«Есірткі қылмысына қарсы күрес»

Без рубрики
Бөлісу

Сәуір айында «Есірткі қылмысына қарсы күрес» жобасы аясында Жамбыл облысы Прокуратурасы мен облыс әкімдігінің Білім басқармасы және Ішкі саясат басқармасы біріге отырып мектеп оқушылары мен студенттеріне арнап облыстық драма театрда сахналық қойылымдар көрсетті. А.Тоқпанов атындағы облыстық драма театрының ұжымы қазақ тілінде Б.Ұзақовтың «Жандауа» трагедиясы мен орыс тілінде В.Коняевтың «Клетка» трагедиясын студенттер назарына ұсынды. Көрсетілген сахналық қойылымдар жастар арасындағы есірткінің зиянын түсінуге және қылмыстың әсерін төмендетуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған еді. Аталған қойылымдар сәуір айында қазақ және орыс тілдерінде кезектесіп көрсетіліп отырды. Жамбыл жоғары медициналық колледжінен 7 сәуір мен 17 сәуір күндері «Клетка» қойылымына 100 студент, 24-25, 27 сәуір күндері «Жан дауа» қойылымына 250 студент қамтылды.