Интеллектуалдық байқау

Бөлісу

2026 жылдың 13 мамырында Жамбыл жоғары медициналық колледжі базасында «Анатомия және физиология бойынша үздік – 2026» атты интеллектуалдық байқау өткізілді. Байқауға 1–2 курс студенттері, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Жалпы тәжірибелік мейіргер» біліктілігі және «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Фельдшер» біліктілігі бойынша білім алушылар қатысты.

Байқаудың мақсаты – болашақ медицина мамандарын даярлауда құзыреттілік пен тәжірибелік дағдыларды арттыруға ықпал ету, заманауи жаңа бағыттарды қалыптастыру, студенттердің логикалық және визуалдық ойлауын, есте сақтау қабілетін, өзін-өзі бағалауын және командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту, сондай-ақ студенттердің интеллектуалдық дамуына және болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру.

Байқау 4 кезеңнен тұрды:
I кезең – «Мен болашақ мамандығымды сүйемін!» тақырыбында жасанды интеллект элементтері қолданылған бейнепрезентация (үй тапсырмасы)
II кезең – «Кім жылдам?»
III кезең – «Сәттілік дөңгелегі»
IV кезең – «Білім деңгейлері»

«Анатомия және физиология бойынша үздік – 2026» байқауының қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын — «Синапс» командасы
ІІ орын — «Кардиум» командасы
ІІІ орынды «Органикс» және «Робо-Мед» командалары өзара бөлісті

Сонымен қатар, байқау қорытындысы бойынша келесі номинациялар анықталды:
«Үздік капитан» номинациясы — Абдуллин Рафаэль
«Ең креативті бейнеролик» номинациясы — «Кардиум» командасы
«Ең интеллектуалды студент» номинациясы — Тукенов Дамир

Байқаудың барлық қатысушыларына студенттік кәсіподақ ұйымы тарапынан сыйлықтар табысталды.