«АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ЖАҢА ҚАДАМ»

Бөлісу

18.09.26 жылы «АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ЖАҢА ҚАДАМ» Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Жамбыл облысы бойынша өкілі Қуанышев Еркін Тілешұлы мен Жамбыл жоғары медициналық колледжі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат білім алушылардың құқықтық білімін жетілдіруге, жастар арасында адам құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және осы бағыттағы әріптестікті нығайтуға негіз болады.

Меморандум аясында студенттермен тақырыптық кездесулер өткізу, құқықтық түсіндіру және ағарту жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Бұл әріптестік жастардың өз құқықтары мен міндеттерін саналы түсінуіне, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға және қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал етеді деп сенеміз.