15.02.2023 ж №1 Жалпы кәсіптік пәндер ЦӘК ұйымдастыруымен «Медицинадан артық игілікті ғылым жоқ» тақырыбында апталықтың 3-ші күні.
1. «Рухани жаңғыру» кабинетінде микробиология және вирусология пәнінің оқытушысы Қасымов Нұрпейіс Ағабекұлы колледж оқытушылары, лаборанттары мен санитар қызметкерлеріне «Дезинфекцияның түрлері» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында қызметкерлерді дезинфекция түрлерімен таныстырып, сақтық шараларын көрсетті.
I. Жасұзақ Мейіржан Қуанышұлы колледж оқытушылары, лаборанттары мен санитар қызметкерлеріне «Covid-19 инфекциясының патогенезі және профилактикасы» тақырыбында дәріс оқып, оқу барысында ҚР мен Жамбыл облысында 2022-2023 жылдары тіркелген «Covid-19» инфекциясымен қатар, ЖРВИ көрсеткіштерін айтып, сақтық шараларымен таныстырды.