Жамбыл жоғары медициналық колледжінде көгалдандыру және ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді

Без рубрики
Бөлісу

27.04.2024ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде көгалдандыру және ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Жалпы қалалық сенбілікті өткізудегі негізгі мақсат: колледж студенттерін қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру, әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру болып табылады. Соңғы кездері тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама емес пе? Егерде әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстап, егілген ағаш көшеттерінің өсуіне жағдай жасаса, қаламыз бұдан да ажарлана түсетіні сөзсіз. Сенбілікке колледж тарапынан колледж оқытушылар мен студенттер қамтылды. «Жасыл ел» отрядының жетекшісі: Кобегенова А.Т.