Саурбаева Лаура Бековна

Бөлім меңгерушілері
Бөлісу

«Емдеу ісі» бөлімі меңгерушісі.

          2004 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі»  факультетін бітірді. Жалпы еңбек өтілі- 19 жыл. Санаты – жоғары.

          2004-2007ж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ағылшын тілі» пәні оқытушысы болып жұмыс жасаған.

          2007 жылдан бастап Жамбыл жоғары медициналық колледжінде жұмыс істейді.

          2007 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Филология» мамандығын бойынша магистр академиялық дәрежесін алған.

          2016- 2021ж.  №3 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру ЦӘК төрайымы қызметін атқарды.

          2020 жылы Ресей Федерациясы Сібір мемлекеттік медициналық университетінің «Денсаулық сақтауды басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

          2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Емдеу ісі» бөлімі меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

 

Марапаттары:

            2023ж. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай білім беру жуйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫмен марапатталды, Тараз қ.  

            2024ж. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-дан «Денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі мен кәсіподақ қозалысының, нығаюна қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай»  ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫмен марапатталды, Астана қ.

            2024ж. Қазақстан Республикасы медициналық колледждер одағы заңды тұлғалар бірлестігі және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-дан «Үздік мейіргер – 2024» халықаралық байқауын өткізу мен ұйымдастыру жұмыстарына жетекшілік жасағаны және белсене қатысқаны үшін ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды, Тараз қ.

            «Білім шуағы» республикасы ғылым  мен білімді қолдау орталығы «Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолында ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегімен және білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін» ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫмен марапатталды. Алматы қ.

            2025ж «Білім шуағы» сайтында білім беру ұйымдарының ұстаздары арасында өткізілген «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауында «English for patient care» тақырыбындағы жұмысын ұсынып, ізденісі мен тәжірибесін бөлісіп, ғылым мен білімнің дамуына үлес қосқаны үшін және үздік нәтиже көрсеткені үшін ДИПЛОМмен марапатталды.