2019 жылдан бастап кәсіподақ ұйымының төрайымы.
2008 жылы «Үздік оқытушы -2008» байқауында «Ақпараттық технологияларды қолданудың үздігі» Жамбыл медициналық колледжінің Мақтау мадақтамасымен марапатталды.
Қазақстан Республикасының және облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізуге белсене қатысып, атқарған қызметі үшін колледж Грамотасымен және Республикамыздың жарқын болашағы – жастарға білім беріп тәрбиелеудегі еңбектерінің жемісі үшін және медицина қызметкерлері күнін мерекелеуге байланысты Жамбыл медициналық колледжінің Құрмет грамотасымен марапталды.
2011жылы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, қаланың саяси өміріне белсене ат салысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің қалыптасуы және өркендеуі жолында жас ұрпақты тәрбиелеуде ерен еңбегі және қоғамдық іс-шараларға белсене араласқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
2013жылы «Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сай математика пәнін оқытудың басым мақсаттары мен оны іске асыру жолдары» тақырыбындағы облыстық Тамыз кеңесі математика пәні мұғалімдерінің сексия отырысына белсене қатысқаны үшін Сертификат берілді.
2014жылы «Бастапқы медициналық санитарлық көмек жүйесіндегі үздік мейрбике» атты облыстық байқауда ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2017жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Мәңгілік елдің мәртебелі мұгалімі» жобасына сапалы, саналы тәрбие берудегі озық іс-тәжірибесін ұсынып, ұстаздық шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін Грамотамен және «Мәңгілік елдің мәртебелі мұгалімі» медалімен марапатталды.
2019 жылы Облыстық денсаулық сақтау саласына қосқан қомақты үлесі үшін және Медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай Құрмет грамотасымен марапатталды.
Колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметінің негізгі бағыттары мен мақсаттары.
Бастауыш ұйым мүшелерінің экономикалық жағдайын ескере отырып, өз мүшелерін еңбек және еңбекке байланысты құқықтық әлеуметтік экономикалық қорғау заңында, ұжымдық шарттарда және келісімдерде көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктерді салыстырып қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктермен алып беру, олардың рухани талаптарын барынша толық қанағаттандыруды, ұйымдастыру жұмыстарын жақсарту ұйымның қаржы бағасын нығайтуда өз қызметінің басым бағыттарын анықтайды. Бастауыш ұйым кәсіпорынының экономикалық жағдайының тұрақтылығы ,ұжым құрамымен және жұмыс орындарының сақталуы, кәсіпорын мүмкіншіліктерін еңбекақы өсуіне бағыттауды өзінің негізгі мақсаты деп көреді. Бастауыш ұйым кәсіпорындар еңбек, экономикалық, әлеуметтік, қарым-қатынастарды қалыптастыратын нормативтік құжаттарды дайындауға қатысады. Бастауыш ұйым Кәсіподақ мүшелерінің талабына сай кәсіпорында ұжымдық келісімдер жүргізіледі, ұжымдық келісім шарттарын жасауға бастамалық әрекеттер ұйымдастырады. Бастауыш ұйым кәсіподақ комиттеті арқылы еңбек туралы заңның, қызметкерлердің тұрмыстық хал–ахуалын жақсарту шараларының орындалуын бақылайды. Бастауыш ұйым өз мүмкіншіліктері мен қаражатына қарай кәсіподақ мүшелерін жұмыссыздықтан қамсыздандыруға, қажет жағдайларда кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсетіп, олардың басқа да мұқтаждарын өтеу жұмыстарын жүргізеді.Жарғылық міндеттерді және өзінің мақсаттарын жүзеге асыруды материалды қамтамассыз ету үшін қажет жағдайларда өзінің кәсіпорындарын ашып,басқа жолдарын да қарастырады. Бастауыш ұйым кәсіподақ мүшелерін кәсіпорынды жекешелендіру және оның дәрменсіздік жағдайында әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.
Ұйымға мүшелік.
