Колледж жаңалықтары

«Ынтымағы жарасқан туған жерім-Таразым» облыстық фестиваль

2019 жылдың 30 сәуірінде Тараз қаласы Жамбыл медициналық колледжінің ұйымдастыруымен Тұнғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында  «Ынтымағы жарасқан туған жерім-Таразым» тақырыбында Облыстық фестиваль өткізілді. Мақсаты: Жамбыл облысында тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің қазақ халқына деген сыйластығын ұлттық қатынасын ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты нығайтып, әр ұлт өкілдерінің әдет-ғұрпын, салт – дәстүрі мен тілін мәдениетін сақтауға, бағалауға, бағалай отырып, жаңғырта дамытуға жол ашу. Іс-шараға тәжірибе алмасу мақсатында облыстық кәсіптік орта білім беру мекемелерінен қонақтар шақырылды: Қазіргі заман гуманитарлық техникалық колледжі директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Шарипов З.Б. №17 «Жамбыл колледжі» директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Тұрлығұлова А.Б., педагог-психолог Абдыкамалова Г.Д. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Сатыбалдиева А.Б., «Руханият» орталығының жетекшісі: Абдрашова А.Қ.
Қаратау құрылыс-техникалық колледжі директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Ибраимов Ғ.А., оқытушы Аптауова С.У., оқытушы Қошанова Н.Н. №9 Меркі колледжі директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Айтбаев А., қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Бөрібаева Г., дүние жүзі тарихы пәнінің оқытушысы Додаева Ә. №3 Байзақ колледжі директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Молдабаев З.А. Жамбыл инновациялық колледжі психолог Нарболдиева Г., социолог Сарымбетова А. Іс-шара үш бағыт бойынша өткізілді: «Ұлы Даланың- Ұлы өнері» тақырыбында қолөнер көрмесі, ұлттық тағамдар көрмесі, фестиваль. Бұл іс-шара жастарға ұлттар арасындағы бірлікті нығайтуға, өз ара достыққа, сыйластыққа, әдет-ғұрыптарды сақтауға, рухани сананы жоғары көтеруге, жан-жақты дамуына жол ашу болып табылады. Фестиваль соңында әр ұлт өкілдері номинациямен  марапатталды:

  1. Қонақжай халық (қазақ)
  2. Дарынды халық (орыс)
  3. Берекелі халық (өзбек)
  4. Сабырлы халық (кәріс)
  5. Әдепті халық (түрік)
  6. Ұқыпты халық (қырғыз)
  7. Талапшыл халық (ұйғыр)
  8. Жайдарлы халық (әзірбайжан)
  9. Сыпайы халық (дүнген)

 

 

 

 

 


«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды»

27.04.2019 жылы Қазақстандық  патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағытының Ұлы Жеңістің 74 жылдығына  орай  «Емкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» тақырыбында  «Мейіргер ісі» бөлімі, 314 топ білімгерлерімен және топ кураторы Зиябекова Дина Асқарқызымен колледжішілік ашық тәрбие сағаты өткізілді.

  

  

  


Семинар

29.04.2019 Жамбыл медициналық колледжінің «Б» корпусында Салауатты өмір салтын қалыптастыру ісі жөніндегі төрайымы Токкулиева Г. С. және Жастар денсаулық орталығының мамандарымен бірге «АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу» және » Туберкулездің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға келген қонақтар Жайлау С. Ж. психолог маманы мен әлеуметтік қызметкер Ақышбекова А. Д. Студенттерге видео роликтер мен дәрістер оқылды. Психолог маман студенттермен тренинг жүргізді. Сонымен қатар 302 топ студенті Сүйінбекұлы К. тақырыпқа сай презентация жұмысын көрсетті.

 
 
  


Жыл оқытушысы-2019» байқауы

«Жыл оқытушысы-2019» байқауы педагогтардың инновациялық тәжірибесін айқындау, кәсіби шеберлігін көтеру, білім беру жүйесінде оқытушының жағымды әлеуметтік- кәсіби келбетін қалыптастыру мен мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылып өткізілді. Байқау 2 кезеңде өтті.

Байқаудың әділ қазылар алқасының төрайымы Сарыбекова Ж.Н. – Жамбыл медициналық колледжінің директоры, мүшелері:  Б.С. Қайыпчаев – Жамбыл облыстық білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» КММ басшысы; Қуанышбекова Л.Т.- Жамбыл медициналық колледжі директорының оқу-тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары; Андакұлова Қ.Т. – Жамбыл медициналық колледжі директорының оқу-өндірістік  ісі жөніндегі орынбасары; Мадибраимова А.М. «Емеду ісі» бөлімінің меңгерушісі; Жапаркұлова Ф.К.- «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі, колледж қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы; Иманбекова Ж.Б.- Жамбыл медициналық колледжі оқу-әдістемелік кабинет    меңгерушісі. Есептеуші комиссия білім сапасы және мониторинг орталығының  меңгерушісі  – Мұраталиева Н.М.

17.04.2019 ж.

Байқаудың 1-ші кезеңінде  үй тапсырмасы бойынша  «Мен – қазіргі заманның педагогімін» тақырыбында эссе жазылды. Пәндер бойынша,  педагогика және психология пәндерінен  тест тапсырмалары алынды. Байқауға барлық ЦӘК-тен 16 оқытушы қатысты.  Баетова Ә.Қ., Джантасова Р.У., Серкебаева А.К., Парманова А.Т., Мухамодиева  Н.Е., Амирбеков Д.К., Шалғынбаева Г.О., Төлегенова Қ.Н., Чинасилова Қ.О., Бекмурзаева Д.Т., Ташмаханбетова А.С., Абдалимова З.И., Жусипова Д.Е., Саурбаева Л.Б., Атамбаева А.С., Саткынов Б.Е.

Осы кезеңнен жоғары балл алған оқытушылар іріктеліп,  байқаудың 2-ші кезеңіне жіберілді. Джантасова Р.У., Серкебаева А.К., Ташмаханбетова А.С., Абдалимова З.И., Жусипова Д.Е., Саурбаева Л.Б.

29.04.2019 ж.

«Жыл оқытушысы-2019» байқауының 2-ші кезеңі өткізіліп, келесі тапсырмалар орындалды: әдістемелік көрме ұйымдастыру; таныстыру «Ұстаз-ұлағатты есім»; панорамалық сабақ өткізу; «Білім мен тәрбие егіз» педагогикалық тосын жағдайлар шешу; «Өнерлі өрге жүзер» ән, би, қолөнер орындау.

Байқау қорытындысы бойынша  I-ші орынды №2 Жалпы білім беру және  жаратылыстану  пәндері ЦӘК-ның  химия пәні оқытушысы Ташмаханбетова А.С. иеленді. №2 Жалпы кәсіптік  пәндері ЦӘК-ның фармакология пәнінің  оқытушысы А.К.  Серкебаевамен  №3 Жалпы білім беру және  жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК-ның  ағылшын тілі пәні оқытушысы   Саурбаева Л. Б. II-ші орынды бөлісті.  №2 Арнайы пәндері ЦӘК –ның балалар аурулары пәні оқытушысы.Джантасова Р.У. III-ші орынға  аяқ тіреді.

№ 2 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК –ның қазақ тілі пәні оқытушылары Абдалимова З.И. «Жаңашыл оқытушы»,  Жусипова Д.Е. «Педагог тәрбиеші» номинацияларымен марапатталды. Сайысқа қатысқан оқытушыларға бастауыш кәсіподақ ұйымының және  коллеждің қаржыландыу бөлімінен ақшалай сыйлықтар берілді.

                


«Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!»

26.04.2019 ж. сағат 1430-де  Жамбыл  медициналық  колледжінде 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» тақырыбындағы колледжішілік іс-шара  өтті.

Жауапты: «Емдеу ісі» бөлімі, 208 топ студенттері, топ кураторы Буксукбаева Айман Ануарбековна

Мақсаты:

Тәрбиелік:

  • елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу;
  • Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қатынасын нығайту, өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу;
  • бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейтіп, көпұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Білімділік:

  • басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету;
  • Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп әр халықтың салт-дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт-саналарынан хабардар ету.

Дамытушылық:

  • Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту, өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту;
  • студенттердің ой-өрісін кеңейту, танымдық үдерісін дамыту;
  • зейіндерін қалыптастыра отырып, сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту;
  • студенттердің өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, рухани ой-өрісінтерін, дүниетанымдарын, саяси сауаттылықтарын кеңейту.

Жамбыл облысында 87 этникалық топ өкілдері тұрады. Өзінің шанырағының астына 25 этномәдени бірлестіктерін  жинады. Өзіміздің оқу орнымызда  83 жыл тарихы бар, киелі оқу ордамызда  22 ұлт өкілдері білім алуда. Толығырақ айтып кететін болсақ, 1750- қазақ, 61 – орыс ұлты, 95-өзбек,  90 – түрік, 42 – дүнген, 29- гүрді, 16-азербайджан, 10- татар, 5-кәріс, 5-қырғыз, 5- шешен, 7- украйн, 3- ұйғыр, 2 – кемшіл ұлты, 1-румын, 1 – грек, 1- неміс, 1 – белорусь, 1- башқұрт, 1-лезгин, 1 тажік, 1 – қашқыр ұлттары білім алып, тәрбиеленуде.

Іс-шараға арнайы қоңақтар шақырылды:

Тараз қаласы өзбек этно-мәдени бірлестігінің  өкілі Зайнутдинов Абдурахман Юлдашевич,   Жамбыл облысының «Вынхуа» дүнгендер ассоциация  мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайым орынбасары   Юнусов Идрис Месизович.

       


Құттықтаймыз!

21.04.2019 ж. күні Жамбыл медициналық колледжінінің  1-2 курс студенттері Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінің «Жалындаған жастар-ел болашағы» тақырыбында ұйымдастырған облыстық пікірсайыс турниріне қатысып, «Мейіргер ісі» мамандығының 101 топ студенті Қалдыбаева Наргиза мен 103 топ студенті Тұрсынбай Диана жүлделі І орынды иеленсе, 105 топ студенті Ермек Тілеген ІІ орын мен ақшалай сыйлық алды.


Жас мамандар мектебі

11.04.2019ж    Жас мамандар мектебі

Семинар тақырыбы: «Озат тәжірибе-ортақ іс»

1.«Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану-сапалы білім негізі.»     Жауапты: Л.К.Батаева колледж әдіскері

  1. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын тарих пәнінде қолданудың тиімділігі.» Практикум Жауапты: Иманалиева Г.Ж.   тарих пәні оқытушысы
  2. Фармацевтикалық пәндер бойынша оқытудың  тиімді әдіс-тәсілдері . Практикум. Жауапты: Серкебаева А.К.  фармацевтикалық  пәндер оқытушысы
  3. «Тарих пәнін оқытудағы интербелсенді -+инновациялық оқыту тәсілдері.»    Жауапты:  Джантохова Г.Н. тарих пәні оқытушысы

Жас мамандарға арналған семинарды  колледж әдіскері Л.К.Батаева жүргізді, семинарда психолог А.Н.Өскенбаева тренинг өткізді. Семинарда барлық сұрақтар орындалды. Семинар өте жақсы өтті.

                   

Жас мамандармен панорамалық сабақ өткізілді, мамандардың әдістерді талқылыу кезеңі

                      

«Оқытудың интерактивті әдістерін                                    Әдістерді  талқылау сәті.
қолдану-сапалы білім негізі.» тақырыбында
Л.К.Батаева өз тәжірибесімен бөлісті.

          

«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын тарих                Жас маман Ә.К.Баетова өз ойын ортаға
пәнінде қолданудың тиімділігі.» Практикум                     салуда.
Жауапты: Иманалиева Г.Ж.

              

Жас маман А.Ж.Коканова өз пікірімен                         «Фармацевтикалық  пәндер бойынша
бөлісуде.                                                                                   оқытудың   тиімді әдіс тәсілдері»тақырыбында
пікір алмасуда

                     

«Тарих пәнін оқытудағы  интербелсенді –                            Семинардан жақсы өтті.
инновациялық  оқыту тәсілдері.»тақырыбында                  Г.Н.Джантохова тәжірибе бөлісті.


Ашық есік күні

15.04.2019 ж.  Жамбыл облысы «Соқыр және көзі нашар көретін» балаларға арналған арнайы «Болашақ» мектеп интернатының әлеуметтік педагогы К.Б. Сатқулова, педагог – психологы Г.Ж. Айдарбекова және 9 – 11  сынып оқушыларын колледж директоры  Ж.Н.Сарыбекова колледж гимаратымен таныстырды.

 


«Ұлы даланың ұлы есімдері» шығармашылық – жобасы

12.04. 2019ж. Жамбыл медициналық колледжінің  «Рухани дамыту» орталығында Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті, Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жариялануына екі жыл толуына орай, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы  аясында 1курс студенттер арасында  «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында шығармашылық жоба өткізілді. Ұлы далада өмір сүріп отырған бүгінгі жастар, яғни студенттер бабаларымыздың ерліктерін, жетістіктерін зерделеп есімін ұлықтап өткен тарихтағы өр тұлғалардың ұрпағы екендігін мақтанышпен жеткізді.

«Әл-Фараби»   104 топ студенті: Тәліпбек Айдана  ғылыми жетекшісі: Иманалиева Г.Ж.
«Күлтегін»   106 топ студенті: Асылбекова Асылжан жетекшісі: Оскенбаева А.Н.
«Қожа Ахмет Яссауи» 107 топ студенті: Мұсабек Шырайлым ғылыми жетекшісі:Маманова Ш.Т.
«Абайдың қара сөздері» 110 топ студенті: Ахубаева Ақерке жетекшісі: Ахметбекова Р.М.
«Аққан жұлдыз» Шоқан Уалиханов 111топ студенті: Сметуллаева Аружан жетекшісі: Сыздықова Ғ.А.
«Орта Азия жеріндегі Әмір Темір рөлі»  105топ студенті: Шайтымақ Айару жетекшісі. Амирбеков Д.К.
«Мәмүліктер сұлтаны -Сұлтан Бейбарыс» 106 топ студенті Қыдырәлі Гүлшат жетекшісі: Мухамадиева Н.Е
«Әз Тәукенің жеті жарғысы»  103топ студенті: Мәлік Ажар жетекшісі: Айдабосынова Ж.Н.
«Абылай хан» 107 топ студенті: Қонысбай Айсұлу  ғылыми жетекшісі: Маманова Ш.Т.
«Кенесары  хан»  107 топ студенті: Рысқұлова Әмина  ғылыми жетекшісі: Маманова Ш.Т.
«Джордж Вашингтон» 102 топ студенті: Әділхан Аяжан ғылыми жетекшісі: Қалымбетова Ж.Б.
«Дінмұхамед Қонаев» 111топ студенті: Тоқанова Аңсаған ғылыми жетекшісі: Маманова Ш.Т.

Сарапшылар: тәрбие жұмысының меңгерушісі  Л. Мейрманова, тарих пәнінің оқытушысы Г. Шалғымбаева,  Облыстық жас ғалым жобасының спикері Сүйінбекұлы Кәрім

Сөз соңында Л.Мейрманова өз төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін ұрпақтың болашағы зор болатындығын айтып, жастарды шығармашылыққа ізденушілікке шақырды. Барлық жобаға қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

 

   


Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және  Жамбыл  политехникалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Digital Kazakhstan: цифрландырудың жаһандық трендтері және халықаралық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми –  практикалық конференцияға «Цифрлы технологияны қолдану арқылы білім сапасын арттыру – заман талабы» тақырыбында баяндама дайындап, қатысқаны үшін колледждің оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Қуанышбекова сертификатқа ие болып, конференцияның жоғары дәрежеде өтуіне зор үлес қосқаны үшін Жамбыл  политехникалық жоғары колледж директоры Ж.Орынбаеваның Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар колледж оқытушылары Ф.Д.Тұрмысова, А.Е.Исмаилова баяндама дайындап, сертификатқа иеленді.

  


Құттықтаймыз!

«M.S.Narikbaev KAZGUU UNIVERSITY» басқару, қауіпсіздік және арнайы бағдарламалар академиясының ұйымдастыруымен «Кадр жұмысын және әскери есепке алуды ұйымдастыру» бағыты бойынша 50 сағат көлеміндегі біліктілік арттыру семинарының бағдарламасын сәтті аяқтағаны үшін колледждің кадр бөлімінің меңгерушісі Ш.С. Таукебаева Сертификатқа ие болды.

 


Семинар

12.04.2019ж.  сағат 10.00  –  «Жамбыл  Медициналық колледжінің»  мәжіліс  залында  колледж  психологтары мен    СӨС  төрайымы Токкулиева Г.С  ұйымдастыруымен «Жасөспірімдердің  денсаулықтарын қорғау» тақырыбында  семинар  өткізілді. Семинарға шақырылған дәрігерлер мен мамандар: Облыстық наркодиспансерінің  нарколог дәрігері Нязалиева А.А, №1 Қалалық емханасының акушер-гинеколог дәрігері Гатина Н.З, Облыстық спид орталығының педагогы және социолог маманы Жакенова Р.Х, Бегманова М.С. Өткізілген іс-шарада дәрістер оқылды, видитаспалар көрсетілді.

 

 


Дөңгелек үстел

«Балауса»  қыздар  клубы  және  Жастар денсаулық  орталығының  мамандары  Ақылбекова  А.Д  және  Жайлау  С.Ж   ұйымдастыруымен  «Зиянды  әдеттердің  алдын  алу»  атты  тақырыпта  дөңгелек  үстел  өтілді. Дөңгелек  үстелдің  мақсаты: тазалықты ұстауға адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру. Сөз  соңында  колледж  психологы: Н.Е.Мұхамодиева  сөз  алды: Зиянды  әдеттердің  адам  өміріне  келтіретін  зияндықтары  туралы  айтып, 10 минуттық  тренинг  өтті.

  


Тренинг

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының  қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жұқпалы аурулар сақтану, тазалықты ұстауға адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру мақсатында Жамбыл медициналық колледжінің психологы: А.Н.Оскенбаева, кітапхана меңгерушісі: Н.Е. Бегалиева және студенттердің қатысуымен «Өзіңді туберкулезден сақта» атты арт-терапия іс шарасы өткізілді.
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының  меңгерушісі: М.С. Оразымбетова, кітапханашы: Г.С.Сүлейменова  сөз алып: арттерапия туралы түсінік қалыптастырып, туберкулездың жұғу жолдарын, себеп салдары туралы ақпарат айтып өтсе, Жамбыл медициналық колледжінің кітапхана меңгерушісі: Бегалиева Нұрсұлу Ерланқызы кітап көрмесіне шолу жасап өтіп, колледж психологы: А.Н. Оскенбаева студенттермен «Бағдаршам», «Қолшатыр» тренингын өткізді.

 

 

 


Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз

05.04.2019 ж. сағат 1000-де Жамбыл медициналық колледжінде «7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай
Студенттер арасында «Денсаулық баршаға!» ұранымен таңғы жаттығу өткізілді.
Іс-шараның өткізілу мақсаты: адам өмірінде денсаулықтың өте маңызды екендігін ұғындыру. Денсаулық- рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы екенін ұмытпау абзал, сол себептен халықта: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» – деп бекер айтылмаған.

 


«Балаларды қорғау – болашағымызды қорғау» атты ата-аналар және қамқоршы–қорғаншыларға арналған дөңгелек үстел өтті.

05.04.2019 ж. сағат 1100-де Жамбыл медициналық колледжінде «Балаларды қорғау – болашағымызды қорғау» атты ата-аналар және қамқоршы–қорғаншыларға арналған дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарға өз баласының жан дүниесін түсінуге, ата-ана, қамқоршы-қорғаншылардың бойына өздерін тәрбиеші әрі мұғалім ретінде қарау жауапкершіліктерін арттыру.
Жиналысқа арнайы маман шақыртылды:
Тараз қаласы полиция басқармасы ювеналды полиция бөлім бастығының міндетін атқарушы, полиция капитаны Калышев Алишер Тіллабекұлы.
Калышев Алишер Тіллабекұлы сөз алып Жамбыл облыс бойынша төтенше жағдайлар туралы және жасөспірімдер арасындағы қылмыс, жайсыз отбасы туралы ақпараттармен бөлісіті.
Жауапты: әлеуметтік-педагог Буксукбаева А.А.

 

 

 

 


Медициналық колледждері түлектерінің арасындағы «Үздік фармацевт – 2019» республикалық сайысы

03.04.2019 ж. Жамбыл медициналық колледжі Қазақстан медициналық колледждері одағының келісімімен және «Фармация» мамандығы оқу-әдістемелік бірлестігінің бекітуімен Республикалық «Үздік фармацевт – 2019» байқауы өтті.
Сайыстың мақсаттары:
1. «Фармация» мамандығы бойынша медициналық колледждердің түлектерінің кәсіби дайындықтарының сапасын бағалау.
2. Еңбек нарығында жоғарғы бәсекелестікке сай болу үшін, студенттердің сапалы кәсіби білім алуы деңгейін арттыру.
3. Мамандарды дайындауда медициналық колледждердің және фармацевтикалық ұйымдардың жұмыстарын біріктіру.
Байқауды өткізу кезеңдері:
I кезең – теориялық білімдерін бағалау – Тестілеу
II кезең – тәжірибелік білімдерін бағалау
1 тапсырма «Nota bene!»Сайыскерлер «Маркетинг және менеджмент негіздерімен фармацияны ұйымдастыру және оның экономикасы» пәні бойынша жағдаяттық тапсырмаларды орындады.
2 тапсырма «Көне аңыздар мен әңгімелерде кездесетін дәрілік өсімдіктер» Сайыскерлер дәрілік өсімдікті анықтайды, орысша, қазақша, латынша атауларын айтады. Берілген дәрілік өсімдік шикізаттар үлгілері бойынша таңдаған дәрілік өсімдік шикізатын табады, қолданылуын айтты.
3 тапсырма «Фармакология – өте маңызды» Сәйкестікке тапсырма. Сайыскерлер таңдаған препараттың фармакологиялық тобын, сауда атауын, қолдану көрсеткішін сәйкестіреді. Рецепт жазды.
4 тапсырма «Рецептуралық – өндірістік бөлімнің тыныс тіршілігі» Сайыскерлер рецептуралық жазбалар бойынша қатты және сұйық дәрілік нысандарды дайындады.

Іс-шара «Жамбыл медициналық колледжі» КМҚК директоры Сарыбекова Жәмиля Нұрғалиқызының құттықтау сөзімен басталды.
Әділ – қазылар алқасының мүшелері:
1.Бердешова Үміт Асқарбекқызы- ҚР ДС министрлігі Фармация комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы
2.Андакулов Бейсенбай Андакулович – «Ерко» ЖШС директоры
3.Сагиндыкова Баян Ахметова – «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушісі, фармация ғылымдарының докторы, профессор
4.Айтқұлова Ляззат Онгарқызы – «Әмір және Д» ЖШС атқарушы директоры
5.Абдиева Шара Сейтханқызы – «Садыхан» ЖШС директоры
6.Даурбаева Хасима Акылбековна – ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Тараз қаласындағы аумақтық филиалы
7.Ибрагимова Гүлжазира Сейтжанқызы – Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық жабдықтар бөлімінің бастығы
Іс-шараға шақырылған құрметті қонақтар:
1. Жамалов Т.С.- Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары.
2. Коңырова С. К – Байзақ ауданының, Тараз қаласының құрметті азаматы
3. Жайлышева А.Ж. – Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы.
4. Бүркітбаева Ляйля Бүркітбайқызы – «Қоныс Б» ЖШС директоры
5. Аккулиева Катира Орынбаевна ТОО “Галеника” директоры
Байқауға Республиканың Шымкент, Қостанай, Атырау, Семей, Түркістан, Нұр – сұлтан, Көкшетау, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Қарағанды, Алматы, Талдықорған қалаларынан 16 колледж студенттері қатысты.

Байқау нәтижесі бойынша:
І орын – Абдыкадырова Луиза Гламжановна – Шымкент жоғары медициналық колледжі.
ІІ орын – Муртазаева Айгерим Жанатовна – Қарағанды медициналық колледжі.
ІІІ орын – Куанова Луиза Жасталаповна – Орал медициналық колледжі.
Номинация бойынша:
«Көрермендер көзаймы» Мұсағалиева Ақнұр Ануарбекқызы – Атырау медициналық колледжі
«Үздік технолог» Бородкина Дарья Андреевна – Көкшетау жоғары медициналық колледжі
«Үздік фармоколог» Деркач Анастасия Владимировна – Ақтөбе жоғары медициналық колледжі
«Дәрілік өсімдік білгірі» Житина Эллона Андреевна – Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі
«Үздік фармация ұйымдастырушысы»Иманкулова Карина Кайратовна – Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі.
Барлық қатысушыларды марапаттап, жетекшілеріне алғыс білдіре отырып, сыйлықтар табысталды.

 

 

 

 

 

 

 


Құқық бұзушылықтың алдын алу

28.03.2019 жылы ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усеновтың ұйымдастыруымен колледж инспекторы, Тараз қаласы ПБ ЖПҚ ЮПБ аға инспекторы, полиция капитаны А.Н. Жақсығұлов, Тараз қаласы ПБ ЖПҚ ЮПБ УПИ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Ж. Байганов және полиция аға лейтенанты А.Е. Асабаевтар құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған  «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны», «Жасөспірім және қылмыс» тақырыптарында колледж студенттері, ұл балалар жиналысына қатысып,  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

 


Құқық бұзушылықтың алдын алу

27.03.2019 жылы ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усенов, колледж инспекторы, Тараз қаласы ПБ ЖПҚ ЮПБ аға инспекторы, полиция капитаны А.Н. Жақсығұлов, Тараз қаласы ПБ ЖПҚ ЮПБ аға инспекторы, полиция майоры Д.Д. Маханов және полиция капитаны С.А. Холашовтар «Жастарды ғаламтордағы қауіпті ақпараттардан қалай қорғаймыз?»  «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу» тақырыптарында колледж студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

  


Құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Қайыпчаев «Жастар жылын» насихаттау мақсатында «Жастық шақ – өмірімнің гүл көктемі!» атты облыстық ақындар айтысына ат салысқаны үшін колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова Алғыс хатпен марапаттады.


Құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Жастар жылын» насихаттау мақсатында «Жастық шақ – өмірімнің гүл көктемі!» атты облыстық ақындар айтысына «Мейіргер ісі» 307 топ студенті Қуат Аружан қатысып, бас жүлдеге ие болды.


Құттықтаймыз!

Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің ұйымдастыруымен «24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне» орай өткізіліп жатқан «Туберкулезбен күресуге өз үлесінді қосатын уақыт келді» атты айлығына белсенді атсалысқаны үшін Жамбыл медициналық колледжінің ұжымын Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Қ.Қ. Жетібаев алғыс білдіре отырып, тәрбие мен білім бәйгісінде әрқашанда алдыңғы қатардан көрінуіне тілектес болды.


«Жедел жәрдемнің үздік бридагадасы» кәсіби сайысы

27.03.2019 ж. Жамбыл медициналық колледж Б корпусының мәжіліс залында «Емдеу ісі» мамандығы, «Фельдшер» біліктілігі  IV курс студенттері арасында болашақ фельдшердің теориялық және тәжірибелік дағдыларының сапасын тексеру және әр түрлі төтенше жағдайда олардың тез арада шешім қабылдап, жедел жәрдем көрсете білу қабілеттерін тәжірибе жүзінде көрсету мақсатында «Жедел жәрдемнің үздік бридагадасы» кәсіби сайысы өтті. Жауапты: «Ішкі аурулар» пәнінің оқытушылары А.Б.Әріпбай, А.Қ. Қоқанбаева. Жарыс нәтижесі бойынша:
Бас жүлде «Авиценна» тобы «Емдеу ісі» 416 топ студенттері Нұржанқызы А, Сахмолдинова Д.
І орын  «Адреналин» тобы  «Емдеу ісі» 415 топ студенттері Абдыкаппарова Н, Тилепбай Н
ІІ орын «Болашақ» тобы «Емдеу ісі» 401 топ студенттері Жақсыбек А, Сарсенбаева Г.
ІІІ орын «Гиппократ» тобы «Емдеу ісі» 422 топ студенттері Рысбек Д, Ермаханбет А марапатталып, сыйлықтар табысталды.


«Үздік медбике – 2019» кәсіби сайысы

26.03.2019 ж. Жамбыл медициналық колледж Б корпусының мәжіліс залында «Мейіргер ісі» мамандығы IV курс студенттері арасында «Үздік медбике – 2019» кәсіби сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: студенттердің түрлі ағзалар мен жүйелердің бұзылыстары кезінде науқасқа дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету тапқырлығын анықтау. Жауапты: «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушылары А.Т.Парманова, А.Р.Байбулекова. Жарыс нәтижесі бойынша:
І дәрежелі диплом жеңімпазы «Мейіргер ісі» бөлімі  407 топ студенті Қасымова Сара
ІІ дәрежелі диплом «Мейіргер ісі» бөлімі  409 топ студенті Әбдіқадырова  Айнұр
ІІ дәрежелі диплом «Мейіргер ісі» бөлімі  404 топ студенті Жауабек Назерке
ІІІ дәрежелі диплом «Мейіргер ісі» бөлімі  404 топ студенті Елубай Нұрай  марапатталып, сыйлықтар табысталды.


Нұр-сұлтан. Болашақ. Даму.

26.03.2019 ж. «Жас Отан» жастар қанаты және Жамбыл медициналық колледжі студенттерінің қатысуымен іргелі астанамыздың есімі «Нұр-сұлтан» болып ауысуын қолдап, арнайы челлендж түсірілді. Жауапты: студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Абдрахманова.

 


«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»

21.03.2019 ж. «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесіне орай Жамбыл медициналық колледжі тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Л.Мейрманова, студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Абдрахманова, жастар ісі жөніндегі төрайымы Д.Уркимбаева және белсенді студенттердің ұйымдастыруымен қалалық «Наурыз – 2019»

 


«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»

18.03.2019 ж. «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесіне орай Жамбыл медициналық колледжі тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Л.Мейрманова, студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Абдрахманова, жастар ісі жөніндегі төрайымы Д.Уркимбаева және белсенді студенттердің ұйымдастыруымен «Наурыз – 2019» тақырыбында фестиваль өткізілді.

  


«Мейірім» күніне орай қайырымдылық көмек

18.03.2019 ж. колледж директоры Ж.Сарыбекованың қолдауымен 17 наурыз «Мейірім» күніне орай ата-ана қамқорлығынсыз қалған және мүгедек  студенттерге қаржылай көмек көрсетілді. Жауапты: студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Абдрахманова.

   


«16 наурыз – Алас» күніне орай қайырымдылық акциясы

16.03.2019 ж. «16 наурыз – Алас» күніне орай Жамбыл медициналық колледжі студенттері және студенттер кәсіподақ ұйымы қорынан Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне қаржылай көмек, яғни азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Жауапты: студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Абдрахманова, Ж.Бегалиев, М.Жакипова және колледж еріктілері.

     


«Тағзым» күніне орай ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі

15.03.2019 ж. «Тағзым» күніне орай Тыл еңбеккерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне Жамбыл медициналық колледжі студенттері қатысты. Жауапты: студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н. Абдрахманова және құқық бұзушылықты алдын алу меңгерушісі Р.Үсенов.

 


Өңірлік волонтерлік қызметтің іске асырылуына облыстық қайырымдылық жастар акциясы

Өңірлік волонтерлік қызметтің іске асырылуына қосқан үлесі мен облыстық қайырымдылық жастар акциясына қатысқаны үшін Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Б.Мурбековтың алғыс хатымен Жамбыл медициналық колледжінің  студенттері марапатталды: Сейтхан Серікхан 105-топ, Абилов Аружан 105-топ, Бегалиева Шолпан 105-топ, Перзентбай Дилнур 215-топ, Амангельдиева Айгерім 207-топ, Ермек Тілеген 105-топ, Қабылов Әділет 105-топ, Кержан Ілияс 207-топ, Тұрсынбай Дәурен 105-топ. Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева


Құттықтаймыз!

19.03.2019 ж. «Жас Отан» Жастар қанаты және Жамбыл медициналық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаеваның ұйымдастыруымен 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Наурыз тойы мерекем, салт-дәстүрім берекем!» атты ұлттық салт-дәстүрлерден сахналық көрініс көрсету байқауында Жамбыл медициналық колледжінің жасотандықтары «Абзал жандар» тобы III орын иеленіп, дипломмен марапатталды. Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева.

  


Құттықтаймыз!

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілген 22 наурыз мерекесіне орай «Бірлігі мықты жастар – болашаққа жол бастар» атты жастар арасындағы квест ойынында Жамбыл медициналық колледжінің «Жас алаш» тобы жүлделі III орын арнайы дипломмен марапатталды. Топ мүшелері: Серікұлы Нұрдаәлет 208-топ, Қабылов Әділет 105-топ, Тұрсынбай Дәурен 105-топ, Сейтхан Серікхан 105-топ, Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева


«Чекті талап ет – сыйлықты ұтып ал!» атты акция

14.03.2019 ж. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облысы филиалы және Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген «Чекті талап ет – сыйлықты ұтып ал!» атты акциясына белсене қатысып, облыс аумағындағы тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлікті адал бәсекелестікке ынталандыру, қызмет көрсету сапасын арттыру, көлеңкелі экономика көлемін азайту арқылы республикалық және жергілікті бюджетке салық түсімін ұлғайтуға қосқан үлесі үшін Жамбыл медициналық колледжінің «Жас Отан» Жастар қанаты бөлімше көшбасшысы 207-топ студенті Д.Омар және бөлімше мүшелері  алғыс хат және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева

 


Құттықтаймыз!

14.03.2019 ж. №9 Меркі колледжі «Жастар жылын» қолдау мақсатында «Жастық шақ – өмірімнің гүл көктемі!» атты колледжаралық студенттері арасында жас ақындар айтысына «Мейіргер ісі» 307 топ студенті Қуат Аружан  қатысып, Бас жүлдемен марапатталды.

 


«Ұлы даланың ұлы өнері» қол өнер көрмесі

19.03.2019 ж. сағат 10 30-да  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында 1курс студенттері арасында «Ұлы даланың ұлы өнері» тақырыбында  қол өнер көрмесі өткізілді. Көрме «әлемнің жеті кереметі» секілді, қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ежелгі көшпенді халықтың бүгінгі ұрпағының жеті кереметін: Алтын адам, Аң стилі, Атқа міну мәдениеті, Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны, Түркі әлемінің генезисі, Ұлы дала көрінісін өздерінің жасаған шығармашылық қол өнерлерімен көрсетіп таныстырды.
Әділ қазы мүшелері: тәрбие жұмысының меңгерушісі  Л. Мейрманова, «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі Ж.Қалымбетова, тарих пәнінің оқытушылары Г. Иманалиева мен М. Жакипова.
І орын-104 топ, ІІ орын- 105, 101 топтар, ІІІ орын-104 топ студенті А.Бақай , 107 топ студенті А. Забихулло, 111 топ студенті А. Арпабек, белсенді қатысқаны үшін 103, 107 , 110 топтар марапатталды.

 

  


Құттықтаймыз!

14.03.2019ж. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «2019 жыл – Жастар жылына» және 22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне орай №4 Жалпы білім беру және ізгілендіру ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен колледждің  І – ІІ курс студенттері арасында «Асық, шекемтас және қол күрестен» жарыс өтті. Мақсаты: колледж студенттері арасында ұлттық ойын түрлерін дамыта отырып, дене шынықтыруымен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту. Жарыс нәтижесі бойынша

Бес тас (шекемтас) ойынынан  І орын  Сейтжанова А. 106 топ, ІІ орын Сартмырзаева Т. 306 топ, ІІІ орын Ортай А. 206 топ. Қол күрес ( қыздар арасында) І орын Қамбарбекова А. 101 топ, ІІ орын Шынқожа А. 203 топ, ІІІ топ Смиркова В. 220 топ.  Қол күрес (ұлдар арасында) Ахмедов Ш. 214 топ, ІІ орын Пак Д. 318 топ, ІІІ орын  Аюпов Б. 318 топ. Асық ату І орын Серік Ә, ІІ орын Ерасы С, ІІІ орын Амантаев Б. 221 топ. Жүлделі орын алған жеңімпаздарға мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  


Қоғамдық қабылдау

13.03.2019 жылы Жамбыл медициналық колледжінде колледж директоры Ж. Сарыбекова, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р. Усенов, Тараз қаласы ПБ ЖПҚ ЮПБ аға инспекторы, полиция капитаны А. Жақсығұлов, колледж заңгері Т. Нышанбеков, колледж психологтары А. Оскенбаева, Н. Мұхамодиева, А. Жаманкулова және әлеуметтік педагог А. Буксукбаевалардың қатысуымен жастарға сапалы тегін құқықтық, әлеуметтік, психологиялық кеңес беру мақсатында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

 

 

 


Сенбілік

Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 ақпандағы №742 қаулысымен 2019 жылдың 1- наурызы мен 1-мамыры аралығында Тараз қаласы аумағында абаттандыру және санитарлық тазалық жөніндегі көктемгі екі айлығы аясында 15-16 наурыз күндері Жамбыл медициналық колледжі сенбілік өткізді. Сенбілік барысында бекітілген аумақтарды Ниетқалиев көшесі 20, Пушкин көшесі 22, Қ.Рысқұлбеков атындағы саябағы, Жамбыл даңғылы, Сүлеймен көшесінен Ниеткалиев көшесіне дейін (оң жақ беті), ТМЗ аумағы, Төле би даңғылының аяғы, айналма жол аумағы сыпырылды, қоқыстардан тазартылды, тал түптері әктелді, тал егілді.

   

      


Наурыз мерекесі- бейбітшілік пен игіліктің бастауы

Мақсаты: тәлім- тәрбиеге, үлгі-өнегеге, әдептілікке, бауырмалдыққа баулу.

  1. 03. 2019 ж. Жамбыл медициналық колледжінің «Coworking» оқу орталығында Наурыз мерекесіне орай «Наурыз мерекесі- бейбітшілік пен игіліктің бастауы» тақырыбында іс-шара өткізілді. Библиограф Ералиева М. наурыз туралы мағлұмат айтып өтті. Қалдыбаева Наргиза наурыз туралы өлең оқып, студенттер өз ойларын қосты. Көрісу туралы кітапханашы Маликаждарова К. баяндап берді. Смағұлов Бағдат көрісу туралы өз ойын жеткізді. Наурыз мейрамына және  көрісу күніне шағын бейне-фильмдер көрсетілді. Көрме таныстырылды.

Қатысушылар: 101 топ студенттері

Наурыз мейрамы күн мен түн тепе-теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атқарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын «тепе-теңдік», «игілік», «жаңару» мейрамы деп атайды.

Көрісу- ынтымақ пен берекенің, татулық  пен тағылымның көрінісі іспетті. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады.

  

  


Ашық сабақ

11.03.2019 жылы  «№3 арнайы пәндер ЦӘК мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы  Г.С. Токкулиева  «Емдеу ісі» бөлімінінің 212 топ студенттерімен  «Қарапайым физиотерапия»  тақырыбында  ЦӘК  ішілік ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Студенттерге  қарапайым физиотерапия  емшараларын  іс-тәжірибе барысында өткізу  әдістемесін, техникаларын дұрыс жасай білуді дамыту, туындайтын асқынулар және қауіпсіздік ережелерін сақтауды таныстырып, түсіндіру. Медициналық сүліктерді қолдануды  үйрету, пайдаланған сүліктерді жоюды көрсету. Озокеритті, парафинді  қолдану көрсетімдері мен қарсы көрсетімдерін түсіндіру. Озокеритті, парафинді қолдану әдістерін, туындайтын  асқынулар және қауіпсіздік ережелерін сақтауды таныстырып, түсіндіру.

 

 

 

 

 


Хабарландыру!

2019 жылдың 13 наурыз күні Ниеткалиев көшесі №20-да орналасқан Жамбыл медициналық колледжінің 3 қабат «Рухани жаңғыру» кабинетінде жастарға психологиялық, құқықтық, саналы тегін кеңестер беру мақсатында – колледж психологтары А.Н.Өскенбаева, Н.Е.Мұхамадиева, А.А. Жаманкулова, Р. Б. Үсенов, Тараз қаласы ПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы, полиция капитаны А.Н.Жақсығұлов, колледж заңгері Т.Н.Нышанбекович кеңес алуға шақырамыз.


«Кітап рухани жаңғыру құралы» дәріс оқу

05.03. 2019 ж. Жамбыл медициналық колледжінің «Coworking» оқу орталығында  «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласының, « Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Кітап рухани жаңғыру құралы» тақырыбында 1 курс студенттеріне ақын-жазушылардың А. Құнанбаев, М. Әуезов, Ж. Жабаев, Құрманғазы Сағырбайұлының шығармалары мен өмірбаяндары таныстырылды. Студенттерге сұрақтар қойылып,бейнефильм көрсетілді. Кітапхана меңгерушісі Н. Бегалиева мен библиограф Ералиева М, кітапханашы К. Маликаждарова атсалысты.

  


Көрме

05.03.2019 ж. 8- наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай  колледждегі барлық  үйірме мүшелерінің ұйымдастыруымен «Анашым – сізге рахмет!»атты қолөнер және сурет байқауы өтті.

 


Үйірме отырысы

04.03.2019 ж.   «Қазақ тілі» пәні бойынша «Балауса», «Орыс тілі» пәні бойынша «Занимательная грамматика», «Ағылшын  тілі» пәні бойынша «English in action» үйірме жетекшілері Д.Е.Жусупова, Э.Б.Бердалиева, Ж.Ш.Шарипова ұйымдастырумен «Алкогольге әуестену-мақтаныш емес!» атты тақырыпта бірлескен ашық отырысы өтті.
Үйірме  отырысының  мақсаты:  Үш тілдік саясатты дамытуда, таза сөйлеуге, тілді терең меңгеруге баулу; ой, ес, сезім, тіл жылдамдықтарын дамытып, бірліктерін нығайту, студенттерге  «Алкоголизм» сөзінің мәнін, мағынасын түсіндіре отырып, ғасыр дертінен  бойларын алшақтату.


БМСК патронаждық қызметінің әмбебап-прогрессивті моделі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы алғашқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) патронаждық қызметінің әмбебап прогрессивті моделін балалардың денсаулығы, дамуы мен әл-ауқаты көрсеткіштерін жақсартудың тиімді жүйесі ретінде енгізуді көздейді.
Әмбебап-прогрессивті үлгінің мақсаты-ерте жастағы балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын ата-аналар мен жақын ортаның әл-ауқатымен тығыз байланыста қорғау және нығайту.
Қысқа және ұзақ мерзімді перспективада патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделін табысты енгізу кезінде балалар, ата-аналар, отбасы, қоғам тарапынан оң нәтижелер күтуге болады.
Жұмыс бүкіл отбасы деңгейінде жүргізіледі, сондықтан патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделі жалпы тәжірибелі дәрігер жұмыс істейтін учаскеде енгізілуі мүмкін.
Медициналық ұйымда бала айналасындағы команданың негізгі мүшелері болып табылатын психолог және социолог болуы тиіс. Патронаж қызметкерлері жақсы дайын болуы, қажетті қызмет көрсету үшін жеткілікті білімі мен дағдысы болуы тиіс.
КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» осы бағдарлама бойынша қаланың және өңірдің орта медицина қызметкерлерін оқытады.  Базалық және кеңейтілген курстар аяқталғаннан кейін патронаж бикелері сертификат алады.
Курсқа теориялық, практикалық сабақтар, тестілеу, ситуациялық есептерді шешу, өзіндік жұмыс, отбасына кеңес беру, патронаж, эко-карта құру кіреді.

  


Кездесу

28.02.2019 ж. «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойына және  «1 Наурыз – Алғыс айту күніне» орай Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында орналасқан коворкинг орталығында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Жамбыл медициналық колледжі бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Нұр Отан партиясының жүріп өткен жолдары» тақырыбында партия ардагерлері Т.Қ.Саурбаевтың жастармен еркін форматта кездесу өткізілді. Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева.

 


«1 Наурыз – Алғыс айту күніне» орай қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.

23.02.2019 ж. студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н. Абдрахманова, жастар ісі жөніндегі төрайымы Д. Уркимбаева және «Жас Отан» жастар қанаты Жамбыл медициналық колледжінің бөлімшесінің ұйымдастыруымен «1 Наурыз – Алғыс айту күніне» орай қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.

 


Гүл қою рәсімі

15.02.2019 ж. кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 30 жыл толуына орай «Жеңіс» саябағындағы Ауғанстан соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішіне Жамбыл медициналық колледжі студенттері және студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н. Абдрахманова гүл қою рәсіміне қатысты.

 


«Үздік топ басшы – 2019» байқауы

26.02.2019 ж. Елбасы Н.Назарбаевтың 2019 жыл – Жастар жылын қолдау және студенттерді патриоттық сезімге тәрбиелеу,  топ басшы мен студенттердің арасындағы қарым қатынасты күшейту, дарынды жастарға қолдау көрсету.мақсатында 2018-2019 ж. қабылданған студенттер арасында колледжішілік «Үздік топ басшы – 2019»  байқауы өткізілді. Аталған іс-шара мынандай кезеңдер бойынша өтті:

1 кезең – «Сәлемдесу»

2 кезең – «Көшбасшылық қасиетті анықтау»

3 кезең –   «Өнерлі өрге жүзер»

4 кезең –  «Шебер қолдар»- топпен бірге ұйымдастырылған бұйымдар.

Байқау соңында дипломмен және сыйлықтармен  марапатталды.

«Бас жүлде» – «Мейіргер ісі» бөлімі 106 топ студенті Сейтжанова Аружан

I орын – «Мейіргер ісі» бөлімі 111 топ студенті Шаншархан А.

II орын – «Мейіргер ісі» бөлімі 102 топ студенті Сайлаубекова А. және 107 топ студенті Отарғали А.

III орын – «Мейіргер ісі» бөлімі 101 топ студенті Алтынбай Ж және 110 топ студенті Ахубаева А.

Ұйымдастырушылар: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева, студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Абдрахманова және «Жас Отан» Жастар қанаты Жамбыл медициналық бойынша бөлімшесі.

 

 


Акция

№10 «Алау» бастауыш партия ұйымына қарасты №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасында 1-наурыз Алғыс айту күніне орай, Мейірімділік акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Ережепбаева Алма Сайлаубековна ұжымды алғыс айту күнімен құттықтап, бөбекжай-бақшасында қызмет атқаратын көп балалы аналарға ұжымның атынан сыйлық тапсырды. Сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен қызметкерлерге азық-түліктер таратты.

 

 

 


1 наурыз – Алғыс айту күні

01.03.2019ж. «1 наурыз – Алғыс айту күніне» арналған Жамбыл медициналық колледжі көп балалы қызметкерлердің балаларына арналған керемет іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада коворкинг орталығы, смарт кабинеттер, тренажер орталығына және адалдық дүкенге экскурсия жасалып, естелікке мерекеге арналған сыйлықтар берілді.

 

 

 


1 наурыз – Алғыс айту күні

01.03.2019 ж. «1 наурыз – Алғыс айту күніне» орай Жамбыл облысы мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында өткізілген концерттік бағдарламаға колледждің белсенді жастары қатысып, қариялардың ақ батасын алды. Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева.

 

 


1 Наурыз – Алғыс күніне орай «Алғысым шексіз адамға, айналама!» тақырыбында мерекелік іс-шара

Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағытында «1 Наурыз – Алғыс айту күніне» орай колледж ардагерлеріне Жас Алаш дебат клубының студенттері және Руханият үйірмесінің мүшелері 1 Наурыз – Алғыс күніне орай «Алғысым шексіз адамға, айналама!» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға, колледжде қазіргі таңда өз іс-тәжірибесін жастарға үйретуден жалықпаған ардагер ұстаздар жылы лебіздерін білдіріп, колледж ұжымына және студенттерге алғыс айтты. Ардагерлерге естелік сыйлықтар тапсырылды.
Ардагерлерге оқу орындағы жаңадан ашылған «Адалдық дүкені», «Денсаулық» сауықтыру залы, оқу орталығымен таныстырылып, көрсетілді.

 

 

 

 

 


1 Наурыз – Алғыс күні

«Психологиялық қызметтің» ұйымдастыруымен , 2019 жылдың 1 Наурыз «Алғыс айту» күніне орай Жамбыл медициналық колледжінің 1- ші қабатында колледжде оқитын әр ұлт өкілдерінің студенттерінен құралған «Мың алғыс айтамыз баршаларыңызға» ұранымен колледж әкімшілігін, оқытушыларын, қызметкерлерін, студенттеріне тілек лебіздерін білдіріп, ашықхаттарын таратты.

 

 

 

  

«Жүз жасаған жүректен»атты поэзия кеші

28.02.2019 ж. Жамбыл медициналық колледжі «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі» бөлімі 1 курс студенттері қатысуымен, қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Мәдімарова Ә.Т. мен физика пәнінің оқытушысы Турсынбаева Р.К. ұйымдастыруымен Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 173 жылдығына арналған «Жүз жасаған жүректен» атты поэзия кеші өтті. Кештің мақсаты: «Жырдың қызыл жолбарысы»-Жамбыл өмірімен, шығармашылығымен, Жамбылдың мәдени мұраларын бағалай білуге, студенттердің идеялық-рухани дүниетанымын кеңейтуге, патриоттық сезімдерін оятуға, ұлы адамдардың үлгісінде тәрбиелеуге негізделді.  Кеште студенттер ұлы ақынның әр жылдары жазған өлеңдерін мәнерлеп оқып, үздік айтыстарынан көрініс көрсетті.

   

   

Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу.

26.02. 2019 ж.  Жамбыл медициналық колледжінің  104 топ студенттері тарихи өлкетану сабағында, Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 30 жыл толуына байланысты  өлкеміздің Ауған соғысына қатысқан ардагерлері Талжигитов Мейрхан Аскербекович, Абдувахапов Шухрат Махамаджанович, Рахимбердиев Ратхан Ауезовичпен кездесіп сұхбаттасып, көрме залымен танысып естелікке суретке түсті. Жауапты: тарих пәнінің оқытушысы Ш.Т. Маманова.

 

 

Құттықтаймыз!

21 – 22.02.2019 ж. ШЖҚ Талдықорған жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен  мамандығы «Мейіргер ісі», біліктілігі «Қолданбалы бакалавр» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысындағы өзекті мәселелері, ізденістері мен шешілу жолдары» тақырыбында Республикалық дөңгелек үстелге белсене қатысқаны үшін колледж директоры Ж.Н. Сарыбекова  Сертификатқа ие болып, Алғыс хатпен марапатталды. Республикалық дөңгелек үстелде  «Оқулықпен қамтамасыздандыру барысы» тақырыбында колледж директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т. Қуанышбекова баяндама жасап, Сертификатқа ие болды.
 

Аттестация

19.02.2019 ж. Жамбыл медициналық колледжінде педагог қызметкерлерді аттестаттаудың қағидалары мен шарттарына сәйкес 21 оқытушы аттестациядан өтті. Аттестациялық комиссия төрайымы колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Б.К.Жарқынбеков, Жамбыл облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинет басшысының орынбасары Б.Х.Тәжібаев, №1Қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Р.Б.Нұржанов, Ұлттық медициналық Палатасы ЖО филиалы директоры Т.К.Саурбаев, «ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрайымы, директор оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Л.Т.Куанышбекова, оқу-тәжірибе  жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Т.Андакулова, оқу-әдістемелік жұмысы меңгерушісі Ж.Б.Иманбекова қатысты.

Комиссия шешімі  бойынша жоғары біліктілік санатына Ф.Д.Турмысова, А.Е. Исмаилова, Г.Ж.Иманалиева. І санатқа А.М.Даулетов, А.Е.Еркебаева, З.С.Ескебекова, Д.Е.Жусупова, К.А.Мальцева. ІІ санатқа  Р.Н.Нурбаева, Ж.Ш.Шарипова ұсынылды.

 

 

 

 

 

Ауған соғысы ардагерлерңмен кездесу

21.02.2019 ж. №4 Жалпы білім беру және ізгілендіру пәндері циклдік әдістемелік комиссиясының «Алғашқы әскери дайындық»  пәнінің  оқытушылары Ж.Б.Бегалиев, Р.Б.Усенов Ауған соғысының аяқталуына 30 жыл толуына орай, «Ауған отты жалыны» атты тақырыпта «Мейіргер ісі» бөлімінің 102, 105, 108, 109 топ студенттерімен Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесу кештің қонақтары: Мүгедектер мен Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Д.С.Ермекбаев, Әскери-патриоттық тәрбие жұмысының инспекторы Н.Г.Аляева, ҚР ҚМ ардагері жауынгер-интернационалист Д.И.Баймахамбетов,Тараз қаласы ПБ бастығының қызметістері жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Е.И.Кунчашев қатысып, ауған соғысында көрсеткен ерліктерін еске алып, өз ойларымен бөлісті.

  

  

 

Кездесу

21.02.2019 ж. «Жаңа көшбасшы! Жаңа бастама!» атты еркін форматтағы өткізілген кездесуде «Қазақстан Студенттерінің Альянсы» РСҚ-ның Жамбыл медициналық колледжі бөлімшесінің көшбасшысы 404-топ студенті Н.Елубай есеп беріп, бөлімше көшбасшысы ретінде 212-топ студенті Саутбекова Жазира көп дауыс жинап, сайланды. Аталған іс-шараға Жамбыл облысы «Қазақстан Студенттерінің Альянсы» РСҚ-ның көшбасшысы Қ.Муратбаев қатысып, жаңа көшбасшыға сәттілік тіледі. Сонымен қатар белсенді аскерлерді алғыс хаттармен марапаттады. Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева.

