Облыстық семинар – практикум

Без рубрики
Бөлісу

Колледжде Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай АƏД пəнінің оқытушы, қосалқы құрамдағы аға лейтенант Ж.Бегалиев жəне құқық бұзышылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі қосалқы құрамдағы аға лейтенант Р.Усенов «Жас ұрпақтың бойына əскери-патриоттық сезім мен алғашқы медициналық көмек көрсетуді қалыптастырудағы АƏД пəнінің рөлі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Семинар –практикум АƏД оқытушыларын саптық тексерістен өткізуден басталды, алғы сөз директорының оқу-тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т. Қуанышбековаға берілді. Қонақтарды колледж тыныс-тіршілігімен таныстырды. Бағдарламаға сəйкес «Материальная часть автомата и пулемета Калашникова. Осмотр АК и подготовка к стрельбе. Возможные задержки при стрельбе и способы их устранения» тақырыбында «Мейіргер ісі» бөлімінің 108 С-9/19 топ студенттерімен ашық сабақ өткізді. «Жаралану, қан кету жəне күйген кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Қан кетуді тоқтату, таңғыш салу құралдары мен түрлері. Сүйектің сынуы, жарақатты алғашқы өңдеу, соғып алу, буынның шығуы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек» шеберлік-класс көрсетті . Семинар – практикумды Жамбыл облысы əкімдігі білім басқармасының «Ғылыми – тəжірибелік дене шынықтыру орталығы» ғылыми қызметкері І.Есболов, Жамбыл облысы Қорғаныс істер департаменті жасақтау басқармасының нұсқаушы-сержанты аға сержант Е.Қаншымбеков қорытындылап, Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы полковник Е.Жабықбаев Ұлы Жеңістің 75 жылдығына лайықты қарсы алу мақсатында бастапқы əскери дайындық пəнінің ұйымдастыру жəне жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалармен облыстық 1 күндік оқу-əдістемелік жиын өткізуге қосқан үлесі үшін жəне жастардың Отансүйгіштікке баулу, олардың бастапқы əскери дайындығы тəжірбиесін арттырудағы елеулі еңбегі үшін колледж директоры Ж.Н. Сарыбековаға Алғыс жариялады. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына жəне ҚР Қарулы Күштерінің 28 жылдығына орай колледжің бастапқы əскери дайындық пəнінің оқытушы – ұйымдастырушысы Ж.Б. Бегалиев, Р.Б. Усенов жастарға əскери –патриоттық тəрбие беру жəне əскери оқу орындарына оқуға кəсіптік үгіт – насихат жұмыстарын жүргізідегі еңбегі үшін Грамотамен марапаттады.