2016 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша аяқтады. 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы» денсаулық сақтау магистрі атанды.
2016-2017 жылдар аралығында № 1 перзентхана, Алматы қаласы-эпидемиолог; 2017 ж. №20 Қалалық емхана, Алматы қаласы- сарапшы дәрігер, 2020-2021 ж – №9 Қалалық емхана,Тараз қаласы – сарапшы дәрігер; 2021 ж – №2 Қалалық емхана,Тараз қаласы – эпидемиология қызметінің басшысы, 2020ж «Орхун Медикал» медициналық орталығында – эпидемиолог; 2021ж «доктор Абдуалиевтің медициналық орталығында» – эпидемиолог болып жұмыс атқарған. 2019 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Үздік жас маман» атанған. Ғылыми зерттеу жұмыстары: «Азық-түлікті фортификациялау тиімділігін бағалау», «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қатерлі ісіктің алдын алу», «Оптимазация системы инфекционного контроля в родильном доме №1 г.Алматы». 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап аймақтық симуляциялық орталығымен орта медина қызметкерлерінің біліктілікті арттыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.