 

Кездесу

КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» 2018-2019 оқу жылына арналған жастардың кәсіптік білім алуына кәсіби бағдар беру және түлектерді жұмысқа орналастыру комиссиясының жылдық жоспарына сәйкес 7.02.2019 күні М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік универсттеті қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасарын Садыбаев Ә.Қ, Усейнов М.И және «Психология және педогогика кафедрасының меңгерушісін Жамирова Ұ.Ш шақырып 4 курс студенттеріне жоғарғы оқу орындарына түсу жолдарымен таныстырып кетуін сұрадық. Олар 2019 жылы жоғары оқу орындарына студенттер қабылдаудың ерекшеліктерімен, жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарымен, медицина мамандығына сәкес және бейіндік пәндер тізбесімен, жоғары оқу орнына қабылдауға қойылған шекті балдарымен таныстырып кетті. Колледж студенттері мамандарға өз сұрақтарын қойып, керекті жауаптарын алып отырда.

Қатысқан топтар: 422,424

Жауапты: Артықова Л.А.

   

КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» кәсіптік бағдар беру маманы Артықова Л.А. және «№3 арнайы пәндер» циклдік-әдістемелік комиссиясының мүшелерімен бірлесе Жамбыл облысы Жамбыл ауданы мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Жоспарлы түрде ақпанның 20 күні Тараз қаласын аралап, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Іс-шараға кәсіптік бағдар беру маманы Артықова Л. мен «№3 арнайы пәндер» циклдік-әдістемелік комиссиясының мүшелері қатысты. Олар №49 мектеп лицей, №48 орта мектеп, №51 орта мектеп, №45 мектеп лицей, №5 мектеп лицей акт залдарында 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

  

Оқушыларға колледж тарихы, жетістіктері, мамандықтары,2019 жылдан бастап «Жоғарғы Жамбыл медициналық колледжі» статусын алғаны жөнінде, жаңадан «Мейіргер ісі» бойынша «Қолданбалы бакалавр» мамандығы ашылғаны жөнініде ақпарат  берілді. Колледж жайлы қысқаша бейнеролик көрсетілді. Аймақтық симуляциялық орталықтың тренер-оқытушысы Кудебаева Эльмира Жандарбекқызы  мамандыққа қызығушылығын арттыру мақсатында «Қан тоқтату», оқытушы Оңғарбаева Айнұр Сағындыққызы «Естен тану» және оқытушы Токкулиева Гүлнар Сарсенбекқызы «Жабық жарақат»  тақырыбында алғашқы көмек көрсету дағдыларын көрсетті.

  

Іс шараның мақсат міндеттері: оқушыларға болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауға көмектесу, медицина мамандығы және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың алдағы уакытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.

  

Оқушылар медицина мамандарының жұмысы қаншалықты қызықты әрі жауапты екенін сезініп, қызығушылықтарын танытты. Соңында оқушыларға колледждегі мамандықтар туралы кағаздар  таратылды.

  

Жалпы қала бойынша кәсіби бағдар беру жұмысына 5 орта мектептен 9-11 сыныптан 610 оқушы қатысты.

«Ауған соғысына -30 жыл» көрмеге саяхат

21.02. 2019 ж.  Жамбыл медициналық колледжінің  109, 220, 222-топ студенттері  Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 30 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған көрмемен  танысып, өздерін толғандырған сұрақтарына тұшымды жауап алды. Жауапты оқытушылар: Маманова Ш., Жакипова М., Шалғынбаева Г.

  

  

Кездесу

2019 жылдың 20-шы ақпан күні, әлеуметтік педагог:А.А. Букскубаева мен колледж психологтары: А.Н.Оскенбаева мен Н.Е. Мұхамодиева, наркобекет төрайымы: Г.Е. Қалтаева ұйымдастыруымен «Мен өмірді жақсы көремін, мен есірткіге қарсымын» тақырыбында мамандармен кездесу өткізілді.
Арнайы шақыртылған мамандар: Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі, дәрігер нарколог: Ниязалиева Айнұр Асқарқызы, Жастар ресурстық орталығының маманы: Темірханов Нұрым Серікұлы.
Есірткінің пайдасы мен зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді және дәріс соңында бейнероликтер көрсетілді. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, арнайы мамандар жауап берді.
Дәріс соңында колледж психологы: А.Н.Оскенбаева «Мен таңдаған ғажап өмір» тақырыбында студенттермен тренинг өткізді. Тренингтың мақсаты: өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту. Өмір сырын түсіну, өмір сүру жолдары туралы өзіндік орнын, өмірлік бағдарын дамыту.

        

Құттықтаймыз!

Қостанай жоғары медициналық колледжінің  90 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған  «Үздік акушер – 2019» Халықаралық байқауына «Емдеу ісі» бөлімінің 424  топ студенті Қуандықова Мөлдір Алғыс хатпен марапатталып, сертификатқа ие болды. Жетекшісі: «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі А.М.Мадибраимова.

 

Құттықтаймыз!

Қостанай жоғары медициналық колледжінің  90 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған  «Үздік акушер – 2019» Халықаралық байқауында «Внедрение современных перинатальных технологий» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысып, «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі А.М.Мадибраимова Сертификатқа ие болды.

Құттықтаймыз!

Қостанай жоғары медициналық колледжінің  90 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған  «Үздік акушер – 2019» Халықаралық байқауында «Емдеу ісі» бөлімінің  424  топ студенті Қуандықова М қатысқанына ат салысқан үшін колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова Алғыс хатпен марапатталды.

«Балалар бейбітшілікті қолдайды» атты сурет байқауы және «Мен болашақ Отан қорғаушымын» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.

14.02.2019ж. күні Жамбыл медициналық колледжінде I, II курс студенттері арасында 15-ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты «Балалар бейбітшілікті қолдайды» атты сурет байқауы және «Мен болашақ Отан қорғаушымын» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Байқау нәтижесінде сурет байқауы бойынша I орын – 101,103 топ, II орын – 112,221 топ, III орын – 111, 217 топ, эссе байқауы бойынша I орын -102 топ студенті Әділхан Аяжан, II орын – 216 топ студенті Ниятбек Аида, III орын -104 топ Тәліпбек Айдана марапатқа ие болды. Қалған топтар белсене қатысқаны үшін марапатқа ие болды.
Қатысқандар:
Тәрбие ісінің меңгерушісі Мейрманова Л.К.
Кураторлар кеңесінің төрайымы Джампеисова Н.Е.
Кураторлар кеңесінің мүшесі Атамбаева А.С.
I, II  курс студенттері
 

«Жастар және Болашақ» тақырыбында колледждің 1,2,3,4 курстар ұлдарына арналған бопсалау, ұрлық, қылмыс туралы бейне роликтер көрсетілді

2019 жылдың 15-ші ақпан күні, колледждің әлеуметтік педагогы: А.А. Буксукбаева, колледж психологтары: Н.Е.Мұхамодиева, А.Н.Оскенбаева, ҚБАК төрағасы:Р.Б.Усенов «Жастар және Болашақ» тақырыбында колледждің 1,2,3,4 курстар ұлдарына арналған бопсалау, ұрлық, қылмыс туралы бейне роликтер көрсетілді. Соңында әр бейнероликке түсіндірме жұмыстары жасалды.
Қатысқандар:
1.Тәрбие жұмысының меңгерушісі: Л.К.Мейрманова

2. «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі: Ж.Б.Қалымбетова

3. Колледж инспекторы Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ ЮПБ УПИ полиция капитаны А.Н.Жаксыгулов

4. 1,2,3,4 курс студенттері

Қамтылған студенттер саны: 205.

 

 

 

Құқық бұзушылықтың алдын алу

13.02.2019 жылы  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының 12.02.2019 жылғы № 732 хатының негізінде Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімілік полиция комитетінің 2019 жылғы 1-тоқсанға арналған жоспарының 17-тармағына сәйкес ақпан айының 11-і мен 15-і күндер аралығында, ПД ЖПҚБ-ң ЮП тобымен облыс аумағында барлық қызмет пен мүдделі ведомстволарды қатыстырып «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» атты кең көлемді акция аясында облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, Тараз қаласы ПБ ЖПҚ-ның УПИ полиция капитаны Жақсығұлов Арслан Нурланұлы, полиция капитаны Абзал Арысбаевтар колледж студенттерімен кездесіп, «Кәмелетке толмағандар арасындағы әлімжеттік және бопсалау» тақырыптарында дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

 

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Құқық бұзушылықтың алдын алу

06.02.2019 жылы  Тараз қаласы ПБ ЖПҚ-ның УПИ полиция капитаны Жақсығұлов Арслан Нурланұлы, полиция капитаны Сейітбеков Бауыржан Жолдасұлы және полиция аға лейтенанты Убайдуллаев Султан Есенбекұлы колледж студенттерімен кездесіп, «ұялы телефон, әлеуметтік желілердің зияны» тақырыбында дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Құқық бұзушылықтың алдын алу

05.02.2019 жылы  Тараз қаласы ПБ ЖПҚ-ның УПИ полиция капитаны Жақсығұлов Арслан Нурланұлы, полиция капитаны Сейітбеков Бауыржан Жолдасұлы және полиция аға лейтенанты Убайдуллаев Султан Есенбекұлы колледж студенттерімен кездесіп, Түркістан, Қызылорда облыстарында орын алып жатқан «Қалта ұрлығы» тақырыбында дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Құқық бұзушылықтың алдын алу

04.02.2019 жылы  Тараз қаласы ПБ ЖПҚ-ның УПИ полиция капитаны Жақсығұлов Арслан Нурланұлы, полиция капитаны Сейітбеков Бауыржан Жолдасұлы және полиция аға лейтенанты Убайдуллаев Султан Есенбекұлы колледж студенттерімен кездесіп, Түркістан, Қызылорда облыстарында орын алып жатқан «Әлімжеттік» тақырыбында дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Медбике  ісі» кешкі бөлім студенттерге диплом беру

09.02.2019 ж. Жамбыл медициналық колледжі «Медбике ісі» кешкі бөлім студенттеріне қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың комиссия шешімінің келісімі бойынша, кешенді мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырып, кешкі бөлімнің «Медбике ісі» мамандығы  «жалпы практикадағы медбике» 67 студент бітіріп, оның ішінде 7 студентке үздік деген біліктілігі беріліп, диплом тапсырылды.

 

Колледждің «Адалдық алаңы», «Денсаулық» жаттығу залы, «Coworking» оқу орталықтарының ресми ашылуы

12.02.2019 ж. 83 жылдық тарихы бар Жамбыл медициналық колледжде «Жастар жылын» насихаттау және қолдау мақсатында «Адалдық алаңы» дүкені,«Денсаулық» жаттығу залы, «Coworking»  оқу  орталықтарының ресми ашылуы өтті. Ресми ашылуға шақырылған қонақтар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы  бойынша департаменті, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық  және қалалық филиалдары, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, БАҚ өкілдері және колледж әкімшілігі мен оқытушылары қатысты. Қонақтарды колледждің мұражайы, мемлекеттік қызмет көрсету электрондық орталығымен, SMART анатомия кабинеттерімен, мониторинг және білім сапасы кабинеттерімен танысты. «Денсаулық» жаттығу залы, «Адалдық алаңы» дүкенінің ашылу лентасын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы  бойынша департаменті басшысы Р.К.Тюлебаев,«Coworking» оқу  орталығының ашылу лентасын колледждің ардагер ұстазы Д.К. Керімбаева қиды.  «Coworking» оқу  орталығына марқұм Д.М.Жунисованың «Кәсіби қазақ тілі» медициналық оқу орындарына арналған жаңа оқулығының презентациясымен анасы Д.К. Керімбаева таныстырып, кітабын колледжге сыйға тартты.

                    

Ашық іс – шара

8.02.2019 ж. №2 жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері  ЦӘК оқытушылары А.Т.Мәдімарова, З.И. Абдалимова  ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың  88 жылдығына арналған  « Тау алыстаған сайын биіктей түседі» атты поэзия кеші өтті. Кештің мақсаты:Мұқағали Мақатаевтың өмірімен жан-жақты таныстыру, шығармашылық жолынан мәліметтер беру, ақынның сөзіне жазылған әндерді көпшілік назарына ұсыну.

 

Халықаралық семинар

Халықаралық семинар

4 – 6 .02. 2019 ж.  Алматы қаласында өткен «Заманауи медициналық білім беру саласындағы сапа, үздіксіз кәсіби жетілдіру және бенчмаркинг» атты тақырыпта  халықаралық семинарға колледж директоры Ж.Н. Сарыбекова қатысып, сертификатқа ие болды.

 

«Бақытты отбасы» тақырыбында тренинг

7.02.2019 ж.  колледж психологы: А.Н. Оскенбаева  «Бақытты отбасы» тақырыбында барлық 1 курс студенттерін қамтып тренинг өткізілді.
Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Тәрбиенің кілті-отбасының өмір тіршілігіне байланысты. Әсіресе, ата-ананың адамгершілік бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі. «Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» ғой. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды. Отбасының берік негізі міне, рухани мүдденің бірлігінде болмақ. Оның біртұтас тату болуы береке бірлігі ең алдымен әке-шешенің бір-біріне, балаларына қалай қарайтындығына байланысты деп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Сөйлемді аяқта», «Менің таңдауым» жаттығулары студенттер орындаса, «Ең маңыздысын ұмытпа!» тақырыбында аңыз оқылып, студенттер өз ойларымен бөліссе, әрі қарай  «Отбасы құндылықтары» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, студенттер отбасы макетін жасап, қорғады. Тренинг соңында «Отбасын жылуын сөндірмейік!» жаттығуында шам жағылып тілектерін айтып, бір-бірлеріне тіледі. Тренинг өз мақсатына жетті.
  

 

 

Құттықтаймыз!

Республикалық жоғары медициналық колледжі  ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан Республикасындағы мейіргерлік білім  беру сапасын қамтамасыз ету және жаңғырту» атты оқыту семинарын колледж  директоры Ж.Н.Сарыбекова сәтт і аяқтап, куәлік – сертификатқа ие болды.


Ашық сабақ

1.02.2019ж. Оқытушы М.Ұ.Жасұзақ  «Мейіргер ісі» бөлімі 302 топ студенттерімен  «Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі» пәні бойынша «Ауа – тамшы» жолдарымен тарайтын инфекциялар. Тұмау және басқа да ЖРВИ. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру»  тақырыбында ЦӘК ішілік  ашық сабақ өткізді.

  


Нұр отан партиясының кезекті отырысы

28.01.2019ж. Жамбыл медициналық колледжінің базасында «Нұр Отан» партиясының аумақтық филиалы №10 «Алау» бастауыш партия ұйымында  «Нұр Отан» партиясының 20жылдығы». Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі». «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналысқа «Нұр Отан» партия мүшелері, №10 «Алау» бастауыш партия ұйымына кіретін мекемелердің қызметкерлері және колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова, колледж оқытушылары қатысты.

 

 


Нұр отан партиясының кезекті отырысы

31.01.2019ж. Жамбыл медициналық колледжінің базасында «Нұр Отан» партиясының аумақтық филиалы №10 «Алау» бастауыш партия ұйымының «Нұр Отан» партиясының «Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасы» жобасын талқылау мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналысқа «Нұр Отан» партия мүшелері, №10 «Алау» бастауыш партия ұйымына кіретін мекемелердің қызметкерлері және колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова, колледж оқытушылары қатысты.

  


Озық педагогикалық іс-тәжірибе

30.01.2019 ж.  Жамбыл медициналық колледжінде озық педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату мақсатында әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен №1 жалпы білім беру және жаратылыстану пәндері циклдік- әдістемелік комиссиясының төрайымы, жоғары санатты физика пәнінің оқытушысы  Роза Кеңшілікқызы Турсынбаева «Білім беру жүйесін ақпараттандыруда электронды оқыту кешенін пайдалану тиімділігі» тақырыбында озық педагогикалық іс-тәжірибесін таратты. Жаңа ақпараттық технологияны физика сабағында пайдалана отырып, студенттердің білім- білік дағдыларын қалыптастыруда пәнге деген қызығушылығын арттыруға, оны талдай білуге,  үйрету мақсатында сабақтарында қолданылған  дидактикалық  және оқу- әдістемелік кешендерін, электронды нұсқадағы жинақтаған материалдарын, өзінің және студенттерінің жетістіктерін, оқу – әдістемелік құралдарын, тәрбие жұмыстары бойынша материалдарын,  студенттердің шығармашық жұмыстарын , үлестірме материалдарын  қойып,  үлкен шығармашылық көрме жасалды. Іс-шараны колледж әдіскері Л.К.Батаева жүргізді.  Озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында өткен іс-шараның колледж оқытушылары мен жас мамандар үшін үйретері  мол, мағынасы мәнді іс-шара болғаны сөзсіз.

 

 


Қысқы спартакиада жарысы

31.01.2019 ж. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «2019 Жастар жылын» қолдау және Қазақстан халқына жолдаған жолдауында көрсеткендей бұқаралық спорт пен шынықтырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында, колледж оқытушыларымен қызметкерлері арасында «Қысқы спартакиада» жарысы өткізілді.
Қысқы спартакиада жарысының мақсаты:
Қазақстан Республикасы  президенті Қазақстан халқына жолдаған жолдауында көрсетілген міндеттерді қолдау және жүзеге асыру;
Елімізде өтіп жатқан ауқымды спорттық іс – шараларды қолдау;
Колледж оқытушылары және қызметкерлерінің спортқа деген қызығушылығын арттыру;
Колледждің жастарын қолдау, жас оқытушыларын спортқа баулу.

 

 


Құқық бұзушылықтың алдын алу

30.01.2019 жылы  колледж директорының ҚБАЖ  меңгерушісі Р. Усенов, ТЖ меңгерушісі Л. Мейрманова, колледж психологтары А. Өскенбаева, Н. Мұхамодиева әлеуметтік педагог А. Буксукбаева және Д. Амирбековтер  «Түркістан», «Қызылорда», «Қарағанды», «Ақтөбе» облыстарында орын алған құқық бұзушылық фактілері бойынша  2, 3, 4 курс студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 


Құқық бұзушылықтың алдын алу

29.01.2019 жылы  колледж директорының құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р. Усеновтың ұйымдастыруымен және Тараз қаласы ПБ ЖПҚ-ның УПИ полиция капитаны Сейтбеков Бауыржан Жолдасұлының қатысуымен «Түркістан», «Қызылорда», «Қарағанды», «Ақтөбе» облыстарында орын алған құқық бұзушылық фактілері бойынша  301, 304, 306 топ студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 


«Арыңды сақта, бойжеткен!»

17.01.2019 ж. Қатысқандар: Қазбекова  Светлана  Юрьевна-№2 Аналар үйінің координаторы, колледж психологтары: А.Н.Оскенбаева, Н.Е.Мұхамодиева.
Тақырыбы: «Арыңды сақта, бойжеткен!».
Мақсаты: әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.
С.Ю.Қазбекова: «Ана үйі» жобасында қазіргі таңда аналар үйінде өмір сүріп жатқан жасөспірімдердің өмірлерінің бір көріністерін сипаттап, түсіндіріп өтті. Аналар үйіне қандай адамдар келетінін төмендегідей түсіндіріп өтті.
Біз кімдерге көмек көрсетеміз: қиын жағдайға тап болған және баладан бас тартуға ниет білдірген,, 18 айға дейінгі баласымен немесе жүктіліктің 3 – ші триместіріндегі 30 жасқа дейінгі жас қыздарға көмек көрсетіледі.
Біз қандай көмек көрсетеміз:

  • Тұрғылықты орынмен қамтамасыз ету;
  • Психологиялық қолдау көрсету;
  • Медициналық көмек;
  • Құжаттарды қалпына келтіру, жәрдемақы рәсімдеу;
  • Білім беру;
  • Жұмысқа орналасуға көмек көрсету, іс-тәжірибеден өту;

Өйткені қыз ғұмыр бүршік жармай жатып солса, бойдағы бала бұл дүниені көрмей-ақ қандауырға ілігіп кетуі ғажап емес. Оған дәлел –елімізде жыл сайын 15-19 жас аралығындағы жеткіншектердің арасында 20 мыңнан аса жүктілік тіркеліп, оның жартысына жуығы аборт жасатумен аяқталады. Ерте жастан ана атану – тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отырған мәселе. Оңы мен солын айыра алмайтын қыздардың мойнына аналықтың жүгі ерте артылған сайын, оның болашағы бұлыңғыр болады. Өйткені ерте жүктілік ана мен баланың денсаулығына кері әсер етеді. Әлем бойынша  70 мыңға жуық жеткіншек босану кезінде бұл дүниемен қош айтысады екен. Тіпті аман-есен босанды деген күннің өзінде, бала денсаулығында ақау болу ықтималдығы жоғары. Екіншіден, бойға бала біткеннен бастап, оған сабақты тастауға тура келеді. Орта мектептің өзін бітіре алмаған жас қыздың ертеңгі күні жоғары білім алуы екіталай.Үшіншіден, қыз баланың құқықтары шектеледі. Өйткені кәмелетке толмай жүкті болған қызға көп жағдайда ата-анасы қысым көрсетіп, қоғам қырын қарайтыны белгілі деп сөзін аяқтады.

   


23.01.2019 ж. күні Жамбыл медициналық колледжінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Жастар жылының» ашылу салтанатының тікелей эфирін көруге  колледждің белсенді жастары қатысты.

23.01.2019 ж. күні Жамбыл медициналық колледжінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Жастар жылының» ашылу салтанатының тікелей эфирін көруге  колледждің белсенді жастары қатысты.

  


Құттықтаймыз!

«Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай Астана қаласындағы «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Үздік студент 2018» номинациясын иегері Жамбыл медициналық колледжінің 2 курс студенті Абуов Ғани алғыс хатпен және «Жас қыран» төсбелгісімен марапатталды.


«Өзіңді бұзуды доғар. ПБЗ-ның алдын алу» тақырыбында студенттерге дәріс

2019 жылдың  16 қаңтар  күні сағат 10:00-де Жамбыл облыстық нарколог-дәрігер  маманы Ниязалиева Айнур Аскаровна  «Өзіңді бұзуды доғар. ПБЗ-ның алдын алу»  тақырыбында  студенттерге дәріс оқып,баяндады.
Аталмыш іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасында зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі таңда көптеген адамдардың денсаулығы осы зиянды әдеттерден зардап шегуінде болып табылады. Зиянды әдеттер қоршаған ортаның әсеріне және оның әр түрлі өзгерістеріне дененің дұрыс реакциясын бұзады. Салауатты өмір салтына , адамның бақыты мен игілігіне нашар әдеттерге қарсы кең күрес майданын құру қажет. Бұлкүрес жалпыға ортақ, ұзақ, табанды әрі мақсатты болуы тиіс.
Кездесу барысында Ниязалиева Айнур Аскаровна  әр адамның денсаулығының жақсы болуы көп жағдайда өзіне байланысты болатындығын, кез-келген тұлға өмірінің егесі, ешкім де ол үшін өмір сүрмейтіндігін, сондықтан әркімнің өмірі өзінің таңдауы екені туралы айтып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

   


 ҚМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» директоры Ж.Н. Сарыбекова 2017 – 2018 оқу жылы, 2018 – 2019  І жарты жылдығының атқарылған іс – шаралар туралы есебі.

ҚМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» директоры Ж.Н. Сарыбекова 2017 – 2018 , 2018 – 2019 оқу жылының  І жарты жылдығының атқарылған іс – шаралар туралы есеп берді. Қорытынды есепке Жамбыл облысының әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының персоналды басқару бөлімінің басшысы А.Н. Құттыбаева қатысты. Колледж директорының есебінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алға қойған перспективті жоспар мен өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

Атап айтсақ:

  • Мейіргерлік білім беруді жаңғырту;
  • «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавр бағдарламасымен даярлау;
  • Шетелдік оқу орындарымен тәжірибе алмасу;
  • Халықаралық ынтамақтастықты нығайту;
  • Телестудия, ІТ сынып, тренажер залы, Coworking білім орталығын ащу;
  • Колледждің материалдық – техникалық базасын ұлғайту (жылыжайды іске қосу, «Фармация» мамандығы бойынша);
  • Колледжде цифрландыру жұмысын жалғастыру, Smart – college жүйесіне көшу;
  • Үштілдікті жүйелендіру;
  • Оқу клиникалық орталығын ашу;
  • Жаңа мамандықтарға лицензия алу.

Өзекті мәселелер:

  • Колледж жатақханасы;
  • Колледж спорт залы;
  • Колледж асханасы;
  • Педагогикалық құрамда жоғары медициналық білімді оқытушылар жетіспеушілігі.

  


Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі Республикалық «Жас дарын» ғылыми әдістемелік педагогикалық журналының ұйымдастыруымен «Ең үздік» ғылыми жоба байқауына қатысып, үздік жоба номинациясын жеңіп алған 302 топ студенті Сүйінбекұлы Кәрім Дипломмен және «Жас дарын» сыйлығының иегері төсбелгісімен марапатталды.

   


Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі Республикалық «Жас дарын» ғылыми әдістемелік педагогикалық журналының ұйымдастыруымен «Ең үздік» ғылыми жоба байқауына қатысып, үздік жоба номинациясын жеңіп алған 302 топ студенті Сүйінбекұлы Кәрімге ғылыми жұмысына жетекшілік жасағаны үшін А.Б. Айдралиева  Грамотамен марапатталды.


Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі Республикалық «Жас дарын» ғылыми әдістемелік педагогикалық журналының ұйымдастыруымен «Ең үздік» ғылыми жоба байқауына қатысып, үздік жоба номинациясын жеңіп алған 302 топ студенті Сүйінбекұлы Кәрімнің ғылыми жұмысына басшылық жасағаны үшін Ж.Н. Сарыбекова Грамотамен марапатталды.


Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі Республикалық «Жас дарын» ғылыми әдістемелік педагогикалық журналының ұйымдастыруымен «Ең үздік» ғылыми жоба байқауына қатысып, үздік жоба номинациясын жеңіп алған 305 топ студентті А.М. Мусабаеваға ғылыми жұмысына жетекшілік жасағаны үшін Д.Қ. Назар Грамотамен марапатталды.


Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі Республикалық «Жас дарын» ғылыми әдістемелік педагогикалық журналының ұйымдастыруымен «Ең үздік» ғылыми жоба байқауына қатысып, үздік жоба номинациясын жеңіп алған 305 топ студентті А.М. Мусабаева Дипломмен және «Жас дарын» сыйлығының иегері төсбелгісімен марапатталды.

  


Жаңа жылдық кеш

28.12.2018 ж. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» мекемесіндегі тәрбиеленушілерге Жаңа жылдық кеш өткізілді. Колледжіміздің белсенді студенттері аталған іс-шараға белсене қатысып, ойыншақтар және сыйлықтар тарту етті. Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева, студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Абдрахманова

 


26.12.2018ж. Жамбыл медициналық колледжінің белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен «Версаль» мейрамханасында студенттерге арналған Жаңа жыдық кеш өткізілді.  Колледждің тәрбие жұмысының меңгерушісі Л.Мейрманова, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысының Жамбыл облысы бойынша көшбасшысы Ә.Мұратбаев және «Жас Отан» Жастар қанатының Тараз қаласы бойынша төрағасы Б.Құтжан белсенді жастарды алғыс хатпен марапаттады. Іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева, студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Абдрахманова.

 


«Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын

14.12.2018 ж. Қалалық балалар ауруханасында Денсаулық сақтау басқармасы және Жамбыл медициналық колледжінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған салтанатты жиында колледждің белсенді студенттері концерттік бағдарламаға белсене қатысты. Жауапты: жастар ісі жөінідегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева және студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Абдрахманова

 


«Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты іс-шара

15.12.2018 ж. Жамбыл медициналық колледжі «Жас Отан» Жастар қанаты бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты іс-шара өткізілді. Іс-шарада колледждің студенттері желтоқсан оқиғасына арналған сахналық көрініс көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева, студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Абдрахманова


Қайырымдылық көмек

14.12.2018 ж. «Қазақстан студенттер Альянсы» ЖҚБ Жамбыл медициналық колледжі бөлімшесінің белсенділері «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында жәрмеңке ұйымастырып, жиналған қаржыға қайырымдылық көмек көрсетілді.


«Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте» атты мерекелік іс-шара

14.12.2018 ж. «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты мен Тараз қалалық №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған іс-шарада колледжіміздің белсенді жастары белсене қатысты. Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева, студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Абдрахманова

  


«Біз денсаулықты таңдаймыз!/ Наш выбор – здоровье!/ Health is our choice!» атты мәдени-сауықтыру акциясы

08.12.2018 ж. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Жамбыл медициналық колледжі  және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Біз денсаулықты таңдаймыз!/ Наш выбор – здоровье!/ Health is our choice!» ұранымен «Small» сауда орталығында мәдени-сауықтыру акциясы өтті. Шараның мақсаты –  салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығын сауатты басқару дағдыларын меңгеру және әрбір  азаматтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу туралы хабардар болуын арттыру. Акция соңында қала тұрғындарына колледждің студенттері концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева.

  


Акция

03.12.2018 ж. «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өткізілген акцияға Жамбыл медициналық колледжі бастауыш бөлімшесінің белсенділері  Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, қала тұрғындарына өрт жағдайындағы қимыл әрекеттері туралы ақпараттық түсіндіру жүмыстарын жүргізді.

 


Қайырымдылық акциясы

Нұр Отан   партиясының  «Кедергісіз келешек » партия жобасының  аясында №10 Алау бастауыш партия ұйымының төрайымы  Сарыбекова  Жамиля Нұрғалиқызы және Жамбыл медициналық колледжінің белсенді студенттері  2018 жылдың 27 желтоқсан  күні Жаңа жылдық мерекеге орай №4 Арнаулы  әлеуметтік қызметтер ұсыну  орталығына  барып,мүмкіншілігі шектеулі мүгедек   балаларға сыйлықтар табыстап, қайырымдылық акциясын  өткізді.

 

 


«Еріктілер» тобы желтоқсан айында қамқорлық көрсетті.

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы және Онкологиялық науқастарды қолдау «Амазонка» қамқор фондына Жамбыл медициналық колледжінің «Еріктілер» тобы желтоқсан айында қамқорлық көрсетті.

   


«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» атты акция

№ 3 арнайы пәндер циклдік әдістемелік комиссия мүшелерінің ұйымдастыруымен «Мейіргер ісі негіздері» пәндер оқытушылары 13 желтоқсанда «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» атты акция ұйымдастырылды. Акцияда студенттерге  «Сыбайлас-жемқорлық” туралы мәліметтер берілді. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа байланысты заңның тарауларымен таныстырылып брошюралар, буклеттер таратылды. Акцияда студенттер сыбайлас-жемқорлық мәселелері бойынша өз көзқарастарын білдіріп, ой пікірлерімен бөлісті.

   

05.12.2018 жылы «Ақнұр» баспасынын өкілі Қарашаш  Маржанқызымен сұхбат өткізілді.

 


«Медициналық ұйымдарда триаж енгізу»

04.12.2018 жылы клиникалық пәндер оқытушыларына «Медициналық ұйымдарда триаж енгізу» тақырыбында  мастер – класс. «№1 Қалалық ауруханасының» қабылдау бөлімінің аға медбикесі Э.Р.Тұтқышбаева.

 


Құттықтаймыз!

10.11.18.  Бүкіл Ресейлік «Профконкурс» сайтының ұйымдастыруымен өткен «Адам анатомиясы және физиологиясы» пәнінен өткен олимпиадаға колледжіміздиң 302 топ студенті Сүйінбекұлы Кәрім қатысып, жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Жетекшісі колледжіміздиң анатомия және физиология пәнінің оқытушысы Кузнецова Людмила Михайловна болды.

  


«Өз өлкеңді танып біл» көрме сайысы

21.12.2018ж.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында  «Өз өлкеңді танып біл» тақырыбында 1курс студенттер арасында көрме сайысы өткізілді. Студенттер өздерінің жасаған жұмыстарымен таныстырды. Тәрбие жұмысының меңгерушісі  Л. К. Мейрманова мен тарих пәнінің оқытушысы Г.Ж. Иманалиеваның әділ қазылық етуімен, «Мейіргер ісі» бөлімі  І орынды- 101 топ, ІІ орынды  105 топ, ІІ орынды 107 топ, ІІІ орынды 106 топ, ІІІ орынды 110 топ, ІІІ орынды 111 топ иеленсе, 109 топ белсенділік танытқаны үшін марапатталды.

  

 


Ашық сабақ

20.12.2018ж. Информатика пәнінің оқытушысы А.А. Буксукбаева «Емдеу ісі» бөлімінің 112 топ студентерімен «Общие сведения о Microsoft Excel 201» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

   


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 21.11.2018ж жаяланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы дөнгелек үстел.

20.12.2018ж Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 21.11.2018ж. жаяланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау мақсатында студенттер арасында «Рухани дамыту» орталығында дөнгелек үстел өтті. Дөнгелек үстел қатысушылары мақаланың «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерінің барлық бағыттарына тоқталып, өз ойларын ашық айта отырып, белсенді және қарқынды талқылады. Сөз соңында тәрбие жұмысының меңгерушісі   Л.К. Мейрманова ұлттық болмысымызды сақтап, әсіресе жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату керектігін тілге тиек етті.

 

  


Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 26.10.2018 жылғы №650 бұйрығымен «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»  Жамбыл медициналық колледжі директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т. Қуанышбекова төсбелгісімен марапатталды.

  


Құттықтаймыз!

25-26.10.2018 ж Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі  ұйымдастыруымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ – тің медициналық – санитарлық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференциясын өткізуге қосқан үлесі мен атқарған еңбегі үшін Жамбыл медициналық колледжі Алғыс хатпен, төсбелгімен марапатталды.

  


«Ұлт бақыты-Тәуелсіздік» тақырыбында салтанатты мерекелік жиын

14 желтоқсан  2018 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне –27 жыл толуына байланысты «Ұлт бақыты-Тәуелсіздік» тақырыбында салтанатты мерекелік жиын өтті.

             

 


«Тәуелсіз Қазақстанның болашағы- жастар» тақырыбында дөңгелек үстел

13 желтоқсан «Тәуелсіз Қазақстанның болашағы- жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жауапты Иманалиева Г.Ж.

  


«Тәуелсіз Қазақстан жастары Тәуелсіздіктің қадірін біле ме?» атты пікірсайыс

№ 1 әлеуметтік-экономикалық, жалпы  білім  беру  және  жалпы  ізгілендіру пәндері ЦӘК-сы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне –27 жыл толуына байланысты апталық өткізді.

12 желтоқсан 2018 жылы «Жас Алаш» дебат клубының «Тәуелсіз Қазақстан жастары Тәуелсіздіктің қадірін біле ме?» пікірсайысы өтті.

Жауапты Айдабосынова Ж.Н.

   


Құттықтаймыз!

«BILIM – ORKENIETY» ұлттық – инновациялық ғылыми зерттеу орталығы, Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына орай білім беру ұйымдарының арасында өткізген «ҮЗДІК ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ- 2018» атты Республикалық  байқауының   І-ші кезеңінде «Электр сыйымдылығы. Конденсатор. Конденсаторлардың түрлері.  Электр өрісінің энергиясы» тақырыбында сабақ жоспарын жіберіп, ІІ кезең шарты бойынша «МЕНІҢ СҮЙІКТІ МАМАНДЫҒЫМ»атты эссе жазып«ҮЗДІК ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ- 2018» атты Республикалық байқауының жеңімпазы Турсынбаева Роза Кеншиликовна І дәрежелі «Диплом»-мен, куәлікпен марапатталып, төсбелгісі тағылды.

  


Ашық сабақ

  

 


Құттықтаймыз!

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына  орай білім беру ұйымдарының арасында өткен  ,байқауға қатысып « Қазақстан тарихы»  пәнінен  «XX ғасырдың басындағы Қазақстан» тақырыбы бойынша семинар сабақтың әдістемелік жоспарының талдауын жіберіп   «Үздік тарихшы-2018»  атты  байқауына қатысып, II кезеңіне өткені үшін  Сыздықова Ғалия Алдиярбекқызына диплом берілді , Астана қаласының 20 жылдығына орай білім беру ұйымдары арасында өткен   «Үздік тарихшы-2018»  байқауына эссе жазып І дәрежелі Дипломмен және төс белгісімен марапатталды.

Астана қаласы білім беруді Жаңғырту орталығы 2018 жыл 11 шілде №01-00144  шешімі бойыша « Үздік тарихшы»  төсбелгісімен марапатталды

   


Кездесу

29.11.2018 жылы «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбындағы онкүндіктің аясында,   «Қоғамдағы, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу»  тақырыбында Тараз қаласы ПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтын қорғау тобының қызметкерлері, полиция майорлары Мусаева Анар Беқатқызы, Кутубаева Жанна Мадиқызы және Тараз қаласы ПБ ЮПТ аға инспекторы, полиция майоры Садырова Күланда Абдикаримовналар колледж  студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

  


Кездесу

29.11.2018 жылы «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбындағы онкүндіктің аясында,   колледж инспекторы, Тараз қаласы ПБ ЖПҚ-ның УПИ полиция капитаны Жақсығұлов Арслан Нурланұлы және «Болашақ»  ҚБ төрайымы Калиева Галина Зенуллаевнаның қатысуымен адам саудасына байланысты «Сенің білімің – сенің қауіпсіздігің» тақырыбында колледж  студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

   


Дөңгелек үстел

28.11.2018 жылы  Тараз қалалық прокуратурасының бөлім аға прокуроры, II сыныпты заңгер Альмаханов Еркін Жұмаханұлының қатысуымен «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбындағы онкүндіктің аясында «Қылмыс соңы-жаза» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында  құқықтық білім беру мектебінің жетекшісі Д. Амирбеков және бірқатар колледж студенттері баяндама жасап,  бейнероликтер көрсетіліп, Еркін Жұмаханұлы колледж студенттерін құқық бұзушылыққа бой алдырмауға шақырды.

  


«Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндік

27.11.2018 жылы «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндіктің аясында «Түнгі қаланың балалары» тақырыбында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының мамандары Н. Сейтжапарова мен Ә. Шайнусовалар колледж студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 


Құқық бұзушылықтың алдын алу

23.11.2018 жылы «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндіктің аясында және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  «Болашағымыз бірлікте!» жайдарман ойыны өткізілді.
Ойын барысында 102 топ «Балмұздақтар»., 104 топ «ПӨҚ»., 105 топ «Бес саусақ бірдей емес»., 106 топ «Орда»., 107 топ «Тәлпіш қыздар» және 109 топ «Регион 08» командалары әдемі әзілдерін көрермендерге ұсынды.

  


Ашық тәрбие сағаты

2018 жылдың 29 қараша күні, 205 топ «Мейіргер ісі» бөлімі студенттерінің қатысуымен  Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында және 1 желтоқсан –Бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «ЖИТС- ХХІ ғасыр дерті!»атты бөлімішілік ашық тәрбие сағаты өткізілді. Бөлім меңгерушісі: Тургумбекова С.С., куратор Турсынбаева Р.К.
Тәрбиелік мақсаты: Студенттердің ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып,  салауатты өмір суруге, жат қылықтардан аулақ болуға, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатында «ЖИТС (Жүре пайда болған иммунитет тапшылығының синдромы)» атты баяндама оқылды. Монолог «Жалғыз бала» сахналық көріністер  «ЖИТС ХХІ – ғасыр дерті!», «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Әлемнің ең қорқыныш 9 есірткі қауіпі» атты видеороликтермен жалғастырылды. Тәрбие сағатында  «Ғасыр дерті жойылсын» атты  әнін хормен аяқтады.

    


«ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу»

13.12.2018 жылы  «ЖРВИ мен тұмаудың және басқада инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бойынша, салауатты өмір салтын қалыптастыру комиссиясының төрайымы Г. Токкулиеваның ұйымдастыруымен, «Жамбыл медициналық колледжінің» жұқпалы аурулар пәнінің мұғалімі Б.Блейменова «ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу» тақырыбында 402,314,301,316 топтар студенттерімен кездесіп, дәріс оқылды, бейнероликтер көрсетілді, түсіндірме жұмыстарын жүргізді, парақшалар мен бүктемелер таратылды.

   


Құттықтаймыз!

«BILIM – ORKENIETY» ұлттық – инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына орай білім беру ұйымдарының педагогтарының арасында өткен «Үздік педагог – 2018» атты сайысқа қатысып, республикалық байқауының жеңімпаздары Г.Ж.Иманалиева, Ш.Т.Маманова, Д.Қ. Назар, Ғ.А.Сыздықова І дәрежелі Дипломмен, куәлікпен марапатталып, төсбелгісі тағылды.

       


Құттықтаймыз!

«BILIM – ORKENIETY» ұлттық – инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына орай білім беру ұйымдарының директорларының арасында өткен «Үздік директор – 2018» атты сайысқа қатысып, республикалық байқауының жеңімпазы Ж.Н. Сарыбекова І дәрежелі Дипломмен, куәлікпен марапатталып, төсбелгісі тағылды.

  


30.11.2018ж. күні «ЖИТС – ғасыр дерті» тақырыбында І және ІІ курс студенттері арасында сурет байқауы өтті.

30.11.2018ж. күні «ЖИТС – ғасыр дерті» тақырыбында І және ІІ курс студенттері арасында сурет байқауы өтті.
І –ІІ курс студенттері арасында Бас жүлде: 222
І орын: 103
ІІ орын: 101, 107, 220
ІІІ орын: 203, 223, 111
белсенді қатысқандары үшін 102, 112, 105, 106, 108, 217 топтар марапатталды.
Тәрбие жұмысының меңгерушісі: Мейрманова Л.К.
Кураторлар кеңесінің төрайымы: Джанпейсова Н.Е.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі: Усенов Р.Б
Наркобекет комиссиясының жетекшісі: Калтаева Г.Е.

 


Құттықтаймыз!

1-25.11.2018 ж аралығында №2 «Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндер» ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен І курс білімгерлер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік» атты қабырға газет сайысы өткізілді. Бас жүлде 101 топ, І орын 106 топ, ІІ орын 107,110 топ, ІІІ орын 102,103,108 топтар грамотамен маратаппалды. Белсенді қатысқан топтар 105, 111.

 

 

27 қараша 2018 жылы «Түркістан жоғары медициналық колледжі», «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік оқыту онлайн режимінде жоспарлы отырысы өтті.

27 қараша 2018 жылы сағат 10-00 де «Түркістан жоғары медициналық колледжі», «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік оқыту онлайн режимінде жоспарлы отырысы өтті.

Күн тәртібінде:

  1. Вебинар «Совершенствование банка учебно-методической документации» Мейіргер ісі пәні бойынша модератор Түркістан жоғары медициналық колледжі.
  2. Вебинар-сабақ «Инфекционная безопасность в деятельности медсестры»- модератор. Жезқазған медициналық колледжі.

28-29 қараша күндері сағ 10-00-де, 11-30-да ашық вебинар сабақтары «Тіл және тілдерді дайындау» циклдік әдістемелік комиссияның кәсіби орыс тілі пәнінің жоғарғы санаттағы оқытушысы Ереханова С.Т «Английски клуб», «Первая помощь при сердечном приступе» тақырыбында өткізілді.   Қатысқан оқытушылар: Андакулова Қ.Т, Парманова А.Т., Кудебаева Э.Ж., Бахаева А.Д., Байбулекова А.Р., Коканова А.Ж., Токкулиева Г.С., Махамбетова О.А.

 


2018 жылдың 20 қарашасында БЖЗҚ-ның облыстық филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» тақырыбында өткен ашық есік күні.

2018 жылдың   2018 жылдың 20 қарашасында БЖЗҚ-ның облыстық филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» тақырыбында өткен ашық есік күніне  Жамбыл медициналық колледжінің «Фармация» бөлімінің №430, №431, «Мейіргер ісі» бөлімінің №216 топ студенттері және фармацевтикалық пәндер оқытушылары        Фирсенко Е.Л, Ахметова У.М, Бексейіт Ж.Қ қатысты. Ашық есік күні тұрғындардың сенімдерін арттыру мақсатында өткізілді. Бұл күні барлық Қазақстандықтар БЖЗҚ филиалдарына келіп, республикамыздың зейнетақы жүйесіне қатысты сауалдарына жауап ала алады. Атап айтатын болсақ  қор қызметкерлері шараға қатысушыларды зейнетақы жарналарының түрлерімен және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу әдістерімен таныстырады.

Зейнетақы жүйесін түпкілікті білу өскелең ұрпақ үшін де маңызы зор, өйткені жастардың азаматтық жауапкершілігін  дамытуға және болашаққа деген сенімділігін арттыруға ықпалын тигізеді. Осы күні студенттерге тақырып бойынша мағлұмат берілді, сосын викторина және сауалнама-пікір өткізілді. Кездесу соңында қатысушыларға және студенттерге «БЖЗҚ» қоры атынан мақтау грамоталары берілді.

 

 


2018 жылдың 15 ақпанындағы «Фармация» мамандығы бойынша ОӘБ жоспарына сәйкес, Ақтөбе медициналық колледжінің базасында 2017 жылдың 31 қазанында кезекті жоспарлы отырыс өткізілді.

2018 жылдың 15 ақпанындағы «Фармация» мамандығы бойынша ОӘБ жоспарына сәйкес, Ақтөбе медициналық колледжінің базасында 2017 жылдың 31 қазанында кезекті жоспарлы отырыс өткізілді. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

  1. Арнайы пәндер бойынша пәндік үйірмелердің жұмысын ұйымдастыру.
  2. «Фармация» мамандығы бойынша кәсіптік пәндерден оқу әдебиеттерімен қамтамассыздандырылуы жағдайы.
  3. Қазақстан Республикасының медициналық колледждерінде «Фармация» мамандығы бойынша дуальды оқытуды енгізу тәжірибесінен мысал.

ОӘБ отырысы онлайн режимінде өткізілді, оған КМҚК «Жамбыл медицина колледжі» тарапынан директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Т.Андакулова және фармацевтикалық пәндер оқытушылары қатысты.

 


«Жамбыл облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі «Алтын мұрагер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру мекемелеріне арналған Білім жәрмеңкесін» өткізді.

16.11.2018 күні  «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі болашақ талапкерлерді Университеттердің мамандықтары  және бағыттарымен таныстыру, оқытудың және одан әрі жұмысқа орналастырудың мүмкіндіктері мен перспективаларын анықтау мақсатында «Алтын мұрагер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру мекемелеріне арналған Білім жәрмеңкесін» өткізді. Аталмыш  жәрмеңкеге колледждің жастардың кәсіптік білім алуына кәсіби бағдар беру және түлектерді жұмысқа орналастыру маманы Л.А Артықова және оқытушылар  Ералиев М.Л, Джантасова Р.О, Джунисбекова С.Ш, Абилова А.Е. жетекшілігімен 411, 423, 426 топтардан 80 студент белсене қатысты. Жәрмеңке Тараз қаласы, Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өткізілді. Студенттеріміз бұл жәрмеңкеде еліміздің түкпір-түкпіріндегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен, мамандықтар тізімімен танысты. Жәрмеңкеге қатысу нәтижесінде біршама болашақ түлегіміз алдына нақты мақсат қоюына жәрдемдескені сөзсіз.

 

  


КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» 2018-2019 оқу жылына арналған жастардың кәсіптік білім алуына кәсіби бағдар беру және түлектерді жұмысқа орналастыру комиссиясының жылдық жоспарына сәйкес 12.11.2018-15.11.2018 күндер аралығында Техникалық шығармашылық орталығы оқушыларының шақыртылуымен «Ашық есік күні» өткізілді.

КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» 2018-2019 оқу жылына арналған жастардың кәсіптік білім алуына кәсіби бағдар беру және түлектерді жұмысқа орналастыру комиссиясының жылдық жоспарына сәйкес 12.11.2018-15.11.2018 күндер аралығында Техникалық шығармашылық орталығы оқушыларының шақыртылуымен  «Ашық есік күні» өткізілді. Орталықтан жетекшілерімен бірге 38 оқушы қатысты. Оларға білікті оқытушыларымыз ғимараттағы кәсіптік пәндер бойынша оқу кабинеттерін мен симуляциялық құрылғылардың жұмысы таныстырылды.  Сонымен қатар, оқушылар колледжде оқытылатын мамандықтар, оқуға түсу бойынша талаптар түсіндіріліп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпарат ұсынылды. Оқытушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарына барынша толыққанды жауап алды. Жетекшілер мен оқушылар қолына кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша ақпаратты қамтамасыз ететін көрнекі брошюралар ұсынылды.

 

111-«Тәжірибелік дағдыларды қабылдау» кабинетіндегі түсіндіру жұмыстары.

203-«Ішкі аурулар» кабинетіндегі түсіндіру жұмыстары.

104-«Емдік денешынықтыру және медициналық  бақылау» кабинетіндегі түсіндіру жұмыстар.

 

221-«Медициналық эргономика, пациенттерді қауіпсіз тасымалдау. Паллиативті көмек» кабинетіндегі түсіндіру жұмыстары.

 

201-«Акушерия және гинекология» кабинетіндегі түсіндіру жұмыстары.


Аптаның әрбір жұма күндері жалпы колледж ішілік ауланы тазалау және абаттандыру шараларын жүзеге асыру.

Аптаның әрбір жұма күндері колледждің Б ғимаратында «Сенбілік» ұйымдатырылады. Мұнда колледж ішілік ауланы қоқыстан, түскен ағаш-жапырақтан тазалау, колледж аумағындағы территорияны, арықтарды тазарту жүзеге асырылады. Аталған іс-шараға оқытушылар, қызметкерлер және студенттерден тұратын 50-70 адам қатысты.

 

 


Мейіргер ісі негіздері пәнінен оқытушы Онгарбаева А.С. 304 топ студенттерімен «Мейіргер ісі негіздері» пәнінен «Клизмалар: тазарту және сифонды, майлы, гиперто-ниялық, дәрілік» тақырыбында ашық тәжірибе сабағын өткізуі.

2018 жылдың қарашаның 5 күні КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» Б ғимаратында №3 арнайы пәндер ЦӘК 2018-2019 оқу жылына арналған жылдық жоспарына сәйкес оқытушы А.С.Онгарбаева  «Мейіргер  ісі негіздері» пәнінен «Клизмалар: тазарту және сифонды, майлы, гиперто­ниялық, дәрілік» тақырыбы бойынша 304 топ студенттерінің қатысуымен ашық тәжірибелік сабақты өткізді.  Бұл ашық іс шараны өткізу мақсатында корпустың компьютерлік технологиялармен қамтамассыз етілген №210 кабинетінде жасақталды.  Сабақтың басты білімділік мақсаты – студенттерге  «клизма» түсінігін,  клизма қою мақсаттарын, клизма түрлерін, тазарту және сифон, майлы,  гиперто­ниялық, дәрілік клизмаларын қою көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін, медбике мен пациентті емшараға дайындауды үйрету болды. Сабақ барысында оқытушы тарапынан медбикенің  коммуникациялық дағдыларды қалыптастыра отырып, медициналық кәсіби этика және деонтология ережелерін сақтай отырып, науқастармен қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеуге үлкен мән берілді.  Сабақ хронологиялық кестесіндегі мазмұнына сәйкес жүргізіліп, тест бақылау сұрақтары, мән-жайлық есептерді шешу элементтерімен толықтырылды. Сонымен қатар, әрбір студент стандарттармен, тренажер-маникендер және әдістемелік нұсқаулардың көмегімен өзіндік жұмыс жүргізіп, машықтану дағдыларын қалыптастырды.

 

 


Тараз қаласы ЖШС «Super-PHarm» ұйымдастыруымен колледждің «Фармация» мамандығы 2-3-4 курс студенттерінің экскурсияға қатысуы.

01.11.2018 жылы ЖШС «Super-PHarm» ғимаратында экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға колледждің «Фармация» мамандығы бойынша білім алатын 99 студенті қамтылды. Фармацевтикалық пәндер оқытушысы А.К.Серкебаева жетекшілігімен студенттер өндіріс құрылымымен, ерекшеліктерімен танысып, болашақ мамандықтарының қыр-сырын түсіне бастады. ЖШС «Super-PHarm» тарапынан белгіленген маман студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.  


«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне» орай «Тәуелсіз елдің көшбасшысы»  тақырыбында колледжішілік ашық тәрбие сағаты  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.

2018 жылдың 28 қараша күні, 304 топ  «Мейіргер ісі» бөлімі студенттерінің  қатысуымен «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне» орай «Тәуелсіз елдің көшбасшысы»  тақырыбында колледжішілік ашық тәрбие сағаты  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Бөлім меңгерушісі: Мырзагулова Ж.Б.,  куратор Қалтаева Г.Е.
Тәрбиелік  мақсаты: Елбасының  өмір жолынан үлгі ала отырып  Отанын,  халқын  сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Елін сүйген, елі сүйген  Елбасынан үлгі  алуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының ашылуы  Қазақстан Республикасының Гимнімен басталды. Елбасымызға, Отанымызға, туған елімізге, жерімізге арналған өлең жолдары үш тілде оқыды. Сондай-ақ, ән-би орындалды.  Тәрбие сағаты «Елбасымыздың өміржолы» тақырыбындағы баяндамасымен жалғасты.  Н.Ә.Назарбаев туралы бейнетаспа,  «Менің балалық шағымның аспаны» кинофильмінен үзінді көрсетіліп, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Мәңгілік ел» әнін хормен аяқтады.

