Калымбетова Жанна Бахытовна

Бөлім меңгерушілері
Бөлісу

«Емдеу ісі» мамандығы «Фельдшер» біліктілігі, «Мейіргер ісі»  мамандығы «Жалпы практика мейіргері» біліктілігі , «Зертханалық диагностика» мамандығы, «Медициналық зертханашы» біліктілігі бөлімінің меңгерушісі.
2005 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Тарих» факультетін бітірді. Жалпы еңбек өтілімі – 19 жыл. Санаты -жоғары.

2005 жылдан бастап Жамбыл медициналық колледжінде жұмыс істейді.

2009-2014 ж. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2015 жылдан бастап «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» және 2020 жылдан бастап «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі»,  «Зертханалық диагностика» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.

2016 жылы Білім саласына қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Республикалық «Білім шыңы – Ғылым сыры» журналының ұйымдастыруымен «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» жобасының арнайы медалімен марапатталды.

2017 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес» магистрі дәрежесін алды.

2019 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.