Жапаркулова Фарида Кадырбековна

Бөлім меңгерушілері
Бөлісу

«Емдеу ісі» мамандығы, «Фельдшер» біліктілігі,  «Фармация» мамандығы, «Фармацевт» біліктілігі бөлімінің меңгерушісі.

1989 жылы Жамбыл медициналық колледжін бітірген.

1996 жылы Тараз Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.

2016 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Іскерлік әкімшілік магистрі» дәрежесін алған.

2002 – 2006ж аралығында тәрбие ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. Колледжде 2005-2008 жылдар аралығында  бастауыш Нұр Отан партиясының төрайымы, 2014-2019 жылдар аралығында колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып қоғамдық жұмыстар атқарды.
2006-2014 жж. 1 курс «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі, 2015 жылдан бастап «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі және 2018 жылдан бастап «Емдеу ісі» мамандығы,«Фельдшер» «Фармация» мамандығы, «Фармацевт» біліктілігі бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.

Марапаттары:

2014 жылы Медицина қызметкерлері күнін мерекелеуге байланысты медицина кадрларын дайындауда жоғары көрсеткіштері үшін Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.

2015 жылы Облыстың денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы атқарған ерен еңбегі және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны үшін Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы  «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің  ЖОФ – ның Құрмет грамотасымен марапатталды.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай, Жамбыл медициналық колледж директоры Ж.Н. Сарыбекованың  Алғыс хатымен марапатталды.

2017 жылдың сәуір айында жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары  үшін «Ы.Алтынсарин»  төс белгісімен марапатталды.

2018 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың   Тәуелсіздік күні мерекесіне орай азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін  алғыс хатымен марапатталды.

2020 жылы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Дарынды оқушылардың қаблетін айқындау, дамыту» жобасы аясында өткен «Білім беру саласының білікті ұстазы» атты республикалық байқауға қатысып, жеңімпаз атанғаны үшін І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2020 жылы Білім саласына қосқан айрықша үлесі үшін «Білім беру саласының білікті ұстазы» атты төсбелгісімен марапатталды және куәлік берілді.