  

  


Облыстық турнир

25.11.2018 ж. күні Жамбыл медициналық колледжінде Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағытында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті жолдауын және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау мақсатында облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Облыстық турнирге Жамбыл облысының жоғары  және арнаулы орта оқу орындарының студенттері шақырылды. Тараз қаласынан М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік университеті, Тараз инновациялық-гуманитарлық  университеті, Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  университеті, Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжі, Тараз  политехникалық  колледжі, Астана  көпсалалы  колледжінен пікірсайысшылар қатысты. Турнир барысында Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша эссе жазу байқауы мен түрлі ойындар ұйымдастырылды. Ойын қорытындысы бойынша І орын-Сауқымбек И., Дүйсени Ж. (Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі), ІІ орын-Кеңес Р., Құсбек Е., (Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі), ІІІ орын-Сатов Н., Сауранбаев Б., (ТарГУ),  «Үздік спикер»- Сауқымбек Б. (ТарГУ), «Үздік төреші»-Сәбит Е. (Жамбыл гуманитарлық колледжі), Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша эссе жазу байқауынан І орынды Кемалов Б. (ТарГУ) иеленді. Сондай-ақ турнир арасында ұйымдастырылған сергіту ойындарының жеңімпаздарына Алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.

  

         


Ата – аналар жиналысы

23.11.2018 жылы «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндіктің аясында «Құқық бұзушылықтың алдын алу»,  «Бақытты ата-аналардың балалары да бақытты!» атты ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты  колледж директорының тәрбие жұмысының меңгерушісі Л. Мейрманова ашып, «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндіктің аясында  колледж тарапынан өткізіліп жатқан бірқатар жұмыстарын колледж директорының құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р. Усенов айтып өтті. Жиналысқа қатысқан Жамбыл облысы ПД ЖПҚ ЮПБ бастығы, полиция полковнигі Қуанышбек Жақсылықұлы Қалжанов «Бала. Құқық бұзушылық және жауапкершілік» тақырыбында ақпараттық, түсіндірме жұмыстарын жүргізсе,  Жамбыл облысы ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы, полиция майоры  Белгібаев Қанат Шыңғысбекұлы облыс көлеміндегі атқарылған жұмыстар жайында баяндап өтті. Ата-аналар комитетінің төрайымы Қалтаева Эльмира Шамжанқызы ата-аналарға ұл-қыздарын үнемі қадағалап отыруды баса айтты.

       


Құттықтаймыз!

22.11.2018 жылы «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндіктің аясында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» және студенттердің  бос уақытын  тиімді пайдалану мақсатында студенттер (ұлдар, қыздар) арасында дене шынықтыру пәнінің оқытушылары  Б.Е. Сатқынов және Б.А. Нұрғабыловтар  тоғызқұалақ, дойбы және шахматтан  жарыс өткізді.  Жарыс нәтижесі тоғызқұмалақ бойынша:

Ұлдар арасында –  I орынды 101 топ студенті Маулен Әлішер
II орынды 105 топ студенті Тұрсынбай Дәурен
III орынды 110 топ студенті Тұрсыналы Ерасыл
IV орынды 106 топ студенті Үсенбай Бекзат

Қыздар арасында -I орынды 105 топ студенті Шайтымақ Айару
II орынды 110 топ студенті Ахубаева Ақерке
III орынды 101 топ студенті Маратқызы Үміт
IV орынды 110 топ студенті Адиз Ақниет иеленді.

 

Дойбы ойыны бойынша:

Ұлдар арасында –  I орынды 105 топ студенті Қабылов Әділет
II орынды 106 топ студенті Үсенбай Бекзат
III орынды 111 топ студенті Бейсен Ержанат

Қыздар арасында -I орынды 104 топ студенті Тәліпбек Айдана
II орынды 111 топ студенті Қасқабай Дана
III орынды 101 топ студенті Әбдіқұл Гүлбану

 

Шахмат ойыны бойынша:

Ұлдар арасында –  I орынды 105 топ студенті Ермек Тілеген
II орынды 109 топ студенті Олжабаев Мейіржан
III орынды 110 топ студенті Тұрсыналы Ерасыл

Қыздар арасында -I орынды 106 топ студенті Нұрболат Гүлназ
II орынды 111 топ студенті Урасбекова Гүлнагира
III орынды 104 топ студенті Тәліпбек Айдана

 


Мұражайға саяхат

22.11.2018 жылы «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндіктің аясында, 1 курс студенттері, қыздардың  құқық бұзушылыққа бой алдырмау, алдын алу және полиция қызметкерлерінің жұмыстарымен танысу мақсатында, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р. Усеновтың ұйымдастыруымен  Жамбыл облыстық ПД мұражайына колледж инспекторы, Тараз қаласы ПБ ЖПҚ-ның УПИ полиция капитаны Жақсығұлов Арслан Нурланұлы барып қайтты. Мұражай басшысы Зияутдинова Гульчехра Юсуповна колледж студенттеріне халық қаhарманы Ғ. Байтасовтың ерлігі туралы және т.б. көптеген мағлұматтар беріп, бейнеролик көрсетіп, құқық бұзушылыққа жол бермеу, қылмыстың түбі жаза екендігін айтып, жеткіншектерді бұзақылық жасамауға шақырды.

    


«Мейірімділік – жылылық шуағы» тақырыбында ата-аналар және қамқоршы-қорғаншылардың қарауында студенттермен   тренинг

22.11.2018 ж. сағат 1100-де  Жамбыл  медициналық  колледжінде  «Мейірімділік – жылылық шуағы» тақырыбында ата-аналар және қамқоршы-қорғаншылардың қарауында студенттермен   тренинг өтті.
Мақсаты: қамқоршы-қорғаншылар мен ата-аналарды және бала арасындағы дұрыс қарым-қатынасты орнату, балаға дұрыс жолды бағыттай білуі, отбасында жақсы псиологиялық ахуалды сақтай білу.

Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мимикамен түсіндіру, ой бөлісу және пікір алмасу.
Техникалық құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта.
Тренинг ережесі:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіме пайдалы нәрсені алу
6. Жақсы қарым-қатынаста болу
7. Өзімді еркін ұстауға үйрену

         


Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың жеті қыры

Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды.

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды.  Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады.    Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті. Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр. Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Тіпті, қазақтың кейбір ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды. Еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ. Сонымен бірге ұзақ уақыттан бері біздің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көптеген этностарға ортақ Қазақстан тарихы туралы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл – түрлі этностардың көптеген көрнекті тұлғалары өз үлестерін қосқан бүкіл халқымызға ортақ тарих. Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз. Сонымен, Ұлы даланың жеті қырына тоқталайық.

І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ

Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.

  1. АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ

Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі. Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің «мұрагерлері» екені белгілі. Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді. Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды. Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерекше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды. Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды. Отты қару пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге дейін атты әскердің дамуы біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры арасында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі – айбарлы атты әскердің қалыптасуына ықпал етті.

  1. ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ

Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді.

  1. АҢ СТИЛІ

Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды. Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған. Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген. Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады.

  1. АЛТЫН АДАМ

Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам». Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті. Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның мәртебесін күн секілді құдірет деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сән-салтанатты жасау-жабдықтар ежелгі бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.

  1. ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІ

Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды. Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.

  1. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ

Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды. Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды. Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды. Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік имерияларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді.

  1. ҚАЗАҚСТАН – АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ

Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта  теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды. Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.

ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ

Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты. Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға болады деп ойлаймын.

  1. АРХИВ – 2025

Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды. Еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар, әлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр. Сондықтан ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын.  Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек. Қай жағынан болсын, бұл маңызды жұмыс мемлекет есебінен атқарылатын «академиялық туризмге» айналмауға тиіс. Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет. Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс. Сондықтан мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады.

  1. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ

Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр.   Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді. Сондықтан, біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек. Екіншіден, мақсатты мемлекеттік тапсырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет. Сондай-ақ бұл жерде классикалық қалыптан тыс, баламалы жастар өнерінің креативті әлеуетін де пайдаланудың мәні зор. Осыған орай, бұл іске тек отандық қана емес, сонымен бірге шетелдік шеберлер мен шығармашылық ұжымдарды да тартқан жөн. Үшіншіден, еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен қамти отырып, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру қажет. Бұл бағытта қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік мамандар да тартылатын халықаралық көпбейінді ұжым құруға болады. Нәтижесінде, біздің қаһармандарымыздың өмірі мен қызметі жөнінде тек еліміздегілер ғана емес, сондай-ақ шет елдегілер де білетін болады.

  1. ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ГЕНЕЗИСІ

Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты. Осыған байланысты, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет. Бұл жоба аясында 2019 жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресін және әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру керек. Сондай-ақ, Википедияның үлгісінде Қазақстанның модераторлығымен Түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашу да маңызды.   Сонымен қатар жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажет. Қазақстанның ежелгі астанасы халқымыздың рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады.

  1. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЕЖЕЛГІ ӨНЕР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МУЗЕЙІ

«Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар. Оған озық өнер мен технология үлгілерін – аң стилінде жасалған бұйымдарды, «Алтын адамның» жарақтарын, жылқыны қолға үйрету, металлургияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сайман дайындау үдерісін көрсететін заттарды және басқа да жәдігерлерді жинақтауға болады. Онда Қазақстан жерінен табылған құнды археологиялық ескерткіштер мен археологиялық кешендердің экспозициялары қойылады. Бұл заттар тарихи дәуірлердің қандай да бір кезеңіндегі әртүрлі шаруашылық салаларының даму үдерісін көрсетеді. Сонымен қатар «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құрып, соның негізінде Астанада және Қазақстанның өзге де өңірлерінде ежелгі сақтар, ғұндар, ұлы түркі қағандарының дәуірі және басқа да тақырыптар бойынша фестивальдар өткізуге болады. Бұған қызығушылық білдірген адамдарды тарта отырып, осы тақырыптар аясындағы жұмыстарды бір мезгілде жүргізуге болады. Ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын – үйлері мен көшелерін, қоғамдық орындарын, су құбырларын, қала қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына келтіретін туристік жоба да қызықты болмақ. Осының негізінде білімді дәріптеуге және туризмді дамытуға баса мән берілуі қажет.

  1. ДАЛА ФОЛЬКЛОРЫ МЕН МУЗЫКАСЫНЫҢ МЫҢ ЖЫЛЫ

Бұл жоба аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады. Сонымен қатар қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет. Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ оның өзектілігін арттыра алатын отандық және шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңызды. Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз. Ауызша және музыкалық дәстүрді жаңғырту қазіргі заманғы аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта болуы керек. Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мәтіндерді суреттерімен қоса беруге, айқын видеоматериалдар формасында ұсынуға болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұсқалары арқылы да шығарылады.  Сонымен қатар фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет.

  1. ТАРИХТЫҢ КИНО ӨНЕРІ МЕН ТЕЛЕВИЗИЯДАҒЫ КӨРІНІСІ

Қазіргі замандағы халықтардың тарихи таным-түйсігінде кино өнері ерекше орын алады. Жалпы халықтың санасында фильмдердегі жарқын кинообраздар іргелі ғылыми монографиялардағы деректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл атқарады.  Сондықтан тез арада Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керек. Аталған жобалар кең халықаралық ынтымақтастық аясында отандық және шетелдік үздік сценаристерді, режиссерлерді, актерлерді, продюсерлерді және заманауи кино өндірісінің басқа да мамандарын тарту арқылы жүзеге асырылуға тиіс.   Қызықты әрі мелодрамалық сарындармен қатар, көрермендер үшін танымал фэнтези және шытырман оқиғалы блокбастерлердің элементтерін қоса отырып, жаңа тарихи теле-кино туындылардың жанрларын барынша кеңейту қажет. Осы мақсатпен Ұлы даланың бай мифологиялық және фольклорлық материалдарын пайдалануға болады.  Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару керек. Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар.

ҚОРЫТЫНДЫ Осыдан бір жарым жыл бұрын менің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалам жарыққа шықты. Жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырамын. «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.

 


«Тиімді тамақтану » айлығы

20.11.2018 ж.  №1 әлеуметтік-экономикалық, жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру циклдік әдістемелік комиссиясының «Тиімді тамақтану » айлығына орай Жантохова Г.Н. студенттерге дәріс сабақ өткізді.

  


1 Желтоқсан  Бүкіл әлемдік СПИДке қарсы күрес күні

20.11.2018 жылы  «1 Желтоқсан  Бүкіл әлемдік СПИДке қарсы күрес күніне» орай, салауатты өмір салтын қалыптастыру комиссиясының төрайымы Г. Токкулиеваның ұйымдастыруымен, Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы АИТВ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Перзадаев Рамиль Оспанович және профилактика бөлімінің педагогі Жакенова Рахима Хабиевна «Әлемдегі эпидемиологиялық ахуал» тақырыбында 202, 206, 209  топ студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

 


Халықаралық студенттер күні

16.11.2018 жылы «Халықаралық студенттер күніне» орай колледжіміздің студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Р. Абдрахманова және жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б. Уркимбаеваның ұйымдастыруымен «Қызықты көңіл, студенттік өмір» тақырыбында құттықтау-концерт өткізілді. Мақсаты: студенттер күнімен студенттерді құттықтау, жақсы көңіл-күй сыйлау арқылы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Концертке 2018-2019 жылы қабылданған 1,2 курс студенттері қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Әр түрлі ойындар ойнатылып, сыйлықтар табысталды. Концерт соңы бір сағаттық би кешіне ұласты.

 

 


Флешмоб

9.11.2018 жылы адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС  дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын, одан сақтану, қорғана білу және салауатты өмір салтын насихаттауға  арналған Жамбыл медициналық колледжінің 205-топ және 207-топ студенттерінің қатысуымен флешмоб өткізілді. Жауапты оқытушы: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева және студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Р. Абдрахманова

  


«Рухани жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағы» тақырыбында «ШАБЫТ» байқауы

07.11.2018 жылы Жамбыл медициналық колледжінің студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Р. Абдрахманова және жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б. Уркимбаеваның ұйымдастыруымен 2018-2019 оқу жылында түскен І-ІІ  курс білімгерлері арасында  «Рухани жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағы» тақырыбында «ШАБЫТ» байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: 2018-2019 оқу жылында қабылданған топтар арасында дарынды, өнерлі студенттерді анықтау; өнерлі жастардың шығармашылық деңгейін өсіру, қолдау көрсету; студенттердің бойында туған жеріне, еліне, ана тіліне деген саналық көзқарас, сүйіспеншілік сезімдерін  қалыптастыра отырып, патриот сезімі ұялаған жас ұрпақты тәрбиелеу. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді.

  1. Мәнерлеп оқу (тақырыпқа сай өлең оқу- 2 мин.)
  2. Вокал (тақырыпқа сай ән -3 мин.)
  3. Хореография (ұлттық би-3 мин.)
  4. Аспапта ойнау (3мин)
  5. Флеш-моб (3мин) (6-8 студенттен тұратын патриоттық әндерге попурри)

Байқаудың қорытындысы:
«Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша:
Бас жүлде – «Мейіргер ісі» бөлімі, 104-топ студенті Амангелді Жұлдыз
I орын –  102-топ студенті Серікбаева Аружан
II орын – 107-топ студенті Отарғали Айдана , 101-топ студенті Қалдыбаева Наргиз
III орын – 111-топ студенті Мадиярбек Балжан және 219-топ студенті Төреқұл Динара
«Вокал» номинациясы бойынша:
Бас жүлде –106-топ студенті Жақсыбек Жансая
I орын –  219-топ студенті Русланқызы Алуа
II орын – 101-топ студенті Сүгірбай Дариға , 104-топ студенті Жамалбек Әсем және Жамалбек Әсел
III орын – 108-топ студенті Мамедова Илона және 110-топ студенті Кененбаева Гүлжан
«Хореография» номинациясы бойынша:
Бас жүлде –109-топ студенті Наурызбай Айым
I орын –  219-топ студенті Тұрарова Нүргүл
II орын – 217-топ студентттері және 106-топ студенттері
III орын – 102-топ студенттері және 104-топ студенттері
«Аспапта ойнау» номинациясы бойынша:
I орын – 105-топ студенті Молдабек Балауса және 106-топ студенті Сейітжанова Аружан
«Флешмоб» номинациясы бойынша:
I орын –  104-топ студенттері
II орын – 101-топ студенттері
III орын – 102-топ студенттері

 


Құттықтаймыз

19.11.2018 жылы «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндіктің аясында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» және студенттердің  бос уақытын  тиімді пайдалану мақсатында студенттер (ұлдар, қыздар) арасында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Ж.Ш. Ибраев үстел теннисінен жарыс өткізді.  Жарыс нәтижесі бойынша:

Ұлдар арасында –  I орынды 110 топ студенті Тұрсыналы Ерасыл
II орынды 107 топ студенті Забихулло Әбдіғали
III орынды 105 топ студенті Қабылов Әділет

Қыздар арасында -I орынды 101 топ студенті Әбдіқұл Гүлбану
II орынды 109 топ студенті Абуиса Балнұр
III орынды 110 топ студенті Ахубаева Ақерке иеленді.

  


«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»   атты психологиялық  апталық

19.11.2018 жылы  Психологиялық  қызметтің  жылдық  жоспарына  сәйкес  Жамбыл медициналық колледжінде «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»   атты психологиялық  апталық  жоспарланды.

Апталықтың  бірінші  күні  «Бір – бірімізге жақсы көңіл – күй  сыйлай білейік»  акциясынан басталды.  Мақсаты – қағаз  бетіне жақсы тілектер, лебіздер  жазылды, көтеріңкі  көңіл – күйлерімен  бөлісті және қағаз бетіне әр студент «Өмір» сөзінің терең мағынасын түсініп, өмірде түрлі болатын жағымды, жағымсыз сезімдерді шешуге болатын түсініп, өз ойларын қағаз бетіне түсірді.

  

  

«Өмірдегі  ең  әдемі  әшекей – ол  жақсы  көңіл – күй»  түрлі  смайликтер  арқылы  өзінің  бүгінгі  таңертеңгі  көңіл  күйлерін  белгіледі.

  

Студенттер колледжге және оқытушыларға өз тілек-лебіздерін жазды.

 

Әрі қарай акциямыз «Біздің колледжде болса деймін»  тілектер мен ұсыныстар кітабымен жалғастырылды.  Бұл кітапта студенттер өз пікірлері мен ұсыныстарын жазады. Бұл кітап әр топқа беріледі. Алғашқы боп өз ұсынысын жазатын 101 топтың студенттеріне берілді. Әрі қарай бұл кітап әр топқа жалғасып беріледі.  . Апта соңында тілектер мен ұсыныстар қарастырылып, нәтиже шығарылады.

  

«Жақсылық шуағын, шашайық» атты тақырыпта колледжде есепте тұрған, тест нәтижесінде анықталған студенттерге  кеңестер беріледі.

Дүйсенбі күні бойынша жоспарланған жұмыстар толық орындалды. Акциямыз әрі қарай жалғасын табуда.

Акцияны ұйымдастырушылар және жауаптылар: колледж психологтары: А.Н. Оскенбаева мен Н.Е. Мұхамодиева.


Кездесу

19.11.2018 жылы  «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндіктің аясында, колледж директорының ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усеновтың ұйымдастыруымен, Тараз қаласы ТЖ басқармасының инженері АҚ аға лейтенанты Хамза Заңғарбек Бақтиярұлы және Тараз қаласы ТЖ басқармасының инженері АҚ лейтенанты Айтжанов Алиасқар Нухматуллаевич «Өрт қауіпсіздік ережелері және улы газбен уланудың алдын алу» тақырыбында 2-3 курс студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

  


«Астанаға 20 жыл» мұражай байқауы

19.11.2018 жылы облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың қараша айының 15-25 аралығында облыс көлемінде «Астанаға 20 жыл» тақырыбында мұражай байқауы өткізілуде. Осыған орай комиссия мүшелері:  қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Чикалина Людмила Ивановна мен қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Крыгин Александр Иванович Жамбыл медициналық колледжінің мұражайында болып, тарихи жәдігерлермен танысып қайтты. Колледж директорының міндетін атқарушы Л. Т. Қуанышбекова ардагерлерге алғысын білдіріп, естелік ретінде колледждің 80 жылдық мерейтойына арналған «Тарихы терең, келешегі кемел білім ордасы» атты  кітабын сыйға тартты.


Семинар

15.11.2018ж. Құқық бұзушылықтың құрбандарына арналған арнайы қызметкердің сапасын арттыру және жетілдіру жұмыстары бойынша «Отбасы мен гендерлік теңдіктің мүдделерін қорғауға арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну» атты семинар өткізілді. Семинарға колледждің әлеуметтік педагогы: Буксукбаева А.А. мен колледж психологы: Оскенбаева А.Н. қатысып сертификатпен марапатталды.

 


«Техникалық және Кәсіптік Білім Беру Жүйесі» атты семинар – кеңес

15.11.2018 ж. Колледж директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т. Қуанышбекова, ақпараттық технологиялар орталығының меңгерушісі И.А. Ерлепесовна  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шымкент қаласы білім басқармасы ұйымдастыруымен «Техникалық және Кәсіптік Білім Беру Жүйесі» атты семинар – кеңеске қатысты.

 

 


16.11.2018 жылы  колледж директорының ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усеновтың ұйымдастыруымен, Тараз қаласы ТЖ басқармасының инженері АҚ аға лейтенанты Хамза Заңғарбек Бақтиярұлы және Тараз қаласы ТЖ басқармасының инженері АҚ лейтенанты Айтжанов Алиасқар Нухматуллаевич «Өрт қауіпсіздік ережелері және улы газбен уланудың алдын алу» тақырыбында колледж студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

  


Жалпыхалықтық диктант

14.11.2018 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің  2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең – кезеңімен көшіру жөніндегі іс – шаралар жоспарына» сәйкес республика бойынша жалпыхалықтық диктант  өткізілді. Жалпыхалықтық диктантқа колледж ұжымы және 1 курс студенттері түгел қатысты.

  


9.11.2018 жылы адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС  дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын, одан сақтану, қорғана білу және салауатты өмір салтын насихаттауға  арналған Жамбыл медициналық колледжінің 205-топ және 207-топ студенттерінің қатысуымен флешмоб өткізілді. Жауапты оқытушы: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева және студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Р. Абдрахманова.

  


«Қоғам және жастар» тақырыбында дәріс

02.11.2018 жылы  колледж директорының құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р. Усеновтың ұйымдастыруымен, «Құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы» аясында колледж инспекторы, Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның УПИ полиция капитаны Жақсығұлов Арслан Нурланұлы және ЖРО ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Темірханов Нұрым Серікұлы колледж студенттерімен кездесіп, «Қоғам және жастар» тақырыбында дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 


«Есірткі – адамның қасы, аурудың басы!» тақырыбында дәріс

25.10.2018 жылы колледж директорының құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р. Усеновтың ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы» аясында ЖРО ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Темірханов Нұрым Серікұлы колледж студенттерімен кездесіп, «Есірткі – адамның қасы, аурудың басы!» тақырыбында дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 


Кездес

  

    


Іс cапарa

21.10.2018 ж. Қызылорда медициналық жоғарғы колледжінің 90 жылдық мерей тойына арналған «Білімнің салтанатты мен бәсекелік қабілет – табысты болудың ең іргелі факторы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми – практикалық конференциясына колледж директоры Ж.Н. Сарыбекова «Білім сапасын арттыру – басты ұстаным» тақырыбында баяндама оқып, «Емдеу ісі» бөлім меңгерушісі
Ф.Қ. Жапарқұлова қатысты.

  


Құттықтаймыз!

«Ең үздік волонтер – 2018 » республикалық байқауына «От сердце к сердцу» волонтерлік отрядының қатысуына ықпал еткені үшін Жамбыл медициналық колледж директоры
Ж.Н. Сарыбекова Алғыс хатпен марапатталды.

«Ең үздік волонтер – 2018 » республикалық байқауында «Үздік салалық волонтерлар» номинациясымен
Ж.А. Тоқташева «От сердце  к сердцу» волонтерлік отряды Дипломмен марапатталды.

 

 


Құттықтаймыз!

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен жоғарғы және арнаулы оқу орындарының жастар арасында «Күзгі кубок – 2018» атты кіші футбол турнирінде жүлделі І орынға иеленіп, Дипломмен марапатталды.


Құттықтаймыз!

19.10.2018 ж. Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжі 90 жылдық мерей тойына арналған ШЖҚ КМК «Денсаулық сақтау жүйесіндегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандарының жаңа құзыреттіліктері мен рөлдерін енгізу» мемлекетаралық қатысуымен республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияға директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т. Қуанышбекова қатысып, сертификатпен марапатталды. «Мейіргер ісі мамандарының дайындау жүйесінің дамуы» тақырыбында колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова мен «Мейіргер ісі» бөлім меңгерушісі Ж.Б. Мырзагулова мақала жазып, сертификатқа ие болды.

 

 


Ашық есік күні

01.11.2018 ж.Колледж базасында колледж директорлары, орынбасарлары арасында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсерін талқылау мақсатында семинар кеңес өтті. Осыған орай, топ мүшелері семинар кеңеске облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетова, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс РҚБ облыстық филиалының директоры Қ.Төлендиев, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Е.Е.Амирбеков,  Т.С.Жамалов,  А.Ж.Жайлышева қатысты. Семинар кеңес колледждің смарт кабинеттерді, музей, білім сапасы мен мониторинг және виртуалды әдістемелік жұмыстары, рухани жаңғыру орталықтарымен танысты.


Семинар

23.10.2018 ж. са,ат 11.00-де Жамбыл медициналық колледжінің «Рухани дамыту» орталығында «Қағаз және мақта пакеттерінің пайдасына полиэтилен пакеттерін пайдалануға тыйым салу», «Қалдықтарды бөлек жинау» тақырыбындағы семинар өткізілді. Аталған іс-шараға «Көмек. Демеу.КЗ» қоғамдық қорының вице-президенті, коучер Данияр Маратұлы Өмірбеков және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің координаторы студенттермен еркін пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді. Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева

  

 


Республикалық еріктілер слеті – 2018 жыл

Еріктілердің Республикалық слеті 21 қазан, жексенбі күні еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастарға арнап өз есігін айқара ашты. Аталмыш шараға Қазақстанның 18 аймағынан 100-ден аса делегаттар ағыла бастады. Жамбыл медициналық колледжінен «Мейіргер ісі» бөлімі, 312 топ студенті Серикова Салтанат қатысып, ерекше әсерлерімен бөлісті. Алғашқы күн барлық қонақтарды қарсы алып, оларды қонақ үйге орналастыру және де алыстан келген еріктілермен танысумен тәмәмдалды.

2-күн. «Жастар Үні» Жастар Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан Еріктілердің Республикалық слетінің екінші күні дәрістермен басталды. Ең алғаш болып Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Шыңғыс Жұмағалиұлы Бескемпіров слетті ашып, еріктілерге сәттілік тіледі. Слеттің салтанатты ашылуы. Алатау дәстүрлі өнер театрында Еріктілердің Республикалық слетінің салтанатты ашылу салтанаты болып өтті. Аталмшы іс-шарада Қоғамдық Даму министрлігінің Азаматтық қоғам комитетінің төрағасының орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Қоғамдық кеңестің мүшесі Майра Мажитқызы, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Шыңғыс Жұмағалиұлы Бескемпіров, Қоғамдық кеңес мүшесі Бекнұр Кисиков, «Жастар Үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бабамұратов Дәурен Абуталипұлы, Еріктілер Лигасы қоғамдық қорының төрайымы Ерниязова Айсұлу сынды маңызды қонақтарымыз еріктілерді аталмыш слеттің ашылу салтанатымен құттықтап, Алматы қаласындағы ең үздік деген 5 еріктіге сертификат және де ноутбук сыйға тартты. Слеттің салтанатты ашылуы қазақ эстрадасының Нұрлан Еспанов, Талғат Жорабаев сынды қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздарымен қоса, түрлі әлемдік деңгейдегі конкурстардың жеңімпазы Садықов Қаныш, «ММДЭНС», «Орлеан», «Goldenteam» би топтарының өнерлерімен жалғасты. Еріктілердің Республикалық слетінің дәрістерінің 4-күні Паралимпиадалық волейболдан Қазақстан жастар құрамасаның капитаны, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы Серік Есматовпен кездесумен басталды. Екінші ретте жастарға мотивациялық дәрісті БҰҰ-ның Юнеско ұйымының Алматы қаласындағы жоба маманы Арина Мясоед жүргізді.

 


Құттықтаймыз!

20.10.2018 жылы Қала күні мерекесі мен Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінің 10 жылдық мерейтойына арналған қала тұрғындары арасындағы күзгі кросс байқауына Айнақұлов М.Қ қатысып, Алғыс хат,  сыйлықпен марапатталды.

 


Жаһандық конференция

25-26.10.2018 ж. аралығында Астана қаласында жаһандық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету   бойынша «Алматы қаласынан бастап баршаны денсаулық сақтау қызметтерін қамту және тұрақты даму мақсаттары бойынша» конференцияға әлемнің 146 елінен медицина саласының басшылары мен білікті мамандары келді. Олардың қатарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, ЮНИСЕФ атқарушы директоры Генриетта Фор, ДДҰ Еуропа өңірлік бюросының директоры Жужанна Якаб қатысты. Сонымен қатар Жамбыл медциналық колледжінің директоры Ж.Сарыбекова, жастар ісі жөнндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева және 404 топ студенті Н.Елубай қатысып, жақсы әсер алып қайтты.

  

 

  


Құттықтаймыз!

30.10.2018 ж. Астана қаласының 20 жылдығына орай «Жастарды жеке өнеріне деген шығармашылықтарын арттыру» мақсатында өткізілген «Патриоттық әндер» байқауында 207 топ студенті Әскербек Мадина І дәрежелі дипломмен марапатталды. Осындай мәтінде байқауды ұйымдастыруға қосқан зор үлесі үшін Жамбыл медициналық колледжі директоры Сарыбекова Жамилә Нұрғалиқызы алғыс хатпен марапатталды.
Осындай мәтінде байқауды ұйымдастыруға қосқан зор үлесі үшін жетекшісі Абдрахманова Нурила Рахимжановна алғыс хатпен марапатталды.

 

 


Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласында қосқан үлесі үшін колледж әдіскері Л.Қ. Батаева Құрмет грамотасымен, ақпараттық технологиялар орталығының меңгерушісі А.Е. Исмаилова Алғыс хатпен марапатталды.


Тараз-менің сүйікті қалам!

27.10.2018 ж. «Қала күніне» орай «Тараз-менің сүйікті қалам!» атты мерекелік іс-шараға Жамбыл медициналық колледжі студенттері «Тыл ардагерлеріне» арналған ескерткіштің лента қию рәсіміне қатысты.

 


Құттықтаймыз!

26.10.2018 ж. «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Кеңесінде Жамбыл медициналық колледжі студенттері: Усупбекова Аяулым – 303 топ студенті, Серікова Салтанат – 312 топ студенті – республикалық кәсіподақ стипендия иегерлері және Сүйінбекұлы Кәрім – 313 топ студенті облыстық кәсіподақ стипендиясы иегері атанып, куәлікпен марапатталды.

  


Гүл шоқтарын қою рәсімі

11.10.2018 ж. төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына өз өмірін арнаған біртуар азамат, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған нар тұлғалы қаламгер, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаны еске алу күніне орай гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

  


Құттықтаймыз!

«1 қазан қарттар күні» мерекесіне орай өткізілген жиында педагогика ғылымының кандидаты, Тараз қаласының құрметті азаматы, Жамбыл медициналық колледжі ардагері,

Қоңырова Самиха Қоңырқызы  Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің шешімімен Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалімен марапатталды.

  


Ашық сабақ

26.10.2018 жылы Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы С.А. Ахметов 202 топ «Мейірбике ісі» бөлімінде волейбол «Допты ойынға қосу тәсілдерін үйретіп жетілдіру ( төменнен тік алға, жанынан)» тақырыбында ашық сабақ өтті.

  


«Әлеуметтік ортадағы жанжал»  тақырыбында  тренинг

24.10.2018 ж. сағат 1000-де  Жамбыл  медициналық  колледжінде  «Әлеуметтік ортадағы жанжал»  тақырыбында  тренинг  өтті.
Тренингке шақырылған мамандар:

1.Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» психолог: П.А. Утеутлеуова
2. юрист А.М.Тортаева
3. врач-гинеколог М.Ж.Қалдыбай
4. әлеуметтік жұмысшы А.Д.Ақылбекова.

  


Тәрбие сағаты

25.10.2018 жылы Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Ж.Б. Бегалиев «Патриотическое воспитание студенческой молодежи в современных условиях» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

 

 


Мұражайға саяхат

23.10.2018 жылы «Құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында, 1 курс студенттері, ұлдардың  құқық бұзушылыққа бой алдырмау, алдын алу және полиция қызметкерлерінің жұмыстарымен танысу мақсатында, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р. Усеновтың ұйымдастыруымен  Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің мұражайына департамент бастығы, полиция полковнигі  Оразалиев Арман Молдиярұлының  рұқсатымен барып қайтты. Мұражай басшысы Зияутдинова Гульчехра Юсуповна колледж студенттеріне халық қаhарманы Ғ. Байтасовтың ерлігі туралы және т.б. көптеген мағлұматтар беріп, бейнеролик көрсетіп, құқық бұзушылыққа жол бермеу, қылмыстың түбі жаза екендігін айтып, жеткіншектерді бұзақылық жасамауға шақырды.

  

 


Токсикомания. Наркотик деген не?

2018 жылдың  24 қазан күні сағат 12:30-да  Жамбыл облыстық нарколог-дәрігер  маманы Ниязалиева Айнур Аскаровна  «Токсикомания. Наркотик деген не?»  тақырыбында  мәжіліс залда студенттерге дәріс оқып,баяндады.

 

 

Жауапты:

Наркобекет комиссиясының жетекшісі:                        Қалтаева Г.Е


«Менің болашақ мамандығым»тақырыбында экскурсия

КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» 2018-2019 оқу жылына арналған жастардың кәсіптік білім алуына кәсіби бағдар беру және түлектерді жұмысқа орналастыру комиссиясының жылдық жоспарына сәйкес, 1-2 курс студенттерінің кәсіптік өсу деңгейін арттыру, мамандықпен таныстыру және өзін-өзі дамытуға ынталандыру мақсатында «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында аталған жылдың 15.10.-19.10. күндері аралығында әлеуметтік серіктес базаларында экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия бекітілген кестеге сәйкес әлеуметтік серіктес кәсіпорын базаларында өткізілді. Аталмыш іс-шараға колледждің 101, 111, 205, 217, 222, 223 топ студенттері белсене қатысты.

Экскурсия өткізілген Тараз қаласының медициналық ұйымдары:

  • 101 топ студенттері «№ 1 Қалалық ауруханасы» Қабылдау, Хирургия, Оториноларингология, Жақ-бет жарақат  бөлімшелерімен танысуда.

 

   

  • 223 топ студенттері «Ерко» ЖШС дәріханасында.

 

222 топ студенттері «Амир и Д» дәріханасында.

 

  • 205 топ студенттері «Жамбыл облыстық балалар ауруханасы» Қабылдау, Хирургия, Оңалту, Физиотерапия және Емдік денешынықтыру, Ортопедия, Орталық зарарсыздандыру бөлімшелерінде.

 

  

  • «Жамбыл облыстық ауруханасы» 111 топ студенттері Қабылдау, Хирургия, Қан-тамыр бөлімшелерімен  танысуда.

 

  • «№1 Қалалық балалар ауруханасы» 217 топ студенттері клиника-диагностикалық лаборатория, күндізгі стационар, қабылдау, кеңестік-диагностикалық, жаңа туылған балалар патологиясы, реанимация және анестезиология, ерте жастағы нәрестелер патологиясы, неврология, оңалту, физиотерапиялық, инфекциялық, кардиоревматология бөлімшелерде өтті.

 

 


Жамбыл медициналық колледжінің цифрлық қадамдары

17.10.2018 жылы «Жамбыл медициналық колледжінің цифрлық қадамдары» атты Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық орталығының салтанатты ашылуы өткізілді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық коллежінен қабылдап алған эстафета өткен кездесу соңында №13 Тараз теміржол колледжінің директорына табысталды. Колледж директоры Ж.Н. Сарыбекова «Жамбыл медициналық колледжінің цифрлық қадамдары» тақырыбында ақпараттық шолуынан бастады. Цифрлық дамуды қалыптастырудың маңызды екенін ескере отырып, директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т. Қуанышбекованың Смарт кабинеттерді таныстыруымен жалғасты. Атап айтқанда:

  1. Анатомия пәнінен Ceol Panel және интерактивті парта көмегімен ақпараттандыру;
  2. Патологиялық анатомия және физиология пәнінен Smart Kapp тақтасын тиімді пайдалану;
  3. Анатомия және физиология пәндерінен 3D қалам арқылы ішкі мүшелердің құрылысын бейнелеу;
  4. 3D көзілдірігін пайдаланып, адам ағзасының қызметін бақылау;
  5. 3D принтерін пайдалану;
  6. Колледж баспаханасымен таныстыру.

Сондай – ақ қонақтар колледждің білім сапасы және мониторинг пен виртуалды әдістемелік кабинеттерімен таныстырды. Студенттер кез – келген уақытта планшет, компьютер, телефон арқылы колледждің сайтына кіріп, электронды библеотека арқылы керекті тақырыбында дайындала алады, сайт бөліміне кіріп тест тапсырады, оны компьютер бағалайды. Бұл студенттің де, оқытушының да уақытысын үнемдеп, ашық бағалауына мүмкіндік береді. Мониторинг және білім сапасы кабинеті IP камерасы арқылы бақылап отырады.

 

 

 

 


Кездесу

2018 жылдың  12 қазан күні сағат 11:00-де Жамбыл облыстық нарколог-дәрігер  маманы Ниязалиева Айнур Аскаровна  «Ішімдік – барлық проблемалардың бастауы» деген тақырыбында  мәжіліс залда студенттерге дәріс оқып,баяндады..

Мақсаты:

Ішімдіктің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу. Ішімдіктің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, ішімдіктің – у екенін айтып, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.

  


Ашық сабақ

18.10.2018ж. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы А.М.Надиров 205 топ «Мейірбике ісі» бөлімінде Жеңіл атлетика: «Эстафеталық таяқшаларды беру және жүгіру әдісін үйретіп жетілдіру (4* 100 м)» тақырыбында ашық сабақ өтті.

   


«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы №10 «Алау» бастауыш партия ұйымының есеп беру сайлау жиналысы

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы.
  2. «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы «Алау » бастауыш партия ұйымының 2016 жылдың қарашасы мен 2018 жылдың қарашасы аралығында атқарған жұмыс туралы бойынша өткізілетін жиналыстарының кестесіне сәйкес 2018 жылдың 16 қазан күні сағ 15.00-де Жамбыл медициналық колледжінің мәжіліс  залында жиналыс өткізілді.

    


Күзгі кросс

11.10.2018ж. «Жастар стадионында» колледждің І-ші курс студенттері арасында, «Күзгі кросс» жеңіл атлетикалық жүгірістен жарыс  өтті.

     


«Рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, Марат Аманғалиұлы Саршаевпен кездесу

15.10. 2018 ж.  Жамбыл медициналық колледжінде «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, «Орталық клиникалық аурухана» нейрохирургі, І санаттағы «Ең үздік жас дәрігер» атағының иегері,  Марат Аманғалиұлы Саршаевпен студенттер арасында кездесу өтті.. Кездесу барысында медицина саласында жеткен жетістіктерін, дәрігер бойында қандай қасиеттер болу керектігін айтып студенттермен ой бөлісті.

  


Құттықтаймыз!

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» ЖҚБ, «Жаңа Ру» жастар коалициясы ЗТБ ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік қызмет-қоғамға және әрбір қазақстандыққа қызмет етудің ерекше түрі мен қызметі» тақырыбындағы Тараз мемлекеттік университетінің 60 жылдығына орай облыстық пікірсайыс ойындарына Жамбыл медициналық колледжінен 3 фракция қатысып, «Ерекше көзге түскен фракция» номинациясымен «Жарығым» фракциясы марапатталып, «Үздік спикер» номинациясымен 205 топ студенті Темірболат Назерке марапатқа ие болды.


Флешмоб

14.10.2018 ж. «Амазонка» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  Женіс саябағында өткізілген Дүниежүзілік хоспис және паллиативтік көмекке арналған «Розовая лента» атты акциясына, колледждің 202, 207, 314 және 317-топ студенттері флешмобқа қатысты. Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева

  

 


02.07.18. – 02.10.18. жылы «Массажист» (мемлекеттік негізінде) біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудың ІIІ- ағымдағы мемлекеттік емтихан.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының негізінде  02.07.18. – 02.10.18. жылы  «Массажист» (мемлекеттік негізінде)  біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудың  ІІІ- ағымының бағдарламасы аяқталды.  КМҚК Жамбыл медициналық колледжінің  «Б» корпусында аймақтық симуляциялық орталықта 02.10.2018  жылы қысқа мерзімді «Массажист» (мемлекеттік негізінде) біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ІІІ-ағымының мемлекеттік емтиханы өтті. Мелекеттік емтиханның комиссия мүшелері:

  1. КМҚК «Жамбыл медициналық колледжінің»  директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы;
  2. Біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлім меңгерушісі Турмысова Фарида Досмахамбетовна;
  3. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№5 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК дәрігер физиотерапевті  Шиныбаева Жанар Кубежановна;
  4. Жуалы аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» маманы Бидайбекова Балақыз;
  5. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№1 Қалалық балалар аурухана» массажисті Айтбекова Меруерт Абилхановна.

«Массажист» (мемлекеттік негізінде)  біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудың  ІІІ- ағымын  14 тыңдаушы  аяқтап, «Массажист» біліктілігін алды.

  

  

  


Құқық бұзушылықтың алдын алу

2018 жылдың 09 қазан күні  сағат 12.00-де кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы қылмыстың алдын алу мақсатында «Құқық бұзушылықтың алдын алу басты  – міндет» тақырыбында  ұл балалар жиналысы өтті. Жиналысты тәрбие жұмысының меңгерушісі Л. Мейрманова ашып, «2018-2019 оқу жылындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған және атқарылып жатқан іс-шаралар барысы туралы» құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р.Усенов баяндап өтті. «Жамбыл облысы бойынша жасөспірімдердің құқықтарын қорғау және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу»  тақырыбымен Жамбыл облысы ІІД ЖПҚ ЮПБ бастығы, полиция полковнигі Қуанышбек Жақсылықұлы Қалжанов колледж студенттерін құқық бұзбаушылыққа шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналысқа қатысқан ата-аналар: Н. Сарсенова., Б. Бибекова., Д. Сағынбеков және Ш. Сағындықовалар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әрбір әрекеті үшін ата-аналар жауапты екендігін айтып өтті.

     


ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА КЕЗЕКТІ ЖОЛДАУЫ

05.10.2018ж. колледждің мәжіліс залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын тікелей эфирде колледж оқытушылары түгел қатысып, тыңдады.05.10.2018ж. колледждің мәжіліс залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын тікелей эфирде колледж оқытушылары түгел қатысып, тыңдады.

  


Қалта ұрлығы

05.10.2018 жылы  ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усеновтың ұйымдастыруымен, колледж инспекторы, Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның УПИ полиция капитаны Жақсығұлов Арслан Нурланұлы «Қалта ұрлығы» тақырыбында 1 курс 104, 105 топ  студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 50 студент қамтылды.

 


Кездесу

02.10. 2018 ж.  Жамбыл медициналық колледжінде «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, атымтай жомарт ардагер Сембек Сейдазимовпен кездесу өтті. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жұмылып жұмыс жасайтын ардагер, өзінің өмір жолымен таныстырып, студенттермен пікір алмасты.

    


02.10.2018 ж. «Нұр  Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Жамбыл медициналық колледжінің бастауыш бөлімшесінің белсенділері  №2 Қарттар мен мүгедектер үйінде өткізілген концерттік бағдарламаға қатысты.


1 Қазан – Қарттар күні

01.10.2018 ж. «Нұр  Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Жамбыл медициналық колледжінің бастауыш бөлімшесінің белсенді жастарының ұйымдастыруымен 1 Қазан – Қарттар күні мерекесіне орай жәрменкеде жиналған қаржыға  Е.Ниетқалиев және Төле би көшесінің бойындағы ақ жаулықты апаларға сыйлық ретінде орамал берілді. Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева

  

 


1 Қазан – Қарттар күні

29.09.2018 ж. «Нұр  Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Жамбыл медициналық колледжінің бастауыш бөлімшесінің белсенді жастарының ұйымдастыруымен колледж оқытушылары мен студенттері арасында 1 Қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Ардагерлер – арман ерлер» атты жәрмеңке ұйымдастырылды.
Жәрмеңкенің мақсаты студенттердің бойында ақылдың кенін арқалаған қарттарымызды  құрметтеуге және  қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу болып табылады.

  


Ата-аналар жиналысы

29.09.2018 жылы Жамбыл медициналық колледжінде ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Ата – аналар жиналысын колледж директорының оқу – тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары: Л.Т. Қуанышбекова ашып, тәрбие жұмысының меңгерушісі: Мейрманова Л.К., құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмысының меңгерушісі: Р.Б. Усенов, бөлім меңгерушілер:  Ж.Б Қалымбетова., А.М.Мадибраимова,колледж психологы: А.Н. Өскенбаевалар сөз сөйлеп ата-аналарды колледждің ішкі тәртіп ережесімен таныстырып, балаларының құқық бұзушылық жасамауына бағытталған ақпараттық, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

 


Құқық бұзушылықтың алдын алу

Тараз қаласы ІІБ ТБ бастығы полиция подполковнигі Е. Мухатайұлының ұсыныс хатын басшылыққа ала отырып, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі қызметкерлер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында 25.09.2018 жылы колледж директоры Ж. Сарыбекова колледж ұжымын 18.07.2018 жылы орын алған оқиғамен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушылыққа бой алдырмауға шақырды.

 


Кездесу

28.09.2018 ж. «Нұр  Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Жамбыл медициналық колледжінің бастауыш бөлімшесінің белсенді жастармен кездесу өтті. Іс-шараға Б.Құтжан қатысып,  «Жас Отан» Жастар қанатының жобалары туралы түсіндірді. Шараның қорытындысы бойынша 207 топ студенті Омар Диана бөлімше жетекшісі болып сайланды. Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева

 


Кездесу

27.09.2018 ж. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Генадий Шиповских және Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Ораловтың Жамбыл жастарымен кездесуі өтті. Аталған іс-шараға Жамбыл медициналық колледжінің белсенді жастары қатысты. Шара барысында қонақтар жастармен пікір алмасып, ұсыныстары мен сұрақтарына жауап берді. Жауапты жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева


Экскурсия

27.09.2018 ж. «Нұр  Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Жамбыл медициналық колледжінің бастауыш бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Жастар Отанға!» партиялық жобасы аясында 1 курс Жасотандықтарға арналған «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында экскурсия өткізілді. Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева

  


27.09.2018 жылы КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» кәсіптік бағдар беру маманы Нургали Н. және оқытушыларымен бірлесе Жамбыл облысы Жамбыл ауданы мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Жоспарлы түрде қыркүйектің 27 күні Жамбыл ауданы ауылдарын аралап, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Іс-шараға кәсіптік бағдар беру маманы Нургали Н. Мен КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» оқытушылары қатысты. Олар Аса ауылында: «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі», «№1 орта мектебі» және «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі», Еңбек ауылында: «Еңбек орта мектебі», Тастөбе ауылында: «Әкім Тарази атындағы тірек мектебі» акт залдарында 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

 

Оқушыларға колледж тарихы, жетістіктері, мамандықтары, ерекшелігі, маңызы жайлы ақпарат  берілді. Колледж жайлы кыскаша бейнеролик көрсетілді. Аймақтық симуляциялық орталықтың тренер-оқытушысы Ержанов Бауыржан Тиыштықбайұлы мамандыққа қызығушылығын арттыру мақсатында «жүрек-өкпе реанимациясын», оқытушы Оңғарбаева  Айнұр Сағындыққызы «Естен тану» тақырыбында тәжірибелік дағдыларды көрсетті.

 

 

 

Іс шараның мақсат міндеттері: оқушыларға болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауға көмектесу, медицина мамандық және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың алдағы уакытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.

Оқушылар медицина мамандарының жұмысы қаншалықты қызықты әрі жауапты екенін сезініп, қызығушылықтарын танытты. Соңында оқушылдарға колледждегі мамандықтар туралы кағаздар  таратылды.

 

Жалпы аудан бойынша кәсіби бағдар беру жұмысына 5 орта мектептен 9-11 сыныптан 254 оқушы қатысты.


Құттықтаймыз!

Екінші біліктілік санат беру туралы.

Осы куәлік Алимкулова Талша Сериккызына берілді. 20.02.2018 жылғы аттестациялау комисиясының шешімі және Жамбыл Медициналық колледжінің 01.09.2018 жылғы №172 11/қ бұйрығына сәйкес оған Психология негіздері оқытушысы екінші білікті санаты берілді.

«Қазақ Елінің Үздік Педагог-Психологы» төсбелгі.

«Білім санаты» республикалық журналы редакциясының 2018 жыл 15 маусым №03 шешімі бойынша «Қазақ Елінің Үздік Педагог-Психологы» төсбелгісімен марапатталды.

Құрмет грамотасы.

Тәуелсіз еліміздегі өскелең ұрпақтың өсіп-өркендеуі жолында жас жеткіншектерді отансүйгіштік рухта тәрбиелеп, жарқын болашағымыздың жолында жас ұрпақтың жан дүниесін терең түсініп, олардың бойына ізгіліктің нұрын сеуіп, жақсы азамат болып қалыптасуына ықпал еткен, ел болашағы үшін ерекше маңызды жұмыспен айналысып жүрген, педагог-психологтарға арналған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Қазақ Елінің Үздік Педагог-Психологы» атты республикалық жобаға белсене қатысып, озық тәжірибесімен бөлісіп, өзінің кәсіби биік деңгейін танытқаны үшін Жамбыл облысы, Тараз қаласы Жамбыл Медициналық колледжінің педагог-психологы Алимкулова Талша Сериккызы марапатталады.

Сертификат.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы Жамбыл Медициналық колледжінің педагог-психологы Алимкулова Талша Сериккызына берілді. Алимкулова Талша Сериккызы «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт» тақырыбындағы тренингінің электронды нұсқасы «Білім Санаты» республикалық-ақпараттық электронды журналына жарияланды.

  

  

  

   


Ұлттық сертификат «Лидер года»

КМҚҚ «Жамбыл медициналық колледжі» «Темп роста» номинациясы бойынша ұлттық сертификатпен «Лидер года 2018» атағына ие болды.

  


Дін және жастар

19.09.2018 жылы  «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қызметкері Қарабаев Нұрсейіт Ғалымжанұлы, теолог маман Амиреев Бахтияр Амантайұлы, дін проблемаларын талдау секторының инспекторы Тұтқабаев Берікбай Ерікұлы «Дін және жастар» тақырыбында 1 курс 102, 107, 110 топ  студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 75 студент қамтылды.

 


Рейд

2018 жылдың 14,15,16 қыркүйек күндері Жамбыл облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен, Тараз қалалық ІІБ ЖПҚ КТІЖ инспекторларының қатысуымен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын сауық орындарында жүрмеуін тексеру, жатақханадағы тыныс-тіршіліктерімен танысу мақсатында 3 күндік рейд жүргізілді. Рейдке Тараз қаласында орналысқан колледж директорларының ТІЖО және колледж директорының ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усенов қатысып, ақпараттық, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.

   


Құттықтаймыз!

Мамандығы «Мейіргер ісі» біліктілігі «Жалпы практикағы мейіргер» 302 топ студенті Сүйінбекулы Кәрім 17-18 қыркүйек күні аралығында Ресей Федерациясының «Солнечный свет» педагогикалық порталының ұйымдастырылуымен өткен «Теория и практика сестринского дела» тақырыбындағы халықаралық онлайн-олимпиадасына қатысып, жүлделі 1 орынды иемденді. Олимпиада барысында қатысушыларға «Мейіргер ісі негіздері» пәнінен тест сұрақтар мен мән-жайлық есептерді шешу берілді. Жетекшісі:  «Мейіргер ісі негіздері» пәні оқытушысы С.Г.Бибосынова.

  


«Дуальды оқыту жүйесі – сапалы білім беру кепілі» тақырыбында  дөңгелек үстел

2018 жылдың 6 қыркүйек күні «№ 1 Қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» ұжымымен «Дуальды оқыту жүйесі – сапалы білім беру кепілі» тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл ашық іс-шараның мақсаты – дуальды оқыту жүйесінің тиімділігін айтып, «Мейіргер ісі» мамандығы 309 топ студенттерінің 2018-2019 оқу жылындағы мәселелерін қарастыру болды.   Колледж тарапынан директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Андакулова К.Т. бастауымен, тәжірибелік бөлім әдіскері Бибосынова С.Г., ЦӘК төрайымдары және дуальды оқыту жүйесі бойынша жетекші-оқытушылар Парманова А.Т., Баетова Ә.Қ., Ахметова У.М., Ералиев М.Л., Блейменова Б.Б., Сагындыкова Б.А., Айдаралиева Ә. Б., Оскенбаева А.Н. қатысты. Әлеуметтік серіктес базасы тарапынан жетекшілер – Садыкова Г.А., Халыкова П.Д., Апбасова С.О., Турмахамбетова Г.С., Андабаева А.А., Сапарбаева Н.С., Асакеева А.О., Токтанаева Д.С., Хамбарова Ш.Ж., Акшалов Ж.Ж., Елеуова Г. М. шақыртылды.

