2026 жылдың 22 мамыр күні «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жоспарына сәйкес мектептердегі «Соңғы қоңырау» мерекесіне студенттерді қатыстырмау жөнінде 2 курс ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа Тараз қалалық ПБ Отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімшесінің инспекторлары Амандосова Динара Бакытжановна мен Нұғманова Сандуғаш Даниярқызы, Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының мамандары Тюнешова Айдана Құдайбергеновна мен Пернебек Айнура Нұрланқызы шақырылып, ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Полиция инспекторлары ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешкі уақытта далада жүрмеу, 25 мамыр – Соңғы қоңырау мерекесі күні топтасып серуендеуге жол бермеу және мектеп бітіру кештеріне қатыстырмау туралы қатаң ескерту жасады. Сонымен қатар дағдарыс орталығының мамандары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, баланың психологиялық жай-күйіне мән беру және қиын жағдайда көмек алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, білім ордасы мен ата-аналар арасындағы байланыстың маңыздылығы ерекше атап өтті.
Жауапты: тәрбие бөлімі





