Диктант «Жайдарлы жаз – жарқын демалыс»

Бөлісу

Колледжімізде «Емдеу ісі» бөлімінің 225ЕФ-9/24 және 216ЕФ-9/24, 234ЛФ-11/24 топ студенттері арасында «Жайдарлы жаз – жарқын демалыс» тақырыбында жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында диктант жұмысы өткізілді.
Іс-шара барысында студенттерге жазғы демалыс уақытында жол қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін ұстану, қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті және құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жазғы демалыс – пайдалы, қауіпсіз және жарқын сәттерге толы болсын!
Топ кураторлары: А.Б.Даулетбекова, А.Н. Нұрмаханбетова, Н.Е.Шыныбаев