Дөңгелек үстел бағдарламасы аясында КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары  Андакулова Құралай Тлеулесқызы «Дуальды оқытудың тиімділігі –  еңбек нарығына дайын жұмысшы маман» тақырыбында баяндама оқып, КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» «Мейіргер ісі» мамандығы бөлімінің меңгерушісі  Тургумбекова Салтанат Садуановна  дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алатын 209 топтың 2017-2018 оқу жылының қорытынды есебін назарға ұсынды. «№ 1 Қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК реанимация бөлімінің меңгерушісі Садыкова Гулбану Амиркуловна «Медициналық ұйымдардың кадрлар дайындауға қатысуы» тақырыбында баяндама оқыды. Кездесу соңында әр-түрлі сұрақтар қаралып, екі тараптағы жетекшілер бір-бірімен ой бөлісіп,  пән бойынша сұрақтарына жауап алды. Жетекшілерге №1 Қалалық балалар ауруханасы базасында экскурсия жүргізіліп, оқу кабинеттерімен таныстырылды.

 

 


Қазақстан халқы тілдері мерекесіне арналған «Тіл- халықтың жаны» атты әдеби кеші

Қазақстан халқы тілдері мерекесінің мәні мен маңызын  түсіндіру; халық мәдениетін тіл арқылы насихаттау, ана тілінің адам тіршілігіндегі рөлін жеткізу,ана тілді ата бабамыздан қалған құндылық ретінде құрметтеуге үйрету, туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат тәрбиелеу мақсатында азаматтық – патриоттық бағыты бойынша  Қазақстан халқы тілдері мерекесі күніне арналған «Тіл- халықтың жаны» атты әдеби кешін №3 Жалпы білім беру және ізгілендіру пәндер ЦӘК оқытушылары ұйымдастырып,  I,II,III   курс студенттерімен өткізді.  


«Тығырықтан шығар жол жоқ», «Қылмыстың алдын алу», «Қалта ұрлығына жол бермейік!»

13.09.2018 жылы  ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усеновтың ұйымдастыруымен Тараз қаласы, ішкі саясат бөлімі, қалалық жастар ресурстық орталығы КММ-нің инспекторлары Темірханов Нұрым Серікұлы және Бакерамов Ханмырза Бауыржанұлы және Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның УПИ полиция капитаны Сейтбеков Бауыржан Жолдасұлының қатысуымен «Тығырықтан шығар жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Қылмыстың алдын алу», «Қалта ұрлығы», ҚР ӘҚК-нің бірқатар баптарымен 1 курс 106, 107, 111 топ студенттерімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 75 студент қамтылды.

 

 


 Нұр Отан партиясы Тараз қалалық «Алау» бастауыш партия ұйымының жиналысы

07.09.2018 жылы Нұр Отан партиясы Тараз қалалық «Алау» бастауыш партия ұйымының жиналысы Жамбыл медициналық колледжінде өткізілді. Жиналысты «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы «Алау» бастауыш партия ұйымының төрайымы, Жамбыл медициналық колледжінің директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы жүргізді. Жиналысқа Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінің «Психология және акмеология» кафедрасының меңгерушісі Сматова Клара Бегалықызы және Жамбыл медициналық колледжінің, «Жасыл ел – Тараз» ЖШС, №5 Қалалық емхананың қызметкерлері қатысты. Жиналыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Олар: 1.«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының «Алау» бастауыш партия ұйымының төрайымы Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы «Нұр Отан» партиясының «Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасы» жобасын талқылау туралы баяндамасы. 2. «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының ХХIV кезектен тыс конференциясына делегат сайлау.

 

 

  


Жол қауіпсіздігі айлығы

07.09.2018 жылы  Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Абдрахманов Айдын Жанарович «Жол қауіпсіздігі айлығы», «Абайлаңыз балалар!» жолда жүру ережесі тақырыптарында 1 курс 101, 102, 106 топ студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 


Құқық бұзушылықтың алдын алу

05.09.2018 жылы  Тараз қаласы, ішкі саясат бөлімі, қалалық жастар ресурстық орталығы КММ-нің инспекторы Темірханов Нұрым Серікұлы және Бакерамов Ханмырза Бауыржанұлы және Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның УПИ полиция капитаны Жақсығұлов Арслан Нурланұлы «Әлеуметтік желінің қауіп-қатерлері», «Мектептен кейінгі қалыптасу», «Нашақорлық», «Қалта ұрлығы», «Бопсалау», «Құқық бұзушылықтың алдын алу» «Интернет ойындары» «Абайлаңыз балалар!» жолда жүру ережесі тақырыптарында 1 курс 109, 110, 111, 112 топ кураторлары және студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 100 студент қамтылды.

 


Құқық бұзушылықтың алдын алу

04.09.2018 жылы  колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Л. Қуанышбекова, тәрбие ісінің меңгерушісі Л. Мейрманова, ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усенов, колледж психологтары А. Өскенбаева, Н. Мұхамодиева және Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның УПИ полиция капитаны Жақсығұлов Арслан Нурланұлы «Қалта ұрлығы» «Бопсалау» «Құқық бұзушылықтың алдын алу» «Интернет ойындары» «Абайлаңыз балалар!» жолда жүру ережесі тақырыптарында   2018-2019 оқу жылында жаңа қабылданған 1 курс 105, 106, 107, 108 топ кураторлары және студенттерімен кездесіп, колледждің ішкі тәртіп ережесімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Кездесу барысында 100 студент қамтылды.

 


Құқық бұзушылықтың алдын алу

03.09.2018 жылы  колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Л. Қуанышбекова, тәрбие ісінің меңгерушісі Л. Мейрманова, ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усенов, колледж психологтары А. Өскенбаева, Н. Мұхамодиева және Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның УПИ полиция капитаны Жақсығұлов Арслан Нурланұлы «Қалта ұрлығы» «Бопсалау» «Құқық бұзушылықтың алдын алу» «Интернет ойындары» «Абайлаңыз балалар!» жолда жүру ережесі тақырыптарында   2018-2019 оқу жылында жаңа қабылданған 1 курс 101, 102, 103, 104 топ кураторлары және студенттерімен кездесіп, колледждің ішкі тәртіп ережесімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Кездесу барысында 100 студент қамтылды.

 


«Білім күні»

 

 

 


Гүл шоқтарын қою рәсімі

22.08.2018 ж. еліміздің аса көрнекті мемлекет қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы     Д.А. Қонаевты еске алу мақсатында Жамбыл медициналық колледжі гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

  


«Мектепке жол» акциясы

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы «Балалық шақ мекені» ұранымен және Нұр Отан партиясының ұйымдастыруымен  «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көпбалалы жанұя балалары мен жетім және мүгедек балаларға қамқорлық жасап, олардың мектепке баруына көмек көрсету мақсатында Жамбыл медициналық колледжі және «Алау» бастауыш партия ұйымы ат салысып, №52 және №27 орта мектеп оқушыларына қаржылай көмек көрсетті.
Оқушылардың әлеуметтік жағдайларын, тұрмысын ескере отырып, мектепке дайындық кезінде толықтырылмай қалған кейбір оқушы заттарын: кеңсе тауарларын, спорттық киімдерін, аяқ-киімдерін, сөмкелерін, жейделерін, шұлық және іш киімдерін алып берді.

   

    

  


10.05.18. –10.08.18. жылы «Массажист» (мемлекеттік негізінде) біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудың ІІ- ағымдағы мемлекеттік емтихан.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының негізінде  10.05.18. –10.08.18. жылы  «Массажист» (мемлекеттік негізінде)  біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудың  ІІ- ағымының бағдарламасы аяқталды.  КМҚК Жамбыл медициналық колледжінің  Б корпусында аймақтық симуляциялық орталықта 10.08.2018  жылы қысқа мерзімді «Массажист» (мемлекеттік негізінде) біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ІІ- ағымының мемлекеттік емтиханы өтті. Мелекеттік емтиханға КМҚК «Жамбыл медициналық колледжінің»  директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы, оқу- өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Андакулова Құралай Тілеулесқызы,Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Кабылкулов Нұрлан Оңлыұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№5 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК дәрігер физиотерапевті  Шиныбаева Жанар Кубежановна және №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының бас мейірбикесі Махамбетова Анар Ахметбековна қабылдады.

«Массажист» (мемлекеттік негізінде)  біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудың  ІІ- ағымын  11 тыңдаушы  аяқтап, «Массажист» біліктілігін алды.

 

 


Жолың болсын, жас маман!

30.06.2018 ж. Елордамыз Астананың 20 жылдығына арналған «Жолың болсын, жас маман!» атты колледж түлектеріне арналған салтанатты диплом тапсыру рәсімі өткізілді.

 

  


Судағы қауіпсіздік ережелері

14-15, 21-22.06.2018 жылы  Жамбыл облысы ТЖД ТЖ алдын алу бөлімінің аға инженері Тоқсабаева Ардақ Жамбылқызы және жедел құтқару жасағы мекемесінің құтқарушы медбикесі Кумекбаева Ақбота Асылханқызы «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында 101, 106, 108, 110, 113, 104, 107, 109, 104, 107, 108,  111  топ  студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

   


Кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

06.06.2018 жылы  Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ ЮПБ бастығы, полиция подполковнигі Байтасов Нұрланбек Әбдіманапұлы «Кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында колледждің 1 курс студенттері ер балалармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 


Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу

 


15 Маусым – Медицина қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі!

16.06.2018 жылы №1 Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен медицина күніне орай «Дәрігер – өмір тірегі» атты  салтанатты кеш өткізді. Кешті колледж директоры Ж.Н. Сарыбекова ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, Медицина қызметкерлері күніне байланысты дәрігер – оқытушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады.Кеш соңында кәсіподақ ұйымының төрайымы Ф.К.Жапаркулова медицина қызметкерлеріне кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар табыс етті.


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

15.06.2018 ж. Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметов облыстық  денсаулық сақтау саласына қосқан қомақты үлесі үшін және Медицина қызметкері күні мерекесіне орай Жамбыл медициналық колледж  директоры Ж.Н.Сарыбекова Құрмет грамотасымен марапатталды.


Астананың 20 жыл мерей тойына арналған, «Тәуелсіз елімнің елордасы – Астана» атты тақырыбында мерекелік кеш

11.06.2018 жылы Жамбыл медициналық колледжінде кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен,  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Астананың 20 жыл мерей тойына арналған, «Тәуелсіз елімнің елордасы –  Астана» атты тақырыбында мерекелік кеш  және кітап көрмесі 213,215 топ  студенттерінің қатысуымен өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – Елордамыз Астананың 20 жыл ішінде даму жолдары мен тарих кезеңдерін насихаттау және баяндау. 1998 жылы Астана мәртебесіне ие болған қаланың қазіргі таңдағы  сәні мен салтанаты және келбеті туралы ой қозғалды.

 

  


Поэзия кеші

08.06.2018 ж. Орыс тілі пәні оқытушылары А.О.Бейсенбаева , Л.К.Мейрманова «Мир поэзии Есенина» атты поэзия кешін өткізді.

  


Орыс ақындары мен жазушыларының кітап көрмесі

06.06.2018 ж. ЦӘК оқытушылары мен кітапханашылар «Книги-юбиляры» атты орыс ақындары мен жазушыларының кітап көрмесі өткізілді.

 


Мәнерлеп оку байқауы

05.06.2018 ж. ЦӘК оқытушылары К.Ж. Байбосынова, Э.Б.Бердалиева, Р.Ж Конашева. «Астана, устремлённая в будущее» тақырыбында  мәнерлеп оку байқауын І, ІІ курс студенттер арасында өткізді.

 

 


Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

05.06.2018 ж. 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Жамбыл медициналық колледжінде «Қоршаған ортаны қорғау – баршаға ортақ міндет!» тақырыбында жастар акциясы өткізілді. Іс-шара барысында колледждің белсенді студенттері флеш-мобқа қатысып, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Керімбекова Нағима Тұрғынбекқызы, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Алау» бастауыш ұйымының төрайымы, Жамбыл медициналық колледжінің директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевна мерекемен құттықтап, «Теңіздің тұнық болуы-бұлақтардан» дегендей табиғатты қорғау, мәселесіне ақылмен, білгірлікпен және ұтымды жолмен жүргізудің өзіміз үшін де, келесі ұрпақтар үшін де маңызы зор екенін жастарға атап өтті.
Акцияны ұйымдастырушылар: облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Жамбыл медициналық колледжі және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі.

 

 


Құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшылығымен, Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, Тәуелсіз еліміздің жетістігін насихаттау мақсатында «Астана – отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» атты эссе жазу байқауына қатысқаны үшін, 104 топ студенті Хасанханова Д. ІІ дәрежелі дипломмен, 218 топ студенті Д.Дуйсенова ІІІ дәрежелі дипломмен, 115 топ студенті Гафурова Р. 115 топ студенті Асимова Д. алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен, жетекшілері Мәдімарова Ә.Т., Абдраимова Н.Ж. алғыс хаттармен марапатталды.

  


04.06.2018ж. № 1 Жалпы білім беру және гуманитарлық пәндері ЦӘК төрайымы К.Ж.Байбосынованың басшылығымен пәндік апталығын өткізді. Апталық барысында келесі іс-шара жүзеге асырылы. Орыс тілі және әдебиет пәні апталығының  ашылуы. Викторина: «Знаешь ли ты русский язык?» І курс студенттер арасында өтті.

  


Ашық тәрбие сағаты

04.06.2018 жылы «Мейіргер ісі» бөлімі, меңгерушісі Тұрғынбекова С.С., 208 топ кураторы Бекмурзаева Д.Т. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауы аясында Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағытының 4 маусым – Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» тақырыбында колледжішілік ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: студенттерді мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, мақтан тұтуға, Отанды сүюге және өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасы  рәміздерінің авторларымен таныстыру.

  

  


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

04.06.2018 ж. сағат 9.30-да Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Манжуовтың Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарының 14 тармағында бір мезгілде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін Жамбыл медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері орындады.

  


1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күні

01.06.2018 ж.  1 маусым «Халықаралық  балаларды қоғау»  күніне орай   «Нұр Отан»  партиясы «Алау» бастауыш партия ұйымының төрайымы, Жамбыл медициналық колледжінің директоры Ж.Сарыбекованың қолдауымен колледжінің   белсенді  студенттері «Нұр Отан – балаларға»  атты №4 әлеуметтік қызмет ұсыну орталығында Республикалық  қайырымдылық акциясын өткізді.

    


Қорытынды конференция

01.06.2018 жылы Қазақстан Республикасының денсаулық саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Тұрғындардың денсаулығын нығайту-мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму факторы» тақырыбында үйірме жұмысының 2017-2018 оқу жылындағы қорытынды ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Мақсаты: студенттердің ізденушілік дағдыларын қалыптастыра отырып, таңдаған мамандықтары бойынша білімдерін тереңдету; студенттердің шығарашылық ойлау қабілеттерін дамыту, теориялық және тәжірибелік білімдерін бекіту; студенттердің аналитикалық, болжамдық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту.

Сараптау комиссиясы:

Комиссия төрайымы:

  1. Қуанышбекова Л.Т.- Жамбыл медициналық колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Комиссия мүшелері:

  1. Андакулова Қ.Т.- Жамбыл медициналық колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары.
  2. Жапаркулова Ф.К.- Жамбыл медициналық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
  3. Иманбекова Ж.Б.- Жамбыл медициналық колледжінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.
  4. Батаева Л.К.- Жамбыл медициналық колледжінің әдіскері.
  5. Мейрманова Л.К.- Жамбыл медициналық колледжі директорының тәрбие ісі жұмысының меңгерушісі.

Конференция 2 кезеңнен тұрды:

  1. «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» колледішілік инновациялық идеялар байқауы түрінде пәндік үйірмелер арасында қолданыстағы модельдер мен макеттерді әзірлеу саласындағы медициналық құрастырулар мен элементтер бойынша;
  2. «Тұрғындардың денсаулығын нығайту-мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму факторы» тақырыбында 2017-2018 оқу жылындағы үйірме жұмысының қорытындысы;

Сараптау комиссиясының І кезең бойынша шешімі:

І дәрежелі диплом – «Шипагер» үйірмесі, жұмыс авторы: «Емдеу ісі» бөлімі, 322 топ студенті Балибай А., жетекшісі: Серкебаева А.К.

ІІ дәрежелі диплом – «Аялы алақан» үйірмесі, жұмыс авторы: «Емдеу ісі» бөлімі, 303 топ студенті Хализова А., жетекшісі: Джантасова Р.У.

ІІІ дәрежелі диплом – «Флора» үйірмесі, жұмыс авторы: «Фармация» бөлімі, Айдарбекова А., жетекшісі: Нурбаева Р.Т.

Номинациялар:

  1. «Жақсы шығармашылық жұмысы үшін» – «Занимательная грамматика», жұмыс авторы: «Мейіргер ісі» бөлімі, 208 топ студенті Турысбекова Ж., жетекшісі: Бердалиева Э.Б.
  2. «Ізденімпаздығы үшін» – «Ізденуші биолог» үйірмесі, жұмыс авторы: «Мейіргер ісі» бөлімі, 206 топ студенті Үсен А., жетекшісі: Еркебаева А.К.
  3. «Жаңашылдығы үшін» – «Адал жандар» үйірмесі, жұмыс авторы: «Мейіргер ісі» бөлімі, 213 топ студенті Сүйінбекұлы К., жетекшісі: Махамбетқұл Л.М. марапатталды.

Сараптау комиссиясының ІІ кезең бойынша шешімі:

І орын: «Авиценна» үйірмесі, жұмыс авторы: «Медбикелік іс» бөлімі, 304 топ студенті Елубай Н., жетекшісі: Бөпеева А.Р.

ІІ орын: «Юный химик» үйірмесі, жұмыс авторы: «Емдеу ісі» бөлімі, 114 топ студенті Суханов Д., жетекшісі: Мальцева К.А.

ІІІ орын: «Жас эколог» үйірмесі, жұмыс авторы: «Емдеу ісі» бөлімі, 108 топ студенті Қалыбаева Б., жетекшісі: Көбегенова А.Т. мақтау қағаздарымен марапатталды.

Номинациялар:

  1. «Жақсы шығармашылық жұмысы үшін» – «Балауса» үйірмесі, жұмыс авторы: «Мейіргер ісі» бөлімі, 215 топ студенті Мирзаева Э., жетекшісі – Жусупова Д.Е.
  2. «Жақсы шығармашылық жұмысы үшін» – «English in action» үйірмесі, жұмыс авторы: «Медбикелік іс» бөлімі, 305 топ студенті Мухамеджанов К., жетекшісі: Шарипова Ж.Ш.
  3. «Жаңашылдығы үшін» – «Галилео» үйірмесі, «Медбикелік іс» бөлімі, 306 топ студенті Кемеңгерова А., жетекшісі: Чинасилова Қ.О.

 

  

 


«Денсаулық сақтау жүйесінің үздігі – 2018»

     


31 мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

30.05 – 31.05. 2018 жыл аралығында Жамбыл медициналық колледжінде кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен,  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, 31 мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, І, ІІ курс студенттеріне библиограф А.А.Сапарбаева кіріспе сөзінде қуғын-сүргін зобалаңы туралы түсіндіріп, «Қармен жуылған қан» атты  деректі фильм көрсетілді.

  

 


«Қасіретті жылдар жаңғырығы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты

31.05.2018ж. «Мейіргер ісі» бөлімі 102 топ студенттерімен тарих пәнінің оқытушысы Ш.Т. Маманова  31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған  «Қасіретті жылдар жаңғырығы»  тақырыбында колледжішілік ашық тәрбие сағатын өткізді.

     


28.05.2018 жылы  Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның КТІЖ УПИ полиция капитаны Холашов Серік Аярбекұлы және  Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Данекеев Дидар Қабландиевич «Қылмыстың алдын алу» тақырыбында 101, 103, 107, 113 топ студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 


«Жол қауіпсіздігі» «Абайлаңыз балалар!» жолда жүру ережесі тақырыбындағы студенттермен кездесу

26.05.2018 жылы  Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Абдрахманов Айдын Жанарович «Жол қауіпсіздігі» «Абайлаңыз балалар!» жолда жүру ережесі тақырыптарында 107, 108, 110, 113 топ  студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


«Діни экстремизм және терроризмнің алдына алу» тақырыбындағы дәріс

25.05.2018 жылы Жамбыл облысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмге қарсы орталық бөлімінің қызметкері Нигметов М.Ж., Жамбыл облыстық ІІДЭҚІҚБ жедел уәкілі полиция полковнигі Жарасов А.А. және Жамбыл облысы ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Д. Сәуірбаев колледж оқытушылары мен студенттеріне «Діни экстремизм және терроризмнің алдына алу» тақырыбындағы дәріс өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


«Құқық бұзушылықтың алдын алу» мен «Интернет ойындары» тақырыбындағы студенттермен кездесу

25.05.2018 жылы  ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усеновтің ұйымдастыруымен Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Абдрахманов Айдын Жанарович және Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ УПИ полиция аға лейтенанты Холашов Серік Аярбекұлы «Жол қауіпсіздігі» «Құқық бұзушылықтың алдын алу» «Интернет ойындары»«Абайлаңыз балалар!» жолда жүру ережесі тақырыптарында 101, 105, 106, 111 топ  студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 


24.05.2018 ж. Колледждің белсенді жастарымен кеңейтілген отырыс өткізілді. Студенттік кеңестің төрағасы Серікұлы Еркебұлан, «Жас Алаш» пікірсайыс клубының төрайымы Аксанди Еңлік және «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Жамбыл медициналық колледжі бөлімшесінің төрайымы Елубай Нұрайдың жылдық есептері тыңдалды. Сонымен қатар колледждің студенттік кеңестің ережесіне сәйкес көшбасшылар орындарынан босатылып, жаңа тағайындаулар болды. Олар: студенттік кеңестің төрағасы орнына Қыпшақбаев Ермек, орынбасары Тамбес Қанат, «Жас Отан» жастар қанатының Жамбыл медициналық колледжі бөлімшесінің көшбасшысы Шернияз Арайлымның орнына Омар Диана тағайындалды. Отырыс соңында жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева жаңа көшбасшыларды құттықтап, колледжің мәртебесін әрқашан биіктетуге өз үлестерін қосады деген сенімін білдірді.

 

 


Оn-line режимінде тәжірибе алмасу

24.05.2018 ж. Ақтөбе медициналық колледжінің ұйымдастыруымен «Қыздар клубы» тақырыбында on-line режимінде өткізілген іс-шараға колледждің тәрбие бөлімі тәжірибе алмасу мақсатында қатысты.


Кездесу

24.05.2018 ж. Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдіскері Ж.Таттимбетова колледждің студенттеріне «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру «Қоғамдық санасын жаңғырту» тақырыбында кездесу өткізді.

  


Кездесу

21.05.2018 ж. Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде, Жамбыл медициналық колледжінің студенттерімен «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының докторы Бейснов Бағдат Қабылдаевич, Нұр Мүбарак Египет ислам мемлекеттік университетінің доценті Затов Қайрат Айтбекұлы, Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің тарих ғылымдарының доценті Оразбай Сержан Қарсыбайұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Джакипов Ерзат Жасқанбайұлы және «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Жастар қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы Мұратбаев Әлібек Жарылқасынұлы. Кездесудің мақсаты: діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу, дін туралы мәлімет беру және болашақ ұрпақты елін сүюге, адамгершілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, қоғамдағы болып жатқан діни ахуалдың алдын алу және т.б.

 

 


Ашық үйірме отырысы

18.05.2018 ж. Қ.О. Чинасилованың жетекшілігімен «Информатика» пәні бойынша «Галилео» үйірмесінде «Мейірбике ісі» бөлімі 206, 305, 306, 310 топ студенттері арасында «Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың медицинадағы ролі мен қолданылуы» тақырыбында ашық отырысы өткізілді.


Ашық тәрбие сағаты

18.05.2018 ж. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы аясында,  қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағыты бойынша информатика пәнінің оқытушысы А.А. Мынжасарова «Емдеу ісі» бөлімі 113 топта «Сыбайлас жемқорлыпен күрес – баянды болашақтың кепілі» тақырыбында  колледжішілік ашық тәрбие сағатын өткізді.


ЖИТС-нан қайтыс болғандарды дүниежүзілік еске алу күніне арналған акция

15.05.2018 ж. ЖИТС орталығы қызметкерлері және колледждің 113 топ  студенттері Тұңғыш Президент саябағында ЖИТС-нан қайтыс болғандарды дүниежүзілік еске алу күніне арналған акцияны өткізді. Бұл шараның мақсаты ЖИТС-нан қайтыс болған адамдарды еске алу, АИВТ/ЖИТС өмір сүретіндерге ізеттілік таныту.
Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева

 


 Дүниежүзілік артериялық қан қысымен күрес күні

14.05.2018 ж. сағ. 10.00-12.00 аралығында Қолбасшы Қойгелді көшесі №158 «А» мекен-жайында орналасқан «Халыққа қызмет көрсету орталығында» «Жамбыл облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелер орталығының» ұйымдастыруымен Дүниежүзілік артериялық қан қысымен күрес күніне орай өткізілген акцияға колледждің 208 топ студенттері белсене қатысты. Жауапты: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева

 


Семинар

14.05.2018 ж. колледжде халықты ақпараттандыру бөлім  маманының қатысуымен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тақырыбы бойынша Д.С.Бурханов семинар өткізді. Семинарға колледж оқытушылары қатысты.


Ашық тәрбие сағаты

11.05.2018 ж. Халықаралық мейірбике күніне орай 215 топ кураторы Д.Е.Жусупова «Мейірбике ісі» бөлімінің меңгерушісі Ж.Б.Мырзагулова, колледжішілік «Медицинская сестра – символ света и добра» атты іс-шара өтті.

 


9 мамыр – Жеңіс күніне арналған, «Жеңіс әр азаматтың жүрегінде» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы

08.05.2018 жылы Жамбыл медициналық колледжінде кітапханашы қызметкерлері  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған,»Жеңіс әр азаматтың жүрегінде» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы мен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты: ұлттық патриотизмге, батырларымызды біліп, әрқашан тағзым етуге, Отанға деген шексіз махаббатқа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сайыстың қорытындысы бойынша, 102 топ студенттері – I орын, 103 топ – II орынмен, 101 топ– III орынмен марапатталды.
Іс-шараға қатысқан қонақтар өз жылы лебіздері мен ризашылықтарын білдірді.


7 мамыр – қорғаушылар күні

Құрметті арыстандай келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқа аса қадірлі, ардақты да, салмақты біздің ағалар, інілер, замандастар, әріптестер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып келген 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтаймыз!
Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,
Жолын қуар солардың жастарымыз.
Абзал жанды ақылғой ағаларға,
Ілтипатпен иілген бастарымыз.
Еңбектерін жемісті қиыр шың боп,
Шапағатты шуақ нұр құйылсын,
Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:
Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын.
№ 2 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен «Елін қорғау – ерге серт» атты мерекелік іс-шара өтті. Колледж азаматтарына кәсіподақ төрайымы Ф.Қ.Жапарқұлова шығармашылық табыстар тілей отырып , сыйлықтар табыстады. Іс-шарада әсем ән шырқалып, би биленді. Колледж ұжымы көтереңкі көңіл-күймен тарқасты.


Іссапар

28 – 29.04.2018 ж. Ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі А.И. Исмаилова және колледж бағдарламашылары Қ.Қ. Дуйсебаева, А.С. Сұлтанғалиева,  Д.Е. Тураров Алматы қаласы  V ашық Чемпионатында method бағдарламалау мектебінен робототехника және инновациялық технологиялар бойынша Әкім Кубогы үшін «Неге бағдарламалауды Python арқылы бастау керек?», «Scratch және Arduino IDE бағдарламалау бойынша макулатура» атты шеберлік сыныбына қатысып, Қазақстан Республикасы аумағында «Makeblock» брендының ресми дистрибьюторы AK Cent Microsystems компаниясының сертификаттарына ие болды.


«Ең үздік кітап оқитын колледж» байқауы

28.04.2018ж. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы ұйымдастыруымен өткізілген «Ең үздік кітап оқитын колледж» байқауына Жамбыл медициналық колледжінің  кітапхана қызметкерлері – Бегалиева Н.Е.,  Сапарбаева  А.А., Ералиева М.А. жетекшілігімен 210-топ студенттері және 213- топ Сүйінбекұлы Кәрім  жақсы деңгейде өз өнерлерін көрсеткені үшін сертификатқа ие болды.

 


Ашық тәрбие сағаты

27.04.2018 ж. 1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлік мерекесіне арналған қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағытының «Единство народа – вечная слава» тақырыбында колледжішілік ашық тәрбие сагатын «Фармация» бөлімінің 221 тобы, кураторы А.К.Серкебаева өткізді.

 


Іссапар

«Медициналық білім мен ғылымды жаңғырту» Жол карта жобасының «Денсаулық сақтау жүйесінде орта маманды медициналық қызметкерлер ролін арттыру» жобаның іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ғылым және білімді дамыту орталығы 2018 жылғы 23-27 cәуір аралығында
Астана қ. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білім деңгейінің білім беру бағдарламаларын жетілдіру» тақырыпта шебер-классқа ІІ кезеңіне «Мейіргер ісі» бөлім меңгерушісі Ж.Б.Мырзагулова қатысты. Шебер-класс өткізгендер Ханнеле Титтанен – медбикелерге арналған академиялық бағдарламаларын жаңғырту бойынша эксперті, Финляндия Лахти Университеттің жоғарғы кеңесшісі, Ханнеле Тюрвяйнен – медбикелерге арналған академиялық бағдарламаларын жаңғырту бойынша эксперті, Финляндия Ювяскюле Университетінің аға оқытушысы.


Онлайн тәртібіндегі конференция

26.04.2018 ж. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының білім беру жүйесін жаңаша жетілдіру бағытында «Студенттердің ғылыми ізденіс дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыру» тақырыбындағы студенттер арасында Шымкент жоғары медицина колледжінде Республикалық ғылыми-теориялық конференция онлайн тәртібінде өтті. Конференцияда 33 баяндама тындалды. Біздің колледжден 2 үйірме қатысты. 1. «Шипагер» үйірмесінің мүшесі Балибай Ақкенже 322 топ «Емдеу ісі» бөлімінің студенті «Адыраспан шөбінен жасалған дәрілер және адыраспанның қазақ шипагерлеріндегі ролі». Үйірме жетекшісі А.К.Серкебаева. 2. «Юный химик» үйірмесінің мүшесі Гробова Алла 218 топ «Емдеу ісі» бөлімінің студенті «Проблема флюороза зубов у студентов» баяндамасын оқыды. Үйірме жетекшісі К.А.Мальцева. Конференция нәтижесі бойынша Балибай А. ІІ орынды иеленіп Дипломымен марапатталды. Қатысқан үйірме мүшелеріне сертификаттар, ал жетекшілеріне: А.Т.Көбегенова, К.О.Чинасилова, К.А.Мальцева, Ж.Ш.Шарипова, Д.Е.Жусупова, А.С.Сагитжанова, Э.Б.Бердалиева, Р.Т.Нурбаева Алғыс хаттары берілді.

 


«Фтизиатрияның өзекті мәселелері» тақырыбында цикл өткізілді

Орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімінде 09. 04. 2018 – 21.04. 2018 ж аралығында «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Фтизиатрияның өзекті мәселелері» (ақылы негізінде) цикл өткізілді. Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігерінің ұйымдастыру – әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Жолдасова Гулзия Сабитқызы тәжірибелік сабақ тыңдаушыларымен өткізуде.


Жас мамандар мектебінің кезекті отырысы

19.04.2018 жылы жас мамандар мектебінің кезекті отырысы өтті.Тақырыбы: «Білім беру технологиялары мен әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары».
Күн тәртібінде:
1. « Анатомия пәні бойынша әртүрлі сабақ ұйымдастырудағы оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдаудың тиімділігі. Озық іс-тәжірибе алмасу.  Жауапты  тәлімгер: Д.Қ.Назар
2. Информатика пәні сабағында  білім беру технологиялары мен әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары.Практикум  Жауапты  тәлімгер: Г.Қ.Сарыбекова
3. «Оқытушының іс-тәжірибесіне заманауи технологияларды енгізу сәтілігі неге байланысты.» пікір алмасулар.   Әдіскер Л.К.Батаева , жас мамандар.
4.Оқытушы портфолиосы. Портфолио мазмұны. Портфолио презентациясы. Жауапты тәлімгер: К.О.Чинасилова.

                                                 

Колледж әдіскері Л.К.Батаева                                                  Жас мамандар семинарда
«Заманауи технологияларды енгізу
сәтілігі  .неге байланысты» пікір
алмасуды жүргізуде

                                               

Психолог А.Н.Өскенбаева                                                        Жас маман тренингте ойын айтуда
«Көңілді эмоция»
тренингін жүргізуде.

                             

Анатомия пәні бойынша                                                      Тәлімгер: Г.Қ.Сарыбекова тәжірибе
оқытушы Д.Қ.Назар  тәжірибе  алмасуда                                                 тәжірибе алмасуда

                                                                        

Оқытушы портфолиосы бойынша                                                         Психолог:  А.Б.Амангелдиева
тәлімгер Қ.О. Чинасилова тәжірибе бөлісті                                      “Жест- мимика  жайында не білеміз?”

Жас маман психолог Т.С.Алимкулова
тренинг өткізуде.

 


Іссапар

18.04.-19.04.2018 ж. Колледж оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж.Б.Иманбекова Қызылорда қаласы «Өркениет» медициналық колледжінің институционалдық аккредиттеу комиссия мүшесі ретінде іссапарға барып келді.21


Онлайн режимде ашық сабақ

18.04.2018 жылы Көкшетау жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес, «Мейіргер ісі негіздері» пәні бойынша «Организация частичных гигиенических мероприятий по уходу за пациентом» тақырыбында онлайн режимінде Огородник О.Ю. оқытушының ашық сабағы өтті. Іс-шараға колледждің клиникалық пәндер оқытушылары қатысып, тәжірибе алмасты.


Іссапар

16.04.-17.04.2018 ж. Колледж оқытушысы ЦӘК төрайымы У.М. Ахметова Қызылорда жоғары медициналық колледжінің мамандандырылған аккредиттеу комиссия мүшесі ретінде іссапарға барып келді.


Спорттық жарыс

13.04.2018ж. № 4 Жалпы білім беру және гуманитарлық ЦӘК төрағасы басшылығымен Б.А.Нұрғабылов және дене шынықтыру пәнінің оқытушылары; колледж студенттер кәсіподақ  ұйымымен ұйымдастырылған 7- сәуір Бүкіл дүниежүзілік денсаулық күніне байланысты колледждің І-ші курс студенттері арасында «Спорттық биден» жарыс өтті.
Жарыста бас жүлдеге ие болған «Мейіргер ісі» бөлімі 107 топ, кураторы Т.С.Алимкулова
І орынға «Емдеу ісі» бөлімі 115 топ, кураторы Д.М.Жунисова
ІІ орынға «Емдеу ісі» бөлімі 108 топ, кураторы А.А.Буксукбаева
ІІІ орынға «Мейіргер ісі» бөлімі 103 топ, кураторы М.Ж.Жакипова иеленіп, мадақтамамен марапатталды.


Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»Жолдауын қолдау мақсатында, Астана қаласының 20 жылдығына және 7-сәуір Бүкіл дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты Жамбыл медициналық колледжінің ұйымдастыруымын өтетін арнаулы орта оқу орындары арасындағы командалық жарыс өткізілді.

Жарыс түрлері

    1. «Волейбол» – (әр командада 6 ойыншыдан ойнайды 2 қосалқы ойыншы болады (қыздар командалары арасында өтті)
    2. «Кіші футбол» – (әр командада 4 ойыншы 1 қақпашы 2 қосалқы ойыншы болады (ұлдар командалары арасында өтті)

Жарыста: «Волейбол» –  (қыздар командалары арасында)
І- орынды Жамбыл медициналық колледжі иеленді
ІІ- орынды Тараз – Парасат колледжі иеленді
ІІ- орынды Абай атындағы педагогикалық колледжі иеленді
«Кіші футбол» – (ұлдар командалары арасында )
І- орынды Жамбыл политехникалық колледжі иеленді
ІІ- орынды Тараз  химия технологиялық колледжі иеленді
ІІ- орынды Тараз – Парасат колледжі иеленді.
Жарыста  орын алған командалар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Ақпараттық технологияның – пайдасы мен зияны

12.04.2018 ж. колледж психологтары: Оскенбаева А.Н, Алимкулова Т.С, Амангелдиева А.Б., «Емдеу ісі» бөлімінің 313 топ студенті Таумбекова А. Н. және Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аға инспектор психологы Г.Т. Карсабекованың қатысуымен «Ақпараттық технологияның – пайдасы мен зияны» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуде студенттер және қонақтар қауіпсіз интернет туралы өз ойларымен бөлісті.

 

Таумбекова Арайлымның студенттерге баяндамасын оқып, ой бөлісуі және бейнеролик көрсетуі.

Студенттер өз ойларымен бөлісуі.


Ашық үйірме отырысы

12.04.2018 жылы «Аялы алақан» үйірме жетекшісі, «Балалар аурулары» пәні оқытушысы Джантасова Р.У. «Актуальные проблемы сахарного диабета» тақырыбында ашық үйірме отырысы өтті. Ашық іс-шараға 408, 409, 418, 419, 426 топтарындағы үйірме мүшелері қатысып, «Понятия сахарного диабета», «Правильное питание», «Осложнения сахарного диабета», «Методы профилактики сахарного диабета» тақырыптарында баяндамалар оқып, бейнеролик көрсетті. Үйірме мүшелері денсаулық туралы өлеңдер оқып, флэш-моб ұйымдастырып, барынша белсенділік танытты.


Дөңгелек үстел

12.04.2018 ж.   Жамбыл медицналық колледжінің  «Рухани дамыту» орталығында «Рухани жаңғыру өзіңнен басталады» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді. Дөңгелек үстелге тәрбие жұмысының меңгерушісі Л.К. Мейрманова, «Рухани дамыту» орталығының жетекшісі  Ш.Т.Маманова, тарих пәнінің оқытушылары, «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» бөлімінің 1 курс студенттері қатысты.  Дөңгелек үстел қатысушылары рухани жаңғырудың барлық бағыттарына қатысты өз ойларын ашық айтап,  қарқынды талқыланды.


Вебинар

Түркістан жоғары медициналық колледждінің ұйымдастыруымен 04.04.2018 жылы «Анатомия» және «Физиология», 05.04.2018 жылы «Коммуникативті дағдылар» пәндерінен онлайн режимінде тәжірибелік сабақтар өткізілді. Вебинарға колледждің жалпы білім беру және арнайы пәндер оқытушылары қатысып, тәжірибе жинақтады.

 


Іссапар

09.04.-10.04.2018 ж. Колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т. Қуанышбекова Алматы қаласына «Димед» медициналық колледжінің институционалдық аккредиттеу комиссия мүшесі ретінде іссапарға бары12 келді.


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

05-06.03.2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы ҚР Қарулы Күштерінің 26 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 73 жылдығына арналған бастапқы Әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары арасында өткізілген ХІҮ-ші облыстық байқауында «Әскери үлгідегі сырт киімімен ерекшеленіп» 2 орынды иеленіп, Грамотамен марапатталды.

Білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас жеткіншектерге әскери-патриоттық тәрбие берудегі жетістіктері үшін колледждің бастапқы Әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ж.Б.Бегалиев Грамотамен марапатталды.

 


ЖАРАЙСЫҢДАР! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ресейдің Омск мемлекеттік медициналық университетінің директоры А.И. Новиков, колледж директоры А.А. Турица колледж директоры Ж.Н. Сарыбековаға Халықаралық байқауда студенттердің қызығушылық танытып, белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат жолдады. Колледж ұжымына зор денсаулық, таусылмас шығармашылық қуат пен болашақта сәттілік тіледі. Олар екі колледж арасында достық қарым-қатынастың сақталатынына және болашақта ынтымақтастықта болатынына сенім білдірді.


Халықаралық байқау

05.04.2018 ж. Ресейдің Омск мемлекеттік медициналық университеті жанындағы медициналық колледждің ұйымдастыруымен өткен «Чемпионат профессионального мастерства» «Территория неотложной помощи» Халықаралық байқаудың II турына “Емдеу ісі” бөлімінің студенттері И. Ахмедов, С. Агаева, хирургия пәнінің оқытушысы Ералиев М.Л. жетекшілік жасап қатысты.
Осы байқауда студент С. Агаева байқаудың абсолютті жеңімпазы атанып, I дәрежелі Дипломмен марапатталды. Студент И. Ахмедов байқаудың “Оказание сердечно-легочной реанимации” номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, Дипломмен марапатталды.

 

15.03.2018 ж. Ресейдің Омск мемлекеттік медициналық университеті жанындағы медициналық колледждің ұйымдастыруымен өтетін «Чемпионат профессионального мастерства» «Территория неотложной помощи» Халықаралық байқаудың
I турына “Емдеу ісі” бөлімінің студенттері қатысып, тест тапсырмаларын орындады. I дәрежелі Дипломмен студент И. Ахмедов, II дәрежелі Дипломмен С. Агаева, Н. Гишарова, Ф. Аббасова марапатталды.


ІССАПАР

2018 жылдың 12-16 наурыз аралығында қосымша кәсіптік білім беру саласындағы бизнесті басқару Орталығы –  консалтингтік компаниясы ынтымақтастық туралы Халықаралық Келісімді іске асыру шеңберінде Жамбыл медициналық колледжінің директоры Ж.Н.Сарыбекова «Қазақстан-Ресей-Финляндия», «Медициналық көмек көрсетуде науқастарға бағытталған тәсілі», «Үздік заманауи  еуропалық мейіргер ісі тәжірибесі» атты үшжақты семинарына қатысты.


Ұлттық сертификат «Лидер года»

Қазақстан Республикасы бойынша 100 колледж арасынан « Образцовый налогоплательщик» көрсеткіші бойынша Жамбыл медициналық колледжі «Лидер года» атағына ие болып, Ұлттық сертификатты иеленді. Жамбыл медициналық колледжінің бас есепшісі Г.О.Шералина «Бухгалтер года» атағын иемденді. Ұлттық сертификатқа ие болды.

      


Байқау

ШЖҚ МКК «Түркістан медицина колледжі» ұйымдастырған Республикалық интеллектуалдық «Анатомия білгірі-2018» байқауына 4 курс студенті «Емдеу ісі» бөлімі 404 топ студенті А.Тоғаева, 3 курс студенті «Мейірбике ісі» бөлімі 310 топ студенті Ж.Жиынды, 2 курс студенті «Мейірбике ісі» бөлімі 207 топ студенті А.Абдреймова қатысып, «Анатомия білгірі-2018» атты ҚР медицина колледжі студенттері арасында өткізілген интеллектуалды сайыста жоғарғы танымдық қабілет танытқан Жамбыл медициналық колледжінің «Encephalon» командасы «Ғылым  мен тәжірибені үйлестіруші» номинациясымен марапатталды. Жетекші: колледж әдіскері Л.К.Батаева, «Анатомия» пәнінің оқытушысы А.А.Бөпеева.


Smart колледж

03.03.2018 күні  ШЖҚ МКК Түркістан медицина колледжі «Оқу үрдісін ақпараттандырып бағдарламалау, сандық оқу құралдармен қамтамасыз ету-мамандарды сапалы даярлаудың көзі:озық тәжірибелер» атты ҚР колледждердің саласы мамандарын тәжірибе алмасу семинарына  Жамбыл медициналық  колледжінің  ақпараттық орталықтың меңгерушісі – Исмаилова А.Е. қатысып, тәжірибе алмасты.

 


Біліктілікті жоғарылату курсы

03.03.2018 ж. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің халықаралық медициналық факультеті латын тілі курсымен орыс тілі және кәсіби орыс тілі кафедрасының 72 сағат көлемде өткізген «Жоғары және орта білім жүйесінде тіл үйретудің заманауи технологиялары» «Инновационные технологии языкового обучения в системе среднего и высшего образования» «Innovation technologies of language teaching in the system of secondary and higher education» республикалық семинар-тренингке колледж оқытушылары: Л.Т.Куанышбекова, Ж.Б.Иманбекова, Ж.Л.Шужеева, Л.К.Батаева, Л.К.Мейрманова, К.Ж.Байбосынова, Э.Б.Бердалиева, А.О.Бейсенбаева қатысып, сертификатқа ие болды.


Іссапар

2018 жылдың 30-31 наурызы аралығында  А.Е. Исмаилова Қарағанды қаласы «Жастар» спорт кешенінде өткізілген «ROBOLAND 2018» халықаралық  робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне және  «Білім берудегі ғылыми-техникалық бағытты дамыту білім берудің әртүрлі деңгейлерінде үздіксіз құралы ретінде» атты халықаралық семинарға қатысып, сертификаттар алды.

    


«Тәуелсіздік дәуірі»кітабы

31.03.2018 ж. Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын Жамбыл медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» бөлімі 103, 106 топ студенттеріне таныстырылды.

   


«Тәуелсіздіктің дәуірі – Елбасының еңбегі» бұрыш

31.03.2018 ж. Жамбыл медициналық колледжінің «Рухани дамыту» орталығында «Тәуелсіздіктің дәуірі – Елбасының еңбегі» тақырыбында бұрыш жасалды. Жауаптылар: Л.Мейрманова және Ш.Маманова.


1 – сәуір күлкі күні

30.03.2018 жылы 1 – сәуір күлкі күніне қарсы Жамбыл медициналық колледжі «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе отырып, «Көңіл – күй кемпірқосағы» акциясын ұйымдастырды. Жауаптылар: Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аға инспектор психолог: Г.Т. Карсабекова, колледж психологтары: А.Н. Өскенбаева, Т.С. Алимкулова.

 

 


Кеңес беру алаңы

30.03.2018 жылы сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін колледж алаңында, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Жастарға мемлекеттік бағдарламалар және түрлі салалар аясында консультациялық алаң жұмысын ұйымдастыру және өткізу» атты қалалық Кеңес беру алаңы жұмысын атқарды.

 


Ашық тәрбие сағаты

30.03.2018 ж. Оқытушы К.Н.Тулегенова «Мейіргер ісі» 203 топпен «Түлектеріміз-біздің мақтанышымыз» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.


«Өз болашағың-өз қолында» атты семинар

29.03.2018 жылы Жамбыл облысы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкері М.Төлепбергенова және Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкері Г.Байтанаева колледж жастарына салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Өз болашағың-өз қолында» атты семинар өткізді.

 


Ашық сабақ

29.03.2018 ж. «Физика және астрономия» пәні бойынша «Дыбыс табиғаты. Әр түрлі ортаның дыбыс жылдамдығы. Ультрадыбыс және оның қасиеттері» тақырыбында оқытушы  А.С.Сагитжанова «Мейіргер ісі» бөлімі 107 топта ашық сабақ өтті.


«XXI ғасыр білімі» фильмі

28.03.2018 ж. «XXI ғасыр білімі» тақырыбында «Мейіргер ісі» бөлімі 107, 105 топ студенттеріне деректі фильм көрсетілді. Жауапты: «Рухани дамыту» орталығының жетекшісі Ш.Маманова.


Семинар

КМҚК «Жамбыл медициналық колледжінде» Жамбыл  облысының денсаулық сақтау басқармасының талабына сәйкес 26 наурыз 2018 жылы Жамбыл облысы  және Тараз қаласы медициналық  ұйымдарының  орта медицина қызметкерлері арасында (барлығы 86 маман) «Денсаулық сақтау саласы кадрларын даярлауды, біліктілігін жоғарылатуды және қайта даярлауды қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы семинар өткізілді, бейнеролик түсірілді. Біліктілікті арттыру бөлімінде мемлекеттік қызмет туралы стенд, баннер ілінді.

 

 


26-28.03.2018 ж. «Жамбыл медициналық колледжі» КМҚК-да онлайн режимде 3 күндік ашық есік күні өтті

28.03.2018 жылы  оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі  Ж.Б. Иманбекова, симуляциялық орталықтың меңгерушісі
Ф.Д. Турмысова, колледж әдіскері Л.К. Батаева конференц-залда «Денсаулық сақтау қызметкерлерін дайындаудағы симуляциялық технологиялар» тақырыбында халықаралық деңгейде республикалық семинар өткізді. Семинарға Қазақстан Республикасы және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері қатысты. Ресейдің Омск медициналық колледжі, Республиканың 26 медициналық колледж оқытушылары өтініш білдірді. Семинарға 17 оқытушы мақаламен шықты. Омск, Бішкек, Түркістан, Оңтүстік Қазақстан академиясы, Екібастұз, Атырау, Шымкент, Теміртау, Алматы, Қарағанды, Семей, Астана және тағы басқа колледждер онлайн режимде тікелей эфирде қатысуға мүмкіндік алды.

 

27.03.2018 ж. Колледждің симуляциялық орталығының клиникалық станцияларында №3 арнайы пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясы, №2 жалпы кәсіби пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясы оқытушылары онлайн режимінде Республиканың 12 мемлекеттік колледжіне Шебер –класс өткізді. №5 клиникалық станцияда Б.Т. Ержанов “Кенеттен жүрек тоқтауында көрсетілетін төтенше шұғыл көмек. Негізгі жүрек-өкпе реанимациясы” (орыс тілінде) өтті. №3 клиникалық станцияда Ескебекова З.С., Мұқажанова Р.Ж. “Анафилактикалық шокта медициналық көмек көрсетуін”, №9 клиникалық станцияда Кудебаева Э.Ж. “Артериялық қан кетуді тоқтатуын” көрсетті. №8 клиникалық станцияда Парманова А.Т. “Жаралардың алғашқы өңдеуін өткізу және таңғышты қолдануы”, №6 клиникалық станцияда Кудебаева Э.Ж.Тоқташева Ж.А. “Парентералдық инъекция техникасын” көрсетті. Шебер-класстар өте жоғары деңгейде өткізілді.

26.03.2018 жылы колледж директоры
Ж.Н. Сарыбекова ашық есік күнінің ашылуымен құттықтады.
3 күндік ашық есік күні жоспарына сәйкес №2 арнайы пәндері циклдік әдістемелік комиссия оқытушысы М.Л.Ералиев «Хирургия» пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақ тақырыбы: «Қан кету, қан кетудің асқынуы». Ашық сабаққа Республиканың 11 мемлекеттік колледждері онлайн режимінде қатысты.

     


«Наурыз Fest» облыстық байқауы

20.03.2018 ж. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Тараз қаласындағы жоғарғы және арнайы орта оқу орындарының студенттері мен жас мамандары арасында ұйымдастырылған «Наурыз Fest» облыстық байқауында колледж белсенділері «Келін түсіру» салтын көрсетіп,«Ұлттық дәстүрді ұлықтаушылар» номинациясы Дипломымен марапатталып, планшет сыйға алды.

  


«Тараз  аруы» сұлулық байқауы

19.03.2018 ж. Баласағұн ОКЗ-да Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Тараз  аруы» сұлулық байқауы  осымен екінші жыл қатарынан  Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды.   Сұлулық конкурсы  бірнеше кезеңнен тұрды.  Биылғы сайысқа өңіріміздің  әр аймағынан іріктелген 11 ару қатысып, өзара  бақтарын сынады. Жамбыл медициналық колледжінен «Мейіргер ісі» бөлімі 310 топ студенті А.Сейдуалиева «Вице мисс Тараз» II орынмен марпатталса, «Мейіргер ісі» бөлімі 209 топ студенті А.Ізбәкірова «Өнерлі ару» номинациясымен марпатталды.

   


«Ардагерлер аллеясының» салтанатты ашылуы

19.03.2018 жылы Жамбыл медициналық колледжінің директоры Ж.Сарыбекованың бастамасымен, колледж алаңында оқу орнына еңбегі сіңген, өркендеуіне мол үлестерін қосқан ардагер оқытушыларға арналған «Ардагерлер аллеясының» салтанатты түрде лентасы қиылды. Колледжге ескерткіш ретінде ардагерлер арша ағаштарын отырғызды. Іс-шара барысында қонақтарға колледждің «Спорттық алаңы», «Мұражайы», «Рухани дамыту» орталығы таныстырылып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы және «Ынтымақ» күніне орай ұйымдастырылған «Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі» атты фестивалін тамашалады. Әр ұлт өкілдері өздерінің салт-дәстүрлерін, тағамдарын таныстырып, ниет-тілектерін білдіріп, соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Мереке соңында ардагерлер сөз сөйлеп, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Колледж директоры Ж.Сарыбекова құттықтау сөз айтып, колледждің кәсіподақ ұйымы атынан қонақтарға арнайы сыйлықтар таратылып, соңында ардагерлерге, студенттерге және колледж ұжымына мерекелік дастархан жайылып, Наурыз көже таратылды.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін насихаттау

2018 жылдың 15 наурыз күні Жамбыл медициналық колледжінің «Рухани дамыту» орталығында   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 наурыздағы  «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін тарих пәнінің оқытушысы Ш.Т. Маманова насихаттап студенттерге баяндады.

   

«Үздік фельдшер тобы» кәсіби сайысы

16.03.2018 ж. Б корпусының мәжіліс залында «Емдеу ісі» мамандығы IV курс студенттері арасында «Үздік фельдшер тобы» кәсіби сайысы өтті.
Жауапты: Ішкі аурулар пәнінің оқытушысы Зиябекова Д.А., Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің оқытушысы  Баетова А.Қ.


«Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз мерекесі» қарсаңындағы қайрымдылық іс – шара

2018 жылдың 15 наурыз күні Жамбыл медициналық колледжінің директоры Ж.Н. Сарыбекова және студенттер кәсіподақ ұйымы колледждегі жетім, ата-анасының қамқорлығынан айырылған 25 студентке және мүмкіндігі шектеулі 14 студентке «Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз мерекесі» қарсаңында ізгі ниетін білдіріп,қаржылай қайырымдылық көмек көрсетті.

     


«Даңқ» мемориалына қалампыр гүл шоқтарын қою рәсімі

Жамбыл медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері 2018 жылдың 16 наурыз күні «Тағзым» күніне орай «Даңқ» мемориалына қалампыр гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, тағзым етті


«Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру болмайды» тақырыбы аясында ұлттық бұйымдар мен тағамдар көрмесі

2018 жылдың 15 наурыз «Мейірім күніне» орай Жамбыл медициналық колледжінде «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру болмайды» тақырыбы аясында ұлттық бұйымдар мен тағамдар көрмесі және «Тәтті бауырсақ» атты сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараға студенттер белсене қатысып мадақтама, алғыс хаттармен марапатталды.


«Үздік акушер – 2018» кәсіби сайысы

14.03.2018 ж. Б корпусының мәжіліс залында «Емдеу ісі» мамандығы IV курс студенттері арасында «Үздік акушер – 2018» кәсіби сайысы өтті.
Жауапты: Акушерия және гинекология  пәнінің оқытушылары Жарасова Ж.C., Айдаралиева Д.Д.

   

   


«Үздік медбике – 2018»

13.03.2018 ж. Б корпусының мәжіліс залында «Медбикелік іс» мамандығы IV курс студенттері арасында «Үздік медбике – 2018» кәсіби сайысы өтті.
Жауапты: Медбикелік ісі негіздері пәнінің оқытушылары А.С. Онгарбаева, Р.Д. Мухажанова.

   


Ашық сабақ

06.03.2018ж.  Оқытушы А.Қ.Данебаева Қазақстан тарихы пәнінен «Мейіргер ісі» 207 топта «Республикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай (1985-1991ж.ж.» тақырыбында ашық сабақ өтті.

   


«Көктем аруы – 2018»

06.03.2018 ж. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, қазақ қызына тән мінез-құлықты, көркемдік талғамды қалыптастыру мен ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында «Көктем аруы – 2018» атты сұлулық байқауы өткізілді. Байқау келесі кезеңдерден тұрды:
1 кезең – «Мен қазақтың қызымын» сәлемдесу рәсімі, әр ару өзін – өзі таныстырды.
2 кезең–  «Қыз еркем өнерімен көркем», әр ару өз өнерлерін көрсетті.
3 кезең – «Білімді мыңды жығар» қазақтың салт-дәстүрі және медицинаға сәйкес сұрақтар берілді.
4 кезең–   «Қыз еркем – кестесімен көркем».
5 кезең «Сәндік өнер».
Байқаудын қорытындысы:
Бас жүлде 108 топ студенті Бостанова Әсем
1 орын – Сабитова Арайлым 113-топ, Пернебекқызы Аяулым 102-топ
2 орын – Тұрсыналы Айгерім 106-топ, Иванова Александра 115-топ
3 орын – Сұлтанмұрат Балнұр 101-топ, Құсайынова Мағира 107-топ
«Нәзік ару» – Өмірзақ Мадина 105-топ,  «Білімді ару» – Сауытбекова Жазира 112-топ, «Инабатты ару»- Шыңғожа Аружан 103-топ, «Шебер ару»- Құлжабаева Мариям 104-топ, «Көрермен көз айымы»- Мадоминова Ясмина 114-топ
Ұйымдастырушылар: студенттер  кәсіподақ ұйымының төрайымы: Б.А.Қырықбаева, жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы: Д. Б. Уркимбаева.

      


Ашық сабақ

06.03.2018ж.  Оқытушы А.Қ.Данебаева Қазақстан тарихы пәнінен «Мейіргер ісі» 207 топта «Республикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай (1985-1991ж.ж.» тақырыбында ашық сабақ өтті.

   


Ашық сабақ

01.03.2018ж. Оқытушы Г.Ж.Иманалиева Қазақстан тарихы пәнінен «Мейіргер ісі» 103 топта «ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ағарту жүйесі және мәдениеттің дамуы» тақырыбында ашық сабақ өтті.

   


Колледждің институционалдық жəне мамандырылған аккредитациядан өтуінің нəтижиесі

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тəуелсіз Қазақстандық агентігінің президенті, п.ғ.д., х.ғ.к. Ш. Қаланова Мамандандырылған аккредиттеу туралы куəлігін, Институционалдық аккредиттеу туралы куəлігін колледж директоры Ж.Н. Сарыбековаға табыстады. Куəліктердің жарамдық мерзімі 2018 ж. 29 қаңтар – 2023 ж. 27 қаңтар.

  


«Ризашылық күні» тақырыбында көрме

01.03.2018 ж. колледж фойесінде «Ризашылық күні» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.


«Болашақ бүгіннен басталады» атты қайырымдылық акциясы

01.03.2018 ж. ЦӘК № 3 арнайы пәндер мейірбике ісі негіздері пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен  № 4 әлеуметтік қызмет ұсыну орталығында  «Болашақ бүгіннен басталады» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Іс-шарада балаларға сыйлық таратылып, концерттік бағдарламасын көрсетілді.


«Өмірге риза болып алғыс айт» мерекелік концерттік бағдарлама

01.03.2018 ж. Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаева мен студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Б.Қырықбаеваның ұйымдастыруларымен «Өмірге риза болып алғыс айт» мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Іс-шара барысында Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының директоры Г.Бектасова студенттерге алғысын білдіріп, колледж директоры Ж.Сарыбековаға алғыс хат табыс етті.


«Ізгіліктің бір ізі-алғыс айту» тақырыбында колледж ардагерлеріне арналған мерекелік концерт

«Ізгіліктің бір ізі-алғыс айту» тақырыбында колледж ардагерлеріне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, қонаққа Жамбыл медициналық колледжіне еңбектері сіңген ардагер- ұстаздар шақырылды. Мерекелік концертті колледж директоры Ж.Сарыбекова кұттықтау сөзімен бастап, естелікке ардагерлерлерге «Тарихы терең, келешегі кемел білім ордасы» кітабын сыйлыққа тарту етті.


«Алғыс айту, игілік сыйлау» тақырыбында флешмоб өтті

Колледж фойесінде мереке күніне байланысты құттықтау  баннері ілінді. Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаева мен студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Б.Қырықбаеваның ұйымдастыруларымен 1 курс студенттер арасында «Нұр Отан» партиясының құрылған күнімен тұспа тұс келген «Алғыс айту, игілік сыйлау» тақырыбында флешмоб өтті.


«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ақжүрек Достықұлы Таңатаровпен кездесу

2018 жылдың 27 ақпанында 82 жылдық тарихы бар Жамбыл медициналық колледжінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына Жамбыл облысынан енген Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, бірнеше дүркін халықаралық біріншіліктердің жеңімпазы, Азия чемпионы, Лондонда өткен 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері  Ақжүрек Достықұлы Таңатаров еліміздің болашағы жалынды жастарымен кездесуге келді. Кездесу барысында Ақжүрек Достықұлы студенттермен ой  бөлісіп, студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, көңіл тоярлықтай жауап алды.

 


“ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ
АЛДЫН АЛУ” АЙЛЫҒЫ

28.02.2018 жылы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының педагог-ұйымдастырушысы Паншаева Азиза Рахмантуллаевна және психолог Әлімқызы Жансая колледж студенттеріне дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

  


26.02.2018 жылы ЖРО КММ-нің дін проблемаларын талдау секторының инспекторы         Б. Тұтқабаев және З.Б. Зүнінқожаның қатысуымен  «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы»  тақырыбында колледж студенттерімен кездесіп дәріс оқыды.


23.02.2018 жылы колледж студенттерімен құқық бұзушылыққа жол бермеу және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ҚБАЖ меңгерушісі Р.Усеновтың ұйымдастыруымен колледж инспекторы, Тараз қаласы ішкі істер басқармасы ЖПҚ УПИ полиция аға лейтинанты Холашов Серік Аябекович, колледждің психологы  Өскенбаева Ә.Н және тәжірибеден өтуші болашақ психолог мамандар Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі» КММ-не барып қайтты. Мекеме басшысы Кунтубаев Оспан Оразбекұлы жасөспірімдерді алдағы уақытта құқық бұзықшылық жасамауға, тәртіпті азамат болып, тәрбиелі білім алуға шақырды. Мекеме басшысының орынбасары Қолаханов Нұрдәулет Жаманбайұлы мектеп тәрбиеленушілерінің күн тәртібі, бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін қолданылатын шеберханалар мен тренажер залдарын көрсетіп, қолөнер бұйымдарымен таныстырды.

   


23.02.2018 жылы «Құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын алу» және студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында I- курс студенттері арасында  үстел теннисінен жарысы ұйымдастырылып өткізілді. І-ІІ-ІІІ орын алған ойыншылар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталып төмендегідей көрсеткіштерге ие болды:

Үстел теннисінен ұлдар арасында;         І орын    Доспанбек Д. 113 топ
ІІ орын    Құрақ Б. 109 топ
ІІІ орын   Жұмаханов Т. 110 топ

Үстел теннисінен қыздар арасында;   І орын: Үсейін Айдана 109 топ
ІІ орын: Дәнілбек Амина  106 топ
ІІІ орын Альмаханова Айгерім 112 топ

  


22.02.2018 жылы колледж қабырғасында «Құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында І курс студенттері арасында Жайдарман ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында тақырыпқа сәйкес әзілдер мен қызықты қалжыңдар көрсетіліп төмендегідей марапаттар тапсырылды:

Бас жүлде 110 топ «Неткен жайдарман» командасы
І орын       108 топ «Бекер тумаған бес ұл» командасы
ІІ орын      107 топ «Көз тимесін» командасы
ІІІ орын     106 топ «Мед сұлулары» командасы

    


22.02.2018 жылы ҚБАЖ меңгерушісі Р.Усеновтың ұйымдастыруымен Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-нің полиция капитандары А.Н.Жаксыгулов, Б.Ж. Сейтбеков., полиция аға лейтенанты С.А. Холашов және ЖРО КММ-нің инспекторы Г. Еркебековалар «Заң. Жасөспірім. Қауіпсіздік» «Нашақорлыққа жоқ дейміз!»тақырыбында 101, 106, 108, 111 топ студенттеріне дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    


22.02.2018 жылы Құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында, отбасы құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету мақсатында  «Отбасы – бақыт мекені» атты тренинг өткізілді.

  


20.02.2018 жылы «Құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын алу» және студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында I- курс студенттері арасында  дойбы және шахмат жарысы ұйымдастырылып өткізілді. І-ІІ-ІІІ орын алған ойыншылар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталып төмендегідей көрсеткіштерге ие болды:

Дойбы ойыны жарысынан: 105 топ студенті Серікова Дана I –ші орын иеленді
110 топ студенті Аманқұл Рысжан II- ші орын иеленді
112 топ студенті Дулат Қымбат ші III- орын иеленді

Шахмат ойыны жарысынан: 113 топ студенті Айтуған Нұрдәулет I –ші орын иеленді
106 топ Есеналиева Раушан II-ші орын иеленді
103 топ Ұзақбай Назерке III –ші орын иеленді

  


15.02.2018 жылы ЖРО КММ-нің дін проблемаларын талдау секторының инспекторы З.Б. Зүнінқожаның қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризмнің зардаптары» тақырыбында колледж студенттерімен кездесіп дәріс оқыды.


13.02.2018 жылы Құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында  «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Тараз қаласы ішкі істер басқармасы ЖПҚ УПИ полиция аға лейтинанты Холашов Серік Аябекович, тәрбие жұмысының меңгерушісі  Мейрманова Л.К., ҚБАЖ меңгерушісі: Усенов Р.Б., «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі Қалымбетова Ж.Б. колледж психологы  Өскенбаева Ә.Н. қатысып, студенттерді құқық бұзушылық жасамауға шақырды.

    


09.02.2018 жылы ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усеновтің ұйымдастыруымен Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның ӘЗЗҚКТ  инспекторы, полиция майоры Елена Михайловна Пискарева 1-28.02.2018ж аралығы «Құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында ұйымдастырылған «Кәмелетке толмаған қыз балалар арасында кездесетін қылмыстың және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу», «Ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің, жасанды түсік жасату»  тақырыбында «Емдеу ісі» «Мейіргер ісі» бөлімі 1 курс 101, 103, 109, 111, 114 топ студенттерінің қыздар жиналысына қатысып, «Жолда жүру ережесі», «Қоғамдағы, отбасындағы зорлық-зомбылықтың» алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 


8.02.2018 жылы «Құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын алу» және студенттердің              бос уақытын  тиімді пайдалану мақсатында колледждің І – курс студенттері арасында  тоғызқұмалақтан жарыс өткізіліп,  төмендегідей жүлделі орындар марапатталды:

Ұлдар арасында      101 тот студенті Кенжеғараұлы Сұлтан I- ші орын иеленді
109 топ студенті Құрақ Бексұлтан II-ші орын иеленді
111 топ студенті Жолмұхамбет Нұргелді III-ші орын иеленді
Қыздар арасында    105 топ студенті Тынышбек Айдана I-ші орын иеленді
106-топ студенті Дүйсенова Гүлзат II-ші орын иеленді
105-топ студенті Темірбек Назерке II-ші  орын иеленді
103-топ студенті Раймаханова Салтанат III-ші орын иеленді

   


05.02.2018 жылы  ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усеновтің ұйымдастыруымен Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның УПИ полиция аға лейтенанты Холашов Серік Аярбекұлы 1-28.02.2018 ж аралығы «Құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында ұйымдастырылған «Кәмелетке толмаған ұл балалар арасында кездесетін қылмыстың және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбындағы ұлдар жиналысында 1 курс студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

  


09.02.2018 жылы ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усеновтің ұйымдастыруымен Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның ӘЗЗҚКТ  инспекторы, полиция майоры Елена Михайловна Пискарева 1-28.02.2018ж аралығы «Құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында ұйымдастырылған «Кәмелетке толмаған қыз балалар арасында кездесетін қылмыстың және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу», «Ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің, жасанды түсік жасату»  тақырыбында «Емдеу ісі» «Мейіргер ісі» бөлімі 1 курс 101, 103, 109, 111, 114 топ студенттерінің қыздар жиналысына қатысып, «Жолда жүру ережесі», «Қоғамдағы, отбасындағы зорлық-зомбылықтың» алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

     


05.02.2018 жылы  ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усеновтің ұйымдастыруымен Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның УПИ полиция аға лейтенанты Холашов Серік Аярбекұлы  1-28.02.2018 ж аралығы «Құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында ұйымдастырылған «Кәмелетке толмаған ұл балалар арасында кездесетін қылмыстың және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбындағы ұлдар жиналысында 1 курс студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

     


Ашық сабақ

14.02.2018ж. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Б.А.Нұрғабылов гимнастика залында 109 топ  «Емдеу ісі»  Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өтті. Тақырыбы: «Гимнастика.  Алға және  артқа домалау әдісін үйретіп дамыту».


Дөңгелек үстел

13.02.2018ж.  ТарМПУ-нен диплом алды тәжірибеден өтуге келген студенттің өз жұмысын көрсету мақсатында  «Құқықтық сауаттылық- заман талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Жауапты оқытушы: А.Б.Амангелдиева. Іс-тәжірибеден өтуші:А.Н. Әбдіғали.


12 ақпан – Жамбыл медициналық колледжінің құрылған күні

1936 жылы 12 ақпанда Мирзоян (қазіргі Тараз) қаласында екі жылдық мейірбикелер мектебі құрылып, 30 адам білім алды.
1945 жылдан 1948 жылға дейін «Фельдшер-акушерлік» мектебі аталып, мейірбике, фельдшер және акушерлерді дайындап шығарды.
1948 жылы мектепке училище атауы берілді.
1994 жылы Жамбыл медициналық училищесі атауы Жамбыл медициналық колледжіне ауыстырылды.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысына сәйкес 1-12 ақпан аралығында  «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік Жамбыл медициналық колледж шеңберінде өткізілген іс-шара есебі.

10.02.2018 ж. Жамбыл медициналық колледжінің белсенді студенттері «Жүректен жүрекке» атты  қайырымдылық жәрменкесін ұйымдастырды.

      


09.02.2018 ж. күні  «Мейірімділік – асыл қасет», «Милосердие – благородное качество» деген тақырыпта  орыс және қазақ тілінде «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушылары ашық сабақтар өткізді.

   


08.02.2018 ж. «Ана, мейірім, бейбітшілік» тақырыбында І курс студенттер арасында  сурет байқауы өткізілді. Бұл байқауда бас жүлдені  өздерінің ерекше мағыналы суретімен «Емдеу ісі» бөлімінің 111 топ білімгерлері иеленді.

   


07.02.2018 ж. күні  «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында І курс студенттер арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқау нәтижесі төмендегідей болды.

І орынды иеленген Касымова Зарина 104 топ білімгері.

 

ІІ орынды иеленген 101 топ білімгері.

 

ІІІ орынды иеленген Бостанова Әсем 108 топ білімгері.

 


06.02.2018 ж. күні  «Мейірім төгетін ана» деген тақырыпта колледж  кітапханасының оқу залында көрме  ұйымдастырылды.

   


5.02.2018 ж. күні Жамбыл медициналық колледжінде «Мейірімділі – асыл қасиет» атты апталығының ашылу салтанаты болды.  Бірінші күні студенттер өз тілектерін қорапшаға салып, қабырғадағы баннерге де ілді. Тақырыпқа сай бейнеролик  қойылып тұрды.

   

     

 


Құқық бұзушылықтың алдын алу

09.02.2018 жылы ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усеновтің ұйымдастыруымен Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның ӘЗЗҚКТ  инспекторы, полиция майоры Елена Михайловна Пискарева 1-28.02.2018ж аралығы «Құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында ұйымдастырылған «Кәмелетке толмаған қыз балалар арасында кездесетін қылмыстың және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу», «Ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің, жасанды түсік жасату»  тақырыбында «Емдеу ісі» «Мейіргер ісі» бөлімі 1 курс 101, 103, 109, 111, 114 топ студенттерінің қыздар жиналысына қатысып, «Жолда жүру ережесі», «Қоғамдағы, отбасындағы зорлық-зомбылықтың» алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

     


Ашық сабақ

07.02.2018ж. Оқытушы Т.С. Алимкулова Психология негіздері және коммуникативтік пәні бойынша, «Тұлғаның психологиялық құрылымы. Қабілеті, талабы. Темперамент» тақырыбында «Мейіргер ісі» бөлімі  208 топта  ашық сабақ өтті.


Құқық бұзушылықтың алдын алу

05.02.2018 жылы  ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усеновтің ұйымдастыруымен Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның УПИ полиция аға лейтенанты Холашов Серік Аярбекұлы  1-28.02.2018 ж аралығы «Құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында ұйымдастырылған «Кәмелетке толмаған ұл балалар арасында кездесетін қылмыстың және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбындағы ұлдар жиналысында 1 курс студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

     


Қысқы демалыс

Жамбыл облысы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы және студенттер кәсіподақ ұйымы қаржыландыруымен 2017-2018 оқу жылындағы қысқы демалыс уақытында оқу үлгерімі жақсы, белсенді студенттерді сауықтыру мақсатында Алматы қаласында орналасқан «Денсаулық» сауықтыру орталығына 23.01.-01.02.2018ж. аралығында 10 күнге Е.Қыпшақбаев, А.Сейдуалиева, А.Шернияз, С.Серикова, А.Қолдағановалар барып, өте жақсы демалып қайтты.

 

 

 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқының Жолдауының  тоғызыншы бағытында жемқорлықпен күресті және заңның үстемдігін атап өтті.
Осыған орай, Жамбыл медициналық колледжі, Елбасының халыққа жолдауының тоғызыншы бағытын ортаға сала отырып,  ағымдағы жылдың 29 қаңтар, сағат 9.00-де қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты»  атты жиналыс өткізді.
Жиналысты  Жамбыл медициналық колледжінің директоры Сарыбекова Ж.Н. ашты.

     

     

      1. Тарих пәнінің оқытушысы Шайшаева Э.С. «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы баяндама оқыды.
      2. Тарих пәнінің оқытушысы Шалғынбаева Г.О. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: жаңа шаралары» тақырыбында баяндама оқыды.

 

 

 

    1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» комиссиясының хатшысы Алибаева Ж.С. колледждегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбына байланысты атқарылған іс-шараларды атап өтті.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы бағытына арналған бірыңғай таныстыру, насихаттау жұмыстары өткізілді

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция  жағдайындағы дамудың жаңа  мүмкіндіктері  атты Жолдауының тоғызыншы бағытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі-Жолдаудың басым бағыты» атты  біріңғай таныстыру, насихаттау жұмыстары өткізіліп, студенттерге жемқорлықтың қоғамға кері әсерін беретіндігі туралы мәліметтер берілді .

       

 


Әдістемелік мектеп отырысы

«Озат тәжірибе-ортақ іс» тақырыбында жас мамандар семинары болып өтті.
Мақсаты:
Жас мамандардың педагогикалық шеберліктерін арттыру және тәжірибелі оқытушылардың сабақ өткізу әдістемесінің қыр-сырымен таныстыру мақсатында практикумдар өткізу, оқытушыларға әдістемелік көмек беру және жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу.
1.Сабақ-оқу процесін ұйымдастырудың негізгі (формасы) түрі.
Жауапты: Әдіскер Л.К.Батаева, Ж.Р.Алтынбекова, Ж.А.Токташова.
2. Cтуденттердің «Мейірбике ісі» пәндерінен өзіндік жұмыс жүргізу қабілетін дамыту жолдары. Практикум.
Жауапты: О.А.Махамбетова.
3.Фармацевтикалық пәндер бойынша оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері. Практикум.
Жауапты: Ұ.М.Ахметова.
4. Студенттердің білімін, біліктілігін, дағдыларын бағалау. Бақылау түрлері.
Жауапты: тәлімгер Д.М..оқсанбаева.
Семинарда әдіскерлер Ж.Б.Болатханова, Л.К.Батаева және тәжірибелі оқытушылар О.А.Махамбетова , Ж.Р. Алтынбекова, Ж.А. Токташова, Д.М. Тоқсанбаева өз іс тәжірибелерімен бөлісті.

   

 


«Неке тазалығы» тренинг

24.01.2018 ж. «Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді», «Неке тазалығы» тақырыптарында  дәріс, тренинг.
Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мол мейірімділікке, төзімділікке, шыдамдылыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу.
Жауаптылар: колледж психологтары:
А.Н.Оскенбаева, Т.С.Алимкулова және «Анатомия» пәнінің оқытушысы, медицина ғылымдарының магистрі: Д.Қ.Назар.

 

 

 


Әдістемелік кеңес

23.01.2018 ж. әдістемелік кеңес өтті

Күн тәртібінде:

  1. Орыс тілі және кәсіби орыс тілі пәндерінің оқытылуы мен білім сапасы.

Орыс тілін меңгеруде лингафон кабинетін қолдану сапасы.

Жауапты: Саурбаева Л.Б.,  №3 Жалпы білім беру және  жалпы ізгілендіру пәндер циклдық әдістемелік комиссия төрайымы:

  1. I-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша дифференциалды сынақтар мен емтихандардың  ұйымдастырылуы және өткізілу сапасы.

Жауапты: Шужеева Ж.Л., білім сапасын тексеру комиссиясының төрайымы,  оқу бөлімінің меңгерушісі.

  1. Оқытушылардың басылымға берген әдістемелік жұмыстары, оқытушылардың біліктілігін арттыру курстарынан өтуі  туралы.

Жауапты: Иманбекова Ж.Б., оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

4.On-line  жүйесінде Халықаралық қатысумен өткізілетін Республикалық семинар, шебер –кластар,  хирургия пәнінен ашық сабақ  өткізуді жоспарлау, қарастыру.

 


«ЖЫНЫС ЖОЛЫМЕН ЖҰҒАТЫН АУРУЛАР» ДӘРІС

18.01.2018 ж.
«Жыныс жолымен жұғатын аурулар» тақырыбында дәріс өтті.
Қонаққа ҚЕ № 5 гинекологы
М.Ж. Қалдыбай, «ЖДО» психологы
Жарқымбекова А.Т. келді.
Дәріске жауаптылар колледж психологтары
А.Н. Оскенбаева, Т.С. Алимкулова болды.

 

 

 


Кездесу

16.01.2017 ж.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында «Елбасы Жолдауы – дамудың асыл арнасы!» атты жастар ресурстық орталығының мамандарымен кездесу ұйымдастырылды.

 

 

 


ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  кезекті  Жолдауы

16.01.2018 ж. Колледждің конференц- залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» 10.01.2018 ж. жариялған Жолдауын талқылау үшін оқытушыларға арналған жиналыс өтті.

      

     

 


ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы. «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының кезектен тыс XXII конференциясына делегаттар сайлауы

16.01.2018 жылы Жамбыл медициналық колледжінде «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы  «Алау» партия ұйымының  ұйымдастырумен жиналыс өтті.
Топ жетекшісі – Сарыбекова Ж.Н.
Қатысқандар: 85 партия мүшесі.
Күн тәртібінде 2 мәселе каралды:

  1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы;
  2. «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының кезектен тыс XXII конференциясында делегаттар сайлау туралы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтардағы  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жамбыл медициналық колледж директоры Сарыбекова Ж. Н. өз пікірімен бөлісті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтардағы  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жамбыл медициналық колледжі «Тарих» пәнінің оқытушысы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Ашимова Ш.Е. өз пікірімен бөлісті және «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының кезектен тыс XXII конференциясына делегаттар сайланды.

     

     

     


ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  кезекті  Жолдауы

16.01.2018 ж. Колледждің конференц- залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» 10.01.2018 ж. жариялған Жолдауын талқылау үшін оқытушыларға арналған жиналыс өтті.

      

     


Кездесу

10.01.2018ж. Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдармалық мақаласы аясында Қазақстанның  100 жаңа есім жобасына енген полиция сержанты, көпбалалы әке Арыстанбаев Ғ.Қ. «Жаныңда жұр жақсы адам» атты кездесу кешіне 103, 110 топтар көрермен ретінде қатысты.


Құқық бұзушылықтың алдын алу

10.01.2018 жылы  Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Холашов Серік Аярбекұлы және  Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Данекеев Дидар Қабландиевич «Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет» тақырыбында 103, 108, 111 топ студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

     


Ашық есік күні

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы М.С.Жұманқұловтың қатысуымен 09.01.2018 жылы «Ашық есік күні» өткізілді. Басшы оқытушылардың, қызметкерлердің, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
     
2016-2017 оқу жылының ІІ жартыжылдығында, 2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарға сараптама жасалынып, колледж директоры Ж.Н. Сарыбекова денсаулық сақтау басқармасы басшысы М.С.Жұманқұловтың алдында қорытынды есеп берді.

      

     


Жаңа жылдарыңызбен!

 


Жаңа жылдық шырша

29.12.2017 ж. Жамбыл медициналық колледж қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық шыршасы  өтті. Бұл кешті №3 Арнайы пәндер ЦӘК төрайымы Парманова А.Т. және оқытушылар ұйымдастырды. Кеште Аяз Ата мен ақшақар балаларды билетіп, өлең айтқандарға сыйлықтар берді. Балалар шыршасы көңілді  өтті.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

24.12.2017 ж. колледж студенттеріне арналған «Балташ» мейрамханасында «Жаңа Жыл-2018» атты мерекелік кеші ұйымдастырылып, колледждің тәрбие ісі жұмысының меңгерушісі Л.К.Мейрманова жыл бойы белсенді жұмыс атқарған студенттерге: 301 топ студенті Е.Қыпшақбаев, 405 то студенті Е.Серікұлы, Е.Аксанди, 212 топ студенті С.Серикова, Д.Омарова. Ж.Оразгалиев алғыс хатпен марпаттап, студенттерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Ұйымдастырушылар: ЖІК төрайымы Д.Б.Уркимбаева және 301 топ студенті Е.Қыпшақбаев


“Фармация”  оқу-әдістемелік  бірлестігінің отырысы

22.12.2017 Ж. “Фармация” мамандығының оқу-әдістемелік бірлестігі жұмыс жоспарына сәйкес  Түркістан медициналық колледжі базасында on-line режимінде оқу-әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өткізілді. Бейнеотырысына Жамбыл медициналық колледждің фармацевтикалық пәндер оқытушылары қатысты.


“Мейіргер ісіоқуәдістемелік  бірлестігінің отырысы

21.12.2017 ж. Түркістан медициналық колледжі базасында on-line режимінде «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің жоспарлы отырысы  өткізілді.  Бейнеотырысына колледждің «Мейіргер ісі негіздері» пәндер оқытушылары қатысты.


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

20.12.2017 ж. «Қазақстан 2020: Болашаққа жол» ҚР-ың мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын іске асыру мақсатында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Атамекен» атты патриоттық ән байқауында колледждің «Мейіргер ісі» 212 топ студенті С.Серикова  жүлделі 2 орынмен, 115 топ студенті Д.Перзентбай 3 орынмен марапатталды. Жетекшісі ЖІК төрайымы Д.Б.Уркимбаева.


Онлайн тәртібінде өткен конференцияға қатысу

15.12.2017 ж. Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастырылуымен «О лекарствах для всех. Казахстанский национальный формуляр: достоверно о лекарствах» тақырыбында онлайн-конференция өткізілді. Конференцияға колледждің фармацевтикалық пәндер оқытушылары қатысты.


Құқық бұзушылықтың алдын алу  мұражайға саяхат

14.12.2017 ж.  202 топ студенттері құқық бұзушылыққа бой алдырмау, алдын алу және полиция қызметкерлерінің жұмыстарымен танысу мақсатында, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р. Усеновтың ұйымдастыруымен  Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің мұражайына департамент бастығы, полиция генерал-майоры Маткенов Тілеген Советұлының рұқсатымен барып қайтты. Мұражай директоры Зияутдинова Гульчехра Юсуповна колледж студенттеріне халық қаhарманы Ғ. Байтасовтың ерлігі туралы және т.б. көптеген мағлұматтар беріп, құқық бұзушылыққа жол  бермеу, қылмыстың түбі жаза екендігін айтып, жеткіншектерді бұзақылық жасамауға шақырды.


«Қазақстан Республикасының  дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының» басым бағыттары мен дін саласындағы заң бұзушылықтардың салдарын түсіндіру және дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатында бейнефильмдер студенттерге толық көрсетілді.


ФЛЕШ – МОБ

 13.12.2017 ж. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын іске асыру мақсатында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаеваның ұйымдастыруымен облыстық қан орталығында 109 және 113 топ студенттері жастар флешмобына қатысты.


Пәндік апталық “тәуелсіз елім-қазақстаным”

№ 1 әлеуметтік-экономикалық, жалпы  білім  беру  және  жалпы  ізгілендіру пәндері ЦƏК төрайымы Г.Н Жантохованың басшылығымен пəндік апталығы өткізілді. Апталық барысында келесі іс-шаралар жүзеге асырылды.

11.12-15.12.2017 ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне  26 жыл толуына байланысты апталық өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін насихаттауға 11.12.2017 ж. таңертең 800-де колледждің 1 қабатында оқытушылар мен студенттерге   колледж ұжымын құттықтау іс-шарасы өткізіліп,  26 жылдыққа арналған эмблема тағылды.

11.12.2017 ж. І курс топ студенттерінің арасында  «Тәуелсіз елдің патриотымын» тақырыбында эссе жазу байқау өткізілді.

11.12.2017 ж. IІ курс топ студенттерінің арасында «Тәуелсіз Елім-Қазақстаным» тақырыбында сурет байқау өткізіліп, 3 қабат холлына ілінді.

12.12.2017 ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған «Бұл палата «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы өз мақсатына жетеді деп есептейді» тақырыбында   Айдабосынова Ж.Н. пікірсайыс өткізді.

13.12.2017 ж. “Мейіргер ісі бөлімі 103 топ студенттерінің қатысуымен топ кураторы М.Ж. Жакипованың ұйымдастыруымен” Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған  «Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағатын  өткізілді.

Қазақстан Республикас Тәуелсіздігінің 26 жылдығына өткізілген іс-шаралардың қорытындысына есеп беріліп, студенттер марапатталды.


Ашық есік “Мамандығым – мақтанышым”

Б ғимаратында   кәсіптік бағдар беру жұмысын ынталандыру мақсатында  «Мамандығы- мақтанышым» тақырыбында «Ашық есік» ұйымдастырылды.  «Ашық есікке» Тараз қаласының № 42 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары, Техникалық шығаршылық орталығы оқушылары және олардың сынып жетекшілері қатысты.


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Жамбыл медициналық колледжінің І курс студенттері
Р. Гафурова мен Д. Асимованы Облыстық олимпиадаға дайындағаны үшін Д.М. Жунисова алғыс хатпен марапатталды.

 

 

 

 

2017 жылдың 1 желтоқсанында «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Ұлы тұлға – ұлт аманаты» атты жас патриоттар форумында Жамбыл медициналық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаева «Ең үздік комитет жетекшісі» номинациясын иеленіп дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

 

 

 

22.11.2017 ж. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ел мерейі – рухани жаңғыру» тақырыбында 1, 2  курс студенттері арасында колледжішілік «Шабыт» байқауының қортындысы бойынша:

«Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша:

«Бас жүлде» – Темірболат Н. 105-топ
I орын – Уәзханова А. 112-топ
II – Қасым З. 104-топ және Отар Д. 107-топ
III – Базарбай А. 102-топ, Үйсірбек А. 103-топ,  Қуантаева Қ. 107-топ
«Хореография» номинациясы бойынша:
«Бас жүлде» – Садықбай А., Кеңесбай А. 107-топ
I орын – Әбен Ж. 102-топ
II – Иванова А. 115-топ, 219 топ студенттері
III – Бостанова Ә. 108-топ, Құсайынова М. 107-топ, Әбдүжәлел А. 106-топ
«Аспапта ойнау» номинациясы бойынша:
«Бас жүлде» – Искаков Ж. 217-топ
I орын – Бисеналы Д. 104-топ
«Вокал» номинациясы бойынша:
«Бас жүлде» – Әскербек М. 107-топ
I орын – Қалжанова Ә. 216-топ
II – Сатыбалды Э. 104-топ, Перзентбай Д. 115-топ
III – Пернебек Аяулым 102-топ, Өмірзақ М. 105-топ, Заттыбек А. 113-топ
«Флешмоб» номинациясы бойынша:
«Бас жүлде» – 113-топ студенттері
I орын – 104 топ және 115-топ студенттері
II – 107 топ студенттері
III – 101 топ студенттері

     

 

20.11.2017 ж. Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру аясында  V облыстық «Студенттік бал-2017» мерекелік шарасы үлкен деңгейде өткізіліп, Уркимбаева Д.Б. «Үздік жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы-2017» номинациясын иеленсе, «Емдеу ісі» бөлімі 301 топ студенті Е.Қыпшақбаев «Жыл студенті-2017» жеңімпазы болды. Сонымен қатар «Мейіргер ісі» бөлімі 204 топ студенті Ф.Сүнәтіллә  облыс әкімі Көкрекбаевтың алғыс хатымен, «Мейірбикелік ісі» бөлімі 304 топ студенті Н.Елубай «Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен марапатталды.

     

 

14.11.2017 ж.         Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілің ЖИТС-ке қарсы күрес акциясы ұйымдастырылып, Жамбыл медициналық колледжінің 109 және 113 топ студенттері флешмобқа қатысты. Шара соңында тәрбие жұмысының меңгерушісі Л.К.Мейрманова және жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаева алғыс хатпен марапатталды.

     

 

31.10.2017 ж. облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын және «Волонтерлік қызмет туралы» Заңын іске асыру аясында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «ЭКСПО-2017- ұлы дала елінің жетістігі!» атты облыстық жастар Форумына колледждің ерікті жастары қатысып, «Емдеу ісі» бөлімі 301 топ туденті Е.Қыпшақбаев Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында волонтер ретінде облыстағы қоғамдық бағыттағы іс-шараларға белесеае қатысқаны үшін облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Мәтеннің алғыс хатымен марапатталды.

 

30.10.2017 ж. “Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі” ұйымдастырған “Спорт-сенің сенмің” атты үстел ойындарынан өткізілген жарысқа қатысып, жалпы командалық есепте жүлделі 3 орынға ие болды.

 

 

 


25.11.2017 жылы Тараз қалалық ІІБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы  полиция майоры Шакизат Шаяхметовна Юсупова., Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның ӘЗЗҚКТ  инспекторы, полиция майоры Елена Михайловна Пискарева., Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның ӘЗЗҚКТ  инспекторы, полиция капитаны Мусаева Анар Бекзатовна    сағат 09.00-де «Емдеу ісі» «Мейіргер ісі» бөлімі 1 курс 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108.,  сағат 10.30-да «Емдеу ісі» «Мейіргер ісі» бөлімі 1 курс 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115., сағат 12.00-де «Акушерлік іс», «Фармация», «Емдеу ісі», «Медбикелік іс» бөлімі 2 курс 214, 215, 216, 217, 218, 219, 220, 221 топ білімгерлерінің ата –аналар жиналысына қатысып, «Қоғамдағы, отбасындағы зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында сонымен қатар қоғамда болып жатқан құқық бұзушылықтар туралы 1 және 2 курс студенттерінің ата-аналарымен ой бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

      


21.11.2017 жылы  Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның ӘЗЗҚКТ  инспекторы, полиция майоры Е.М. Пискарева «Қоғамдағы, отбасындағы зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында 1 курс студенттерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

   


13.11.2017 жылы Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ ЮПТ  аға инспекторы, полиция майоры Кинжеханова Д.А. «Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар» және 101,103, 104, 109, 110, 113, 114, 115 топ студенттерімен кездесіп «ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 128, 132, 434, 436, 437, 438, 442 баптарымен» таныстырып, басқа елді мекеннен және қалалардан келіп оқитын студенттерге бірге тұрып жатқан аға-жеңгелеріне, әпке-жезделеріне, туыстарына сенім хат алып беру керек екендігін айтып өтті.

      


09.11.2017 жылы  «Жасөспірімдер арасындағы бұзақылық пен бопсалау» тақырыбында ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усенов пен Тараз қалалық ІІБ ЖПҚ ЮПБ аймақтық  инспектор, полиция аға лейтенанты С.А. Холашов колледж студенттерімен кездесіп, дәріс оқыды.

    

 

 


«Гериатриядағы мейіргерлік іс»  тақырыбында вебинар

31.10.2017 жылы Түркістан медициналық колледжі «Гериатрия мен палиативті көмек бойынша оқыту орталығының» жұмысын жариялау мақсатында «Гериатриядағы мейіргерлік іс» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарға колледжіміздің клиникалық пәндер оқытушылары қатысып, тәжірибе алмасты.

     

 


ІV облыстық пікірсайыс турнирі

22.10.2017 ж. Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағытында

«Bolas`aqqa bag`dar: ry`hani` jan`g`yry`»  тақырыбындағы ІV дәстүрлі «Жамбыл  медициналық колледжі директорының кубогы»  үшін облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Ұйымдастырушылар: «Жас Алаш» пікірсайыс клубының жетекшісі Айдабосынова Ж.Н., жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Уркимбаева Д.Б.,студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы: Қырықбаева Б.А.

 

 

 

 


Кәсіпорын  базаларына  саяхат

КМҚК «Жамбыл медициналық колледж» 1-2 курс студенттері «Біздің аймақтағы кәсіптер» тақырыбында кәсіпорын базаларында экскурсияда болды.

     

 


on-line режиміндегі жиналыс

2017 жылдың 17 қазанында «Қазақстанның медициналық колледждерінің одағы» ЗТБ Басқармасы ұйымдастыруымен on-line режимінде Одақ мүшелерінің жалпы жиналысы өткізілді. Жиналыста Қазақстанның  медициналық  колледждерінің  одағы»  ЗТБ Стратегиялық жоспар жобасы талқыланып, бекітілді. Конференцияға клиникалық пәндер оқытушылары қатысты.

     

 


ФЛЕШ-МОБ

17.10.2017 ж. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жастар арасында насихаттау мақсатында флеш-моб өткізілді.

 

 

 

 

 


Ғайнидың  айнасы

17.10.2017ж. Колледжіміздің 1980 жылғы түлегі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан-Тараз телеарнасының редакторы, ақын, поэзия патшайымы Ғайни Әлімбекова қонаққа келіп, «Ғайнидың айнасы» атты бағдарлама түсіру мақсатында өзінің ұшқан ұясы Жамбыл медициналық колледжінің студенттерімен кездесіп, сұрақтарына жауап беріп, «Жыр Айна» кітабын сыйға тартты.

 

 

 

 


Тазалық-саулық негізі

Қаламызды тазарту, аббатандыру және көріктендіру екі айлығы жалғасуда:

     

 

 


АКЦИЯ

17.10.2017 ж. Жамбыл медициналық колледжінде «Мен-латын әліпбиіне көшуді қолдаймын» атты акция өткізілді.

     

 


Мемлекеттік тіл – мерейім

12.10.2017 жылы «Ақментей» қоғамдық бірлестігі облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының әлеуметтік тапсырысымен, «Жамбыл облысының Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – мерейім!» атты акциясына 101 топ студенттері қатысты.

 


«Жайдарман» ойыны

29.09.2017 ж. Облыстық «Жайдарман» ойынында колледждің «Мед Жастары» командасы қатысып, келесі ойынға жолдама алды.

 


Старостат жиналысы

Жамбыл медициналық колледжінің оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Т.Андакулова 3-4 курс топтарының қатысуымен Старостат өткізді. Жиналыста старосталарға клиникаға дейінгі және клиникалық тәжірибе, өндірістік тәжірибенің өтуі жөнінде нұсқаулар берілді. Тәжірибе сабақтарды есепке алу журналын күту және тасымалдау туралы, клиникалық базаларда өзін-өзі ұстау ережелері, студенттердің сырт бейнесі, тәртібі мәселелері талқыланды.

     

 

 

 


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

05.10.2017 жылы Тараз қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл-парасат» байқауы (өзге ұлт өкілдері арасында) ІІІ курс студенті Равилова Т. ІІ-ші  орынды иеленіп, 19.10.2017 жылы Жамбыл облысының тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл-парасат» байқауында І орын алды. Жетекшілері: №2 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері оқытушылары Мадимарова А.Т., Жунисова Д.М.

 

 

 

14.09.2017 жылы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған мемлекеттік тілде эссе жазу байқауы өтті. Байқауда І курс студенті Гафурова Р. және ІІІ курс студенті Бешлиоглы С. ІІ-ші дәрежелі диплом, І курс студенттері Хасанханова Д. мен Машурина С. алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілері: №2 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері оқытушылары Мадимарова А.Т., Жунисова Д.М.

     

 

 


15 маусым- Медицина қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі 

17.06.2017 ж. №2 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен медицина күніне орай  «Медицина кәсібі – адамгершілік асылы»  атты тақырыпта салтанатты кеш өтті. Салтанатты жиынды колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова ұжымды кәсіптік мерекемен құттықтау сөзімен ашып, медицина қызметкерлері күніне байланысты  Ұлттық Медициналық Ассоцияциясы ҚР халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыройлы еңбегі үшін А.М. Мадибраимованы  Алтын Дәрігер медальімен, Білім және Ғылым министрлігі Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» белгісімен Ф.Қ.Жапарқұлованы, Облыстық денсаулық сақтау саласындағы ұзақ жылдар бойы атқарған ерен еңбегі және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны үшін Ұ.М.Ахметованы және  Ж.Р.Алты нбекованы Құрмет грамотасымен,  Болашақ мамандарға білім мен тәрбие берудегі жетістіктері және медицина саласына қосқан қомақты үлесі үшін Қ.Т.Андақұлова, А.М.Даулетов, Э.Ж.Күдебаева, Г.С.Бибосынова, М.Л.Ералиев мақтау қағаздарымен марапатталды. Салтанатты жиын соңында кәсіподақ ұйымының төрайымы Ф.Қ.Жапарқұлова медицина қызметкерлеріне кәсіподақ ұйымы атынан сый-сыяпаттарын табыс етті.

Ақ халатты абзал жандар!

Санаспайтын сағатпен түнгі төрт пе, алты ма

Ас ішпейтін тағатпен асығатын халқына.

Қуаныш нұр шашасың кім жетеді парқына

Дәрігерлер жасасын адал аппақ антына!

Ақ халатты абзал жандар жетелейтін біздерге,

Ақ халатты абзал жандар бақ сыйлайтын ізгелге,

Ақ халатты абзал жандар сенім сыйлар біздерге,

Ақ халатты абзал жандар өмір кілті сіздерде!

Ауру айтып келмейді, ауру өмір жебесі

Көңіл өмір ескегі ем бақыттың кемесі.

Алғысымыз сіздерге ақ халаттың иегесі

Денсаулығы адамның бар байлықтың төресі!

Барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілейміз!

                                                                                                                                                                      Колледж ұжымы

 

 


Жолың болсын, жас маман!

Үлкен өмірге қанат қағып барасың. Қанатың талмасын, биіктерге шырқа! Таңдаған мамандығыңның мықты маманы, кәсіпқойы бол!  Алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруіңе тілектеспіз! 29-30.06.2017 ж. күндері колледж бітірген түлектерге салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты жиынды колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова құттықтау сөзбен ашып, өзінің жылы лебізін білдірді. Барлығы 740 жас маман дипломға ие болып, оның ішінде 54 жас маманға үздік диплом табыс етілді.

 

    

 

Мемлекеттік қорытынды емтихан

  1. 06.-22.06.2017ж. аралығында мемлекеттік қорытынды емтихан өтті.

 

«Емдеу ісі» бөлімі:

401 топ 13.06.2017 ж. – тәжірибе, 19.06.2017 ж- теория МҚА төрағасы А.М.Сауруков.

402 топ 14.06.2017 ж. –тәжірибе,  20.06.2017 ж- теория МҚА төрағасы М.С.Жұманқұлов.

403 топ  13.06.2017ж. – теория, 19.06.2017- тәжірибе  МҚА төрайымы М.Д.Бокаева.

404 топ 15.06.2017ж.- тәжірибе, 21.06. 2017ж-теория МҚА төрағасы  Р.М.Сапарбеков.

405 топ  16.06.2017ж. –тәжірибе, 22.06.2017- теория МҚА төрағасы М.Ә.Бердалиев.

406 топ 14.06.2017ж. –тәжірибе, 20.06.2017- теория МҚА төрайымы В.З.Балқыбекова.

407 топ 14.06.2017ж. –тәжірибе, 20.06.2017- теория МҚА төрағасы М.Ә.Бердалиев.

408 топ 14.06.2017ж. –теория, 20.06.2017- тәжірибе МҚА төрағасы Т.Қ.Саурбаев.

413 топ 13.06.2017ж. – тәжірибе, 19.06.2017- теория МҚА төрағасы М.Р.Рабандияров.

414 топ 14.06.2017ж. –тәжірибе, 20.06.2017- теория МҚА төрағасы М.Р.Сапарбеков.

415 топ 15.06.2017ж.- тәжірибе,  21.06. 2017-теория МҚА төрағасы Р.Б.Нұржанов.

416 топ 15.06.2017ж.- тәжірибе,  21.06. 2017-теория   МҚА төрайымы  В.З.Балқыбекова.

417 топ 16.06.2017ж. – тәжірибе,  22.06.2017- теория МҚА төрағасы А.М.Сауруков.

418 топ 13.06.2017ж. – тәжірибе,  19.06.2017- теория МҚА төрағасы С.З.Бейсенбеков.

419 топ 16.06.2017ж. –теория,   22.06.2017-тәжірибе  МҚА төрағасы М.Ә.Бердалиев.

420 топ 16.06.2017ж. – тәжірибе,  22.06.2017- теория МҚА төрағасы С.З.Бейсенбеков.

421 топ 13.06.2017ж. – тәжірибе,  19.06.2017- теория МҚА төрағасы М.С.Жұманқұлов.

422 топ 15.06.2017ж.- тәжірибе,   21.06. 2017-теория МҚА төрайымы К.А.Сагингалиева.

424 топ 16.06.2017 ж.– тәжірибе, 22.06.2017- теория МҚА төрайымы М.Р.Рабандияров.

425 топ 13.06.2017ж. – теория,   19.06.2017- тәжірибе  МҚА төрағасы М.Р.Рабандияров.

426 топ 15.06.2017ж- теория,   21.06. 2017-тәжірибе  МҚА төрағасы Т.Қ.Саурбаев.

«Медбикелік іс» бөлімі:

409 топ 13.06.2017ж – тәжірибе, 19.06.2017- теория МҚА төрайымы А.Қ.Айтбаева.

410 топ топ 14.06.2017ж –теория,  20.06.2017- теория  МҚА төрайымы К.А.Сагингалиева.

411 топ15.06.2017ж- тәжірибе, 21.06. 2017-теория МҚА төрайымы Ә.Ө.Шатаева.

412 топ 16.06.2017ж – тәжірибе, 22.06.2017- теория МҚА төрайымы Ә.Ө.Шатаева.

428 топ 16.06.2017 – теория, 22.06.2017- тәжірибе  МҚА төрағасы Р.Б.Нұржанов.

423 топ14.06.2017ж –тәжірибе, 20.06.2017- теория МҚА төрайымы А.Қ.Айтбаева.

 

«Фармация» бөлімі:

429 топ  14.06.2017ж – ТЛФ теория, 19.06.2017ж- фармакалогия теория, 22.06.2017 –ОЭФ теория   МҚА төрайымы Л.О.Айткулова.

430 топ 13.06.2017 ж – ТЛФ теория, 19.06.2017-  ОЭФ теория, 22.06.2017ж – фармакалогия теория  МҚА төрайымы Ш.С.Абидова.

 

ІІ курс «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі» мамандықтары күндізгі бөлімдерінде 2017 жылдың 23.05.-15.06  аралығында «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан өткізілді. Мемлекеттік емтихан төрағалары Тараз қаласының  жоғары оқу орындарынан шақыртылды. ТарМУ оқу орнынан Е.К.Серікбаев, Д.Байдалиев және ТарМПИ оқу орнынан Б.К.Таңатаров, Б.А.Джурсунбаев төрағалық етті.

ІІ курс «Медбикелік ісі» мамандығы күндізгі бөлімінде 2017 жылдың 30.05-6.06  аралығында «Медбикелік ісі негіздері» пәнінен мемлекеттік емтихан өтті.

 

 

Педагогикалық кеңес

01.07.2017 ж. Педагогикалық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

Күн тәртібі:

  1. Күндізгі бөлім «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Фармация» мамандықтары бойынша диплом алдындағы тәжірибенің қорытындысын сараптау. Жауапты: директордың оқу-тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары Андакулова Қ.Т.
  2. Күндізгі бөлім «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Фармация» мамандықтары бойынша мемлекеттік емтиханның қорытындысын сараптау. Жауапты: бөлім меңгерушілері.
  3. Облыстық балалар ауруханасы базасында тәжірибелік сабақтардың, өндірістік оқытудың және кәсіби тәжірибенің өту жағдайы мен білім сапасы. Жауапты:  Мадимарова Б.С.
  4. 2016-2017 оқу жылындағы оқу-тәжірибе жұмысының сараптамасы және қорытындысы.

Жауапты: директордың оқу- тәжірибе  ісі жөніндегі орынбасары Андакулова Қ.Т.

5.2016-2017оқу жылындағы оқу-әдістемелік жұмысының сараптамасы және қорытындысы.

Жауапты: оқу-әдістемелік кабинет меңгерушісі Иманбекова Ж.Б.

  1. 2016-2017 оқу жылындағы орта буын медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмысының сараптамасы және қорытындысы.

Жауапты: директордың орта буын медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша директордың орынбасары  Тлеубаева М.И.

  1. 2016-2017 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының сараптамасы және қорытындысы.

Жауапты: директордың оқу-тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Л.Т.

 

 

Әдістемелік мектеп. Жас оқытушылар  мектебінің отырысы

7.06.2017ж . Тақырыбы: «Ізденген жетер мұратқа»  атты қорытынды есеп  беру семинары

1.«Ізденген жетер мұратқа»  тақырыбында оқытушылардың атқарған жұмысын талдау, қорытындылау.            Жауапты: әдіскер Батаева Л.К

2.Жас оқытушының кәсіптік қызметін бағалау.

  1. Жоғары сатыға өтетін оқытушылардың шығармашылық есебі.

Семинардың  мақсаты: Жас мамандармен жүргізілетін әдістемелік жұмысты жандандыру, кәсіптік дағдылары мен  шығармашылық  әлеуетін көтеру,  белсенділігін арттыру,  оларды қолдау және ынталандыру.

Қорытынды есеп беру семинарының өткізілу барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

І.1.Жүргізушінің  кіріспе сөзі.

І.2. Психологиялық дайындық: Логикалық сұрақтар

ІІ. Жоғары топқа өтетін оқытушылардың есебі.

2.1.  Көрме.  (Оқытушының әдістемелік жұмыстарының  көрмесі)

2.1.  Жоғары топқа өтетін  оқытушылармен  таныстыру.

ІІ.3.  Жоғары топқа өтетіндердің атқарылған жұмыстарының  есебі.

ІІІ. 1.Тренинг:  Миға шабуыл (аңыз): «Екі шелек»

ІV. 2016-2017 оқу жылында өткізілген жұмыстың қорытындысы.

