05.06.2018 ж. 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Жамбыл медициналық колледжінде «Қоршаған ортаны қорғау – баршаға ортақ міндет!» тақырыбында жастар акциясы өткізілді. Іс-шара барысында колледждің белсенді студенттері флеш-мобқа қатысып, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Керімбекова Нағима Тұрғынбекқызы, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Алау» бастауыш ұйымының төрайымы, Жамбыл медициналық колледжінің директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевна мерекемен құттықтап, «Теңіздің тұнық болуы-бұлақтардан» дегендей табиғатты қорғау, мәселесіне ақылмен, білгірлікпен және ұтымды жолмен жүргізудің өзіміз үшін де, келесі ұрпақтар үшін де маңызы зор екенін жастарға атап өтті.
Акцияны ұйымдастырушылар: облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Жамбыл медициналық колледжі және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі.