2026 жылдың 20 сәуір мен 27 сәуір аралығында Жамбыл облысы бойынша «AMANAT» партиясы Әйелдер қанаты және «Психологиялық қолдау орталығы» әйелдер денсаулығын және отбасы институтын нығайтуға жәрдемдесу бағытында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 1-2курс студенттері арасында «Өмір, мен сені сүйемін» атты плакаттар, суреттер байқауын өткізді. Онда студенттердің өмірге деген позитивті көзқарасын нығайту, өмірдің құндылығын сезіндіріп мотивация беру, эмоцияларды сурет арқылы жеткізе білуге уйрету мақсаты көзделді. Сайысқа қатысқан жұмыстарды бағалау үшін әділқазылар алқасы құрылып, жастардың шығармашылық қабілеті, креативтілігі мен бояуды ерекше үйлестіру тәсілдері арқылы бағалады. Байқау қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының төрайымы Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы байқауға қатысушыларды марапаттады.
Байқауға қатысып орын алған студенттер:
I – орын, 217 ЕФ -9/24 топ студенті Досым Әдемі
II – орын, 210 СД-9/24 топ студенті Мазурина Варвара
II – орын, 124 ЕФ -9/25 топ студенті Абылай Нұрай
III – орын, 207 М – 9/24 топ студенті Мырзакелді Ақерке
III – орын, 103 М- 9/25 топ студенті Зиныл Әдемі
III – орын, 217 ЕФ – 9/24 топ студенті Нұрлашқызы Асия













