Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау!

Без рубрики
Бөлісу

15.11. 2022 ж. Жұмыс берушілер күніне» орай «Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау!» тақырыбында «Жамбыл жоғары медициналық колледжінде» , Жамбыл облысы және Тараз қаласының медициналық ұйымдарының жұмыс беруші басшыларымен «Жамбыл жоғары медициналық колледж» студенттерінің кездесу кеші өткізілді.
Кездесудің жалпы мақсаты: Болашақ маманның негізгі қызметімен, даму перспективалары, жұмыс берушінің қазір мамандарға қоятын талаптарымен танысып,
бітіруші студенттерге жаңа жұмыс орнына орналасу үшін қажетті мәселелерді талқылау, студенттердің медициналық ұйым туралы ақпарат алуы.
«Жұмыс берушілер күніне» арналған кездесуді алғы сөзбен Жамбыл «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» директоры Ж .Н.Сарыбекова қонақтарды таныстырып, ашты.
«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында №3арнайы пәндер ЦӘК төрайымы Парманова А.Т. баяндама оқыды.

Кездесу кешіне шақырылған қонақтар “Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының № 5 қалалық емханасы“ бас дәрігері Сарсенова Д.А. “Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының № 6 қалалық емханасы“ бас дәрігері Керимбаева Д. К., «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының №7 қалалық емханасы » бас дәрігері Джуманкулов М. С , «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының №9 қалалық емханасы » бас дәрігері Рапилбекова Г. С , «Садыхан Облыстық консультативтік-диагностикалық медициналық орталығының» бас дәрігері Искакова А.Е. «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы» Адамбаева Г. К. бас дәрігердің медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі орынбасары, «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы » ШЖҚ МКК бас дәрігердің мейіргер ісі жөніндегі орынбасары Назарбекова Г. Б.,«Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Қалалық көпбейінді ауруханасы » бас дәрігері Абильдаев Н. Ш., «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігердің медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Пыхыбаева У. К. және т.б. Жұмыс берушілермен студенттер арасындағы пікір алмасуы (сұрақ-жауап) жүргізілді. Студенттер көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алып, пікір алмасты.

«Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК , «Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК , «№ 5 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК келген қонақтар студенттерді мекемелерінің жұмыс тәжірибесімен таныстырып , жұмысқа шақырды.
№ 2 Жалпы кәсіптік пәндер циклдық комиссиясы оқытушылары фитоөнімдерді ұсынып кедесуді аяқтады. «Жұмыс берушілер күніне» арналған кездесу кеші өз деңгейінде, қызықты өтті.