06.03.2018 ж. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, қазақ қызына тән мінез-құлықты, көркемдік талғамды қалыптастыру мен ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында «Көктем аруы – 2018» атты сұлулық байқауы өткізілді. Байқау келесі кезеңдерден тұрды:
1 кезең – «Мен қазақтың қызымын» сәлемдесу рәсімі, әр ару өзін – өзі таныстырды.
2 кезең– «Қыз еркем өнерімен көркем», әр ару өз өнерлерін көрсетті.
3 кезең – «Білімді мыңды жығар» қазақтың салт-дәстүрі және медицинаға сәйкес сұрақтар берілді.
4 кезең– «Қыз еркем – кестесімен көркем».
5 кезең «Сәндік өнер».
Байқаудын қорытындысы:
Бас жүлде 108 топ студенті Бостанова Әсем
1 орын – Сабитова Арайлым 113-топ, Пернебекқызы Аяулым 102-топ
2 орын – Тұрсыналы Айгерім 106-топ, Иванова Александра 115-топ
3 орын – Сұлтанмұрат Балнұр 101-топ, Құсайынова Мағира 107-топ
«Нәзік ару» – Өмірзақ Мадина 105-топ, «Білімді ару» – Сауытбекова Жазира 112-топ, «Инабатты ару»- Шыңғожа Аружан 103-топ, «Шебер ару»- Құлжабаева Мариям 104-топ, «Көрермен көз айымы»- Мадоминова Ясмина 114-топ
Ұйымдастырушылар: студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы: Б.А.Қырықбаева, жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы: Д. Б. Уркимбаева.