«Мейіргер ісі» мамандығы, «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»; «Массажист» біліктілігінің бөлім меңгерушісі
2014 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының «Мейірбике ісі бакалавры» академиялық дәрежесі берілді.
Жалпы еңбек өтімі – 10 жыл, оның ішінде Жамбыл жоғары медициналық колледжінде – 8 жыл.
Еңбек жолын 2014 жылдан Жамбыл медициналық колледжінде «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы болып бастады.
2015-2017 жылдар аралығында №1 арнайы пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының төрайымы болып жұмыс атқарды.
2018-2019 жылдар аралығында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АК «Клиникалық пәндер оқытушысы» болып жұмыс атқарды.
2019 жылы «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АК, «Медицина ғылымының магистрі» дәрежесі берілді.
2020 жылдан бастап «Мейіргер ісі» мамандығы, «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»; «Массажист» біліктілігінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс атқаруда.
2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласын жастар арасында дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Қазақстанның үздік магистрі» республикалық байқауына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталып «Қазақстанның үздік магистрі» төсбелгісімен марапатталды.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Primary Health Care» Ұлттық Қауымдастығының президенті Т. К. Рахыпбековтың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде үлгілі болуға лайықты модельдердің бірі ретінде таныған Жамбыл облысының «Үздік тәжірибелер орталықтарын» дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатымен марапатталды.
2023 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы Денсаулық сақтау саласы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша кәсіби шеберліктің Республикалық конкурсына қатысып Гран-при иегері атанды.
Өмірлік ұстанымы: Адамдар сенен көмек сұраса,қол ұшын созудан бас тартпа! және Хакім Абайдың жазғаны – Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: Қардың суы секілді тез суалар.