  1. Әдістемелік кабинет атынан құттықтау
  2. Ән: «Ертеңіме сенемін»

Әдістемелік мектептен жоғары сатыға өтетін 7 оқытушының әдістемелік жұмыстарының көрмесі қойылды.  Жоғары сатыға өтетін оқытушы саны: 7  Олар: химия пәні оқытушысы А.С.Ташмаханбетова Алия, биология пәні оқытушысы Д.Т.Тлеугабылова, тарих пәні оқытушысы А.С.Байбосынова, мейірбике ісі негіздері пәндері оқытушылары А.Т.Парманова, Э.Ж. Кудебаева, С.Г. Бибосынова, анатомия пәні оқытушысы Д.Қ.Назар.

Жас мамандардар «Не үйрендіңіз? Не білдіңіз?  Кездескен қиындықтар, оны қалай жеңе білдіңіз? Жеткен жетістіктеріңіз. Әдістемелік мектепке тілегіңіз.» деген сұрақтар төңірегіндегі өз ойларын ортаға салды. Олар осы әдістемелік мектеп мүшесі болған уақыттағы атқарған жұмыстарының есебін берді.

Жоғары сатыға өтетін  жас мамандарымызға естелік құттықтау қағаздары тапсырылды. Жас мамандардың есеп беру отырысы  «Ертеңіне сенемін» әнімен аяқталды.

 

 Ашық  сабақтар

16.05.2017 ж. Анатомия  пәнінің оқытушысы А. А. Бопеева «Медбикелік іс»   бөлімі 209 топта  «Жүйке жүйесінің маңызы. Оның орталық және шеткі, соматикалық және вегетативті бөлімдері. Орталық жүйке жүйесі. Жұлын, топографиясы, құрылысы, қабаттары, қызметі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: студенттерге  жүйке жүйесі, орталық жүйке жүйесі және жұлын бөлімдері, құрылысын таныстырып түсіндіру; болашақ медицина қызметкерлерінің жүйке жүйесі құрылысын және қызметі туралы сауаттылығын арттыра отырып, олардың  ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту. Студенттерді  өз мамандығын сүюге, құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақ жақсы деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.

 

 

 22.05.2017ж. Анатомия  пәнінің оқытушысы Д. Қ. Назар «Емдеу ісі» бөлімі 201 топта  «Есту, дәм және иіс сезу мүшелері құрлысы » тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: студенттерге  есту, дәм және иіс сезу мүшелері құрылысын таныстырып түсіндіру;  болашақ медицина қызметкерлерінің жүйке жүйесі құрылысын және қызметі туралы сауаттылығын арттыра отырып, олардың  ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту, анатомия пәніне қызығушылығын арттыру. Студенттерді  өз мамандықтарын құрметтеуге, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Сабақ жақсы деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.

 

 

 

Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау, симуляциялық оқыту орталығында  өткізілген іс-шаралар

24.04.2017. – 08.05.2017 жылы ақылы негізде, орыс тілде  «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша «Емдік тамақтану негіздері», «Госпитальға дейінгі кезеңдегі дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек», «Медициналық ұйымдардың қызметіндегі бас (аға) мейірбикенің рөлі» атты циклдар өткізілді.

 

 

 

 

 

Тәжірибе алмасу ғылыми-практикалық конференциясы

11.05.2017 ж. Салауатты өмір салтын ұстанудың тиімді жолдарын қарастыру мақсатында  «Тараз «Болашақ» колледжінде «Халықтың денсаулығы – болашақтың кепілі» тақырыбында облыстық ғылыми – практикалық конференция өтті. Конференцияға Жамбыл медициналық  колледжінен фармацевтикалық пәндер оқытушылары Серкебаева А.К., Нурбаева Р.Т. қатысып, «Егемен елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ», «Дені сау ұрпақ болашақтың кепілі» тақырыбында ой-пікірлерін айтып, талқылап Алғыс хаттармен марапатталды. Колледжіміздің 310  топ «Мейірбике ісі» бөлімінің студенттері белсене қатысып, жас ұрпаққа салауатты өмір сүру жолдарын қалыптастыру   пікірлерімен бөлісіп,ортаға салды. Әрдайым іс-шараларда белсенділік көрсеткіні және тәжірибелік көмек көрсетіп отырғандары үшін Жамбыл медициналық колледжінің басшылығын Алғыс хатпен марапаттады

 

Қорытынды ғылыми – тәжірибелік    конференция

     08.06. 2017 жылы Үйірме жұмысы Кеңесінің төрайымы Алтынбекова Ж.Р. ұйымдастыруымен  Жамбыл

медициналық колледжінің мәжіліс залы, А корпусында «Тұрғындардың денсаулығын нығайту – мемлекеттің тұрақты

әлеуметтік-экономикалық даму факторы» тақырыбында өтетін қорытынды ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

 

Мақсаты:

  1. Студенттердің ізденушілік дағдыларын қалыптастыра

отырып, таңдаған мамандықтары бойынша білімдерін

тереңдету.

  1. Студенттердің шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту,

теориялық және тәжірибелік білімдерін бекіту.

  1. Колледж студенттерінің аналитикалық,болжамдық және

коммуникативтік  қабілеттерін дамыту.

  1. Жамбыл медициналық колледжі үйірме жұмысының

2016-2017 оқу жылында жүргізілген пәндік үйірмелердің

ғылыми – ізденушілік жұмыстарын қорытындылау.

Сараптау комиссиясысының құрамымен өтті:

Комиссия төрайымы:

  1. Қуанышбекова Л.Т.-Жамбыл медициналық колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Комиссия мүшелері:

  1. Андакулова Қ.Т.-Жамбыл медициналық колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары.
  2. Иманбекова Ж.Б.- Жамбыл медициналық колледжінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.
  3. Мадимарова Б.С..-«Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі.
  4. Қырықбаева Б.А.- Жамбыл медициналық колледжінің студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы.

 

Сараптау комиссиясының шемімен қорытынды ғылыми-тәжірибелік конференцияның төмендегі  қатысушылары  мен белсенді

үйірме жетекшілері мақтау қағаздарымен марапатталды:

1.«Үйірме жұмысын жандандыруға атсалысқаны үшін» – Чинасилова Қ.О. «Галилео» үйірмесінің жетекшісі.

  1. «Үйірме жұмысын жандандыруға атсалысқаны үшін»- Байғазиева А.Д. «Жас эколог» үйірмесінің жетекшісі.
  2. «Үйірме жұмысын жандандыруға атсалысқаны үшін»- Назар Д.Қ. «Авиценна» үйірмесінің жетекшісі.
  3. І орын- Серік Еркебұлан «Емдеу ісі» 305 топ студенті. «Жас эколог» үйірмесінің жетекшісі Байғазиева А.Д.
  4. ІІ орын- Есіркепова М. М.«Мейіргер ісі» 101топ студенті. «Ізденуші биолог» үйірмесінің жетекшісі Асильбекова Р. А.
  5. ІІІ орын- Тоғайбек Бағила «Емдеу ісі» 202топ студенті. «Авиценна» үйірмесінің жетекшісі Назар Д.Қ.
  6. «Жас ізденуші» номинациясы- Жақсыбек Әлия «Медбикелік іс» 210 топ студенті. «Галилео» үйірмесінің жетекшісі

Чинасилова  Қ.О.

  1. «Жас ғалым» номинациясы- Шымырбек Н. «Мейіргер ісі» 109 топ студенті. «Жас химик» үйірмесінің жетекшісі

Еркебаева А.Е.

  1. «Шығармашылық ынтасы үшін»- Әубәкір Ләззат «Мейіргер ісі» 229 топ студенті. «Адал жандар» үйірмесінің жетекшісі

Парманова А.Т.

  1. «Шығармашылық ынтасы үшін»- Ықласова Гүлжанат «Мейірбике ісі» 321 топ студенті. «Шипагер» үйірмесінің жетекшісі

Серкебаева А.К.

 

19.05.2017 жылы ЖМК ҚР СТ ИСО 2001-2009 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар» №kz. 3110318.07.01116 сәйкестік Сертификатын иеленді.

 

“Экология және біз”

17.05.2017 жылы Жамбыл медициналық колледжінің А корпусындағы мәжіліс залында «Жас эколог» үйірмесінің жетекшісі және үйірме мүшелерінің ұйымдастыруымен «Экология және біз» тақырыбында ашық үйірме отырысы өтті.

 

 

 

 

Балдай тәтті – балалық шақ!

01.06.2017 ж. «Жамбыл облысы әкімдігінің  жұмыспен  қамтуды үйлестіру  және әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасының «№ 4 Арналы әлеуметтік  қызметтер ұсыну орталығы»  директор  И.Е. Кожамкулова  хаты негізінде            1 маусым Балалар мерекесі күніне орай  Жамбыл  медициналық  колледж ұжымы  мүмкіндігі шектеулі балаларға  қамқорлық  көрсету  мақсатында  сыйлықтар алып, колледж  студенттері  концерттік  бағдарламамен  қуаныш сыйлап, қолдау көрсетіп,  жұдырықтай  жүректі  қуанышқа  кеңелтіп,  мейірімділік  пен шапағатқа  бөледі.

 

 

Кәсіби бағдар беру

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы , Қаракемер ауылы «Төле би атындығы орта мектебі» және Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Құмтиын ауылы «Ильич орта мектебі» оқушыларына 2017 жылдың 16-17 мамырында кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

 

Қазақстан студенттерінің альянсы

02.06.2017 ж. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды халыққа түсіндіру» тақырыбындағы акцияға «Мейіргер ісі» 105, 109 топ студенттері флешмоб ұйымдастырды. Жауапты оқытушы: Қырықбаева Б.А.

 

03.06.2017ж. Медицина  қызметкерлер күніне орай дәстүрлі түрде өтетін Денсаулық сақтау саласының ХХІІ спартакиядасының ашылу салтанатына колледж студенттері қатысты. Жауапты: Д.Б.Уркимбаева

 

Байқаулар

  «Хирургия» пәнінің оқытушысы А.М. Дәулетов  студенттер  арасында «Жалпы хирургия, анестезиология және реанимация» пәнінен  «Десмургия» кәсіби сайысын өткізді. Сайысқа қатысқан студенттер:  «Емдеу ісі» мамандығы  Садықбекова С. (301топ), Мырзабекова А. (302топ), Белхожаева А. (303топ), Сегізбай Д. (304топ), Қасымбекова А.(320топ), Әсілбек Ғ. (324топ).  Сайыстың мақсаты: ересектер мен балаларға дәрігерге дейінгі білікті шұғыл медициналық көмек көрсету; әртүрлі зақымданулар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсілдерін меңгере білу; өмірге қауіп төндіретін және шұғыл жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсете білу;     студенттердің өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру; жауапкершілікке, ұқыптылыққа баулу; студенттерді өз ісіне тиянақты, ұқыпты және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;  студенттердің теориялық білімдерін клиникалық тәжірибеде қолдана білуге және клиникалық ойлау қабілетін , зерделілік қасиеттерін жетілдіру. Әділ қазылар шешімі бойынша 324 топ студенті Әсілбек Ғ. гран при иеленді. Сайысты қорытындылау сөзі және жүлдегерлерді марапаттау рәсімі әділ қазылар алқасының төрайымы Жамбыл медициналық колледжінің директоры Ж.Н.Сарыбекова берілді. Сайыс жақсы деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.

 

Мектепке жол акциясы

2017 жылдың 21 сәуірінде №47 орта мектебінің оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.  Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы , Қаракемер ауылы «Төле би атындығы орта мектебі»  және Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Құмтиын ауылы «Ильич орта мектебі» оқушыларына 2017 жылдың 16-17 мамырында кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

 

Құттықтаймыз !

«Халықтың денсаулығы – болашақтың кепілі» атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, белсенділік танытқаны үшін «Жамбыл медициналық колледжі» КМҚК Алғыс хатпен  марапатталды.

 

«Be Clever» Халықаралық дамыту орталығының «Қазақстан тарихы» пәнінен өткізген І Халықаралық арақашықтықтағы олимпиядаға қатысып, 223 топтың студенті Б.Тұрар және жетекшісі Ш.Е.Әшімова І дәрежелі Дипломымен марапатталды.

 

«Be Clever» Халықаралық дамыту орталығының «Қазақстан тарихы» пәнінен өткізген І Халықаралық арақашықтықтағы олимпиядаға қатысып, 2  курс  студенті Ұ.Шілдебаева және жетекшісі Г.О. Шалғынбаева І дәрежелі Дипломымен марапатталды.

 

«Be Clever» Халықаралық дамыту орталығының «Қазақстан тарихы» пәнінен өткізген І Халықаралық арақашықтықтағы олимпиядаға қатысып,  210 топтың студенті А.Жақсылық және жетекшісі Шайшаева Э.С. ІI дәрежелі Дипломымен марапатталды.

 

«Кәсібіңе бас ием! »

15.06.2016 ж . №1 Қалалық  ауруханада Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының медициналық қызметкерлердің кәсіби мерекесіне арналған «Кәсібіңе бас ием! »  атты қалалық салтанатты марапаттау рәсіміне Жамбыл медициналық колледжінің белсенді білімгерлері концерттік бағдарламаға қатысты.

 

 

 

 “Біз темекіге қарсымыз!” атты айлық

Колледжде 31-мамырда атап өтілетін Дүниежүзілік темекімен күрес күніне арналған айлық өтті. Осыған байланысты көптеген іс-шаралар өткізілді. Медициналық мамандардың қатысуымен темекі мен темекі түтінінің ағзаға зияны туралы кездесу өтті. Кездесу барысында мамандар шылымның адам ағзасына зиянын айтып, бүгінде темекіге қарсы заң болмағанымен, шектеулер бар екенін айтып өтті. Мәселен, қоғамдық орындарда шылым шегуге және темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салынған. Сонымен қатар шылымқорлықтың  салдарын түсіндіру мақсатында «Мы против курения» атты колледжішілік тәрбие сағаты өткізіліп, 1-2 курс студенттер арасында сауалнама жүргізілді. Студенттерді темекіден бас тартуға арналған стенд ұйымдастырылды.   Аталған шаралардың мақсаты – денсаулыққа темекінің зиянды әсері туралы студенттерді ақпараттандыруды арттыру; оларды темекі шекпеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулықтарына және заңдарды орындауға жауапкершілігін арттыруға жұмылдыру. Бұл айлық №1 жалпы білім беру және жалпы гуманитарлық пәндер оқытушылары және ЦӘК төрайымы К.Ж.Байбосынованың  ұйымдастыруымен өткізілді.

 

 

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен!

01.05.2017 ж. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Көне Тараз» мәдени орталығында  колледж студенттері  шешен және әзірбайжан ұлтының көрмесін көрсетіп, өнерін насихаттап, ас мәзірлерін жасады. Облыс әкімі  К.Н. Көкрекбаев мерекеде көрмені тамашалап, би билеп, жылы лебізін білдірді.

 

 

 

 

7 мамыр Отан қорғаушылар күні

Құрметті Жамбыл медициналық колледжінің ер-азаматтары, Сіздерді  7 мамыр – Отан қорғаушы күні мейрамымен құттықтаймыз! Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне ардақты ер азаматтарымыздың өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтып, баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын дегіміз келеді.! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Аспанымыз әрқашанда ашық болсын!   №1 Жалпы білім беру және жаратылыстану пәндері ЦӘК ұйымдастыруымен «Ерлер – жердің қорғаны, ел тұтқасы» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараны колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова мерекемен шын жүректен құттықтау сөздерімен ашты. Сонымен қатар колледж ұжымына кәсіподақ төрайымы Ф.Қ.Жапарқұлова шығармашылық табыстар  тілей отырып, сыйлықтар табыстады. Іс-шарада әсем  ән  шырқалып, би биленді. Колледж ұжымы көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

 

9 мамыр Жеңіс күні

09.05.2017 ж. Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай «Мәңгілік алау» мемориалында гүл шоқтарын қою рәсіміне және «Қаһарман Ұлт – Бессмертный полк» атты шеруге колледждің директоры Ж.Н.Сарыбекова бастаған колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

  

 

 

 

 

 

Әдістемелік кеңес

26.04.2017 ж. әдістемелік кеңес өткізілді.

Күн тәртібінде:

  1. Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша тәжірибе сабағында студенттердің жұмыс орнын жарақтандыру.

(Жауапты: Дүйсембаева Ұ.Е.).

  1. №1, №2, №3, №4 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері циклдық әдістемелік комиссиялар жұмысының ұйымдастырылуы.

(Жауапты: Тұрсынбаева Р.К.).

  1. Колледждің психологиялық қызметі жұмысының талдауы.

(Жауапты: Үсенов Р.Б.)

 

  Ашық тәрбие сағаттары

28.04.2017ж. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлік мерекесіне арналған қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағытының «Бірлігіміз жарасқан, Тәуелсіз ел Қазақстан!» тақырыбында колледж ішілік ашық тәрбие сағатын «Мейіргер ісі» бөлімінің 105 тобы, кураторы А.С.Ташмаханбетова өткізді. Мақсаты: қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге, өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын және  басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін сыйлаға  тәрбиелеу. Тәрбие сағаты жақсы деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.

 

 

 

05.05.2017 ж. 9 мамыр Жеңістің 72 жылдығына арналған қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағытының  «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында колледж ішілік ашық тәрбие сағатын «Емдеу ісі» мамандығының  «Акушер» біліктілігі 322 тобы, кураторы О.А.Махамбетова өткізді. Мақсаты: Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, студенттерді жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың  тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу. Тәрбие сағаты жақсы деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.

 

 

 

Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау, симуляциялық оқыту орталығында  өткізілген іс-шаралар

10.04.2017. – 22.04.2017 жылы ақылы негізде, орыс тілде  «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша  «Наркологиядағы мейірбике ісі», «Дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсетудің жалпы мейірбикелік технологиялары» атты циклдар өткізілді.

21.04.2017 ж. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының негізінде   «Массажист» біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту  ұйымдастырылды.

17.04.2017ж. Біздің кітапханамызда «Интернет орнына кітап» атты біркүндік акция өтті. Кітапханашылар көрме ұйымдастырып, оқытушылар мен студенттерге библиографиялық шолу өткізді. Акцияның мақсаты:

  1. Кітаптарды насихаттау.
  2. Рухани дамуға үгіттеу.
  3. Ұлы ақын, жазушылардың еңбектерін дәріптеу.

 

Облыстық  “Үздік аға медбике – 2017” байқауы

  04.05.2017 ж. Халықаралық мейірбике күніне арналған орта медициналық білімі бар мамандар арасында өткізілетін «Үздік аға медбике – 2017» атты облыстық байқаудың ІІ туры өткізілді. Байқаудың ІІ туры 3 кезеңнен құралған. 1 кезең – сайыскердің шығармашылық потенциялын бағалау. 2 кезең үш тапсырмадан құралған: 1. Парентеральды инъекция техникасы: бұлшық етке, көк тамырға инъекция енгізу және көк тамырға жүйемен инфузия жасау; 2. Сыртқы қан кетуді тоқтату, жараны алғашқы өңдеуді жүргізу; 3.  Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу.  Әділқазылар шешімі бойынша «Үздік  аға медбике – 2017» кәсіби байқауының жеңімпаздары анықталды. І орынды «№2 Қалалық ауруханасы» реанимация бөлімінің аға медбикесі  У.С.Иманкулова,  ІІ орынды  «Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің» аға мейіргері М.М.Миразизов, ІІІ орынды  «Қордай аудандық орталық ауруханасы» балалар бөлімінің аға медбикесі А.О. Куанышбекова  және «Қалалық перинаталдық орталық» жүкті әйелдер патологиясы бөлімінің аға акушері  Н.К.Дауталиева иеленді. Жеңімпаздар  дипломдармен  марапатталды. Сонымен қатар әділқазылар 2 тур қорытындысы бойынша кәсіби байқау  номинацияларын  тағайындады.  «Мамандыққа адалдығы» номинациясын  «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» қабылдау бөлімінің аға медбикесі   А.Н.Рсалиева, «Ең үздік тәжірибелік дағдылары үшін» номинациясын  «Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы» терапия бөлімінің аға медбикесі  А.С.Ошақбаева,  «Ең үздік коммуникация дағдылары үшін» номинациясын «Талас аудандық орталық ауруханасы» ота бөлімінің аға медбикесі  П.П. Ширявская , «Ең үздік менеджер» номинациясын  «Жуалы аудандық орталық ауруханасы» терапия бөлімінің аға медбикесі А.Б.Жұмамұрат  жеңіп алып, сертификаттарға ие болды.

 

 

 

  Құттықтаймыз!

6.04.2017 ж. Омбы қаласында өткен Халықаралық  «Чемпионат профессионального мастерства  «Территория неотложной помощи» байқауының ІІ-ші кезеңіне Ресейдің медициналық колледждері,  ҚР-ның бес мемлекеттік медициналық колледждері қатысты.  Халықаралық байқауға Жамбыл медициналық колледж  студенттерінің белсенді қатысқаны үшін директор Ж.Н.Сарыбекова Алғыс хатпен  марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

6.04.2017 ж. Омбы қаласында өткен Халықаралық  «Чемпионат профессионального мастерства  «Территория неотложной помощи» байқауында 407 топтың студенті М. Забидова «Проведение транспортной иммобилизации» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды және  байқау қорытындысы бойынша ІІ-ші жүлделі орынға ие болып, Мақтау қағазымен марапатталды, халықаралық Сертификатқа ие болды. Жетекшісі «Балалар аурулары» пәнінің  оқытушысы  Р.О.Жантасоваға  және колледждің ақпараттық технологиялар орталығының меңгерушісі А.Е. Исмаиловаға халықаралық Сертификаттар тапсырылды.

 

 

 

 

 

7.04.2017ж. Шымкент қаласындағы Шымкент медициналық колледжінің базасында  өткен  «Үздік фармацевт – 2017» атты Республикалық кәсіби   байқауында   430 топтың  студенті М. Шитова I жүлделі орынды жеңіп алып, Мақтау қағазымен марапатталды.

 

 

 

 

 

14.04. 2017  ж.  Астана қаласының Астана жоғарғы медициналық колледжі базасында  өткен «Қазақстан Республикасы медициналық колледждерінің «Медбикелік іс» мамандығы бойынша  2017 жылғы үздік түлегі» Республикалық кәсіби байқауында Гран-при иегері 411 топтың студенті А. Сарсенова  жүлделі III орынды иеленіп, Дипломмен марапатталды.

 

 

 

 

 

13.04.2017 ж. «АСЫЛ АРМАН» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» ҚБ және Облыстық әкімдігі жастар саясаты мәселелері  басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің ұйымдастыруымен өткен  облыстық «ИНАБАТТЫ АРУ – 2017» байқауына  «Мейіргер ісі» бөлімінің 113 топ студенті Ж. Бақтияр мен 110 топ студенті  Ж. Көпжасар қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

 

 

 

 

 

14.04.2017 ж. Астана қаласында өткен «ҚР медициналық колледжінің «Медбикелік іс» мамандығы бойынша 2017 жылғы үздік түлегі» атты республикалық байқауына қосқан үлестері үшін  С.Г.Бибосынова және Э.Ж.Кудебаева Алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

22.04.2017 ж. «Баласағұн» ОКЗ-да  облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Тараз Аруы – 2017» байқауында 10 үміткерден өнерімен, білімділігімен, парасаттылығымен алға шыққан Жамбыл медициналық колледжінің 316 топ студенті  А. Орынбасар жүлделі II орынмен марапатталып, «Вице Мисс Тараз» атағына ие болды.

 

 

 

 

 

 

19.04.2017 ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының  50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ана тілі аруы және Жігіттің сұлтаны -2017» байқауында «Мейіргер ісі» бөлімінің 109 топ студенті А.Қуат мен «Емдеу ісі» бөлімінің 201 топ студенті Е.Қыпшақбаев ІІІ жүлделі орынды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

 

 

ZIAT ғылыми-әдістемелік орталығында «Білім берудегі жаңа инновациялық технологиялар» атты ІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік сырттай конференциясына қатысып, мақала жариялағандары үшін Г.А.Молдакулова cертификатқа ие болды.

 

ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне арналған ХІІІ-ші облыстық байқауында «Сапта жүріп ән орындап» жүлделі ІІ орынға ие болып, Мақтау қағазымен марапатталды.

 

 

24.04.2017 ж. Тараз – Арена спорт сарайында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Жамбыл облысындағы техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің студенттері арасында «Жастар – терроризм мен экстремизмге қарсы» деген ұранымен спартакиада (қалалық іріктеу кезеңі) өтті. Аталмыш жарыста спорттың 6 түрінен (кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, асық ату, армрестлинг, жеңіл атлетика) спортшылар сынға түсті. Жарыстың қорытындысы бойынша Жамбыл медициналық колледжі кіші футболдан – І орын, үстел теннисінен 307 топ студенті Рақымбай Манас – ІІ орын, асық атуда – 108 топ студенті Нышан М. – ІІ орын, армрестлингтен  – 221 топ студенті Белоносова С. – ІІ орын, жеңіл атлетикадан – 211 топ студенті Даримбетова О. ІІІ орын иеленді. Жалпы командалық есепте ЖМК құрама командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды.

 

 

“Тәрбие – білім негізі”

26.04.2017ж. Чернобыль атом электро станциясындағы апаттың жойылғанына 31 жыл толуына  орай «Жеңіс» саябағында Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысушылар мен қару -жарақтан зардап шеккендердің  ескерткішіне  гүл шоқтарын қою рәсіміне  колледж студенттері қатысты.

 

 

 

 

03.04.2017ж.  Студенттер кәсіподақ ұйымының мушелері  Халық қаһарманы   Ғ.Байтасовтың туылған күніне орай, батырды еске ала отырып, оның ескерткішіне гүл шоқтарын  қойды.

 

 

 

 

21.04.2017 ж. Жамбыл медициналық колледжінің оқытушыларына Тараз қаласындағы діни экстремизмнің алдын алу және болдырмауға бағытталған  №1 мобильдік тобының мүшелері Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Ж. Өзбекалиев,  Жастар ресурстық орталығының дін проблемаларын талдау секторы Б.Алтынбек және Тараз қалалық мәслихаты аппаратының бас маманы Д.Инкарбекова  ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

    «Қазақстан студенттерінің  Альянсы»

19.04.2017 ж. Жамбыл облысы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» Республикалық жоба ісі аясында, колледждің белсенді білімгерлері қайырымдылық акциясына қатысты.

 

 

 

13.04.2017 ж. «Қазақстан студенттер Альянсы» РСҚ-ның 12 жылдығына арналған мерекелік іс-шарада Жамбыл медициналық колледжінің «Альянс» бөлімшесі «Үздік бөлімше» номинациясын иеленді.

 

 

 

 

01.04.2017 ж. «Бәйтерек» мөлтек ауданы, облыстық балалар ауруханасы маңында ұйымдастырылған сенбілікке колледждің жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы  Д.Б.Уркимбаева және колледждің студенттері белсене қатысты.

 

 

 

 

27.04.2017 ж. Колледждің «Альянс» ұйымының белсенді мүшелерінің ұйымдастыруымен Ақтөбе, Ақмола және Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін қайырымдылық акциясын өткізді.

 

 

 

 

30.04.2017 ж. «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастырыуымен «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы болған студентіміз Еркебұлан Жапаш мен Нұрғиса Арнұрұлына арналаған футбол турнирі өткізілді. Колледждің студенттері кәсіподақ ұйымына қаржылай демеу көрсетті.Бұл іс-шараға колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова, директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Қуанышбекова, Студенттер кеңесінің төрағасы Е.Т.Жанұзақ, «Денешынықтыру» пәнінің оқытушысы және «ЖМК» футбол командасының жаттықтырушысы А.М.Ниязкулов  қатысты. Аталған турнирде 16 командадан суырылып алға шыққан «ЖМК» футбол командасы жеңіске жетті. Команданы облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы У.Б.Болатбек арнайы кубокпен, медальмен және қаржылай сыйлықтармен марапаттап құттықтады.

 

 

18.03.2017 ж. Тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Б.Усенов, студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.А.Қырықбаева және жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаеваның ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсаңында «Наурызым – мерекем, Наурзым – құт берекем» атты фестиваліне халықтар достастығы ассамблеясынан, Жамбыл облысы жастар орталығынан қонақтар және колледждің ардагер ұстаздары шақырылып, іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.

 

 

19.03.2017 ж. «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі» қарсаңында колледждегі жетім, ата-анасының қамқорлығынан айрылған және мүмкіндігі шектеулі студенттерге колледж студенттер кәсіподақ ұйымы тарапынан қайрымдылық көмек көрсетілді. Ақшалай сыйлықты колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова табыстады.

 

 

 

  22.03.2017 ж.   «22 Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні» мерекесінде орталық «Достық» алаңында №3 арнайы пәндер ЦӘК мүшелерінің қатысуымен қазақ халқының «Беташар» рәсімі көрсетіліп және коллеждің белсенді студенттері өз өнерлерін ортаға салды. Жамбыл облысы әкімі К.Н.Көкрекбаев  және  Жамбыл облысы әкімдігінің «Денсаулық сақтау басқармасы» басшысы Т.Ш.Әбілдаев   концерттік бағдарламасын тамашалап,  колледж ұжымын  мерекемен құттықтады.

 

 

 

 

Колледж оқытушыларының аттестациясы

  20.02.2017 ж. 2016-2017 оқу жылында 18 оқытушысы аттесттаудан өтуге өтініш берді. Оның ішінде: 7 оқытушы – жоғары санатқа, 3оқытушы – І санатқа, 9 оқытушы – ІІ санатқа.  Аттестаттау комиссиясына жоғарғы санатқа өтініш берген 7 оқытушы озық педагогикалық тәжірибе жұмысын жинақтап, қорыту және тарату мақсатында  Б.С.Мадимарова   “Клиникалық пәндер сабағында инновациялық – техникалық оқу құралдарын қолдана отырып оқытудың белсенді түрлерін көрсету”,

Л.К.Мейірманова  “Игровая технология как одна из форм интерактивного обучения и развития речи на уроках русского  языка”,

Ә.М.Ниязқұлов “Студенттердің денсаулығын нығайтуда сабақтан тыс спорт секцияларының  атқаратын рөлі”,

Р.А. Асилбекова  “Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып, білім сапасын  арттыру”шығармашылық есеп берді.

29.03.2017 ж. Аттестаттау комиссиясының төрайымы Ж.Н.Сарыбекова – колледж директоры.

Аттестаттау комиссиясы төрайымының орынбасары Л.Т.Қуанышбекова – директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары.

Комиссия мүшелері: С.Р.Касенова  – «ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ ЖОФ төрайымы.

Р.Б.Нуржанов – Жамбыл облысы Тараз қаласының № 1 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері.

К.Т.Андакулова – директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары.

Ж.Е.Бекбатырова– Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары.

Б.К.Жарқынбеков– ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамантінің басшысы ҚР Ұлттық медициналық Палатасының ЖО филиалы директоры.

Ж.Ж.Бапанов – ЖО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы.

Г.Қ.Сарыбаева хатшы.

 

    Педагогикалық кеңес өтті

    30.03.2017 ж. Педагогикалық кеңестің үшінші отырысы өткізілді.   Күн тәртібінде:

  1. 2016-2017 оқу жылының І-жарты жылдығының қорытындысы. Қуанышбекова Л.Т.

2.«Мейірбике ісі» мамандығы  «Жалпы практикадағы мейірбике» біліктілігі бойынша кешкі бөлім студенттерінің кәсіптік практикадан өтуі туралы есебі.  Андакулова Қ.Т.

  1. Кешкі бөлім «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтиханның қорытындысын сараптау. Тургумбекова С.С.
  2. «Саясаттану», «Әлеуметтану», «Философия» және «Құқық негіздері» пәндерінің оқытылуы мен білім сапасы. Сағындықова Б.А.
  3. Кураторлардың діни эстремизмнің алдын алу мақсатында жүргізген тәрбие жұмыстарының сапасы мен ұйымдастырылуы. Қалымбетова Ж.Б.

 

Әдістемелік мектеп. Жас оқытушылар  мектебінің отырысы

«Терең білім – маман    біліктілігінің кепілі » тақырыбында семинар

І. Жас мамандардың  оқытушылық  қабілетін анықтау  мақсатында тәлімгердің  жас маман сабағына қатынасуы, сабағын талдауы.Сабақтың талдауы  мен өзіндік талдау жасау бойынша колледж әдіскері Л.К.Батаева баяндама жасады.Психолог А.Н.Өскенбаева «Лабиринт» атты тренинг өткізді.  1.1.«Сабақтың өзіндік талдауы-оқытушының кәсіптік шеберлігін қалыптастыру шарттарының бірі» тақырыбында практикум  өткізілді. Жас маман  Д.Т.Тлеуғабылова өз сабағына өзіндік талдау жасады, осы сабақты тәлімгер Б.А.Сағындықова  талдады.

ІІ.«Менің кәсіби өсуімдегі тәлімгер көмегі» жас мамандардың пікірі тыңдалып, ой  бөлісті.

ІІІ.«Оқытушы портфолиосы. Портфолио мазмұны. Портфолио презентациясы.» тақырыбында информатика пәнінің оқытушысы, тәлімгер  А.К.Қудайбергенова өз тәжірибесімен бөлісті.

ІV.«Менің сүйікті ұстазым»  тәлімгердің іс-тәжірибесінен. «Для успешного решения задач повышения активности и качества учебного процесса   необходим   постоянный творческий поиск методов и приемов, активизирующих  познавательную деятельность студентов в  проведении самостоятельной работы на практических занятиях» тақырыбында тәжірибелі оқытушы М.Т.Райымбаева өз іс тәжірибесімен бөлісті.  Семинар қызықты, үйренері көп іс-шара болды.

 

 

Ашық сабақ

17.03.2017 ж. Фармакология негіздері пәнінен «Мейірбике ісі» бөлімі,  327 топта «Ас қорыту мүшелері қызметіне әсер ететін дәрілер» тақырыбында Р.Т. Нұрбаева ЦӘКішілік ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: студенттерге ас қорыту мүшелері қызметіне әсер ететін дәрілер туралы жалпы түсінік беру, олардың әсері, қолданылуы туралы айта отырып, берілген препараттардың рецептте жазылуын үйрету. Студенттердің есте сақтау, ойлау, жүйелеу, қорытындылау қабілеттерін дамыту.  Білім деңгейін, сабаққа деген ынтасын арттыру. Болашақ медицина қызметкерлерінің қазіргі заманға сай клиникалық ойлау  қабілетін  қалыптастыру. Сабақ өз мақсатына жетті және қабылданды.

 

 

Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау , симуляциялық оқыту орталығында  өткізілген іс-шаралар

 20.02.2017. – 04.03.2017 ж. ақылы негізде, орыс тілде «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша  «Дәрі егу кабинетіндегі мейірбике қызметінің өзекті аспектілері», «Емдік массаж», «Хирургиялық ауруларды және зақымдануды оперативтік емдеудің мейірбикелік технологиялары»атты циклдар өткізілді

 

 

 

06.03.2017. – 20.03.2017жылы ақылы негізде, орыс тілде «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша «Білім беру жүйесі мейірбикесінің жұмысы», «Жалпы тәжірибелік дәрігердің мейірбике  жұмысы» атты циклдар өткізілді.

 

 

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмысы

Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері: директордың өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары К.Т.Андакулова, оқытушылар У.Е.Дуйсембаева, И.Ш. Сапарова Тұрар Рысқұлов, «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі А.М.Мадибраимова  және оқытушылар Ж.А.Тоқташева , А.К.Баетова  Қордай, «Медбике ісі» бөлімінің меңгерушісі Ж.Б.Мырзағұлова , оқытушы О.А.Махамбетова  Мойынқұм және «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі Ф.Қ.Жапарқұлова , оқытушы М.Т.Раимбаева  Меркі аудандық орталық ауруханасында  орта буынды медициналық қызметкерлеріне арасында дәріс оқыды.

 

 

   № 40 мектеп – гимназиясының 9 сынып оқушылары Жамбыл медициналық колледжінің Б ғимаратына келіп танысып,  оларға кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

 

  Жамбыл медициналық колледжі оқытушылары Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің 9 – 11 сынып оқушыларына  кәсіптік бағдар беру мақсатында үгіт – насихат жұмыстарын жүргізді және шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік – класс көрсетті.

 

 

 

Байқаулар

09.03.2017жылы  «Фармация» мамандығы 4 курс студенттері арасында «Үздік фармацевт» колледжішілік байқауының ІІ кезеңі өткізілді. ІІ кезеңге іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 8 студент (429 топтан  Әліпбекова А., Саметдинова З.,  430 топтан Шитова М.,  Ахметова Ш., Шамсудинова Н., Исмаилова Д., Шамсутдинова Р., Усейн Т.) қатысты.  II кезең  5 турдан құралған.   I кезең – «Фармакогнозия» , II кезең – «Фармакология» , III кезең – «Дәрілік заттар технологиясы», IV кезең – «Фармацевтикалық химия» , V кезең – «Маркетинг және менеджмент негіздерімен фармацияны ұйымдастыру және оның экономикасы». Әділқазылар шешімі бойынша, жеңімпаздар анықталды:     Гран-при иегері 429 топ студенті А.Әліпбекова,  І орын иегері 430 топ студенті М. Шитова,  ІІ орын иегері 430 топ студенті Ш.Ахметова, ІІІ орын иегері  430 топ студенті Н.Шамсудинова.   Барлық сайыскерлер мадақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды.Гран-при иегері 429 топ студенті А.Әліпбекова 2017  жылдың 7 сәуір күні Шымкент қаласында өтетін  «Үздік фармацевт – 2017» атты Республикалық байқауға жолдама алды.

 

10.03.2017 жылы  «Мейірбике ісі» бөлімі 4 курс студенттері арасында «Үздік медбике»  колледжішілік  байқауының  II  кезеңі  өтті.  II кезеңге  іріктеу  кезеңінен  сүрінбей өткен  7 студент (409 топтан Ахмедияева Б., 410 топтан Әбдімақын Ж., 411 топтан Сарсенова А., Мұхтар Н.,  412 топтан Бекмаханбет Д.,  423 топтан Арқұл К.,  428 топтан Сайлаубай  Г.) қатысты.   II кезең   IV турдан  құралған.   1 тур – «Таныстыру”,  2 тур – «Блиц-турнир», 3 тур – «Клиникалық жағдайларды шешу»,4 тур – «Шұғыл жағдайларда көмек көрсету».  Әділқазылар шешімі бойынша, жеңімпаздар анықталды:     Гран-при иегері 411 топ студенті А.Сарсенова,  І  орын  иегері 410 топ студенті Ж.Әбдімақын,  ІІ орын иегері 411 топ студенті Н.Мұхтар, ІІІ орын иегері  409 топ студенті Б.Ахмедияева.  Барлық сайыскерлер мадақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды. Гран-при иегері 411 топтың студенті Сарсенова Альфия 2017  жылдың 14 сәуір күні Астана қаласында өтетін  «Үздік медбике – 2017» атты Республикалық байқауға жолдама алды.

 

11.03.2017 жылы «Емдеу ісі» бөлімінің  «Фельдшер» мамандығының  4 курс студенттері арасында «Аумақтағы жедел жәрдем»  колледжішілік байқауының ІІ кезеңі өткізілді. ІІ кезеңге іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 6 студент (Забидова М. 407 топ, Рапикова Н. 408 топ, Идрисова А., Якшимуратова К. 419 топ,  Абилкасым А., Сельцова А. 421 топ) қатысты. Байқаудың  ІІ кезеңі 4 турдан  құралған.  I тур – «Үй тапсырмасы»,  II тур – «Медициналық  биатлон»,  IІІ тур –  «Көліктік иммобилизация», ІV тур – «Практикалық дағдыларын дамыту бойынша жүрек-өкпе реанимациясын бағалау».   Барлық сайыскерлер мадақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды.   Гран-при иегері 421 топ студенті Абилкасым Айдана,  І орын иегері 407 топ студенті Забидова Малика,  ІІ орын иегері Идрисова Александра 2017  жылдың 15 наурыз  күні Омбы медициналық колледжінде өтетін халықаралық  «Чемпионат профессионального мастерства  «Территория неотложной помощи» байқауының І-ші турына онлайн жүйесінде өткен тестілеуге қатысты. Тестілеу қорытындысы: Абилкасым А. – 87 балл, Забидова М. – 92 балл, Идрисова А. – 92 балл. ІІ кезеңі Омбы қаласында 6 сәуірде өтеді.

 

 

Құттықтаймыз!

        ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының аясында өткізілген «Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – шығармашыл жастар: жарқын болашаққа айқын бағытпен» тақырыбындағы облыстық конференцияға қатысып, І орынға ие болған 107 топ студенті Қуат Аружан Қуатқызы, ғылыми жетекшісі: А.А.Буксукбаева Дипломмен марапатталды.

 

 

 

 

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының аясында өткізілген «Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – шығармашыл жастар: жарқын болашаққа айқын бағытпен» тақырыбындағы облыстық конференцияға қатысып, І орынға ие болған Н.Елубай және А.Н. Оскенбаева Дипломмен марапатталды.

 

 

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының аясында өткізілген «Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – шығармашыл жастар: жарқын болашаққа айқын бағытпен» тақырыбындағы облыстық конференцияға қатысып өзекті мәселелерді шешудегі ізденушілік шеберлігі үшін және шығармашылық қабылетін ерекше танытқаны үшін  М.Әбдімүтәліп және  жетекшісі Ш.Т.Маманова Дипломмен марапатталды.

 

«Интернет байқауы» Халықаралық білім беру жобасының ІІ Халықаралық арақашықтықтағы «Новые горизонты» атты балалар, оқушылар мен студенттердің арасында өткен байқауда «Моя будущая профессия»тақырыбындағы жұмысы үшін 101 топ «Мейіргер ісі» бөлімінің студенті М.Есіркепова және жетекшісі Ж.Б.Иманбекова Дипломмен марапатталды.

 

«Интернет байқауы» Халықаралық білім беру жобасының ІІ Халықаралық арақашықтықтағы «Новые горизонты» атты балалар, оқушылар мен студенттердің арасында өткен байқауда «Мейірімді жанұя» тақырыбындағы жұмысы үшін 303 топ «Емдеу ісі» бөлімінің студенті Б.Назарбекова және жетекшісі А.А Буксукбаева Дипломмен марапатталды.

 

«Интернет байқауы» Халықаралық білім беру жобасының ІІ Халықаралық арақашықтықтағы «Новые горизонты» атты балалар, оқушылар мен студенттердің арасында өткен байқауда «Ғаламтордың торына түскен жастар» тақырыбындағы жұмысы үшін 110 топ «Мейіргер ісі» бөлімінің студенті М.Темешова және жетекшісі А.Н. Өскенбаева  Дипломмен марапатталды.

 

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Көкшетау жоғары  медициналық колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Үш тіл білу –  заман талабы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға қосқан үлесі үшін Б.А.Қырықбаева Алғыс хатпен  марапатталды.

 

ZIAT ғылыми-әдістемелік орталығында «Өнегелі ұстаз» қашықтықтан өткен V Республикалық педагогикалық сайысында Ж.С.Алибаева, Л.К.Мейрманова, Б.А.Қырықбаева  І орын иеленіп, Дипломмен марапатталды.

 

ZIAT ғылыми-әдістемелік орталығында «Білім берудегі жаңа инновациялық технологиялар» атты ІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік сырттай конференциясына қатысып, мақала жариялағандары үшін А.О.Бейсенбаева, Л.К.Мейрманова Сертификатқа ие болды.

 

“Тәрбие – білім негізі”

Бүкіләлемдік өрмек  – интернетке байланысты студенттердің  білімдерін нығайту, тиянақтау;  студенттердің интернет арқылы жаман әрекеттерге, ойындарға еліктемей тек жақсы жақтарын пайдаға асыруына итермелеу мақсатында

03.02.2017 ж  курс студенттері арасында «Интернет қауіпсіздігі» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқаудың жеңімпаздары: І орын  – 104 топ, ІІ орын  – 108 топ, ІІІ орын  – 107, 105 топтар.

 

 

04.03.2017 жылы Колледж инспекторы, № 1 мобильді топтың мүшесі, Тараз қалалық ІІБ ЖПҚ аға инспекторы, полиция майоры Б.А. Альмухамедов «Қауіпсіз интернет» және «Бопсалаудың алдын алу және болдырмау» тақырыптарында студенттермен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

 

14.03.2017 ж. Наркобекет комиссиясының төрайымы – А.С. Ташмаханбетова және Салауатты өмір салты комиссиясының төрайымы– Д.Т. Тлеуғабылованың ұйымдастыруымен ІІ курс 229 топ пен ІІІ курс 311 топтардың қатысуымен №5 Жастар орталығынан А.Т.Жаршимбекова және Қалдыбаевамен «Нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу», «Темекі тәннің жарасы», «Ерте жүктілік» тақырыптарында кездесу өтті.

 

 

 

17.03.2017 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті бөлім басшысы, №1 мобильді топтың мүшесі Г.Е. Келдибаеваның ұйымдастыруымен «Астана» көпсалалы колледжінде өткен «Отбасылық тәрбиенің қоғамдағы маңызы: мәселелер, көзқарастар, болашағы» тақырыбындағы облыстық семинарға ДТҚБАЖ меңгерушісі Р.Б. Усенов, колледж психологы А.Н. Оскенбаева және әлеуметтік педагог А.А. Буксукбаева қатысып, тәжірибе алмасып келді.

 

«Қазақстан студенттерінің   Альянсы»

19.03.2017 ж. № 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі қарияларға, Ұлыстың Ұлы күні мерекесі қарсаңында «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты концерттік бағдарламаға  студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Қырықбаева Б.А. және жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаеваның ұйымдастыруымен  колледждің белсенді студенттері қатысып, мерекелік жақсы көңіл күй сыйлап, үлкендердің баталарын алды.

 

 

 

28.03.2017ж. Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында «НАУРЫЗ-ДУМАН» атты мерекелік іс-шараға қаламыздың жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары қатысып,  колледжіміздің белсенді жастары «Бастаңғы» салт-дәстүрді жақсы деңгейде көрсетіп жүлделі II орынмен марапатталып, плазмалы теледидар ұтып алды. Мерекелік іс-шара үлкен деңгейде өтіп, жастарға ұлттық ойындар ойнатылып, іс-шара соңында Наурыз көже берілді.

 

06.03 – 07.03.2017 ж. Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаеваның ұйымдастыруымен облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Әлеуметтік желілерде жастармен жұмыс жүргізудің жаңаша мүмкіндіктері» және «Өзін-өзі басқару дағдылары» тақырыптарында облыстық оқыту семинарына колледждің белсенді 20 студенті қатысып сертификаттармен марапатталды.

 

04.03.2017 ж. Тараз студенттер Альянсыны ұйымдастыруымен облыстық «Анаға тағзым» атты мерекелік іс-шараға колледждің белсенді студенттер қатысып,  өз өнерлерімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

 

02.03.2017 ж. «Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме!» атты акцияның «Біз өмірді сүйеміз» тақырыбында колледждің 102-топ және 109-топ студенттерінің орындауында жастар флеш-мобы ұйымдастырылды.

 

10.03.2017 ж. Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жайдарлы» жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігі облыстық КВН лигасының «Маусымашар – 2017» ойынында колледждің «Мед Жастары» жайдарман тобы қатысып келесі ойынға жолдама алды. Студенттер кәсіподақ ұйымы қаржылай демеушілік жасады.

 

01.03.2017 ж. «Алғыс айту» күніне орай Тараз қаласы «Достық» үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының үйымдастыруымен өткізілген мерекелік шарасында Жамбыл медициналық колледжінің студенттері, ерікті жастары белсенділік көрсетті.

 

 

 

– Наурыз халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

                        Әйел – сенің ақылшың

 

 

 

 

Сенікі ме, менікі ме сонау гүл,

Арман үшін жүрміз жазып алау жыр.

Жат біреуге бақыт болып туатын,

Әйелдерді еркелеткен жөн-ау бір.

 

Әйел – сенің аспазың да күтушің,

Әйел барда биіксің де бүтінсің.

Әйел барда жалынсың – сен, отсың – сен,

Әйел жоқта бықсыған сен түтінсің.

 

Әйел – сенің ақылшың да, айбарың,

Ол барында естімейсің қайғы әнін.

Әйел – сенің күзетшің де, сақшың да,

Әйел – сенің мерекең де, мейрамың.

 

Әйел сені, сен әйелді сүйгенсің,

Сен әйелден, әйел сенен сый көрсін.

Өз елінің ұлы болам деген жұрт,

Әйелдерге құл болуды үйренсін.

 

Әйел, әйел – арман әні, жол әні,

Дүниенің кешкі қоңыр самалы,

Әйел сені құл қып алмай алдымен,

Құдай құлып көтермейді жоғары.

 

Сыйла әйелді, жоғарыдан бер орын,

Көтер оның мерейі мен беделін.

Өз қызыңды сыйлағаның ол сенің,

Өз анаңды мәңгі құрметтегені

Құрметті Жамбыл медициналық колледжінің ханымдары , Сіздерді  8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен ыстық ықыласпен құттықтаймыз! Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз және ұлағатты ұстаздарымыздың  өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп, әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді. Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!    №4 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндер ЦӘК ұйымдастыруымен «Қыздар-ай» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараны колледж ардагері С.Қ.Қоңырова және директоры Ж.Н.Сарыбекова барша әйелдер қауымын мерекемен шын жүректен құттықтау сөздерімен ашты. Сонымен қатар колледж ұжымын А.М.Арынғазина және Т.В.Рудяк мерекемен құттықтап, шығармашылық табыстар  тіледі. Іс-шарада әсем  ән  шырқалып, би биленді. Колледж ұжымы көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

 

“Мейірбике ісі” бөлімі (кешкі бөлім) түлектеріне диплом беру рәсімі

“Мейірбике ісі” бөлімі (кешкі бөлім)  бітіруші түлектерге «Жолың болсын, жас маман!» атты салтанатты диплом тапсыру рәсімі өткізілді. Салтанатты  кеште  колледж  директоры Ж.Н.Сарыбекова және директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Қуанышбекова, кешкі бөлім меңгерушісі С.С.Тұрғымбекова бітіруші түлектерге болашақта сапалы маман болуға және үлкен жетістіктерге жетуге тілек білдірді.

 

 

 

   Ашық сабақтар

11.02.2017 ж. Балалар ауруы пәнінің оқытушысы Р.У. Джантасова «Емдеу ісі» бөлімі 420 топта  «Менингококты инфекция. Вирустық гепатит А, В, С, Д, Е. Иммунизация» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: менингококты  және вирустық гепатит инфекцияларының этиологиясын, патогенезын, диагностикасын, ем шараларын, олардың алдын алу түсінігін студенттерге жеткізу. Студенттерді  өз мамандығын сүюге, құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақ жақсы деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.

 

21.02.2017ж. Қазақ әдебиеті пәнінен «Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбы бойынша Әбденқұлова Б.Л. «Мейіргер ісі» бөлімі, 108 топ студенттерімен ашық сабақ өткізді. Сабақтың  мақсаты:  қазақтың көрнекті ақыны Қ.Аманжоловтың  суреттеген көркем образдарының, шығармаларының идеялық мазмұнын, оның көзқарасын ұғыну. Студенттердің танымдық, білімділік деңгейін көтеру, ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, өз ойларын қорытып, тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, Қасым поэзиясы арқылы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа, қаһармандылыққа тәрбиелеу.  Сабақ мақсатына жетті және жақсы деңгейде өтті.

 

 

 

21.02.2017 ж.    «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» тақырыбында 21 ақпан – халықаралық ана тілі күніне арналған «Мейіргер ісі» бөлімі, 107 топпен ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Д. Б. Баяхмет ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: студенттердің ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру, достыққа, ынтымақтастыққа, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу,  өз ана тіліміздің қазіргі жағдайы туралы айту, ана тілімізді           қастерлеуге, ата-бабамыздан қалған құндылық ретінде құрметтеуге үйрету. Ана тілі туралы, өлең, тақпақ, нақыл сөздер айту арқылы студенттердің сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту, ой-өрісін кеңейту. Ашық тәрбие сағаты өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.

 

22 .02.2017 ж.  Химия пәнінің оқытушысы  А.С. Ташмаханбетова «Мейіргер ісі» бөлімі,  110 топ студенттерімен  «Алкандар, гомологтық қатары, құрылысы, изомерленуі» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Сабақтың  мақсаты: Алкандардың  физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуын сипаттай білуге және оның химиялық қасиеттері туралы ақпарат беру арқылы білімдерін қалыптастыру, жүйелеп тереңдету. Алкандардың  химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру. Студенттердің білім – білік дағдыларын жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Студенттердің сабаққа деген ынтасын арттыра отырып, олардың есте сақтау, жүйелеу, қорытындылау, өзіндік жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.

 

03.03.2017 ж. «Үздік фармацевт – 2017» және “Үздік медбике – 2017 ” және  “Үздік фельдшер – 2017”  колледжішілік байқауының I туры  колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары К.Т.Андакулова, әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Б.Иманбекова және колледж әдіскері Л.К.Батаеваның қатысуымен өтті. Байқауға қатысушылардың арасында жеребе тастау арқылы олардың қатысу кезегі анықталды. Колледждің әкімшілік мүшелері қатысушы студенттерге сәттілік тіледі.

 

 

2017 жылғы ақпан айының 21-24 аралығында МКҚК «Туркістан медицина колледжінде» «Мейіргер ісі» бойынша тәжірибелік сабақтардың салмағын арттыру, оқу процесіне заманауи технологиялар мен менторлық  қызметті енгізу және озық тәжірибе алмасу мақсатында On-line тәсілімен бірқатар ашық сабақтар өтті. Жамбыл медициналық колледжінің клиникалық пәндер оқытушылары және 4 курс студенттері ашық сабақтарды On-line тәсілімен көріп тамашалады.

