Тәрбие жұмысының меңгерушілері

Айдабосынова Жамила Несипбековна – Жамбыл жоғары медициналық колледжінің тәрбие жұмысының меңгерушісі. Білімі жоғары.

1999-2004 жылдары  М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығының толық курсын бітірген.

2019-2022 жылдары Шымкент университетінің «Педагогика және психология» мамандығының педагогика ғылымдарының магистрі атанды.

Педагогикалық стажы-25 жыл, санаты педагог-модератор.

2001-2012 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылындағы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінде тарих, құқық пәндерінің мұғалімі қызметін атқарған.

2012-2021 оқу жылдарында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде тарих пәнінің оқытушысы және «Жас Алаш» дебат клубының жетекшісі қызметін атқарды.

2021 жылдан бастап колледжде тәрбие жұмысының меңгерушісі.

Марапаттары:

  • Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының басшысы Д.Есжановтан АЛҒЫС ХАТ, 2021 жыл.
  • «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлердің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Г.Момбекованың ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, 2021 жыл.
  • «Пікірсайыс қозғалысын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалі, 2022 жыл.
  • Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері Б.Д.Кыдырбаевтың АЛҒЫС ХАТЫ, 2025 жыл.
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ басшысы Б.Копдикбаевтің АЛҒЫС ХАТЫ, 2025 жыл. 

Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі болып Усенов Рахат Бакенович жұмыс жасайды.
2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Запастағы аға лейтенант.
2013 жылдың қаңтар айынан бастап Жамбыл жоғары медициналық колледжінде жұмыс істеуде.

Жамбыл жоғары  медициналық колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы қызметін атқарады. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының мазмұны мен түрі:

  • Колледждегі топтар бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының жағдайы туралы мәселенің қаралуы.
  • Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің колледждің ішкі тәртіп ережесін, Жарғысын бұзуы және қоғамға қарсы әрекеттері мәселесін қарау.
  • Білім алушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы даулы, шиеленісті жағдайларды шешу.
  • Балаларына дұрыс тәрбие бермейтін және одан бас тартатын ата-аналар немесе оларды ауыстыратын заңды тұлғалармен түзету жұмыстарын жүргізу.
  • Құқық қорғау және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлерімен тұрақты өзара байланысты сақтау. Аталған органдардың қызметкерлерін Кеңестің отырысына шақыру. Отырысқа шығарылатын мәселелер бойынша аталған органдардан шығатын құжаттарды талқылау және қарастыру.