28.02.23 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Фармация» мамандығы студенттері арасында, білімдерін бекіту және жалпылау, кәсіби білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын және олардың дербес практикалық қызметке дайындығын тексеру, ұжымдық ойлау әрекетін жандандыру, икемділікке, ойлау жылдамдығына, жеке шешім қабылдауға баулу мақсатында «Озық фармацевт-2023» кәсіби сайыс өтті. Жамбыл жоғары медициналық колледжі директоры Сарыбекова Ж.Н және ардагер ұстаз Конырова С.К. сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп,сайысты ашып берді. Сайысқа бітіруші топ студенттері қатысып,теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып,өздерінің кәсіби дайындықтарын көрсетті.
Фармацевтикалық өндірістен мамандар: Айткулова Ляззат Онгаровна – «NurKai» ЖШС директоры, Сутибаева Наршагуль Кемешовна «Амир и Д» дәріханасының рецептура бөлімінің меңгерушісі, Оналбаева Алия Ашрахановна – «Ерко» дәріханасының рецептура және өндіріс бөлімінің меңгерушісі, Абдиева Шара Сейтхановна – «Садыхан» ЖШС директоры шақырылып , қазылық жасады.
«Озық фармацевт-2023» кәсіби байқауының жеңімпазы Манапова Әлия болды, ол Түркістан қаласында өтетін «Озық фармацевт-2023» республикалық байқауына қатысу құқығын жеңіп алды.