Виртуалды экскурсия

Без рубрики
Бөлісу

23.05.2020 ж. Колледжде Тарихи өлкетану пәнінен «Қазақстанның киелі географиясы» арнайы жоба шеңберінде Г.Н. Жантохова  106 топ студенттерімен виртуалды экскурсиялар ұйымдастырды. Көптеген азаматтарға уақыттың және қаржының тапшылығы Қазақстанның киелі жерлеріне баруға мүмкіндік бермейді. Алайда, заманауи техникалық мүмкіндіктер осы объектілерді виртуалды режимде көруге және өз елі туралы білімін арттыруға мүмкіндік береді, сонымен бірге ішкі туризмді дамытуға серпіліс береді.
Әлемдік қоғамдастықта жаһандық ақпараттандыру үрдістерін ескере отырып, отандық мәдениеттің жетістіктерін интернет – ресурстар арқылы кең тарату мүмкіндігін пайдалану қажет.
Виртуалды экскурсиялардың мақсаты – Қазақстанның сакралдық объектілерін танымал ету.