Отбасылық құндылықтарды дәріптеу байқауы «Ана – өмір, қыз-үміт»

Бөлісу

“AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен 20 наурызда Жамбыл жоғары медициналық колледжінде
отбасы институтын нығайту мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында, әйел денсаулығының маңызы мен жан мен тән тазалығына көңіл бөле отырып «Ана-өмір, қыз-үміт» атты байқау өтті.
Әйелдер қанатының сарапшысы Ж.Н. Сарыбекова
әділ-қазылар төрайымы болып қатысушыларға әділ бағасын берді.
Аталмыш байқауға колледждің 1 курс студенттері аналарымен қатысты. Байқау Наурыз айында өтуіне байланысты қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы викторина сұрақтары қойылып, ұлттық тағамдарды даярлау туралы да ақпарат берілді.