Ұйымға мүшелік Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері Кәсіподағының Жарғысына сай және жеке дара атқарылады. Мүшелікке қабылданушының өз өтініші бойынша қабылданады. Кәсіподақ мүшесінің есепке карточкасының нөмірі кәсіподақ билетінің нөміріне сәйкес және бастауыш ұйымы құрамын анықтайтын негізгі құжат болып табылады.Кәсіподаққа мүшелікке осы кәсіпорында, мекемеде істейтін не жоғарғы және арнаулы орта медициналық оқу орнында оқитын студент пен оқушы, не жекеменшік шаруашылығындағы, сонымен қатар Кәсіподақ қатарында боламын деп тілек білдірген, Жарғыны және осы Ережені қабылдап, оны орындайтын, Кәсіподаққа мүшелік жарна төлейтін кез- келген адам қабылдана алады.Кәсіподаққа мүше болу бастауыш ұйымның, кәсіподаққа тобының жиналысында немесе кәсіподақ брюосының, комитетінің мәжілісінде осы туралы шешім қабылданғаннан бастап саналады.
– Кәсіподаққа стаж: бастауыш ұйымда мүшелік жарналарды уақытында төлеп тұрған, жасынан, мүгедектігіне байланысты жұмыстан босатылған зейнеткерлер үшін;
– штат қысқарту, мекеменің ұйымның кәсіпорынның жабылуы салдарынан уақытша жұмыссыз қалғандар үшін сақталады.
Кәсіподаққа мүшелік одан шыққанда не шығарылғанда тоқтатылады.
Кәсіподақтың шығу туралы сұрақ кәсіподақ мүшесінің өз өтініші бойынша, мүшелікке қабылдау құқы бар органдарда қаралады.Кәсіподақ мүшелігінен шығару туралы мәселе кәсіподақ мүшесін жарғылық міндеттерін орындамағандығы немесе кәсіподақ бірлігін бұзатын және оған зиян келтіретін әрекеттері үшін қаралады.Жарғылық міндеттерді орындамайтын кәсіподақ мүшесі Кәсіподақ жеңілдіктерімен пайдаланудан алты айға дейінгі мерзімге айрылуы мүмкін.Кәсіподақ жеңілдіктерінен айыру және Кәсіподақ мүшелігінен шығару туралы шешімді кәсіподақ мүшелігіне қабылдау құқы бар орган не жоғарғы сайланбалы орган қабылдай алады және ол туралы бастауыш ұйым мәлімденеді.Осы шешім Кәсіподақ мүшесінің қатысуымен қабылданады.Себепсіз жағдаймен кәсіподақ мүшесі осы сұрақтын қаралуынан бас тартсан, шешім оның қатысуынсыз да қабылданады.Шешім, жиналысқа не сайланбалы органның мәжілісіне қатысушы адамдардың үштен екі бөлігінен кем емесі дауыс берсе, қабылданғаннан болып саналады.Кәсіподақ мүшесі жеңілдіктермен пайдалану құқынан айырылғанан не кәсіподақ мүшелігінен шығарылғанан кейін екі ай мерзімінде қабылданған шешімді сайланбалы жоғарғы Кәсіподақ органдарынан қайта қарауды талап ете алады.Кәсіподақ мүшелігінен шығарылған адам жалпы негізде бір жылдан кем емес уақыттан кейін кәсіподақ мүшелігіне қайта қабылдана алады.Кәсіподақ мүшесі бастауыш ұйыммен байланысы үзіліп, жұмыстан шығып не ауысуына байланысты кетіп қалса, ол бастауыш ұйымның санағынан шығарылады.Кәсіподақ мүшесі негізсіз себептермен қатарынан үш ай бойы мүшелік жарнасын төлемесе, сол ақысын өтегенге дейін Кәсіподақ қорғауынан ажыратылады.Одан әрі оны Кәсіподақ мүшелігінен шығару туралы сұрақ шешіледі.Кәсіподақ мүшелігінен шығып кеткен не шығарылған адам Кәсіподақ тарапынан қорғау және Кәсіподақ меншігін пайдалану құқынан айырылады.Бұрын төленген жарналардың жалпы құны кері қайтарылмайды.
Кәсіподақ жұмысына белсене қатысқаны үшін кәсіподақ мүшелері мынадай жеңілдіктер мен құрметке ие болады:
– алғыс жариялау;
– ақшалай, құнды заттай сыйлықтар, сувенирлер беру ;
– демалыс орындарына және туристік жолдамалар беру;
-бастауыш ұйымның сайланбалы органдарынан,филиалдың шешімдері бойынша филиалдың және Кәсіподақ Орталық Кеңесінің грамоталарымен марапаттауға ұсынылады.
– Колледж қызметкерлері арасында қысқы спартакиада, әр түрлі мерекелік іс-шаралар өткізуге атсалысады.