«Жемқорлыққа – жол жоқ»

Без рубрики
Бөлісу

2024 жылдың 23 ақпанында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде №2 жалпы кәсіптік циклдық әдістемелік комиссиясы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Фармация» бөлімі студенттері арасында «Жемқорлыққа – жол жоқ» тақырыбына тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында жемқорлықтың мәселелері талқыланды. Студенттер өздерінің ой – пікірлерімен бөлісіп, жемқорлықсыз жарқын болашаққа ұмтылып, басекеге қабілетті елдің жастары боламыз деп алдарына мақсат қойды.