«WorldSkills Jambyl-2020» облыстық чемпионаты

Без рубрики
Бөлісу

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Техникалық және Кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» КММ жетекшілігімен «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК ағымдағы жылдың қазан айының 6 күні «Медициналық және әлеуметтік көмек» кәсіби құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Jambyl-2020» облыстық чемпионаты өткізілді.
Worldskills – дағдылардың құндылығын көрсетеді және білікті мамандардың бүкіл әлемде танылуын арттырады. Бұл қозғалыстың мақсаты – кәсіптік білім беруді дамыту және мамандық мәртебесін көтеру.