2026 жылдың 14 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Бибулаев Нұрлан Төлеуұлы, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық карьер орталығының директоры Темірғалиев Нұрлан Ибрагимұлы, Солтүстік Қазақстан облысы «Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық аурухана» ШЖҚ КМК дәрігер фтизиатр Әлімқұлов Әділет Оралұлы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің бітіруші топ студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысының Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аудару туралы ақпарат беріліп, түлектер жұмысқа орналасуға ұсыныс алды.