 

 

ҚР  «Тіл туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы нысаналы индикатор мен нәтижелі көрсеткіштерді орындау мақсатында және Орталықтың бекітілген жарғысы негізінде  Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының  директоры  Ж.А.Ізтұяқ бір жағынан, Сұраныс беруші колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова екінші жағынан, шартқа отырды. Осының негізінде колледждің 15 оқытушысымен ағылшын тілін үйрету мақсатында Орталықтың мұғалімі  Б.С.Тулеуова аптасына 2 рет  сабақ өткізеді.

 

20.02.2017 ж. 21 ақпан халықаралық ана  тілі күні мерекесіне  арналған «Ана тілі – мемлекет тірегі» атты Тіл фестивалі қалалық мәдениет үйінде өтті. Жамбыл медициналық колледж атынан  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Д.Е.Жусупованың жетекшілігімен “Емдеу ісі” бөлімі 408, 419, 213 топтары  және “Фармация” бөлімінің 230, 231 топ  студенттері қатысып, бас жүлдені иеленіп қайтты

 

 

 

Психологиялық апталық

  Колледждің белсенді студенттері және волонтерлар «Біз жемқорлыққа қарсымыз!», «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыптарында үгіт насихат жүргізді.Акция барысында оқытушыларға, студенттерге таратпа қағаздар таратылды. Акция «Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде» семинар – тренингімен  жалғасын тапты.

 

 

 

«Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде» тақырыбында семинар – тренингке ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс – қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы  Е.Е.Әмірбеков және «Жастар Денсаулық Орталығының» әлеуметтік қызметкері Д.Б.Итқұлова, «Жастар Денсаулық Орталығының» психологы А.Т.Жарқымбекова, қалалық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы А.А.Кадралиев қатысты.

 

 

14.02.2017ж. колледж психологтары А.Н.Оскенбаева, Н.Е.Мұхамодиева және әлеуметтік педагог А.А.Буксукбаеваның ұйымдастыруымен, барлық колледж студенттерінің қатысуымен «Сенім. Болашақ.Өмір» атты акция өтті. Акцияның  мақсаты:  өмірде өзіне сенімді болуға, өзін табуға, алдына мақсат қоя  білуіне, болашаққа  жарқын  көзбен  қарауға, өз  өмірін  аса  қымбат  сыйлық  ретінде  бағалауға  үйрету! барлық іс-шараларға студенттер мен оқытушылар қатысты, тілектермен  ұсыныстарын жазды. Әр жазылған сұрақтар мен тілектер, ұсыныстар сарапталып, колледж студенттеріне жауап берілді.

 

 

17.02.2017ж. Колледж психолог Н.Е.Мұхамодиеваның ұйымдастыруымен «Біз  салауатты  өмір  салтын  қалаймыз»  тренингі өтті.Тренингтің  мақсаты студенттерді  салауатты  өмір  салтымен  таныстыру, өз  өмірі, өзінің  денсаулығы қымбат  құндылық екені  туралы  ой  тудыру, жаман  әдеттердің  адамның  денсаулығына  келтіретін  кері  әсері  туралы айтып түсіндіру.

 

 

 

23.02.2017ж.  Хирургия пәнінің оқытушысы және салауатты өмір салтын қалыптастыру комиссиясының мүшесі М.Л. Ералиев    Жасөспірім қыздардың адамгершілік – жыныстық тәрбие мәселелері бойынша ақпараттандырылуы зерделеу мақсатында сауалнама жүргізді.

 

 

 

«Балауса» қыздар клубының ұйымдастыруымен студенттер арасында адамгершілік және тәрбиені күшейту және жасөспірім қыздар арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыптары бойынша семинар өткізілді. Семинарға «ЖДО» психологы А.Т. Жарқымбаева және «Анатомия» пәнінің оқытушысы Д.Қ.Назар өз үлестерін қосты. Колледж психологтары, әлеуметтік педагог, салауатты өмір салтын қалыптастыру комиссиясының төрайымы және колледждің  белсенді  студенттерімен бірігіп, «Салауатты өмір салтын қолдаймыз!»  ұранымен  студенттерге  үгіт насхат жүргізді, таратпа қағаздар таратты және түсіндірді. «Анатомия» пәнінің оқытушысы  Д.Қ.Назар колледж студенттеріне осы тақырып бойынша дәріс оқып, бейнероликтер көрсетті.

 

24.02.2017ж. «Жастар арасында ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында мамандармен кездесу өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру комиссиясының төрайымы Д.Т.Тлеуғабылова  мамандармен кездесу өткізді. Кездесу  ЖОСӨСҚМО гинекологы: Ш.Ш. Кенжина, ЖОСӨСҚМО валеологы Б.Б.Сарыбаеваның қатысуымен өтті.

 

 

03.02.2017ж.    Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Қасенова Светлана Рахметбаевна біздің кітапханамызға 72 дана медициналық және көркем әдебиет кітаптарын сыйға тарту етті. Кітапханашылар көрме ұйымдастырып, оқытушылар мен студенттерге библиографиялық шолу өткізді.  Жамбыл медициналық колледж кітапханасында 2 электронды оқу залы, абонемент бар. Электронды каталогта электронды кітаптар, электронды дәрістер жинағы, тестілік тапсырмалар жинағы бар. Жалпы кітап қоры 102312 дананы құрайды. Қазақ тілінде 50262 дана, оқулықтар 89483 дана, әдістемелік оқулықтар 6831 дана, көркем әдебиет 4876 дана, электрондық оқулықтар 1122 дана.  Кітапханада кітап мәртебесін көтерумен қатар кітапхана қорын жаңа ғылыми басылымдармен, республикалық және жергілікті газет-журналдармен толықтырып отырылады,  және келіп түскен баспасөз басылымдарын насихаттауда  ай сайын шолу өткізіліп отырылады.  Электронды оқу залында компьютерлердің барлығы  ғаламтор   жүйесіне қосылған. Ғаламтор жүйесін студенттер мен оқытушылардың еркін пайдалануына және олардың әлемдік білім деңгейіне инновациялық жолдармен даму мүмкіндіктеріне жағдай жасау, жаңашылдандыру бағыттарына интеграциялау ЖМК-ның алға қойған негізгі бағыттарының бірі болып саналады.

Хабарландыру!

      Жамбыл медициналық колледжі мүліктік кешен ретінде, 10 жыл мерзімге кейіннен сатып алу құқығымен, «Даримет» медициналық орталығы» ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілгендігін және аталған серіктестікпен 2017 жылдың 10 ақпанында сенімгерлік басқаруға берілгенін хабарлаймыз.

 

Құттықтаймыз!

31.12.2016ж. Жамбыл медициналық колледжінің директоры  Ж.Н.Сарыбекова және директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Қуанышбекова «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта даярлау №130 Куәлікке ие болды.

08.11.2016ж. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Қуанышбекова Жамбыл политехникалық колледжінде директорлардың орынбасарларын оқытатын семинарда «Акредиттеу және Рейтингтің Тәуелсіз Агенттігі» сарапшының маманданымы туралы Куәлік иеленді.

Республикалық    «ZIAT» ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастырумен  «Менің болашақ  мамандығым» атты қашықтықтан өткізілген студенттер арасындағы Республикалық сайысында «Мамандыққа алғашқы қадам» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болған Нұрланқызы Гүлдана және жетекшілері М.И.Тлеубаева, Б.А.Сағындықова дипломдармен марапатталды.

 

Директордың оқу өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары К.Т.Андакулова Алматы қаласында өткен  «Подготовка экспертов для институциональной и специализированной аккредитации медицинских оргпнизаций образования» семинар – тренингке қатысып, сертификатқа ие болды.

Республикалық    «ZIAT» ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастырумен  «Моя будущая профессия» атты қашықтықтан өткізілген  студенттер арасындағы Республикалық  сайысында  ІІ орынға ие болған  А.Тюмин және жетекшісі   К.Ж.Байбосынова  дипломдармен  марапатталды.

 

 

 

Республикалық    «ZIAT» ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастырумен  «Менің болашақ  мамандығым» атты қашықтықтан өткізілген студенттер арасындағы Республикалық сайысында «Мамандыққа алғашқы қадам» номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болған А.М.Абдреимова және жетекшісі Л.К.Батаева дипломдармен марапатталды.

 

 

 

Шебер класстар, акциялар, тренингтер

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру (алғашқы медициналық көмек көрсету) мақсатында Жамбыл медициналық колледжінің клиникалық пәндер оқытушылары  2017 жылдың 24 ақпанында шебер – класс өткізді.

 

 

 

Жамбыл медициналық колледжі оқытушылары Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің 9 – 11 сынып оқушыларына  кәсіптік бағдар беру мақсатында үгіт – насихат жұмыстарын жүргізді және шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік – класс көрсетті.

 

 

 

Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушылары Жамбыл медициналық колледжінің Б ғимаратына келіп, танысты.Оларға   кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

 «Қазақстан студенттерінің  Альянсы»

10.02.2017 ж. «Қазақстан студенттерінің  Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысысының  колледж бойынша белсенді   мүшелерінің  ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік интернет қауіпсіздігі» атты іс-шараға Жамбыл облысы бойынша Альянс көшбасшысы А.Ж. Муратбаев қатысты. Студенттер өздерін мазалап жүрген сұрақтарды қойып, тыңғылықты жауап алды.

 

 

17.02.2017 ж. Жастар ресурстық орталығының және жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаеваның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуін насихаттау мақсатында жастар флешмобы өткізілді.

 

 

 

12.02.2017ж. Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуін насихаттау мақстаында Жамбыл медициналық колледжінде «Конституциялық реформаларды ілгерілету бағдарламасын қолдау» атты жастар флешмобы ұйымдастырылды. Іс-шараны  директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Қуанышбекова ашты.  Сонымен қатар іс-шараға  БАҚ  өкілдері қатысты.

 

 

 

«Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Дін және қоғам» тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық талдау және түсіндіру бөлімінің инспекторы Ж.Өзбекәлиев және «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ақпараттық дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі А.Кадралиев қатысып, іс-шара соңында  материалдар таратып  сауалнамалар алды.

 

 

21.02.2017 ж. «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтар күні «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында кең көлемде насихаттау және түсіндіру мақсатында  № 42 орта мектебінде «Елбасы Жолдауы-ел дамуының асыл арнасы» атты кездесуге Жамбыл медициналық колледжінің 201 топ студенті Е.Қыпшақбаев оқушылармен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.

 

 

21.02.2017 ж. «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтар күні «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында кең көлемде насихаттау және түсіндіру мақсатында  № 42 орта мектебінде «Елбасы Жолдауы-ел дамуының асыл арнасы» атты кездесуге Жамбыл медициналық колледжінің 201 топ студенті Е.Қыпшақбаев оқушылармен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.

 

 

11.02-12.02.2017 ж.Астана қаласында Н.Ә.Назарбаев университетінің қабырғасында «Номад» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының 100-жылдығына орай «Көшпенділер көкжиегі» атты республикалық турнирге Жамбыл облысы бойынша 201 топ студенті Е.Қыпшақбаев қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Студенттік кәсіподақ ұйымы қаржылай демеу көрсетті.

 

 

02.02.2017 ж. 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың Алау Эстафетасын ұйымдастыру мен өткізуге қосқан ерекше үлесі үшін Жамбыл медициналық колледжінің 201 топ Е.Қыпшақбаев, 217 топ Ә.Мұхат, 227 топ А.Ерланқызы Алғыс сертификаттармен марапатталды.

 

 

 

17.02.2017 ж. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтар күні «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында кең көлемде насихаттау және түсіндіру    мақсатында    Тараз      қалалық  филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның координаторы Ә.Әлменованың қатысуымен колледж студенттерімен кездесу өткізілді.

 

 

 

28.02.2017 ж.  «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне орай «Қазақ халқына мың алғыс!» атты кездесуге колледждің 101, 102, 109, 108 топ студенттерімен Тараз  қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Е.Ж.Төлендиев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ақпараттық-дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі А.А.Кадралиев және «Ақ сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Е.Есіркепов қатысып, мерекемен құттықтады.

 

 

“Тәрбие – білім негізі ”

23.02.2017 жылы А.С .Ташмаханбетова– Наркобекет комиссиясының төрайымы  Д.Т.Тлеуғабылова – СӨС төрайымының ұйымдастыруымен 1 курс 105,107, 104 топ студенттерінің «Нашақорлықтың, уытқұмарлықтың алдын алу» тақырыбы бойынша  ЖОНД  Кулназаровамен,  «Нашақорлық және ӘҚБҚ 442 бабы бойынша және жол ережесін сақтау» тақырыбы бойынша ІІ Б ЖПҚ аға УПИ полиция майоры Альмухамедовпен,  «Есірткі менің таңдауым емес» тақырыбы бойынша  Жастар ресурстық ортылығы  Г. Еркебековамен кездесу өтті.

 

 

22.02.2017жылы  А.С Ташмаханбетова – Наркобекет комиссиясының төрайымы, Д.Т.Тлеуғабылова  – СӨС төрайымы ұйымдастыруымен,  2 курс 217, 2016 231 топ студенттерінің  ГП №5 Жастар орталығынан А.Т. Жаршимбековамен «Нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу», «Зиянды әдеттер» тақырыптарында кездесу өтті.

 

 

 

07.02.2017жылыДТҚБАЖ меңгерушісі Р.Б. Усенов пен Тараз қалалық ІІБ ЖПҚ аға инспекторы, полиция майоры Б.А. Альмухамедов облыстық прокуратураның 2016 жылғы 19 қазандағы № 2-07070-16-13651 хатына және облыстық білім беру басқармасының 2016 жылғы 24 қазандағы № 01-3856 хатына сәйкес білім беру мекемелерінде қымбат бағалы смартфондар мен айфондар алып келмеу мақсатында рейд жасап, түсіндірме жұмыстар жүргізді.

 

 

 

24.02.2017жылы  «Өз болашағың өз қолыңда» тақырыбы бойынша  Жастар ресурстық орталығы Г.Байтанаева,  «Темекінің зияны. Нашақорлық –  ғасыр дерті» тақырыбы бойынша ЖОСӨСҚМО М.О.Кейкиева, «Ішімдіктің зияны» тақырыбы бойынша  ЖОСӨСҚМО М.О.Тулепбергенованың қатысуымен  семинар өтті.

 

 

 

10.02.2017 жылы № 1 мобильді топқа қарасты ЖПК базасында Облыстық «Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстық істердің картасы» атты бірлескен семинар-кеңес өтті. Кеңесте ҚР Бас прокуратурасының Жамбыл облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті басқармасының басшысы Т.Т. Нұрұнбетов, облыс прокурорының аға көмекшісі Е.Т. Қуанышев және Облыстық ІІД ЖПҚ-ның ЮПБ бастығы Қ.Ж. Қалжановтар ойларын ортаға салды.

 

 

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама / Памятка населению по предотвращению террористических актов

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте  домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық-жабықтығын тексеріңіздер.

Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқылысыздар.

Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.

Қолайсыз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.

Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.

Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер,      бұл – өмірлеріңізге өте қауіпті.

Жарылғыш құрылғылар туралы балаларыңызға айтып отырыңыздар.

Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.

 

Тәрбие – білім негізі

2017 жылдың 17 қаңтар күні құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қалта ұрлығына жол бермейік!» акциясы аясында колледж директорының тәрбие, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р.Б. Усенов пен Тараз қалалық ІІБ ЖПҚ аға инспекторы, полиция майоры Б.А. Альмухамедов колледж студенттерінің ұялы телефондарының IMEI кодтарын тексеріп, бірқатар жұмыстар атқарды.

 

 

16.12.2016 жылы Тәуелсіздік мерекесіне байланысты колледж оқытушылары Қ.Рысқұлбеков саябағындағы ескерткішке  гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

 

 

 

12.01.2017жылы  Колледж оқытушылары мен студенттері қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың туылғанына 105 жыл толуына орай ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

 

 

 

26.01.2017 ж. Жамбыл медициналық колледжінің құқық бұзушылықты алдын алу комиссиясының мүшелері колледж студенттеріне бағалы смартфондар, айфондар, ұялы телефондарды оқу орнына алып келуге болмайтыны  туралы  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

 

 

21.12.2016 ж. Тараз студенттері Альянсының ұйымдастыруымен «Алтын дауыс-2016» байқауының кастингі өткізіліп, Колледжімізден  А.Орынбасар  , С.Серикова, С.Түменбек, Н.Қыдыралиева А.Сейдуалиева  қатысып, 2 үміткер: А.Орынбасар және С.Серикова  жолдама алып, 29.12.2016 ж. «Алтын дауыс-2016» ән байқауында III орынды А.Орынбасар  иеленсе, алғыс хатпен С.Серикова  марапатталды.

 

 

21.12.2016 ж. «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысының Жамбыл медициналық колледжінің белсенділерінің ұйымдастыруымен «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты Тараз қаласының көшелерінде акция өткізілді.

 

 

 

28.01.2016 ж. XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының алау жағу рәсімі Тараз қаласында Көне Тараз археологиялық мәдени орталығында бастауын алды. Алауды облыс әкімі К.Н.Көкірекбаев жақты. «Алау эстафетасы» шарасына Жамбыл медициналық колледжінің оқытушылары мен  ерікті жастары қатысып тарихи шараға өз үлестерін қосты.

 

 

 

25.12.2016 ж. Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы және «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысының Жамбыл медициналық колледжінің көшбасшысы Е.Қыпшақбаевтың  ұйымдастыруымен «Алтын шатыр» мейрамханасында «Қош келдің жаңа жыл!» атты студенттік балмаскарадты ашылу салтанатын Жамбыл медициналық колледжінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Қуанышбекова студенттерді жаңа жылмен құттықтады.

 

 

22.01.2016 ж. Шу жайдарман лигасының ұйымдастыруымен өткен «Маусымашар-2017» фестивалінің қорытындысы бойынша «Мед жастары» командасы 1/2 ширек финалға жолдама алды. Студенттер кәсіподақ ұйымы қаржылай демеушілік жасады.

 

 

 

27.01.2017 ж.  Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жас Отан» Жастар қанатының III съезінде «Жас Отан- ҚР аумағындағы барлық ЖОО және ОАОО оқу орындарында жұмыс жасауы қажет!» тапсырмасына сәйкес, «Жас Отан» Жастар қанатының жұмысын жандандыру мақсатында Жамбыл медициналық колледжінде бөлімше ашу және бөлімше жетекшілерін сайлау бағытында  Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Б.Далабаев студенттермен кездесу өткізіп, колледждің бөлімше жетекшісін 201 -топ студенті Е.Қыпшақбаевты тағайындады.

 

 

Құттықтаймыз!

2017 жылдың қаңтар айының 30, 31 және 1ақпан күндері №154 Қазақ – түрік есеп экономикалық колледжінде өткен кіші футболдан 1999-2000 жылы туылған колледж студенттері арасындағы облыстық  турнирге колледжіміздің футбол құрама командасы III орын иеленіп келді.

 

 

 

Жаңа жылдық шырша

27.12.2016 ж.   Жамбыл медициналық колледжінде рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы «Ертегілер елі» тақырыбында №2 ЦӘК жалпы білім беру және жаратылыстану бағытындағы пән оқытушылары жаңа-жылдық іс-шара өткізді.     Мақсаты: Балаларға жылдың төрт мезгілі, Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беріп, балалардың тақпақты мәнерлеп оқуы, әнмен биді нақышына келтіріп орындау қабілеттерін арттыру және әсемдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау. Жаңа жылдық мерекеден балалар ерекше әсер алып, көңілденіп тарқасты. Мерекелік іс-шара өз мақсатына жетті.

 

 

Қысқы спартакиада

18.01.2017ж.  Жалпы білім беру және ізгілендіру пәндер ЦӘК мүшелері және колледждің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Қ.Р Алматы қаласында өтетін XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадасын қолдау мақсатында Жамбыл медициналық колледжінің оқытушылары және қызыметкерлері арасында  «Қысқы спартакиада» өтті.

Жарыстың мақсаты мен міндеттері:

1.Қ. Р. Президенті Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген міндеттерді қолдау және жүзеге асыру.

2.Елімізде өтіп жатқан ауқымды спорттық іс-шараларды қолдау.

3.Еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.

4.Колледж оқытушылары және қызыметкерлерінің спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Жарыста Жапарқұлова Ф.Қ «Емдеу ісі» бөлімі, «Жүз жасайық» командасы бас жүлдеге ие болды. Мырзағұлова Ж.Б. «Мейірбике ісі» бөлімі, «Қыран» командасы және Мадибраимова А.М «Емдеу ісі» бөлімі, «Сұңқар» командасы ІІ орын иеленді.  Қалымбетова Ж.Б. «Мейіргер ісі» бөлімі, «Барыс» командасы және Мадимарова Б.С. «Емдеу ісі» бөлімі, «Сұңғат» командасы ІІІ-орын иеленді.

 

Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау , симуляциялық оқыту орталығындағы іс-шаралар

16.01.2017.-28.01.2017 жылы ақылы негізде, орыс тілде  «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша  «Дәрі егу кабинетіндегі мейірбике қызметінің өзекті аспектілері», «Психиатриядағы мейірбике ісі» атты циклдар өткізілді.

 

 

 

2017 жылдың 6 қаңтарында симуляциялық ортылықтың тренер – оқытушылары клиникалық пәндер оқытушыларына симуляциялық орталықтың станцияларында дәріс беріп тәжірибелік мастер- класс өткізді.

 

 

 

2017 жылдың 10 қаңтарында Кокшетау жоғары медициналық колледжінің online режиміндегі «Компетентностный подход в обучении специалистов сестринского дела на примере проведения симуляционной сессии «Алгоритм оказания помощи при анафилактическом шоке» тақырыбындағы мастер-класс өтті.

 

 

 

29.12.2016ж. Директордың оқу -өндірістік орынбасары Қ.Т Андақұлова , «Жүректен жүреке » еріктілер тобының жетекшісі Ж.А Тоқташева, мейірбике ісі пәні оқытушысы О.А Махамбетованың қатысуымен психо–неврологиялық балалар  интернат үйінде жаңа жыл қарсаңында қайырымдылық акциясын және концерттік бағдарлама өтті.

 

 

 

Қ.Р Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру (алғашқы медициналық көмек көрсету) мақсатында Жамбыл медициналық колледжінің клиникалық пәндер оқытушылары  2016 жылдың  26 -27 желтоқсанында практикалық сабақтарын жүргізді.

 

 

 

 

229 топ студенттері  мейірбике ісі пәнінінің оқытушысы Махамбетова О.А. басқаруымен Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында Жаңа жылды қарсы алу мерекесін өткізуге атсалысты.

 

 

 

 30.01.2017 ж.  ҚР  Президенті Н.А.Назарбаевтан билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу  мәселелері жөніндегі 2017 жылдың  25 қаңтар күнгі үндеуін талқылау мақсатында мәжіліс залында өндірістік жиналыс өтті. Жауапты: №1 әлеуметтік-экономикалық, жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері циклдық-әдістемелік комиссиясы оқытушылары.

 

 

 

Қазақстан тарихы пәнінен Мемлекеттік емтихан

«Мейірбике ісі» кешкі бөлімнің 3 курс 31, 32, 33 топтары  Қазақстан тарихы пәнінен Мемлекеттік емтихан тапсырды. Емтихан тест түрінде алынып, «Мейірбике ісі» кешкі бөлім меңгерушісі С.С. Турғымбекованың қадағалауымен өтті. Емтихан алушылар: 31 топ – тарих пәнінің оқытушысы М.К.Жакипова, 32 топ – тарих пәнінің оқытушысы А.К.Данебаева, 33 топ – тарих пәнінің  Ш.Е.Ашимова. Емтихан нәтижелері: 31 топтың (кураторы А.М. Надиров) оқу сапасы : 96,2%; оқу үлгерімі: 100%;   орта балы: 4%.

32 топтың (куроторы Ж.Ж.Айдабосынова) оқу сапасы:78,5%;  оқу үлгерімі: 96,4%; орта балы: 3,8%.

33 топ (кураторы Ә.М. Ниязқұлов) оқу сапасы: 92%; оқу үлгерімі:100;  орта балы: 4,1%.

 

Ашық сабақтар

24.12.2016 ж.     ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Құқық негіздері» пәнінен Е.К.Самратбаев «Қазақстан Республикасының соты және сот төрелігі» тақырыбында «Емдеу ісі» бөлімінің 213 топпен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Студенттерге ҚР сот төрелігі және сот жүйесі билігі, сот процесінің шешімдері, судьялар мәртебесі туралы маңызды мәліметтерді түсіндіру. Құқықтық білім әр азаматқа керек екенін ұғындыру. Студенттердің ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз ойларын нақты жеткізу және шығармашылық ізденіске бағыттау, құқықтық сауаттылығын молайтып, өз пікірлерін ашық айтуға үйрету және есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.

 

29.12.2016 ж.   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Қазақстан тарихы» пәнінен Г.О.Шалғынбаева «XV III ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан» тақырыбында «Мейіргер ісі» бөлімінің топ студенттерімен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: XV III ғасырдың бірінші ширегінде Қазақстанның жаңа заманға аяқ басуы: теориялық аспектілер мен проблемалары, кезеңдері және ішкі саяси әлеуметтік экономикалық жағдайлары. Қазақстанға жоңғарлардың шабуылы «Ақтабан шұбырынды», қазақ-жоңғар қатынастары, жоңғарларға қарсы халықты басқарған қолбасшылар, Бұланты және Аңырақай шайқастары, қазақ-жоңғар әскерінің халықтың ауызша тарихында орын алуы туралы ақпарат беру. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп,  жақсы деңгейде өтті.

 

30.12.2016 ж.  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Қазақстан тарихы» пәнінен А.С. Байбосынова «Қазақстандағы отарлау дәуірінің басталуы» тақырыбында «Мейіргер ісі» бөлімінің 101 топпен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның Ресейге қосылу барысындағы қарама қайшылықтар мен қиындықтарды түсіндіру, қазақ-жонғар қатынасы. Қазақстан мен Жоңғария Ресей мен Қытайдың сыртқы саясаты, XVIII ғасырдағы қазақ қоғамы, Абылай ханның мемлекет басшысы, қолбасшысы, дипломат болғаны жайында түсінік бере отырып тарихи ақпаратты жеткізу, деректерді ашу арқылы студенттерге толық мағұлмат беру. Студенттердің танымдық, білімділік деңгейін көтеру, ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөздік қорын, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.  Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.   баулу.  Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.

 

Әдістемелік кеңес

25.01.2017 ж.   Күн тәртібінде:    1. Барлық мамандықтар бойынша күндізгі және кешкі оқу бөлімдері түлектерінің кызметпен қамтамасыз етілу сараптамасы.  (Жауапты: жастардың кәсіптік білім алуына кәсіби бағдар беру және түлектерді жұмысқа орналастыру комиссиясының маманы Қалдыбекова Ж.С.)

2. I-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша   дифференциалды  сынақтар мен емтихандардың  ұйымдастырылуы және өткізілу сапасы. (Жауапты: білім сапасын тексеру комиссиясының төрайымы Шужеева Ж.Л.)

3. Оқытушылардың басылымға  берген әдістемелік жұмыстары туралы. («Тағылым», «Эверо»,  «ИП Бейсенбекова»).  (Жауапты: әдістемелік кабинет)

 

Педагогикалық оқулар

26.01.2017 ж.         Күн тәртібінде:   1.  Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың Конституцияға өзгерістер енгізу арқылы елімізде басқару жүйесіне өзгерістер енгізу қажеттігіне байланысты   үндеуі.

2.  Құзіреттілік әдіс шеңберінде оқу, оқыту және бағалау әдістерін әзірлеу.  (Жауапты:  оқытушы Айдралиева Ә.Б.)

3. Курс повышения квалификации «Преподаватель коммуникативных навыков»  в рамках Дорожной карты проекта МЗиСР РК «Модернизация медицинского образования» на 2016-2019 гг. (Жауапты: оқытушы Ералиев М.Л.)

4. «Шұғыл жағдайларда жедел көмек көрсету» -жүрек-өкпе реанимациясы,  талма кезінде жедел көмек  көрсету.

4.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының №111  бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы медицина ұйымдары қызметкерлерінің қолын өңдеу әдістемелік кеңестері» (Жауаптылар: Бибосынова С.Г., Кудебаева Э. Ж., Ержанов Б.Т.)

 

Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық кеңесі

12.01.2017 ж.    Жамбыл медициналық колледжінде денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық кеңесі өтті.

Қатысқандар:

1. Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары  М.С.Жуманкулов

2. Жамбыл медициналық колледжінің директоры   Ж.Н. Сарыбекова.

3. Оқытушылар мен қызметкерлер.

Күн тәртібінде:

1) Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық кеңесі.

2) Жамбыл медициналық колледжінің директоры  Ж.Н. Сарыбекованың 2016  жыл бойынша атқарылған іс-шаралар есебі.

3)  Әр түрлі мәселелер.

 

Халықаралық конференция

21.12.2016 ж. Жамбыл медициналық колледжінің «Б» корпусында  Қазақстан Респубикасының денсаулық сапасын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік  бағдарламасын іске асыру аясында, сонымен қатар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсендіру мақсатында on-line тәртібінде “Тұрғындар-денсаулығын нығайту-мемлекеттің тұрақты әлеуметтік- экономикалық даму факторы” халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда ТМД  елдерінің медициналық колледждері қатысты. Атап өтетін болсақ Ресей федерациясынан (Омск қаласы), Қырғызстан Республикасынан  (Бішкек қаласы), Азербайджаннан (Баку қаласы), сонымен қатар Қазақстан Республикасынан 10 медициналық колледж.

 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы Қазақстан халқына жолдауы

6.02.2017 ж.   Жамбыл медициналық колледжінің базасында  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге  қабілеттілік» арнайы үндеуін талқылау бойынша өткізілетін ашық партия жиналысы өткізілді.  Жиналысқа: Қалалық маслихат депутаты, Абай атындағы  Жамбыл  гуманитарлық  колледжінің  директоры – Биназаров Айдархан  Дүкенбайұлы қатысып,  жолдаудың  негізгі басымдылықтарына  тоқталды.

 

 

 

 

 

Құттықтаймыз!

Білім саласындағы үздік жетістігі,  сонымен қатар Қазақстан Республикасының дамуына қосқан салмақты үлесі үшін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Ұлттық бизнес рейтингі бойынша 2015 жылдың білім саласындағы көшбасшысы Ұлттық Сертификатын иеленді.

 

 

 

 

 

Жоғары кәсіби және әдістемелік   деңгейі, студенттермен өзара қатынастың тиімділігі үшін, белсенді өмірлік  ұстанымды азаматтарды  тәрбиелеудегі үлесі үшін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының  «Жамбыл медициналық колледжі»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының  әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Б.Иманбекова, циклдық әдістемелік комиссия төрайымы Б.А.Сағындықова,  қазақ тілі пәнінің оқытушысы Д.М.Жүнісова  Ұлттық бизнес рейтингі  бойынша 2015 жылдың маманы Ұлттық Сертификатына ие болды.

 

 

 

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Жамиля Нұрғалиқызы Сарыбекова «Білімнің дамуына қосқан үлесі»  медальімен және Ұлттық бизнес рейтингі бойынша «Жыл  маманы» орденімен  марапатталды.

 

 

 

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Қуанышбекова Ұлттық бизнес рейтингі бойынша «Айрықша жетістіктері» медалімен  марапатталды.

 

 

 

Ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдық  мерейтойына  орай  ұйымдастырылған  «Мәңгілік  Елдің мәртебелі  мұғалімі»  жобасына  сапалы  білім, саналы  тәрбие  берудегі  озық  іс – тәжірибесін  ұсынып,  ұстаздық  шеберлігін, біліктілігін  жоғары  дәрежеде  танытқаны  үшін Жамбыл медициналық колледжінің 25 оқытушысы «Мәңгілік  Елдің мәртебелі  мұғалімі» медалімен  марапатталды.

 

 

 

1. Сарыбекова Ж.Н.- директор

2. Қуанышбекова Л.Т.- дир. орынб.

3. Андакулова Қ.Т.- дир. орынб.

4. Иманбекова Ж.Б.- әдістемелік кабинет меңг.

5. Усенов Р.Б. – тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі

6. Мырзагулова Ж.Б.- бөлім меңгерушісі

7. Шужеева Ж.Л.- оқу бөлімі меңгерушісі

8. Қалымбетова Ж.Б. – бөлім меңг.

9. Батаева Л.К.- методист

10. Тұрмысова Ф.Д.- меңгеруші

11. Ескебекова З.С. – методист

12. Исмаилова А.Е.- меңгеруші

13. Мадимарова Ә.Т. -ЦӘК төр.

14. Тұрсынбаева Р.К. – ЦӘК төр.

15. Ахметова Ұ.М.- ЦӘК төр.

16. Жантохова Г.Н. – ЦӘК төр.

17. Айдралиева А.Б. –  ЦӘК төр.

18. Сарыбаева Г.К.- оқытушы

19. Мураталиева Н.М. – оқытушы

20. Надиров А.М. – оқытушы

21. Ибраев Ж.Ш. – оқытушы

22. Махамбетова Н.Т. – оқытушы

23. Джунисова Д. -оқытушы

24. Сыздыкова Г. – оқытушы

25.  Тоқсанбаева Д.- оқытушы

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай азаматтардың денсаулығын сақтау және әлеуметтік даму ісіне қосқан жеке үлесі мен көп жылғы жемісті еңбегі үшін директордың біліктілікті арттыру жұмысы бойынша  орынбасары М.И.Тлеубаева Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Құрмет  грамотасымен марапатталды.

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстың денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы атқарған ерен еңбегі және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны үшін   бөлім меңгерушісі А.М.Мадибраимова Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстың денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы атқарған ерен еңбегі және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны үшін  оқытушы О.А.Махамбетова Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Оқытушы Ә.Қ.Дәнебаеваның  жетекшілігімен  «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: бүгіні мен жарқын болашағы » атты облыстық  ғылыми – теориялық конференцияда жасаған мазмұнды баяндамасы  үшін «Емдеу ісі» бөлімі 222 топ студенті Ә.Тұрысбек      I дәрежелі  дипломмен марапатталды.

 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу -әдістемелік кабинеті  ұйымдастырған  «Тәуелсіздік -аңсаған арман, қол жеткен мұрат!» тақырыбындағы  облыстық дөңгелек үстелге белсене қатысқаны үшін  Қырықбаева Балжан Әшібекқызына сертификат берілсе, Үсенов Рахат Бәкенұлы алғыс хатпен марапатталды.

 

А.А.Құдайбергенова жетекшілігімен  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – басты тұғырымыз» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін «Медбикелік іс» бөлімі 204 топ студенті  Н.Қ.Елубай марапатталды.

 

«ZIAT»  Ғылыми – әдістемелік  орталығының ұйымдастыруымен өткен VII  Республикалық  «Ғылым  шарайнасы»  атты     ғылыми  жұмыстар  сайысында   студенті жоғары  жетістікке  қол  жеткізіп, жүлдегер атанғаны үшін   А.Н. Өскенбаева дипломмен марапатталды.

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  Қазақстан  халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыройлы еңбегі үшін директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары К.Т.Андакулова,  директордың біліктілікті арттыру жұмысы бойынша  орынбасары М.И.Тлеубаева, бөлім меңгерушісі Б.С.Мадимарова  «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды.

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қосқан қомақты үлесі үшін оқытушы Л.К.Мейрманова Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  Қазақстан  халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыройлы еңбегі үшін  оқытушы О.А.Махамбетова «Мейірім» медалімен марапатталды.

 

Колледж психологы Ә.Н.Өскенбаеваның  жетекшілігімен  «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: бүгіні мен жарқын болашағы » атты облыстық  ғылыми – теориялық конференцияда жасаған мазмұнды баяндамасы үшін «Мейіргер ісі» бөлімі 108 топ студенті О.Теміралиев II дәрежелі  дипломмен марапатталды.

 

Оқытушы Ә.Т.Мәдімарованың жетекшілігімен 105 топ студенті Ш. Зыхия ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Тараз Парасат колледжінде «Тіл мерейі – ел мерейі» атты қалалық колледж студенттері арасында өткен жас ақындар мүшәйрасында III орын иеленді.

 

«Тәуелсіздік – аңсаған арман, қол жеткен мұрат» тақырыбында облыстық дөңгелек үстелдің  нәтижелі өтуіне қосқан үлесі үшін колледждің тәрбие, құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмысының меңгерушісі Р.Б.Үсенов алғыс хатпен марапатталды.

 

Республикалық  «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығында  өткен   «Үздік ашық сабақ» атты республикалық  оқытушылар сайысына колледж әдіскері Ш.Т. Маманова  қатысып,  ІII орынды иеленіп, дипломмен  марапатталды.

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шаралар

09.12.2016 ж. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн ішінде облыста өткен «Білімді Қазақстан» тақырыбында мұғалімдердің өңірлік форумына колледж директоры  Ж.Н.Сарыбекова, әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Б.Иманбекова,құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмысының меңгерушісі Р.Б.Үсенов және оқытушылар Д.Т.Тлеуғабылова, А.Т.Көбегенова қатысты.

 

 

 

09.12.2016 ж. Тараз – Арена спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Болашағымыз-бірлікте!» атты облыстық форум өтті. Форумға директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Қуанышбекова қатысты.

 

 

 

03.12.2016 ж. «Қазақстандық  денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы «Көңілді старт -2016» спорттық жарысын бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрайымдары арасында ұйымдастырып, Жамбыл медициналық колледжінен студенттер кәсіподақ төрайымы Б.А. Қырықбаева қатысып, ІІ-ші орынмен марапатталды.

 

 

 

14.12.2016 ж.  Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналысында Жамбыл медициналық колледж студенттері өз өнерлерін көрсетіп көрермендер алғысына ие болды.

 

 

 

15.12.2016 ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай колледж оқытушылары Ұлы Отан соғысының ардагері Колесниченко Галина Петровнаны құттықтап, азық -түлік апарды.

 

 

 

10.12.2016 ж. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан студенттерінің Альянсы» РСҚ-ның ұйымдастыруымен «Mister and Miss» облыстық байқауына қатысып II орынды Жамбыл медициналық колледжінің студенттері  О.Аяжан 316 топ, Қ.Ермек 201 топ иеленсе, «Жарасымды жұп» номинациясы бойынша Ф.Сүнәтіллә 104 топ, О.Теміралиев 108 топ студенттері алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаева

 

 

09.12.2016 ж.  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Болашағымыз – бірлікте!» атты облыстық форумына Жамбыл медициналық колледжінің студенттері белсене қатысты.

 

 

 

 

Ашық сабақтар және ашық тәрбие сағаттары

06.12.2016 ж. Ағылшын тілі пәні оқытушысы Ж.С. Алибаева «Медбикелік іс» бөлімі, 204 топта кәсіби ағылшын тілі пәні бойынша «Diet and fatness.Interrogative sentences» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Сабақтың  мақсаты: ұтымды тамақтану және семіздік  тақырыбына байланысты білім және біліктілік дағдыларын қалыптастыру, жаңа сөздермен таныстырып, сөздік қорларын толықтыру, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру,  студенттердің оқу сапасы мен пәнге деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар әр жеткіншектің іскерлігін, ізденімпаздығын байқау, есте сақтау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік беру. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.

 

 

09.12.2016ж. Б.А.Қырықбаева   «Мейіргер ісі» 105 топта  ағылшын  тілі пәнінен «Art of Kazakhstan. Degrees of comparison of Adjectives» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты:Қазақстандағы өнер, соның ішінде музей туралы мәлімет беріп, сын есім шырайларының жасалуын түсіндіріп, білімдерін жетілдіру. Жаңа сөздерді дұрыс жазуға, айтуға үйретіп, сөздік қорын толықтыру. Алған білімдерін пайдаланып, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру.    Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.

 

 

 

09.12.2016 ж. «Мейірбике ісі» бөлімі 206 топта «Имя пирлагательное. Питание при воспалении поджелудочной железы» тақырыбында орыс тілі пәнінің оқытушысы Л.К.Мейрманова  ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты: студенттердің сын есім туралы  білімдерін жүйелеу, нақтылау, қорытындылау. Студенттердің іскерлігін, іздемпаздығын байқау, лексикалық мәтін арқылы олардың сөздік қорын кеңейту. Ашық сабақ өз  мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.

 

 

14.12.2016 ж. «Мейірбике ісі» бөлімі 208 топта «Местоимение. Первая помощь пострадавшему» тақырыбында орыс тілі пәнінің оқытушысы А.О. Бейсенбаева ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: студенттерге есімдіктің түрлерін ажырата білуге, салыстырмалы түрде жүйелеп қорытындылау. Орыс тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз бетінше жұмыс жасауға үйрету. Студенттерді өзін-өзі құрметтеуге тәрбиелеу, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ашық сабақ өз  мақсатына жетті.

 

 

13.12.2016 ж.  “Медбикелік іс” бөлімі 204 топпен “Тәуелсіз елім, тұғырың сенің биікте” тақырыбында топ кураторы А.С.Қудайбергенова бөлімішілік ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері арқылы студенттерді ұлтжандылыққа, атамекенін көзінің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Ашық тәрбие сағаты өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.

 

 

15.12.2016 ж. «Мейіргер ісі» бөлімі 102 топ студенттерімен Д.А. Рысқұлбекова  «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында ЦӘКішілік ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстан Республикасының 25 жылдық тарихына шолу жасай отырып,  студенттердің өткен тарихымызға деген  ұлттық көзқарастарын  қалыптастыру, еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен    жетістіктерімен таныстыру,  қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету. Ашық тәрбие сағаты өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.

 

 

 

14.12.2016 ж. Тарих пәнінің оқытушысы Ш.Е.Ашимова “Емдеу ісі” бөлімінің 2 курс студенттері  арасында “Знатоки истории родного края” тақырыбында байқау өткізді. Мақсаты: студенттердің Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерін мақтаныш ету сезімдерін және Отанға деген  патриоттық рухтарын ояту. Еліміздің өткені мен бүгінгі тарихы туралы білімдерін жетілдіру. Байқау жақсы деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.

 

 

 

«Гордое имя твоё – фармацевт!»

09.12.2016 ж.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  25 жылдығы аясында  «Гордое имя твоё – фармацевт!» тақырыбында фармация саласының провизор-ардагерлері және қоғамдық тұлғаларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді Жамбыл облысының ардагер-әйелдер кеңесінің төрайымы К.О.Аккулиева ұйымдастырды. Кураторлық тәрбие сағат бөлім меңгерушісі Ж.Б.Мырзагулованың жетекшілігімен «Фармация» мамандығының 230 топ кураторы Р.Т.Нурбаева және 231 топ кураторы С.Ш.Куппанова өткізді.  Мақсаты: студенттердің таңдалған мамандыққа деген махаббатын және сый құрметін ояту, патриоттық сезімді және ұлтаралық келісімді нығайту  Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістігін паш ете отырып, ұрпақтардың сабақтастығы тәрбиесін қалыптастыру. Жамбыл медициналық колледжінің директоры Сарыбекова Ж.Н. құттықтау сөз сөйледі. «Фармация»  бөлімінің ІІ, ІІІ және ІV курс студенттері фармацияның даму тарихы, фармацевтикалық нарықтың ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылындағы жетістіктері жөнінде білімдерін дамытты. Шақырылған қонақтар: К.А.Ахметова, Т.А.Аширбаева, А.С.Алишеров, М.У.Саурыков, Ж.А.Саурыкова, Ж.Сергеева, Т.П.Дорн және Л.В.Пак Жамбыл медициналық колледжі негізінде орта фармацевтикалық білімді мамандар дайындау жұмысымен танысты. Кездесу жоғары деңгейде өтіп, тәрбиелік мақсатына жетті.

 

Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау,симуляциялық оқыту орталығында өткізілген іс-шаралар

21.11.2016.-05.12.2016 ж. Ақылы негізде, «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша «Иммундық алдын алудағы мейірбике ісі», «Дәрі егу кабинетіндегі мейірбике қызметінің өзекті аспектілері» атты циклдар өткізді.

 

 

 

28.11.2016.-12.12.2016 ж. Бюджет негізде «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша «Әлеуметтік көмек көрсетудегі мейірбике жұмысы», «Госпитальға дейінгі кезеңдегі дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек» атты циклдар өткізді.

 

 

 

Әдістемелік мектеп. Жас оқытушылар мектебінің отырысы.

23.11.2016 ж.   Жас мамандарға арналған семинар: Жас мамандарды  психологиялық қолдау.

Күн тәртібінде:

1. Шебер класс: «Жеке тұлға  және кәсіби маман.» Оқытушының     шеберлігін    қалыптас-тыруға  арналған  тренингтер  жүргізу. .Жауапты: психолог Өскенбаева А. Н

2.Тест – диагностика құралы. Жас маманға айтылар кеңес.Жауапты: әдіскер Батаева Л.К.

3.Топтағы  жетекшілік. Топтағы  тәрбие  жоспарының  жүйелі-рөльдік  моделі  (топ кураторының  жұмысының диагностикасы, мақсаттарының  жобалануы, ұжым бірлігі мен дамыту  жолындағы  іс-әрекеті, студенттің  тәртіптілігін  бағалау шарттары.) Жас  маманға тәрбие жұмысы бойынша  бағыт бағдар беру.                                                                                                                                                                  .                                           Жауапты : кураторлар кеңесінің төрайымы: Джампеисова Н.Е.

 4.«Сабақта тәртіпке қалай қол жеткізуге болады?»  тақырыбында пікірлесу

5.«Менің сүйікті ұстазым» тәлімгердің іс-тәжірибесінен. Жауапты: Молдабаева М.С. Семинарда колледж психологы А.Н.Өскенбаева түрлі тренингтер өткізді.Әдіскерлер  жас мамандардың сабақтарында  кездесетін кемшіліктерге тоқталып, кеңестер берді. Кураторлар  кеңесінің төрайымы Н.Е.Джампеисова топтағы  жетекшілік, топ  құжаттары туралы айтты.Өзінің жетекшілік ететін тобының құжаттарын көрсетіп, іс-тәжірибесімен алмасты. Химия пәнінің оқытушысы, тәлімгер М.С.Молдабаева «Педагог – шығармашы-лық пен өзін –өзі дамытушы тұлға» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен алмасты.

Панорамалық сабақ көрсетті және өзі қолданып жүрген тиімді әдіс-тәсілдерге тоқталды.

 

Құттықтаймыз!

ҚР Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша колледж директоры Ж.Н.Сарыбекованы  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.Ш.Әбілдаев медальді облыстық балалар ауруханасында салтанатты түрде тапсырды.

 

 

 

ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай азаматтардың денсаулығын сақтау және әлеуметтік даму ісіне қосқан жеке үлесі мен көп жылғы жемісті еңбегі үшін М.И.Тлеубаева Құрмет грамотасымен марапатталды.  Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.Ш.Әбілдаев Құрмет грамотасын облыстық балалар ауруханасында салтанатты түрде тапсырды.

 

 

«Ел тілегі ежелден-Тәуелсіздік»

12.12.2016 ж.  Жамбыл медициналық колледжі  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай еліміздің 25 жыл ішінде қол жеткізген  жетістіктерін насихаттау және тәуелсіздік туралы студенттердің білімдерін өзектендіру, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту мақсатында   on-line тәртібінде «Ел тілегі ежелден-Тәуелсіздік» атты облыстық ғылыми − тәжірибелік конференция өтті.  Жамбыл медициналық колледжінің  ұйымдастырылуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Ел тілегі ежелден-Тәуелсіздік» тақырыбында өткен  облыстық ғылыми − тәжірибелік конференцияға  Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы Т.Ш.Әбілдаев арнайы шақыртылып, конференцияның салтанатты ашылуында сөз сөйледі. Жамбыл медициналық  колледжінің  директоры  Ж.Н.Сарыбекова барлық конференцияға қатысушыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушы студенттерге сәттілік тіледі. Конференция үш тілде: қазақ, орыс  және ағылшын тілінде өткізді.

 

Педагогикалық кеңес

15.12.2016 ж.

Педагогикалық кеңестің екінші отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде:

1. Міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыруды енгізу жұмысы туралы Тлеубаева М.И.

2. Студенттердің медициналық көмекпен қамтамасыз етілуі  және тамақтануының сапасы мен ұйымдастырылуы. Жауапты: Назар.Д.Қ.

3. Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі пәндерінің оқытылуы мен білім сапасы, қазақ тілін  меңгеруде лингафон кабинетін қолдану сапасы.

 

Оқырман шығармашылығынан:

Авторы: Ғалымжанова Гүлназ

Жамбыл медициналық колледжі

«Мейіргер ісі» бөлімі, 109 топ студенті

 

 

Қазақ тілім-Қорғаным

Тілім менің-жүрегімнің бөлшегі,

Ата-бабам мұра қылған еңселі.

Әр адам құрметтесе тек өз тілін,

Патриоты сол болар осы елімнің.

Қазағым тілін сүйген бір халық қой,

Тілімде жүрегімнің мың халқы ғой.

Тілім менің қазағымды даңқты етсе,

Еңсем тік, рухым  биік сен қарап қой.

Қазақ деген халық бар сен біліп қой,

Тіл деген қасиетті бір ұрпақ қой.

Қазақ тілі бізден кейін мұра болса,

Сақталып жүректерде мәңгі қалса.

Қуанып қалар еді –ау, ата- баба.

Егерде қазақ мықты халық болса.

 

Тәуелсіз Қазақстан

Қазақ елі, жасай берсін, жасасын,

Ата-баба тілектері орнасын.

Тәуелсіздік тұғырында бүгін біз,

Әрқашанда Қазақстан жайнасын.

Қазағымның  берекесі бүгінде,

Ортаймасын, жер жарсын ел жүзінде.

Барлық адам бақытты ғой бүгінде,

Бақыттымыз тәуелсіздік күнінде.

Қазақстан-Отанымыз, арымыз,

Қолдайық  Президентті бәріміз.

Осы күнге жеттік міне, тағы біз,

Алғыс айттық Президентке бәріміз.

Қазақ елі жүректердің төрінде,

Әрбір қазақ мақтанады бүгінде.

Мақтануға тұрады бұл Қазақстан,

Тәуелсіздік ертеңіміз біздің де.

Қазақпын деп мақтанамын, тоймаймын,

Бірлігі бар халықтармен тойлаймын.

Қазағымның мерекесі бітпесін,

Қазақ елін менде ертең ойлаймын.

 

Авторы: Зхия Шұғыла

Жамбыл медициналық колледжі

«Мейіргер ісі» бөлімі, 105 топ студенті

 

 

         Тәуелсіздікке арнау

Айтайын келген сөзді тіл ұшына,

Қансыншы көп құлақтың құрышы да.

Азаттықты,Елдікті жырласын деп,

Шабыт жүрек әкеліп отыр мені осында.

Мүшәйраға жиналған жас ақынның,

Жаратқан ырыс қоссын ырысына.

 

Асылдар мекен еткен атырабым,

Қазақстанның баршаға аты мәлім.

Ерлігіне батырлардың сөз жетпейді,

Шіркін-ай! Мін тағады затына кім?

Тілім жетсе көрейін жырлап мен де,

Желтоқсанның қыршын кеткен батырларын.

 

Мақтандым, масайрадым, көк тіредім,

Еліме жанға жайлы төкті лебін.

Ерлігін таразыға салмайтындай,

Жаратқан тау мүсіндес тектілерім.

Қыршын кеткен Қайраттай ағамызды,

Осы сөздің дәлелі деп білемін.

 

Отан үшін қызыл тілін қылыш еткен,

Сабира, Ләззат сынды тектілерім.

Қазағымның қайсар ері қыздары деп,

Мақтандым, жырымменен көк тіредім.

 

Жарар ед сөз тастасам ой бөлгендей,

Ұласып той үстіне той келгендей.

Егемендік еншімізге тигені бұл,

Бар қазақ даласына ой бергендей.

 

Қазақ елі ерліктің жыр мекені,

Хан,сұлтаны,батыры алып берген берекені.

Тәуелсіздік мерей тойын тойлап жатқан,

Көрінді кең пейілді ел екені.

Айналдырып думанды ұлы тойға

Мерекеге қосайық мерекені!!!

 

 

Авторы:  Қосақова Алтынай Қайырдиллақызы

Жамбыл медициналық колледжі

«Емдеу ісі» бөлімі, 313 топ студенті.

 

 

Астана-ел тірегі

Қазақстан жүрегі,

Астана- елдің тірегі.

Зәулім заңғар ғимарат,

Құлпыртып көрік береді.

 

Жанында Есіл еркелеп,

Аспанменен үндескен.

Көрдің бе міне,

Бәйтерек.

 

Ақ ордам неткен әдемі,

Бейне бір ғажайып әлемі.

Еткен еңбек, төккен тер,

Жемісін берді киелі.

 

Назарбаев ағамыз,

Басшымыз, әрі данамыз.

Болашаққа нық сеніммен

Қол ұстасып барамыз.

 

Астана -жас қаламыз,

Келешегі достар боламыз.

Ендеше дәл бүгіннен,

Жарқын болсын санамыз.

 

Жасампаздың жемісі,

Білім мен өнер кеніші.

Көрікті әсем ару қала,

Астана көркейіп келеді.

 

Сарыарқаның төрінде,

Бой көтерген Астанам.

Жарасып тұр Есілмен,

Жас қала, бас қалам.

 

Жамбыл ата.

 

Жамбыл ақын қазақтың өр тұлғасы,

Қолынан түспейтұғын домбырасы.

