2026 жылдың 30 сәуір күні Жамбыл облысы бойынша «AMANAT» партиясы Әйелдер қанаты мен Жамбыл жоғары медициналық коледжінің «Наркобекет»- нашақорлықтың алдын алу комиссиясы «Салауатты өмір салты – бұл денсаулыққа және белсенді өмірге апаратын жол», «Психобелсенді заттарды пайдаланудың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу студенттердің қазіргі уақытта дұрыс тамақтанбаудың салдары гармондық бұзылыс әсерінен түрлі зиянды әдеттерге әуестенуге алып келетініне назар аударудан басталып, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының психолог маманы Л.Т.Абдрасилованың ақпараттық түсіндірме жұмысымен жалғасты. Кездесу барысында «Наркобекет» нашақорлықтың алдын-алу комиссиясының төрайымы А.Көбегенова жастарға үлкен ой тастайтын бейнефильмді көрсетіп, студенттермен пікір алмасты, іс-шараға 115ЕФ-9/25, 105М-9/25, 119ЕФ-9/25 топ студенттері қамтылды. Бұл кездесу студенттерге психоактивті заттардың адам денсаулығына, психикасына, болашағына тигізетін зиянын түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстануға мотивация беру, өмірге деген позитивті көзқарасын нығайтып, саналы таңдау жасауға бағыттау мақсатында ұйымдастырылды.
Жауапты: Кобегенова А.Т. – «Наркобекет» ұйымының жетекшісі







