2026 жылдың 22 мамыр күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде №1 әлеуметтік-экономикалық жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК оқытушысы Ахметбекова Раушан Мұхтарбекқызы 105М-9/25 тобымен «Мұстафа Кемал Ататүрік – Түрік мемлекетінің негізін қалаушы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер Түркия Республикасының құрылу тарихымен танысып, Мұстафа Кемал Ататүріктің мемлекет қалыптастырудағы рөлін, жүргізген саяси, әлеуметтік және экономикалық реформаларын талдады. Сабақ геймификация әдісі негізінде ұйымдастырылып, студенттер «Әділет», «Азат», «Рух», «Жасампаз» топтарына бөлініп, түрлі танымдық тапсырмалар орындады. Ойын элементтері білім алушылардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына мүмкіндік берді. Білім мен бәсеке ұштасқан сабақта студенттер тарихи оқиғаларды саралап, көшбасшылық, отансүйгіштік және жаңашылдық құндылықтарының маңызын түсінді.