Жамбылдың төрінде дүниеге келген,

Ұлтымның сөзі маржан ұлы тұлғасы.

 

Өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл ата,

Сүйінбайдай ақыннан алған бата.

Бала кезден өлең-жырға үйір болып,

Ақындардың ішінен шыққан дара.

 

Асқақтаған ақындармен айтысқансыз,

Дарабоз жыршылармен жарысқансыз.

Кез келген дүлдүлменен сайысқа түсіп,

Әрқашан шыншылдықты ұстанғансыз.

 

Ақындықпен ала жүріп күйшілікті,

Осылай өзге де өңірлерге аты шықты.

Тапшылмаған еңбегінің арқасында,

Қазаққа жыршы деген аты шықты.

 

Өлеңіңді мәңгі сақтап есімізде,

Санамызға біліміңді түйеміз де.

Жамбылдай ақын бар деп қазағымда,

Мақтап айтып жүреміз әркез бізде.

 

 

Авторы: Қуат Аружан

Жамбыл медициналық колледжі

«Мейіргер ісі» бөлімі, 107 топ студенті.

 

 

Тарих жолында!

Қазақ деген ғұн мен сақтан тарағанбыз

Тарихта алтын атпен қаралармыз

Қаншама қиын тағдыр кешкенменен

Хандықтың туын тіккен бабаларымыз

 

Отан үшін отқа түсіп жанын берген,

Исатай мен Махамбеттей асыл ерлер.

Ұлылардан тараған текті ұрпақпыз,

Елі үшін соңғы тамшы қанын берген.

 

Ақ сақалды қария мен аналардың

Әлпештеп аялаған үмітіміз

Біз үшін қолдағының бәрін берген

Қонағын құдайындай құрмет тұтып

Қорадағы жалғыз түйір малын берген.

 

Ал, қазір егемен ел болып тұрмыз

Тереземіз басқа елдермен тең көрінген

Талайларды шаңымызға ілестіріп

Қазақтың кім екенін дәлелдеген!

 

Жапырағын жайған рухты, алаш халқым

Күннен-күнге танылып мықты атың

Ұлан ғасыр той жасап тойлата бер

Мың ғасырға жеткенше асыл даңқың!

 

 

Автор: Нұржауова Перизат Толыбайқызы

Жамбыл медициналық колледжі

«Мейіргер ісі» бөлімі, 106 топ студенті.

 

 

 

Тәуелсіздікке- 25 жыл

Тәуелсіздік тойыңды тойла Қазақ!

Бүгінде Егеменді елсің азат!

Сан ғасырлар, аңсаған ата-бабам,

Еркіндіктің куәсі бүгінгі ұрпақ.

Көркейіп күннен-күнге нұрын шашты,

Тәуелсіз,жиырма бес жыл жайып қанат.

Асқақтаса аспанда әнұраным,

Елтаңбам күллі  әлемге танылды анық.

Астанам-Сарыарқадан қоныс тепкен,

Алыстан  көз тартады мен мұндалап.

Көтеріп  шаңырағын  Елбасымыз,

Желбіретіп, көк туды берді қадап.

Жаптырды полигонды Семейдегі,

Елімнің келешегін терең ойлап,

Нұрлы көш бағдарлама түзіп кемел,

Оралды Отанына исі қазақ.

Енуге елу елдің қатарына,

Алдына мақсат қойды, тұрмай қарап,

Белгілеп берді бекем шекараны,

Келісіп көршілермен  тартпай садақ.

Алашымнан үш батыр ғарышқа ұшып,

Елімнің келешегін келді барлап,

Ерлігін Нұрсұлтандай Елбасының,

Жүрейік, әрқашанда біз бағалап.

«Тәуелсіздік» тұғырын берік ұстап,

Табыстау кейінгіге бізге аманат!

 

«Топ басшы – 2016»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай эстетикалық және рухани – адамгершілікті дамыту мақсатында 2016-2017 оқу жылында түскен студенттердің  арасында патриоттық сезімдерін және мамандыққа деген сүйіспеншілікті, топ басшы мен білімгерлердің арасындағы қарыс қатынасты күшейту мақсатында  жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаева, студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.А.Қырықбаева және белсенді студент А.Нарымбеттің ұйымдастыруымен «Топ басшы – 2016» байқауы өткізілді.

 

 

 

08-12.11.2016 жылы Астана қаласында өткізілген  «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысының XIII шақырылымына облыс бойынша іріктеліп  Жамбыл медициналық колледжінен  201 топ студенті Қыпшақбаев Ермек қатысты. Студенттер кәсіподақ ұйымы қаржылай демеушілік жасады.

 

17.11.2016 ж. Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаева, студенттік кеңес ұйымы төрағасы 420 топ студенті Е.Т.Жанұзақ және  «Жас Отан» жастар қанатының мүшелерінің ұйымдастыруымен 17-қараша халықаралық студенттер мерекесіне орай «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Іс-шара барысында белсенді студенттер алғыс хаттармен марапатталды.

 

18.11.2016ж. Облыстық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының кеңесінде  студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Қырықбаева Б.А. «Ел тәуелсіздігі -Жарқын болашақ кепілі» тақырыбында тәуелсіздіктің 25 жылдағы ішінде студенттер кәсіподақ ұйымының жетістіктері туралы баяндама оқыды.

 

«Өмір, қымбатсың маған»

Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында  Халықаралық мүгедектер күніне орай «Өмір, қымбатсың маған» атты қайырымдылық концерттік ұйымдастырып, Жамбыл медициналық колледжінің белсенді студенттері алғыс хатпен марапатталды.

 

 

 

«Ішімдікке жол жоқ!»

Наркобекет комиссиясының төрайымы А.С.Ташмаханбетова ішімдік пен зиянды заттарды қолданудың алдын алу және студенттерге зиянды әрекеттерден қашық болуларына үйрету, зиянды әдеттердің адам денсаулығына зиян екенін студенттерге жеткізу, студенттерді спортпен шуғылдануына жетелеу мақсатында флеш – моб және сурет байқауы өткізілді.

 

 

 

«Балауса» қыздар клубы

15.11.2016 ж. сейсенбі  күні  «Балауса»  қыздар  клубымен  бірлесе  «Неке тазалығы»  (телегония)  атты  дәріс өткізілді. Мақсаты: әрбір  қыз  ертеңгі  аяулы  жар, аяулы  ана, өмір  тірегі  екенін  ұғындыру. Қонақ ретінде ЖДО психологы З.Т. Курумбаева қатысты.

 

 

 

Мемлекеттік нышандар – Тәуелсіздігіміздің басты белгісі

Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаеваның жетекшілігімен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында жастар арасында блиц-сұрақтар ұйымдастырылды.

 

 

 

“Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!”

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу туралы айтылған. Осыған орай, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, оған қарсы мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері С.А.Алибеков, Бегалиев Б.Д. 311, 321, 326, 317, 323, 327 топтарында  «Сыбайлас жемқорлықтың түрлі салаларға тигізетін зардаптары» және «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыптары бойынша дәріс оқыды.

 

 

Құқық бұзушылықты алдын-алу

Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаеваның ұйымдастыруымен құқық бұзушылықтың алдын-алу айлығы негізінде флеш-моб өткізді. Колледж студенттері бұл іс-шараға белсене қатысты.

 

 

 

01.11.2016 жылы колледжіміздің «Б» корпусында облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің бөлім жетекшісі Г.К. Елемесова мен әдіскер А.К.Даулеткулованың ұйымдастыруымен «Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңыздылығы» атты облыстық оқыту семинарын өткізді.

 

 

 

08.11.2016 жылы Колледждің тәрбие, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р.Б. Усенов, колледж психологы Н.Е. Мұхамодиева Тараз қалалық ІІБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы  Ш.Ш. Юсуповамен кездесіп,  кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жасалып жатқан қылмыстар туралы әңгіме жүргізді.

 

 

 

22.11.2016 жылы «Патриоттар қозғалысы» ҚБ-нің аға инспекторлары С.Қ. Бақтиярұлы, С.М. Темірлан және бөлім басшысы С.Қ. Қалиевтардың қатысуымен «Қазақстан тәуелсіздік жылында» тақырыбында колледж студенттерімен  кездесу  өткізілді.

 

 

 

 24.11.2016 жылы колледжіміздің құқықтық білім беру мектебінің жетекшісі Д.К. Амирбеков колледж студенттерінің құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында колледж кітапханасында құқықтық білім беру бұрышын ашты.

 

 

 

30.11.2016 жылы Тәрбие, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р.Б. Усенов Тараз қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысында «Жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы» және «Мемлекеттік жастар бағдарламаларына студент жастардың қамтылу барысы туралы» баяндама оқыды.

 

«Көңілді студенттік шақ»

«Көңілді  студенттік шақ» жайдарман ойыны өтті, апталықтың қорытынды есебі берілді, яғни жоспарланған жұмыстар өз уақытында өтті  және апталыққа белсенді қатысқан студенттерді атап өтті. «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында өткен газеттер сайысында топтар марапатталды.        1 орынға – 101 топ, 2 орынға – 109 топ, 3 орынға – 102, 103 топтар ие болып, ал 106,111 топтар белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

 

«Қазақстанның болашағы – білімді жастар!»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25  жылдығына орай «Жас Алаш» дебат клубының 2016 жылдың екінші жартыжылдығында 25 қараша күні Тараз  инновациялық – гуманитарлық  университетінің  Ректор  кубогына  арналған «Қазақстанның болашағы – білімді жастар!» тақырыбындағы  облыстық  пікірсайыс  турнирі  өтті. Бұл  турнирге 6 фракция қатысып, «Емдеу ісі» бөлімінің 2 курс студенті А.Сабырхан  «Үздік  төреші » номинациясын және  турнирдің бас жүлдесін  «Төрағалар» фракциясы 3 курс студенті  Е.Серікұлы  жеңіп алды. 2 курс студенті  Е.Қыпшақбаев осы пікірсайыс турнирінде І  орынды жеңіп алып, Ректор  кубогын  иеленді.

 

Жастар форумы

29 қараша -1 желтоқсан аралығында Астана қаласында Республикалық жастар форумы өтті.  ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына және 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы күніне орай өтіп жатқан жиынға Н.А.Назарбаев қатысты. Еліміздің ертеңі болар жастарымызға Елбасы үнемі сенім артып, әр жылда өтетін Қазақстан халқына Жолдауында жастар мәселесіне арнайы тоқталып келеді. Жамбыл облысы атынан 42 делегат, Жамбыл медициналық колледжінен             жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаева қатысты.

 

 

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

ҚР Тәуелсіздігінің 25жылдығы аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар ІІІ  қабатта  фойеде  өтетін  «Елімнің  бақытын  тербеткен  Тәуелсіздік» атты тақырыпта  плакаттар  сайысымен жалғасты.

 

 

 

«Өзіңді таны, бағала»

17.11.2016 ж. «Өзіңді  таны, бағала»  студенттерге  арналған  семинар – тренинг  ұйымдастырылады. Тренингтің  мақсаты: студенттерге  өзінің  өмірдегі  орнын, өмір  құндылықтарын  сезінуді ұғындыру.

 

 

 

«Қамқоршылар – мейірімді жандар»

18.11.2016 ж. «Қамқоршылар – мейірімді жандар» тақырыбында колледжіміздің әлеуметтік педагогы  А.А.Буксукбаева  жетім балалардың қамқоршыларымен кездесу жасады. Осы кездесуге Тараз қаласының білім басқармасының қамқоршы бөлімінің маманы  Серкебаева Р.Р. шақырылды.

 

 

 

“Отбасындағы зорлық – зомбылықтың алдын – алу”

Құқық  бұзушылықтың  алдын – алу  жұмысының  меңгерушісі  Р.Б.Усеновпен  өткізілген  дөңгелек  үстел тақырыбы: «Отбасындағы  зорлық – зомбылықтың  алдын – алу». Қонаққа Тараз ҚІІБ инспектор полиция майоры Е.М. Пискарева келіп, сөз сөйлеп, студенттерге түрлі жағдайларды түсіндірді және студенттер осы тақырып бойынша түрлі сұрақтар қойды.

 

 

Психологиялық апталық

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты психологиялық апталық. Апталық «Жүректен  шыққан  жылы  сөз   жүрекке  жетеді»  акциясымен басталды. «Жүректен  шыққан  жылы  сөз   жүрекке  жетеді»  акциясына барлық колледж студенттері мен оқытушылары ат салысты, студенттер колледж оқытушыларына, колледжге, топ жетекшілеріне, жалпы ұжымға тілек білдірсе, оқытушылар студенттерге табыстар тіледі. Сағат  10.00-де колледж алаңында белсенді студенттер және 1 курс топтары флеш – моб билеп жақсы көңіл-күй сыйлады.

 

 

Құттықтаймыз!

“Шығармашыл ұстаз” атты қашықтықтан өткізілетін III – Республикалық педагогтардың сыныптан тыс іс-шаралары сайысында колледж  психологы А.Н. Өскенбаева қатысып, жүлделі  I орынға ие болып, дипломмен марапатталды.

 

 

 

Астана қаласында өткен жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған қашықтықтан өткізілген «Менің педагогикалық ұстанымым» байқауына химия пәнінің оқытушылары Р.А.Асилбекова, Н.Е.Жампейсова, М.С. Молдабаева қатысып, «Үздік ашық сабақ» номинациясының бас жүлдесіне ие болды.

 

 

Республикалық  «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығында  өткен   «Үздік ашық сабақ» атты республикалық  оқытушылар сайысына колледж әдіскері Л.К.Батаева қатысып,  ІI орынды иеленді.

 

 

“Шығармашыл ұстаз” атты қашықтықтан өткізілетін III – Республикалық педагогтардың сыныптан тыс іс-шаралары сайысында директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары Қ.Т. Андақұлова және фармакалогия пәнінің оқытушысы Ұ.М.Ахметова  жүлделі  I орынға ие болып, дипломмен  марапатталды.

 

 

Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.С. Алибаева жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған қашықтықтан өткізілген «Менің педагогикалық ұстанымым» байқауына қатысқанын растау туралы сертификатқа  ие болды.

 

“Шығармашыл ұстаз” атты қашықтықтан өткізілетін III – Республикалық педагогтардың сыныптан тыс іс-шаралары сайысында колледждің бас психологы Ж.Л.Шужеева қатысып, жүлделі  I орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған колледж студенттері арасында өткізілген “Жас Ұлан”  әскери-патриоттық ойында жүлделі III орынды  колледждің студенттері иеленіп, дипломмен марапатталды. Колледждің бастапқы әскери даярлық пәнінің оқытушысы Ж.Б. Бегалиев алғыс хатпен марапатталды.

 

 

 

«ZIAT»  Ғылыми – әдістемелік  орталығының ұйымдастыруымен өткен VII  Республикалық  «Ғылым  шарайнасы»  атты  студенттердің   ғылыми  жұмыстар  сайысында  «Үздік  мақала» номинациясы  бойынша  ІІ орынға  ие  болған А.Таумбекова    және  жетекшісі А.Н. Өскенбаева дипломмен марапатталды.

 

 

 

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жаңа Ру»  жастар коалициясының ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында облыстық сурет байқауы өткізілді. Байқауға Жамбыл медициналық колледжінің «Медбикелік іс» бөлімі, 210 топ студенті Сейдуалиева Айгерім қатысып, жүлделі II орынға ие болып, дипломмен марапатталды.

 

 

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай  IV облыстық “Студенттік бал-2016″ атты мерекелік шарасында “Үздік көшбасшы-2016″номинациясын “Емдеу ісі” бөлімінің  201 топ студенті Е.Қыпшақбаев иеленіп, дипломмен марапатталды.

 

 

 

“Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл” тақырыбында мемлекеттік тілде жалпықазақстандық шығарма жазу байқауында колледж студенті А.Қалтай жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі III орынға ие болып, дипломмен марапатталды.

 

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен “Жастар LIFE” думанды додада ең үздік өнер көрсеткедері үшін колледж студенттері Назерке және Ақерке Қолдағановалар “Таңғажайып қойылым” номинациясы  дипломымен  марапатталды.

 

VII Республикалық “Ғылым шарайнасы” атты студенттердің ғылыми жұмыстар сайысында “Жас зияткер” номинациясы бойынша колледж студенті Ш.Ибрагимова  II орынға ие болды. Жетекшілері  К.Т. Андакулова, У.М.Ахметова дипломдармен марапатталды.

 

Ашық сабақтар мен ашық тәрбие сағаты

16.11.2016 ж.«Медбикелік іс» бөлімінің 204 топ студенттерімен    психология пәнінен «Ойлау және сөйлеу. Зерде» тақырыбында А.Н. Оскенбаева ашық сабақ өткізді.Сабақ  ойлау түрлері мен нысандары, сөз сөйлеу ерекшеліктері, сөйлеу қызметтері, зерде түсінігі, жалпы зерделік қабілеттер туралы студенттерге толық мәліметтер беру, түсіндіру мақсатымен өтті Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өткізілді.

 

 

25.11.2016 ж . ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған » Тәуелсіз ел – Ұлы Дала Елі » атты ашық тәрбие сағатын тарих пәнінің оқытушысы Сыздықова Ғ.А. 306 топ “Емдеу ісі” бөлімінің студенттерімен өткізді. Мақсаты: Тәуелсіздіктің 25 жылдығын, мәңгілік ел, ұлы дала елі тарихын насихаттап студенттердің бойына сіңіру, ұлттық патриоттық сезімдерін ояту. Тәрбие сағаты  жоғары деңгейде өтіп,  мақсатына жетті.

 

 

 

18.11.2016 ж.  Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  байланысты «XV – XVI ғғ. Қазақ хандығы» тақырыбында тарих пәнінің оқытушысы Рахметлдаева А.Т 207 топ  «Мейірбике ісі » бөлімінің студенттерімен ашық семинар – сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының құрылуы, қазақтың алғашқы хандары, қазақ  хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы, шаруашылығы туралы алған білімдерін  жүйелеу, нақтылау, қорытындылау. Сабақ өз мақсатына жетті.

 

Психология  негіздері  және  коммуникативтік  дағдылар пәнінен «Медбикелік іс» бөлімінің  310 топ студенттерімен психология негіздері пәнінің оқытушысы Ж.С.Қалдыбекова    «Психосоматикалық жағдайлар. Психосоматикалық жағдай механизмдері»  тақырыбында ашық сабақ өткізді. Студенттерге психосоматикалық және соматопсихикалық өзара әсерлер туралы, психсоматикалық бұзылыстар жіктемесі туралы, психогения мен соматогениялар туралы түсінік беру, соматикалық және хирургиялық аурулар кезіндегі психологиялық қорғаныс бойынша негізгі жағдайлар туралы  толық мәліметтер  берілді.  Ашық сабақ өз мақсатына жетті.

 

Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау , симуляциялық оқыту орталығындағы іс-шаралар

24.10 – 05.11 аралағында  ақылы негізде, орыс тілде  «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша «Функционалдық диагностика бойынша мейірбике  жұмысы», «Емдік массаж», «Анестезиологияның және қарқынды терапияның өзекті мәселелері» атты циклдар өткізді.

 

 

29.10.2016жылы «Жүректің кенет тоқтауындағы жүрек-өкпе реанимациясы », «Аурухана ішілік инфекция» – тақырыптары бойынша колледж оқытушылары үшін семинар – тренинг өткізді. Семинарда қалалық балалар ауруханасының жоғары санатты дәрігер- реаниматологы И.Э. Юлдашева  дәріс оқыды, манекендерде тәжірибелік дағдыларды көрсетті.

 

7.11.2016.-19.11.2016 жылы  бюджет негізде «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша «Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеудегі мейірбике рөлі» , «Жалпы тәжірибе дәрігері мейірбикесінің   жұмысы» атты циклдар өткізді.

 

 

Салауатты өмір салтының негізгі қағидаларының бірі – жеке бас гигиенасын сақтау болып табылады. Жастар арасында қолды таза ұстаудың маңызын насихаттау мақсатымен Жамбыл медициналық колледжінің  Б корпусында  оқытушылар мен 3-4 курс студенттер арасында “Қолды таза ұстау-өңдеу” айлық іс-шара өткізілді.

 

 

Әдістемелік мектеп. Жас оқытушылар мектебінің отырысы

18.11.2016 ж. Әдістемелік  кабинет меңгерушісі Ж.Б.Иманбекова  мен әдіскер  Л.К.Батаева және  колледж психологы А.Н.Оскенбаевамен  бірлесе отырып, «Жеке  тұлға – кәсіби  маман»  тақырыбында  жас  оқытушыларға  арналған  семинар – тренинг  өткізілді. Мақсаты: ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін – бірі кеңірек танып білуге, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін көтеру.

 

 

«Елбасы жолы – ертеңге өнеге»

1 желтоқсан  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған  «Елбасы жолы – ертеңге өнеге» тақырыбында колледжішілік ашық тәрбие сағатын топ кураторы  Б.Л. Абденкулова  «Емдеу ісі» 222 топ студенттерімен  өткізді. Тәрбие сағаты Н.Ә.Назарбаевтың өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, жас ұрпақтың ұлттық патриоттық сезімдерін арттыру, оларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ояту, Н.Ә.Назарбаевтың ұлы  тұлға екенін таныту мақсатымен өткізді. Ашық тәрбие сағаты  жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.

 

Конференция

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау  және әлеуметтік даму министрлігі  ағымдағы  жылдың 24-25 қараша аралығында  “Назарбаев Университеті” ДБҰ базасында жетекші шетел университеттері  және медициналық  ЖОО-лар арасында  стратегиялық әріптестіктің бірінші кезеңін іске асыру  барысында қорытынды конференция өтті. Конференцияның  жұмысына Жамбыл медициналық колледжінің директоры  Ж.Н.Сарыбекова  қатысты.

 

 

 

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні

 

«Қыз өссе, елдің көркі»

18.10.2016 ж. Колледж психологтары, Өскенбаева А.Н.,Мұхамодиева Н.Е. «Жастар» жастар денсаулық орталығының психологтарының  қатысуымен «Қыздардың бой жетуі» тақырыбында, «Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» қағидасымен, қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық  құндылықтарға негізделген, отбасы мәртебесін нығайту мақсатында  тренинг өткізді.

 

 

«Мектепке жол» акциясы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен және Қ.Р  Білім және ғылым  министрлігінің бастамасымен, 2016 жылдың 1-30 тамыз аралығында «Мектепке жол» акциясын жүргізфу көзделген болатын. Акцияның мақсаты: әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көп балалы жанұя балалары мен жетім, мүгедек балаларға қамқорлық жасап, олардың мектепке баруына материалдық көмек көрсету болып табылады. Аталған акцияға Жамбыл медициналық колледжі де ат салысып, колледж  директоры Ж.Н.Сарыбекова №25 орта мектебінің 4 «а» сынып оқушысы Бақберген  Б. өз есебінен 10 000 теңге қаржылай көмек керсетті.Ал студенттер кәсіподақ ұйымының мүшелері де осы бастаманы қолдай отырып, 3 «ә» сынып оқушысы Ш.Қаршығаға  да 10 000 теңге бөліп, игі іс жасады.

 

Мен және менің полицейім

05.10.16 жылы ҚІІБ ЖПҚ КТІЖ аға инспектор, полиция майоры Д.У. Маханов пен № 1 мобильді  топ мүшесі  ҚІІБ ЖПҚ полиция майоры Б.А. Альмухамедов колледж студенттерімен кездесіп «Қоғамдық көліктердегі қалта, ұялы телефон ұрлығы» тақырыбында дәріс оқыды.

08.10.16 жылы «Болашақ» ҚБ маманы Г.З. Калиева колледж студенттерімен кездесіп, «Адам саудасынан сақтан!» тақырыбында ой бөлісті.

24.10.16 жылы № 1 мобильді топ мүшелері ТҚІІБ ЖПҚ полиция майорлары Д.У. Маханов пен Б.А. Альмухамедов колледж әкімшілігімен бірге, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің колледж қабырғасына өткір, үшкір,  психотропты, жарылғыш заттарға тыйым салу  мақсатында  алдын алу шаралары бойынша рейд жүргізді.

25.10.16 жылы № 1 мобильді топ мүшелері ТҚІІБ ЖПҚ полиция майорлары Д.У. Маханов пен Б.А. Альмухамедов колледж студенттерімен кездесіп заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы дәріс оқыды.

 

Қоғам және мен

10.10.16 жылы «Дін және зайырлылық» тақырыбында  Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу» орталығының маманы А.К. Сембекова мен Г.Сарыбай колледж студенттерімен  кездесіп, дәріс оқыды.

18.10.16 жылы «Діндегі радикалды бағыттар және олардың қаупі» тақырыбында Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясатымәселелері басқармасының ЖРО КММ-нің қызметкерлері З.А. Имашев  пен А.Б. Бекова  колледж студенттерімен   ой бөлісті.

 

Мультиспорттық жаттығулар

2017 жылдың 29 қаңтары мен ақпан аралығында  Алматы  қаласында өтетін  28-ші  Дүниежүзілік қысқы  универсиада  ҚР  ұлттық жобасы  еліміздің  25 жылдық   тарихындағы  ең  ірі  мультиспорттық  іс  шара аясында  арнап, колледждің  дене  шынықтыру  пәнінің  оқытушылары  таңғы  жаттығулар  ұйымдастырды.

 

 

 

“Розовый месяц борьбы с раком молочной железы”

22.10.2016 ж .  Тұңғыш Президенті  саябағында «Розовый месяц борьбы с раком молочной железы» атты кең ауқымды акция өтті. Аталған акция жыл сайын қазан айы бойы бүкіл әлемде өткізіледі. Кеуде қатерлі ісігіне қарсы күресу акциясын Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының міндетін атқарушы М.Жұманқұлов сөзімен ашты. Жамбыл медициналық колледжінің студенттері осы акция шеңберінде өткен жүгіру марафонында жүлделі I орынды иеленіп, кубокпен марапатталды.

 

 

«Әкем, анам және мен» отбасылық эстафета

10.09.2016 ж.  Жамбыл медициналық колледжінің 80 жылдығы,ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық  мерейтойы аясында «Отбасы күніне» арналған дене тәрбиесін және салауатты өмір салтын ата-аналар мен студенттер арасында қалыптастыру бағыты бойынша  «Әкем, анам және мен» атты отбасылық эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысты дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Ә.М.Ниязқұлов, Б.А.Нұрғабылов ұйымдастырды. Бұл жарыс жас ұрпақтың спортқа деген қызушылығын арттыра түсті.

 

 

 

Симуляция орталығының жұмысы

Жамбыл медициналық колледжінің Б корпусында «Емдеу ісі» бөлімінің IV курс студенттері  Симуляция  орталығында тәжірибелік дағдыларды тапсыру жұмысын  10 қазаннан бастады.   Студенттер келесі станцияларда машықтанады. Жүректің кенеттен тоқтауында көмек көрсету: жүрек- өкпе реанимациясы/оказание неотложной помощи при остановке сердца, жарақаттарда  жедел көмек көрсету/оказание неотложной помощи при травмах, парентеральды иньекциялардың техникасы/техника парентеральных инъекций, жарақатты алғашқы өңдеуді жүргізу және  таңғыш салу/ проведение первичной обработки раны и накладывание повязки.

 

 

Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау, симуляциялық оқыту орталығында қазан айында өткізілген іс-шаралар

17.10.2016.-29.10.2016 жылы  бюджет негізде «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі»  мамандықтары  бойынша «Ер адамдардың денсаулығын қорғау. Емханадағы ерлерді қарау кабинеті мейірбикесінің (мейіргер) жұмысы»,«Созылмалы инфекциялық емес және әлеуметтік мәні бар аурулардың  алдын-алу МСАК мейірбике рөлі»,«Шұғыл жедел жәрдем фельдшерінің жұмысы» атты циклдар өткізілді.

 

 

 

03.10.2016.-15.10.2016 жылы ақылы негізде «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі»  мамандықтары  бойынша «Білім беру жүйесі мейірбикесінің жұмысы», «Акушерия және гинекологиядағы шұғыл жағдайлар», «Педиатрияда көрсетілетін дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек», «Дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсетудің жалпы мейірбикелік технологиялары» атты циклдар өткізілді.

 

 

 

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып Жамбыл медициналық колледжінің  «Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау, симуляциялық оқыту орталығы облыстағы орта медицина қызметкерлерін оқыту кестесін ұйымдастырды. Колледждің әкімшілік – оқытушылар құрамынан тренерлер дайындалды.«Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау , симуляциялық оқыту жұмысы жөніндегі директордың орынбасары  М.И.Тлеубаева мен «Аймақтық симуляциялық орталықтың» бөлім меңгерушісі Ф.Д.Тұрмысова ағымдағы жылдың 29-қыркүйегінде Астана қаласында өткізілген  МӘМС енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу шеңберінде ұйымдастырылған медициналық ЖОО және колледждер оқытушы тренерлеріне арналған семинарға қатысты.

 

 

Студенттер кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау конференциясы

4.10.2016 ж. Студенттер кәсіподақ ұйымының есеп беру және сайлау конференциясы өтті. Ашық түрде, дауыс  беру арқылы Н.Р.Абдрахманова қайта сайланып, ал Б.А.Қырықбаева міндетін атқарушы болып тағайындалды. Конференцияға – «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының жетекші маманы – Т.Т.Арғынбекова студентерге кәсіподақ стипендиясының сертификатын ұсынды.

 

 

 

« Тәуелсіздік туын ұстар жоғары, бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі»

23.10.2016ж Жамбыл медициналық колледжінің Б корпусында «Жас алаш» пікірсайыс клубы мен колледждің белсенді студенттері және «Жас Алаш» пікірсайыс клубының жетекшісі Айдабосынова Ж.Н. және Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Уркимбаева Д.Б. және жастар ұйымдарының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай « Тәуелсіздік туын ұстар жоғары, бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі» тақырыбында  III дәстүрлі «Жамбыл медициналық колледжі директорының кубогі» өтті. Пікірсайысқа шақырылған  11 оқу орнынан студенттер қатысты. Пікірсайыс қонақтары Тараз қалалық маслихатының депутаты С.Берікқожа, «Сана» оқыту орталығының директоры Б.Қосалиев ЖМК ұжымына алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.

 

Қазақстанның Тәуелсіздігі- “Мәңгілік елдің” ұлы тарихы

20.10.2016 ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстанның Тәуелсіздігі  – «Мәңгілік елдің»  ұлы тарихы» тақырыбында 1, 2  курс студенттері арасында колледжішілік «Шабыт» байқауы өткізілді. Байқаудың «Мәнерлеп оқу», «Вокал», «Хореография», «Ұлттық аспапта ойнау» номинациялары  бойынша  студенттер жүлделі орындарға  ие  болып, алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

 

«Атасы асыл сөздің – ақын Абай» атты X облыстық Абай оқулары байқауы

21.10.2016ж. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Атасы асыл сөздің – ақын Абай» тақырыбында өткізілген байқауына 109 топ студенті Шымырбек Н.қатысып ІІ орынды  иеленіп, дипломмен және жетекшісі Мәдімарова А.Т. алғыс хатпен марапатталды. Д.М.Жүнісованың жетекшілігімен қалалық мәдениет үйінде “Тіл парасат” байқауына 323 топ студенті Колупева О.«Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ» тақырыбында өткен  Абай оқулары байқауына Б.Л.Абденкулованың   жетекшілігімен 223 топ студенті Керимова А. қатысты.Аталған студенттер алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

«По страницам Бахчисарайского фонтана. Пушкинский сюжет в искусстве»

19.10.2016 ж. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі А.С.Пушкиннің шығармашылығына арналған «По страницам Бахчисарайского фонтана. Пушкинский сюжет в искусстве» тақырыбында әдеби-әуенді кеш өткізді. Аталған кештің мәнерлеп оқу номинациясы бойынша «Медбикелік  іс» бөлімінің 208 топ студенті Әбдімүтәліп М.Қ. жүлделі II орынды иеленіп, алғыс хатпен марапатталды.

 

 

 

«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!»

31.10.2016 ж. Кітапхана қызметкері А.А.Сапарбаева және Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаева, кітапхана ұжымы ұйымдастыруымен, белсенді студенттердің қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.

 

 

 

“Біз тәуелсіз елдің болашағымыз”

31.10.2016 ж. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын насихаттау мақсатында «Біз  тәуелсіз  елдің  болашағымыз »  тақырыбында  210 топ  » Медбикелік ісі »  студенттерімен  Э.С. Шайшаева  ашық  тәрбие сағатын  өткізді. Тәрбие сағаты жақсы деңгейде өтіп, мақсатына  жетті.

 

 

 

“Жеңіл атлетика”

19.10.2016 ж.  Студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, денені сауықтыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Ә.М.Ниязқұлов «Мейіргер ісі» бөлімінің 109 топ студенттерімен “Жеңіл атлетика. Екпін алып ұзындыққа секіру әдісін үйрету” тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Оқытушы алдына қойған мақсаттарына жетті, студенттерді шыдамдылыққа және жылдамдық, ептілік, икемділік күшін арттыруға баули білді.

 

 

 

«Мәңгілік Ел»

21.10.2016 ж. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» атты дөңгелек үстел Шалданбаева С.Б. –тарих пәнінің оқытушысы, Жанұзақ Е.- 420 топ студенті, студенттік кеңес ұйымының төрағасы баяндама оқып, колледждің белсенді студенттері ән айтып белсене қатысты.

 

 

 

 

“Отбасы – тәрбие бастауы”

19.10.2016 ж. Отбасы құндылығы және оның қадір-қасиеті, тәрбиедегі ата-ананың алатын ерекше орны, ата-ананың алдында баланың жауапкершілігі туралы маңызды ұғымдарды насихаттау мақсатымен «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында бөлімішілік ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты жақсы деңгейде өтіп, мақсатына  жетті. Ашық тәрбие сағатын «Емдеу ісі» бөлімшесінің 227 топ студенттерімен Л.К Мейірманова  ашық сабақ  өткізді.

 

 

 

Кәсіподақ ұйымының есеп беру – сайлау жиналысы

12.10.2016 ж. Кәсіподақ есеп беру – сайлау жиналысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ф.Қ. Жапарқұлова  «Бастауыш кәсіподақ ұйымының 2014 ж. мамыр айынан 2016 ж. қазан айы аралығындағы жұмысы туралы есеп» баяндамасын оқыды. Жиналысқа облыстық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы – С.Р Қасенова, денсаулық сақтау қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымының жетекші маманы Т.Т.Арғынбекова қатысты. Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелерін, тексеру комиссиясын, санақ комиссиясын ашық түрде дауыс беру арқылы сайлады. 7 делегат шығып сөз алды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ф.Қ.Жапарқұлованың атқарған жұмысы  «қанағаттанарлық » деп есептелді.

 

 

Құттықтаймыз!

19.10.2016 ж.  «Техникалық  және  кәсіптік білім беру  мекемелерін  аккредитациядан  өткізу  тәртібі » атты семинарына  колледж  директоры  Ж.Н. Сарыбекова қатысып  «Білім беру сапасын қамтамасыздандыру   тәуелсіз  Қазақстандық агенттігі » » Қазақстанның  ең үздік  медициналық колледждерінің  ұлттық рейтінгі  – 2016″  сараптауы бойынша  Жамбыл медициналық колледжі  VII  орынды ұтып алып, сертификатқа  ие  болды.

 

 

 

Тәуелсіз елім- ұлы өлкем,сүйікті қалам!

14.10.2016 ж. Орталық стадионда «Тәуелсіз –елім, ұлы өлкем, сүйікті қалам» атты  мерекелік шара ұйымдастырылды.Ол «Көне Тараз-тарихымның тереңі», «Менің сүйікті қалам»,  «Ән-жырым саған, Туған ел!», «Гүлдене бер, туған жерім Қазақстан!» атты 4 композициядан тұрды.  Жамбыл  медициналық  колледжінің 450 студенттері  көрермен болып, ал 50 студенті  «Көне Тараз-тарихымның тереңі»   композициясында  Талас өзенінің  бейнесін сомдады.

 

 

 

 

Ақпараттық хат

Жамбыл медициналық  колледжі техникалық және кәсіптік білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырып өткізу және жас ғалымдардың (колледждердің студенттері)  ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыру мақсатында,  денсаулық сақтау  саласын  дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру аясында  Қазақстан Республикасы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері  медициналық колледждерінің студенттерін   21 желтоқсан 2016 жылы   сағат 1000 (Астана уақыты бойынша) on-line тәртібінде өткізілетін  «Тұрғындардың денсаулығын нығайту – мемлекеттің  тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму факторы»  Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1. Салауатты  өмір  салтын қалыптастыру  және  жүргізуде  тұрғындардың   сауаттылық           деңгейін көтеру.

2.   Қатер   факторларының таралуын төмендетуде  жаңа  мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыру.

3. Дәрілік  заттарды  тиімді  қолдануды  қамтамасыз  ету – дәлелді  медицинаның  негізі.

4. Аурулардың алдын алу және оны басқарудың интеграциясы.

5.  Медициналық  колледж  студенттерінің  кәсіби  бейімделуіне  жобалық әдістемелік   тәсілдерді  қолдану.

6. Ақпараттық- коммуникациялық  технологиялардың  көмегімен  медициналық  колледж  студенттерінің  білім  алуға  деген  ынталарын  қалыптастыру.

7. Негізгі  әлеуметтік   маңызды  жұқпалы  емес  аурулардың  алдын  алу  және  бақылау (мониторинг)  іс-шараларын  жандандыру.

8. Дұрыс теңгерілген тамақтану,  дене  шынықтыру  және  спортпен  жүйелі  шұғылдану негізінде  жеке адам   денсаулығын  нығайту.

9. Тұрғындардың  науқастық   жағдайына ықпал  ететін  және бақылау (мониторинг)  деректерін  ескере  отырып, тұрақты қолжетімді ауыз – сумен және  ауаның, судың,  топырақтың  ластануын  азайту,  шу деңгейін төмендетуді қамтамасыз  ету.

 

Конференция on-line тәртібінде  өтеді.

Өткізілетін тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.

Баяндаманың ұзақтығы 5-7 минуттан артық емес.

 

Ұсынылған  жұмыстардың бағалау  өлшемдері:

1. Баяндаманың тақырыбы жүргізілген зерттеу жұмысының  тақырыбын ашуы.

2. Танымдылық және тәжірибелік тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы.

3. Баяндаманың ғылыми мазмұны, толықтығы мен мазмұнының аяқталуы.

4. Кіріктірілген элементтерді  денсаулық  сақтау  тәжірибесімен  ұштастыру.

5. Ғылыми  зерттеулердің  қажеттілігі  және  оны  медицинаға  енгізу.

6. Тұжырымдамалардың  міндеттерге, баяндаманың  мазмұнына  сәйкестігі.

Мақалалар  мен  баяндамалар  «Тұрғындардың денсаулығын нығайту – мемлекеттің  тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму факторы»  атты  ғылыми-тәжірибелік  конференция  жұмысының жинағында  жарияланады. Жинаққа  жариялауға  ұсынылған  баяндамалар саны шектелмеген.

Конференцияға қатысу   тапсырысын және баяндама материалдарын  2016 жылдың

 05-10  қараша аралығында   өткізу керек.

Конференция  қорытындысы бойынша  ең  үздік  жұмыстар  арнайы  дипломдармен  марапатталады.

Жинаққа жариялауға ұсынылған  баяндамаларды  рәсімдеуге қойылатын талаптар.

Жоғарыда  көрсетілген бағыттар  бойынша  баяндамалар  компьютерде,  парақтың бір бетінде бірыңғай  жол арақашықтықпен, сол жағы, төменгі, жоғары жақтары – 20 мм қашықтықты  Word 7,0 мәтіндік редакторында 14пт -кегль, орыс тілі үшін Times New Roman, қазақ тілі үшін – KZ  Times New Roman. Азат жолы – 1,25мм, А4 (210х297 мм) формат бетінде жазылуы керек. Суреттер мен кестелер мақаланың мәтінінде орналасуы керек. Қолданылған  әдебиеттер  тізімі баяндаманың  соңында 71-84 ГОСТ пен сәйкес жазылып көрсетіледі.

Мәтіннің көлемі А4 форматында 5 беттен артық болмауы керек.

Парақтың жоғарғы жағының  ортасында ғылыми  жұмыстың тақырыбы, автордың (авторлардың) аты-жөні, УИРС жетекшісінің аты-жөні, әрі қарай ортасында оқу мекемесінің  атауы, Е-mail, курсивпен бос орын арқылы азат жолдан бастап 5-7 жол көлемінде қысқаша  андатпа  жазылады. Одан әрі орын және баяндаманың мәтіні.

Мысалы:

Онкологиялық ауру жаңа ғасырдың жаңа мәселесі

Тұрсынходжаева М.Т. «Емдеу ісі» 301 топ

Жетекшісі: Даулетов А.М.

Жамбыл медициналық колледж, med.col.priem@zhambyl.kz

«On-line»  тәртібінде оқылатын баяндамаларға қойылатын талаптар:

–  Әр колледжден 2 өкілден қатыса алады (10.11.2016 ж. дейін әр қатысушының деректерін ұсыну қажет);

– Регламентті сақтау (5-7 минут);

– Кестелер, сызбалар, диаграммалар, суреттер  «Power Point» бағдарламасымен жасалуы керек;

-Баяндаманың слайдтарын нөмірлеу қажет (себебі, сіздердің видеопрезентацияларыңыз біздің қызметкерлермен көрсетіледі).

Ұйымдастыру жарнасы: мақаланы жариялау 3000 (үш мың) теңге. Жарна біздің колледждің есеп шотына аударылуы керек.

Жамбыл медициналық колледжінің директоры:                              Сарыбекова Ж.Н.

Байланыс телефондары: 8 (7262  45-03-20;  43-10-89)  моб. 8 701 676 55 64;

8 747 929 25 63;   8 707 456 99 69;

Техникалық сұрақтар бойынша: Исмаилова Айжан Ерелепесқызы

Ұйымдастыру  бойынша:  Иманбекова Жамиля Болатханқызы

 Заңды мекен-жайы мен  деректемелері:

Жамбыл  облысы  әкімдігінің

Денсаулық  сақтау  басқармасының

«Жамбыл  медициналық  колледжі» КМҚК

Тараз қаласы, Ниеткалиев к., №20

№ KZ 42914142203KZ0008A (KAZ)

БИК SABRKZKA

БСН 990240002413

КБЕ 16

«Ресей жинақ банкі» Акционерлік қоғамның еншілес банкі «Сбербанк».

 

Конференцияға қатысу өтініші.

Оқу орнының атауы
Конференцияға қатысу нысаны

 

Керегін сызыңыз:

  1. мақаланы жариялау.
  2. мақаланы жариялау және сөз сөйлеу.
Студенттің аты – жөні:
Мамандығы, курсы:
Жетекшінің аты – жөні:
Жетекшінің  лауазымы:
Толық  мекен – жайы (индекспен):
Е-mail:
Мақаланың тақырыбы:
Жетекшінің, баяндамашының байланыс телефоны:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Балауса» қыздар клубы

15.09.2016 ж.Жамбыл медициналық  колледжінде бойжеткен қыздарды ұлтымыздың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрып, рухани құндылықтарды құрметтей білуге, ұяңдық пен биязылыққа, инабатты, білімді болуға тәрбиелеу  мақсатында  «Балауса» қыздар клубының ашылу салтанаты өтті. Кештің ашылу салтанатына «Асыл Арман»  ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» ҚБ төрағасы: Нұрақбаев  Р.Д.қатысты. Ұйымдастырушылар колледж психологтары: Оскенбаева А.Н, Мухамодиева Н.Е.

 

 

 

Қоғам және мен

14.09.2016 жылы  «Дінің тұрсын дін аман» тақырыбында колледж студенттерімен  кездесу болып өтті. Кездесу барысында «Кеңесхан қажы» мешітінің имамы Ғ. Ахметов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары А.Кадралиев, Б. Кулназаров, облыстық дін істер басқармасының бас маманы А. Құлымбетовтер сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды.

 

 

 

25.09.2016 жылы «Дін және мен» діни радикализмнің алдын алу тақырыбына сәйкес «Жаңа – Ру» жастар коалициясынан Д. Өмірбеков пен Түркістан Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ доценті З. Жандарбек колледж студенттерімен  түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

 

 

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі»

28.09.2016 ж.  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 4-ші «Бірегейлік пен бірлік» бағытын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық технологиялар саласындағы жаңа бірегей өнімді сандық қосымшаны әзірлеп ұсынады.

Бұл жоба 87-ші «қадамда» көзделген әрбір азаматқа және шетелдік туристке ел туралы көбірек білуге көмектесу мақсатында «Қазақстан энциклопедиясы» кең көлемді интернет жобасын құру жөніндегі елбасының тікелей тапсырмасының орындалуының нәтижесі.

Осыған орай «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық қосымшаны таныстыру мақсатында үстіміздегі жылдың 28 қыркүйегі  сағат 11.00-де Жамбыл медициналық колледжінің Б корпусынын мәжіліс залында 3 курс білімгерлерімен  кездесу өткізілді. Келген конақтар: Шәмші Әлібек  Облыстық Жастар ресурстық орталығының маманы, Беделбай Ерасыл Облыстық Жастар ресурстық орталығының маманы.

 

 

09.09.2016 ж. «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттік қозғалысының лидері А.Ж.Мұратбаев Тараз қаласындағы орта арнаулы оқу орындарының базасында бөлімшелерін ашу мақсатында Жамбыл медициналық колледжінде кездесу  ұйымдастырылып, ұйымның мақсаты, міндеттері түсіндірілді. Колледжде ұйымның көшбасшысы болып 201 топ студенті Е.Қыпшақбаев сайланып, штаб құрылды.

 

 

 

«Язык – живая душа народа»

23.09.2016 ж. қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағытында№1 Жалпы білім беру және жалпы гуманитарлық пәндері ЦӘК төрайымы К.Ж.Байбосынованың ұйымдастыруымен  және  I-II курс студенттерінің  қатысуымен Тілдер күні мерекесіне арналған «Язык – живая душа народа» тақырыбында әдеби-сазды кеш  өтті.

 

 

«Язык – живая душа народа»

23.09.2016 ж. қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағытында№1 Жалпы білім беру және жалпы гуманитарлық пәндері ЦӘК төрайымы К.Ж.Байбосынованың ұйымдастыруымен  және  I-II курс студенттерінің  қатысуымен Тілдер күні мерекесіне арналған «Язык – живая душа народа» тақырыбында әдеби-сазды кеш  өтті.

 

 

«Мейірбике білімін жаңғырту»тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

23.09.2016 ж.   Орал қаласында Батыс Қазақстан  Жоғарғы мединциналық  колледжінде   Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  және Әлеуметтік министрілігінің ғылым және  адами  ресурстар  департаменті  Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігінің 25-жылдығына  және  колледждің  100-жылдығы   мерейтойына арналған  Қазақстан Республикасының  «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру  аясында  «Мейірбике білімін жаңғырту»  тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық   конференция өтті. Осы конференцияға колледж деректоры  Сарыбекова Жамиля Нургалиевна және «Мейірбике ісі», «Фармация» бөлімінің  меңгерушісі  Мырзагулова Жанат  Бекмұхановна қатысты.

 

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлімінде орта медициналық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

05.09.16.-19.09.16 ж. аралығында ақылы негізіндегі «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі»  мамандықтары  бойынша «Хирургиялық ауруларды және зақымдануды оперативтік емдеудің мейірбикелік технологиялары», «Госпитальға дейінгі кезеңдегі дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек», «МСАК учаскелік мейірбикесінің  жұмысы»  атты циклдар өткізілді.

 

19.09.16.-01.10.16 ж. аралығында  мемлекеттік негізде  «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушерия ісі» мамандығы бойынша «Жалпы тәжірибе дәрігердің мейірбике  жұмысы», «ЖИА жіті түрлерінде, ми инсультінде  шұғыл көмек көрсету. Электрокардиография негіздері», «Акушерия және гинекологиядағы шұғыл жағдайлар» атты циклдары өткізілді.

 

 

Әдістемелік мектеп. Жас оқытушылар мектебінің отырысы

7.09.2016 ж.  Әдістемелік мектеп отырысы өтті.

Күн тәртібінде:

1.Нормативті-құқықтық базаны оқу. Құжаттарды жүргізу. Аттестация. Педагогика қызметкерлерінің біліктілігіне қойылатын талаптар. Педагогика қызметкерлерінің  аттестацияға байланысты нормативті құжаттарын оқу.

Жауапты: Әдіскер Батаева Л.К. Аттестация комиссиясының хатшысы: Сарыбаев  Г.К.

2.Жас және жаңадан келген оқытушыларға нақты көмек ұйымдастыруда диагностикалық  зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жас оқытушылар мен жаңадан келген оқытушылармен танысу.

3.Жас оқытушылармен, жаңадан келген оқытушылармен танысу және педагог-тәлімгерлерді таныстыру. Жас  оқытушының жұмыс орнына кәсіптік бейімделуі. Оқытушының құқықтары мен міндеттері.  Оқытушыға  қойылатын талаптар             Жауапты: әдіскер Батаева Л.К.

4. Күнтізбелік жоспарларды құрастыру ережесі.Сабақ жоспарларын жазу үлгісі.Сабақтың үш бірдей дидактикалық мақсаттылығы.Сабақ жоспарының дұрыс құрылуы.         Жауапты: әдіскер Иманбекова Ж.Б. Әдістемелік мектеп отырысын колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова ашып, жас және жаңадан келген оқытушыларға колледждегі еңбектеріне сәттілік тілей отырып, қазіргі заман талабына сай оқытушы болуға, сапалы білім беруге шақырды.Жаңадан келген оқытушылар  жаңа   оқу жылының жоспарына ұсыныс –тілектер айтты.

 

Педагогикалық кеңес

19.10.2016 ж. Педагогикалық кеңестің бірінші отырысы өткізілді.

Күн тәртібі:

1.Педагогикалық кеңестің хатшысын сайлау.

2.Қабылдау комиссиясының 2015-2016 оқу жылы жұмысының қорытындысы.

Жауапты: қабылдау комиссияның хатшысы Жапарқұлова Ф.К.

3.2015-2016 оқу жылының  ІІ жартысындағы студенттердің қарыздарын жою туралы есеп.

Жауапты: директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Л.Т.

4.2015-2016 оқу жылына педагогикалық ұжымы қызметінің негізгі міндеттері  мен бағыттарын бекіту:

– педагогикалық кеңестің құрамы және жұмыс жоспары;

– әдістемелік кеңестің құрамы мен жұмыс жоспары;

– колледжде жұмыс жасайтын комиссиялар және олардың құрамы, төрағалары;

-үйірме және спорт секцияларының жетекшілері;

-циклдық-әдістемелік комиссиялар және олардың құрамы, төрайымдары;

– топ жетекшілері.

Жауапты: директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Л.Т.

5. 2015-2016 оқу жылындағы ЦӘК жұмыстары туралы талдамалы есеп.

Жауапты: оқу-әдістемелік кабинет меңгерушісі Иманбекова Ж.Б.

6. Әр-түрлі сұрақтар.

 

«Қарттарым – асыл қазынам»

29.01.2016 ж. №3 Жалпы білім беру және ізгілендіру пәндер циклдық әдістемелік комиссиясы төрайымы Л.Б.Саурбаеваның ұйымдастыруымен 1- қазан Халықаралық қарттар күніне  арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты ардагер ұстаздарға арналған салтанатты кеш өтті.Кеште ардагер ұстаздар жылы лебіздерін білдіріп, өнегелі сөздер айтты. Колледж әкімшілігіне алғыстарын білдірді.Колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова ардагерлерді құттықтап, сыйлықтар берді.Мерекелік кеш ақ дастарханмен жалғасын тапты.

 

«Ұстаз – саған мың алғыс!»

30.09.2016 ж.  №2 Жалпы кәсіптік пәндер циклдық әдістемелік комиссиясы төрайымыҰ.М.Ахметованың ұйымдастыруымен мұғалімдер күніне байланысты .«Ұстаз – саған мың алғыс! » атты салтанатты кеш өтті. Колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова ұжымды мерекемен құттықтап, өткен оқу жылында белсенділік танытқан оқытушыларды мақтау қағазбен және алғыс хаттармен марапаттады.Колледждің кәсіподақ ұйымы ұстаздардың төл мерекесіне сыйлықтар берді.

 

 

Білім күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 25 жыл

                           30 тамыз-Конституция күні

                                 1 қыркүйек – Білім күні

Конституция күні, Білім күні және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында салтанатты жиын өтті. Колледж директоры Сарыбекова Ж.Н. сөз алып, колледж ұжымын, жаңа қабылданған білімгерлерді мерекемен, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, табыс тіледі. 1991 жылдың 16 желтоқсан күні әрбір Қазақстан азаматының жүрегінде ерекше орын алды. Бұл күні Қазақстан Республикасы ғасырлар бойы ата-баба аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді.Конституция-еліміздің арайлы азаматтығының айнымас айғағы, жарқын болашағының бұлжымас бағдары.

 

Білімді ел-Мәңгі ел!

20.08.2016 ж. Білімді ел-Мәңгі ел!

Жамбыл облысы білім беру қызметкерлерінің қатысуымен «Білімді ел-Мәңгі ел» тақырыбында тамыз кеңесінің пленаралық мәжілісі өтті.Тамыз конференциясына  облыс әкімі К.Н.Көкрекбаев, ҚР Б және ҒМ мектепке дейінгі орта білім департаменті директоры Ж.А.Жонтаева, колледж тарапынан Жамбыл медициналық колледжі директоры  Ж.Н.Сарыбекова, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ж.Б.Иманбекова және бірқатар оқытушылар қатысты.