0305000 – «Зертханалық диагностика» мамандығы біліктілігі: 0305013 – «Медициналық зертханашы»
Оқу түрі: күндізгі
Оқытудың нормативтік мерзімі: 3 жыл 10 ай негізгі орта білім базасында;
2 жыл 10 ай жалпы орта білім базасында
0305000 – «Зертханалық диагностика» мамандығы біліктілігі: 0305013 – «Медициналық зертханашы» түлектеріне қойылатын базалық және бейіндік құзыреттер
Өзін-өзі дамыту бағытында: дағдыларға ие, өзінің үздіксіз кәсіби дамуын ұзақ мерзімді жоспарлауға жауапкершілік алады және қойылған мақсаттарға жету үшін оқытудың ең тиімді әдістерін таңдайды.
Ақпаратты басқару дағдылары бағытында: ақпаратқа қажеттілікті, ақпараттық іздестірудің басым бағыттарын анықтайды, әртүрлі көздерден ақпаратты өз бетінше тауып, сыни бағалайды,алынған ақпаратты практикада жалпылайды және қолданады.
Компьютерлік технологиялар: жұмыста және өзін-өзі дамытуда заманауи ақпараттық білім беру технологияларын қолданады
Сыни ойлау және шешім қабылдау бағытында: проблеманы және ықтимал шешу жолдарын анықтайды, гипотезаны тексереді және оқиғалардың ықтималдығын бағалайды, тиісті қорытынды жасайды.
Заманауи технологияларды пайдалану арқылы жақсарту: технологияларға қажеттілікті анықтайды, қызметтің тиімділігін арттыру үшін зерттеулердің қазіргі заманғы зертханалық әдістерін қолданады, жоспарлайды және енгізеді.
Кәсіби этика бағытында: пациенттің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кәсіби этикалық қағидаттарға бейілділігін көрсетеді; әлеуметтік-мәдени диалогқа дайындық.
Жұмыс ортасының эстетикасы: қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып жұмыс орнын ұйымдастыруды; жұмыс уақытын тиімді басқаруды біледі.
Коммуникативтік дағдылар: қарым-қатынас процесінің барысын бақылай алады және қажет болған жағдайда оны түзете алады; әр түрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады. Коллаборация: ұқыптылықты, жауапкершілікті көрсетеді, командада басқа кәсіпқойлармен жұмыс істейді, өзара тиімді кәсіби ынтымақтастыққа ұмтылады.
Зиянды факторлардан қорғау:адамдардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін зиянды факторлардың әсерінен қорғау әдістерін қолданады.
Пайдаланылған материалды кәдеге жаратуды, пайдаланылған зертханалық ыдыстарды, құрал-саймандарды, қорғаныс құралдарын дезинфекциялауды және стерилдеуді жүргізеді
Денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған және салауатты өмір салтын қалыптастыруды, аурулардың пайда болуының және (немесе) таралуының алдын алуды, олардың ерте диагностикасын, олардың пайда болу және даму себептері мен жағдайларын анықтауды, сондай-ақ адам денсаулығына зиянды әсерді жоюға, оның мекендеу ортасы факторларын анықтауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға дайындық
Нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдаланады; кәсіби деңгейде технологияларды ауыстыруға дайын
Зертханалық зерттеулер үшін биологиялық материалды алу техникасын көрсету дайындығы; диагностикалық клиникалық-зертханалық зерттеу әдістерін қолдануға және олардың нәтижелерін интерпретациялауға дайындық; сапаны бақылауға қатысуға дайындық; зертханалық ,жалпы клиникалық зерттеулер нәтижелерін тіркеуге дайындық
Биологиялық материалдарға зертханалық биохимиялық зерттеулер жүргізу қабілеті; сапаны бақылауға қатысуға дайындық; зертханалық зерттеулер үшін биологиялық материалды алу техникасын көрсету дайындығы; зертханалық зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялау, диагностикалық әдістердің ерекшелігі мен сезімталдығын бағалау дағдыларын көрсетуге дайын болу; адамның биологиялық сұйықтықтарының сандық және сапалық құрамын бағалау бойынша жауапты
Биологиялық материалдарды зертханалық гистологиялық зерттеу үшін препараттарды дайындау дағдысына ие және олардың сапасын бағалайды
Биологиялық материалдарға, сыртқы орта объектілерінің сынамаларына және тамақ өнімдеріне зертханалық микробиологиялық және иммунологиялық зерттеулер жүргізуге дайындық; сапаны бақылауға қатысуға дайындық; зертханалық зерттеулер нәтижелерін түсіндіруге дайындық; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін тіркеу қабілеті
Қоршаған және өндірістік ортаның жай-күйі бойынша зертханалық мониторингті жүзеге асыруға дайындық; тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында зертханалық бақылау жүргізуге дайындық; талдау әдістемесін қолданады және алынған ақпаратты статистикалық өңдеуге жауапты болады