Махатова Алтынай Баянгалиевна – «Емдеу ісі», «Акушер ісі» бөлімінің меңгерушісі.
2010 жылы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Емдеу ісі» факультетін бітірген, 2011 жылы интернатураны аяқтап, «дәрігер акушер-гинеколог» біліктілігіне ие болды.
2013-2015 жылдары М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жоғары экономикалық білім алып, «экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесін алумен аяқтады.
2010-2016 жылдары Тараз қалалық перинаталдық орталығының акушер-гинеколог дәрігері болып жұмыс істеді.
2016-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Азаматтық қорғау, төтенше жағдайлар, жұмылдыру және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бас маманы, сондай-ақ Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2022 жылдан бастап Акушерия және гинекология пәнінің оқытушысы болып жұмыс істейді.
2023-2024 оқу жылының басынан бастап «Емдеу ісі» бөлімі, «Фельдшер» біліктілігі, «Акушерлік іс» бөлімі, «Акушер» біліктілігі меңгерушісі.
2021 жылы «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының «Денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі және кәсіподақ қозғалысын нығайтуға қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды.
2022 жылы Жамбыл облысы әкімінен өңірдегі денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат алды.