2026 жылдың 30 сәуірінде Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Функционалдық бұзылыстары бар пациенттердің туыстары мен күтушілерін оқытуға арналған білім беру қызметтерін көрсету» пациенттер мектебін ашуға арналған іс-шара ұйымдастырылды.
Колледжімізде пациент мектебінің ашылуының мақсаты мен міндеттері:
– Функционалды бұзылыстары бар пациенттерге күтім көрсететін туыстар мен күтушілердің білімін, практикалық дағдыларын арттыру, пациенттердің өмір сапасын жақсартуға ықпал ету.
– Функционалдық бұзылыстары бар пациенттерге күтім жасаудың негізгі қағидаларын үйрету.
– Күнделікті тұрмыста пациентке көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.
– Оңалту және профилактикалық іс-шаралар бойынша білім беру.
– Асқынулардың алдын-алу жолдарын түсіндіру.
– Күтушілерге психологиялық қолдау көрсету.
– Медициналық сауаттылықты арттыру.
Іс- шараның салтанатты түрде ашылу рәсіміне Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқарма басшысы Сержан Сәрсенбекұлы мен №5 қалалық емхана пациентінің туысы Күлайым Абдырайымқызы пациенттер мектебінің лентасын қиып, алғы сөз айтты.
«Пациент мектебі» кабинетінің ашылуына №5 қалалық емхананың бас дәрігері Сарсенова Д. А. және басқа да емханалардың бас мейіргерлері қатысты.
Колледж оқытушылары тәжірибелік күтім шараларын ұйымдастырып көрсетті. Функционалды бұзылыстары бар төсек тартып жатқан науқастарға күтім көрсететін туыстары мен өзгеде тұлғаларға аурумен қалай өмір сүруге, оны дұрыс басқаруға және асқынулардың алдын алуға үйретті.
Іс- шара аясында қатысушыларға пациенттер мектебінің негізгі бағыттары кеңінен таныстырылып, күтім жасаудың заманауи әдістері, оңалту шаралары, асқынулардың алдын алу және қауіп факторларын ерте анықтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Пациент мектебі – денсаулыққа үйрететін, өмір сапасын жақсартатын, болашаққа бағыт беретін маңызды қадам.
Осының нәтижесінде, дәрігер мен пациент арасындағы байланыс нығайып, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы артады.
Бұл жоба алдағы уақытта өз нә

Бұл жоба алдағы уақытта өз нәтижесін беріп, халық игілігіне қызмет етеді деп сенеміз. Пациент мектебі – әрбір адамға үміт сыйлап, дұрыс күтім мен салауатты өмірге бастайтын игі қадам. Осындай бастамалар арқылы қоғамымызда денсаулыққа деген жауапкершілік артып, өмір сапасы жақсара беретіні сөзсіз. Пациент мектебі – денсаулыққа апарар сенімді қадам, жарқын болашақтың кепілі.
тижесін беріп, халық игілігіне қызмет етеді деп сенеміз. Пациент мектебі – әрбір адамға үміт сыйлап, дұрыс күтім мен салауатты өмірге бастайтын игі қадам. Осындай бастамалар арқылы қоғамымызда денсаулыққа деген жауапкершілік артып, өмір сапасы жақсара беретіні сөзсіз. Пациент мектебі – денсаулыққа апарар сенімді қадам, жарқын болашақтың кепілі.