Психологиялық тренинг

Бөлісу

29.05.2026 ж. күні, Жамбыл жоғары медициналық колледжінде  студенттермен «Мен өзіме сенемін» тақырыбында студенттерге арналған психологиялық тренинг өткізілді.

Тренингтің мақсаты: қатысушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, өзін бағалауын көтеру, еркін қарым-қатынас жасауға үйрету және жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Ішкі мүмкіндіктерін тануға көмектесу, жағымды ойлау қабілетін дамыту және қоғамда еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, тұлғалық дамуға ынталандырып, өзін бағалау деңгейін көтеру.

«Жағымды эмоция алу», «Бір қолмен – үлкен нәтиже», «Әр уақытынды бағала» жаттығулары, «Сілкіп таста» рефлексиясы жасалды. Студенттер әр жаттығуға белсене қатысып, өз ойларын ауызша және жазбаша түрде жеткізе білді.

Жауапты: А.Н.Оскенбаева.

#ППЖ