Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Қайрат Рысқұлбеков саябағында аумағында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Қоғаммен байланыс» жобасын іске асыру мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен өткізілетін азаматтарды қабылдау іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тұрғындарға құқықтық кеңестер беріліп, өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған кездесуге Жамбыл жоғары медициналық колледжінің бітіруші топ студенттері белсенді қатысып, қоғаммен байланыс орнату мен құқықтық мәдениетті арттыру бағытындағы жұмыстарымен танысып қайтты.





